Тәрбие негізі – ҚҰндылық


ашық пікір, сау зейіні, сыншыл ойы



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

ашық пікір, сау зейіні, сыншыл ойы. Махаббат пен инабатқа жақын 
жүретін сипат – 
сабыр. Бұл сипат көбіне мұғалімдерде сирек табылады. 
Өзін-өзі ұстап білу, ызадан, ашудан тағы сол сияқты өзін ұмыттыратын 
жаман қылықтан сақтана білу оқытушының мақтаулы құлқының бірі. 
Оқытушы балаларына махаббатты, инабатты, ісіне тағанды, бойы 
салмақты, сабырлы, шыдамды болса, 
жақсы құлықты деп айтамыз.
Мұғалім әсіресе тәрбие әдістеріне асылған болу қажет. Әділшіл деп 
істеген ісіне сақ, бойына сыпайы, әдепті, басқаларға майда, жатық, 
мақсатына тағандылықты айтады» [4, 69-б.]
Сонымен мұғалім бірінші сыпайы сөйлеуді әдетке айналдыруы 
керек. Өзінің ашуын басқара білуі, кез келген жағдайда шыдамды болып, 
сабырлылық танытуы, әділ және шынайы қалпын сақтауы маңызды. Әр 
оқушының өзіне деген сенімін арттырып, оқуға ынталандырып, өзін-өзі 


42 
реттеуіне жол ашатын әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдануы қажет. 
Оқушылардан өз әрекеті мен мінез-құлқына қатысты кері байланыс 
алуды жүйелі ұйымдастыруы тәрбие ісіне септігін тигізеді. Мұғалімнен 
үздіксіз білім жетілдіру талап етіледі. Педагогикалық-психологиялық 
әдебиеттермен қатар көркем әдеби кітаптар оқуы тәжірибесі мен жеке 
тұлғасын дамытуға септігін тигізеді. 
Оқушыларға құндылықты дәріптейтін ертегілер, қызықты 
әңгімелерді оқуға ұсыну. Жағымды кейіпкерлермен қатар, жағымсыз 
кейіпкерлердің әрекетін салыстырып, талдату. Олардың әрекетінің 
салдары қандай болатынын, қалай түзеуге болатынын болжату. Сол 
әрекетті жасауға не түрткі болғанын, себебін табуға талпындыру. 
Оқушының жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуін қолдау. 
Өмірде жиі кездесетін жағдаяттарды талдау. Оқушыға өз бетінше 
ойдан жағдаяттар құрастыртып, оны бірге талқылауға ынталандыру. 
Оқушы жағдаят құрастыру кезінде өзінің өмірлік тәжірибесін 
қолданатынын ескеріп, ұқсас жағдайда не істейтінін сұрап, оңтайлы 
шешім табуына қолдау көрсету, нұсқа ұсыну.
«Тәрбие жүзінде бала оқыту ісінде жолығатын қиын халдер
жағдайларда көңілсіз оқиғаны жоюға, тұйықтан жол тауып, әдіс тұтынып, 
оңай шығуға өте тапқыштық, яғни әдісшілік керек. Бірақ мұғалім 
машықтанған жұмысын ғана істей білетін жай шебер емес, шығарғыштық 
қуаты бар өнерпаз екенін ұмытпасын. Адамның жетілуіне де, бойына 
сіңірген жақсы дағдыларын сақтауына да себеп болатын – еңбек. 
Талапсыз, еңбексіз ілгері басу жоқ. Ілгері баспаған адам бір орында 
қалмақ емес, кейін кетпек, өйткені өмір – жарыс. Олай болса, 
тәрбиешінің көздеген нысанасының бір үлкені – шәкірттерінің еңбекке 
талабын зорайту» – деп Ж. Аймауытов еңбек тәрбиесіне көңіл бөлуді 
ескертті [4, 69-б].
Бүгінгі күні әлеуметтік желілерде педагогтердің қызметіне сын 
айтқан ата-аналардың посттары да кездеседі. Әрбір сын айтушы қоғам 
мүшесіне құрметпен қарап, сын-пікірді дамудың жаңа бір бағыты деп 
қарастыру – өте пайдалы. Сынға жауап ретінде оқушылармен жасалған 
жұмыс түрлерін жариялауды әдетке айналдыру тиімді болмақ. 


43 
Сөз соңы. Фин елін рухани тоқыраудан алып шыққан ұлы ұстаз Йохан 
Вильгельм Снелман: «Халқымыздың жарқын болашағы үшін 
жанкештілікпен еңбек етіп, тіпті, керек болса, осы жолда құрбан 
боламыз. Себебі, біздің алға қойған мақсатымыз осындай жанкештілікті 
қажет етеді. Сізді де осыған шақырамын. Артық кетсем, кешіріңдер. 
Десек те, басқа мамандық түрлерінде кездескені сияқты сіздердің де 
араларыңда бұл мамандыққа ебі жоқтар кездеседі. Ондайлар өз 
мамандығының шебері болмақ түгілі, оны менсінбей, ұстаздықты тек 
күнкөріс көзіне айналдырады. Оларға айтар достық ақылым болсын. 
Мұғалімдікті тастап, өздеріне басқа жұмыс тапсын. Сауда-саттықпен 
немесе басқа іспен шұғылдансын. Ұстаздық сынды ұлағатты істі рухы 
мықты, көңілі ояу, ұлтын сүйетін нағыз шеберлер ғана істей алады», - деп 
үндеу тастаған [7, 21-б]. 


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет