Тәрбие негізі – ҚҰндылық



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата18.09.2024
өлшемі2.09 Mb.
#503775
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҚҰНДЫЛЫҚ

ғылыми-техникалық
2. Дәріс өткізу, әдістерді, әртүрлі құралдарды, дамытушы ойындар 
мен дидактикалық материалдарды әзірлеуді қамтитын 
білім 
беру
3. Қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмектесуді көздейтін іс-
шараларды ұйымдастыруды, жануарларға қамқорлық пен қорғау 
көрсетуді көздейтін
қорғау-құқықтық
4. Адам тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуына ықпал 
ететін 
тәрбиелік; 
5. Аз қамтылған отбасы мүшелеріне, қоғамның әлсіз топтарына 
қолдау көрсетіп, сондай-ақ жануарларды қорғауды көздейтін 
қайырымдылық


47 
6. Ұлттық салт-дәстүрлер мен қолөнер түрлерін, мәдениетті сақтауды 
көздейтін 
мәдени.
Жоғарыда аталған жоба бағыттарынан бастауыш сынып 
оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қорғау-құқықтық, тәрбиелік, 
қайырымдылық және мәдени бағытттағы шараларды ұйымдастыруға 
болады. Мысалы, қорғау-құқықтық бағыт бойынша «Жәбірлеуге жол 
жоқ!», «Қоқысты бөліп жинайық!», «Құстарға жемшашар жасайық!», 
т.с.с. Қайырымдылық бағыты бойынша төтенше жағдайлар 
(экологиялық, техногендік) орын алған кезде зардап шеккендерге, 
мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында «Қолөнер жәрмеңкесі», 
«Қайырымдылық концертін» ұйымдастырып, қаржы жинап көмектесу. 
Жоба ұйымдастырудағы түпкі мақсат: түрлі сала бойынша қоғамда орын 
алған мәселелерді көтеру, көпшіліктің назарын аударып, адамдардың 
өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосуға баулу. 
Тәрбиелік бағыт бойынша «Кел, бірге жасайық!» мүгедек 
балалармен бірге түрлі қолөнер бұйымдарын жасау, сурет салу, олардың 
мүмкіндігін ескеріп, қызықты ойындар ұйымдастыру, оларға әңгіме, 


48 
ертегілер оқып беруге мүмкіндікті пайдалану. Себебі қазіргі таңда біздің 
балаларымыз арбада отырған бала көрсе, онымен қарым-қатынас 
жасауға қорқады немесе көп жағдайда ата-анасы ол балаға жақындауға 
рұқсат бермей жатады. Бұл баланың мейірімсіз болып өсуіне ықпал етуі 
әбден мүмкін. Денсаулығында ақау бар бала да қоғамның бір мүшесі. 
Оның да ата-анасының жанында өмір сүруге, өзгелермен қарым-қатынас 
жасауға, білім алуға құқығы бар. Ата-ана болу қоғам алдында, өскелең 
ұрпақ алдында үлкен жауапкершілік екенін барлық ата-ана сезініп, 
елімізде өнегелі отбасының көбеюіне өз үлестерін қосуына педагогтер 
тарапынан демеу жасап, бағыт беріп отыру аса маңызды. 
Әлеуметтік жобаларды жоспарлау барысында оқушылардың 
қызығушылығы мен мүмкіндіктерін ескеру керек. Оқушылардың 
қолынан келетін, ересектердің қолдауымен атқаратын істерінен 
бастаған дұрыс. Оқушының бейімі мен қалауын ескерген жағдайда, олар 
жұмысқа ықыласпен кіріседі. Сондықтан жобаны ұйымдастыруда әр 
оқушыға белгілі бір рөлді бөліп беруді қолға алған дұрыс.
Нәтижесінде оқушылар қоғамда орын алатын әлеуметтік 
проблемаларды шешуге өз үлестерін қосуға мүмкіндік алады. 
Әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру қазақ халқының салт-дәстүрі мен 
мәдениетімен астасып жатқанын ескеру керек. Әлеуметтік жоба қазақ 
халқының табиғатына, болмысына сай дүние. Мысалы, «асар» дәстүрін 
алайық. Ерте кезден келе жатқан дәстүрімізге сай ауыл болып жиналып, 
үй салу, қора-қопсыны көтеру, егінді жинау, қой қырқу, киіз басу сияқты 
көптеген шаруаларды атқарған. Мектеп оқушылары да көктемде 
асарлатып, мектеп ауласын, спорт алаңын, мектеп маңындағы көше не 
арықтарды тазалау, көшет отырғызу жұмыстарын атқара алады. 
Сонымен қатар ауылдағы қария кісілердің ауласының қарын тазалау, 
бау-бақшасын күту, т.с.с. жұмыстар да қолынан келеді. Асарға қатысу 
арқылы ұйымшылдық, мейірімділік қасиеттерін дамытуға мүмкіндік 
алады. Баланы жастайынан еңбекке баулу оның төзімді, шымыр болып 
өсуіне де ықпал етеді. Асарға ата-аналарды да шақырып, оларға 
баласымен бірге еңбек етуіне жағдай жасау маңызды.
Әлеуметтік жобаны ұйымдастырудың келесі кезеңдерін ескеру тиімді 
болады: 


49 
1.
Жоба нысанын анықтау. 
2.
Жобаның мақсаты мен міндетін белгілеу. 
3.
Жоба қызметінің мазмұнын айқындау.
4.
Жобаның бюджетін анықтау (қажет жағдайда) 
5.
Жобаны жүзеге асыратын ресурстарды анықтау. 
6.
Жобаның нәтижесі немесе өнімі. 
Жоба жұмысын жоспарлау алдында дайындық жұмысын жүргізу 
маңызды. Осы кезде оқушылар мен ата-аналарды белсенді қатыстыра 
отырып, жобаның тақырыбы мен мақсатын анықтата алады. Жобалық 
жұмыстың тақырыбын пән мазмұны аясында оқушылардың 
қызығушылығын ескере отырып анықтаған дұрыс. Жоба тақырыбы ортақ 
тақырып немесе оқу мақсаты аясында белгіленеді. Жоба нысаны 
анықталады. Оқушылардың ойы мен пікірін білу үшін тақырыпқа 
қатысты қызықтыратын сұрақтарын қоюға жағдай жасалып, тақырып 
нақтыланады. Оқушылардың таңдаған тақырыбы бойынша білімі мен 
түсініктері анықталып, мақсаты белгіленеді. Жобалық жұмысты 
ұйымдастырудың ұзақтығы әртүрлі. Таңдалған тақырыпқа байланысты 
қысқамерзімді (1-2 сабақ, 1 күн, 1 апта), ортамерзімді (1-3 ай), 
ұзақмерзімді (6-9 ай) болады. Бастауыш сынып оқушыларымен 
қысқамерзімді жобаларды ұйымдастыру қолайлы. Ата-аналарға 
жобалық жұмысты өткізу туралы жазбаша хабарлама жолданады. 
Жобаны жүзеге асыру мақсатында оқушыларды топқа біріктіру, 
топ мүшелерінің міндеттерін бөлу, білім беру бағытындағы жоба 
болатын болса, қажетті ақпарат көздерін таңдау, ақпарат жинақтау және 
талдау жолдарын анықтау, нәтижені ұсыну және бағалау жолдарын 
айқындау да қажет болады. Жоба аясында зерттеу жұмысы 
ұйымдастырылғанда міндеттерге сай ақпарат жинау формасын 
нақтылау. Мысалы, сұхбат, сауалнама алу немесе бақылау жүргізіледі 
ме? Жобаның міндеттерін кезең-кезеңмен орындау талап етіледі. 
Тақырыпты кеңінен ашу мақсатында оқушының зерттеу дағдыларын, 
ақпаратпен жұмыс дағдылары мен сапалық қасиеттерін дамытуға 
мүмкіндік жасалады. 
Атқарылған жобаны қорытындылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет