Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет73/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   130
Философия Оқулық (3)

 
9.3.Аксиология 
Әлем өзінің байлығымен жəне алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Әлемді
рухани-практикалық игеру процесі барысында адам болмысты өз 
құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен 
құбылыстар тұлғаның сезімдері жəне ұмтылыстарымен сəйкес келетін əлемге 
деген ерекше эмоционалдық реңге ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның 
əлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін жəне өзге адамдарды, қоршаған 
дүниедегі заттарды, құбылыстарды, процестерді қайырымдылық, əділеттілік, 
сұлулық, пайдалылық жəне т.б. тұрғысынан бағалап, құндылықтар арқылы 
қарастырумен сипатталады. 
Құндылықтық қатынас əрқашанда Субъектінің бойында белгілі бір 
эмоциялары - қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. туғызады. Оның ішіндегі ең 
жоғарғысы - қасиеттерге табыну. Адамға қасиеттер қажет, мейлі ол дін болсын 


213 
немесе діни емес қасиеттер болсын. Бұл мəселе, əсіресе, қоғамның 
адамгершілік тұғырлары мен мəдени дəстүрлерінің құнсыздануы мен 
деградациясы кезінде өзінің өзектілігін байқатады. Құндылықтар - қасиеттер. 
Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді. Оларға деген табынушылық қатынас 
бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы моральдың негіздері 
ретінде өз тарихын, мəдениетін, əдет-ғұрыптары мен салт-дəстүрлерін игерудің
нəтижесінде 
орнатылады. 
Қасиеттер 
адамның 
бойында 
моральдық 
жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі. Құндылықтық эмоцияның 
ең жоғарғы формасы - "жамандықтан" тазаруды білдіретін катарсис болып 
табылады. Әдетте катарсис термині Аристотельдің "Поэтикасындағы" трагедия 
теориясымен байланыстырылады. Антикалық философияда катарсис мəселесі 
Аристотельге дейін-ақ қойылған болатын. Әдебиеттерде айтылғандай 
"катарсис" терминінің көпмəнділігі эстетика тарихында оның əртүрлі 
түсіндірмелерінің пайда болуына əкелді. Шындығында бұл термин антикалық 
əдебиетте эстетикалық, психологиялық, этикалық, тіпті діни мағыналарда да 
қолданылады. Бұл көпмəнділік кездейсоқ емес, ол антикалық эстетиканың 
ерекше сипаты болып табылады. Антикалық эстетиканың үйрететін катарсисі 
немесе тазалануы тек эстетикалық ұғым емес, ол моральға да, интеллектке де, 
психологияға да қатысты, яғни бүтіндей алғанда адамның барлық қырына 
қатысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет