«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)


№ 2 САБАҚ. «ҚАЗАҚСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет158/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

№ 2 САБАҚ. «ҚАЗАҚСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ 
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ» 
 
Сабақтың мақсаты: оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы 
түсініктерін тереңдету. 
Негізгі міндеттері: 
1. Оқушыларды өз құқықтары мен міндеттері туралы заңнамамен таныстыру. 
2. Әр оқушының құқығы мен міндеттері бұзылған жағдайда жедел қызметтер 
мен қолдау орталықтарына жүгіну қажеттігін түсіндіру. 
3. Өз құқықтарын мен міндеттерін білу және оларды қорғауды оқушыларға 
үйрету. 
Материалдар мен ресурстар:
Жедел қызметтер мен қолдау орталықтарының нөмірлері бар үлестірме 
материал. 
Сабақтың барысы 
1. Кіріспе 
Бала құқықтары туралы құжаттармен таныстыру. 
Бала құқықтары туралы конвенция – адамзат баласының туған кезінен 18 
жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық 
құқықтық акт. Бала құқығы туралы Конвенцияда балалардың кім екендігі 
түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері 
тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың бәрі бірдей 
маңызды және оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес. 
Бала құқығын қорғау Конвенциясы – 1989 жылы 20 қарашада қабылданды. 
Конвенцияның 54 бабында өктемдік көрсетуден қорғау, отбасы өмірінің 
тыныштығын сақтау, пікірін еркін білдіру көрсетілген. Қазақстан осы заңнамаға 
сәйкес 2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары 
туралы» заңы қабылдады. 
2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) 
Қазақстан осы заңнамаға сәйкес 2002 жылғы 8 тамызда «Қазақстан 
Республикасындағы Бала құқықтары туралы» заңды қабылдады. 
Балалардың құқықтарын қорғау туралы ереже: 
- өмір сүру құқығы, аты-жөні, азаматтығы және т.б.;
- әл-ауқатты отбасылық өмір құқығы; 
- баланың жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; 
- денсаулық сақтау құқығы; 
- білім беру және мәдени даму құқығы
- төтенше жағдайларда баланы қорғау құқығы. 
Әңгіме 
Баланың құқығын бұзу деп нені айтуға болады? 
Кәмелетке толмағандардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге 
болады? 
«Құқық» ойыны 
Оқушылар тақырып бойынша ситуациялық оқиғаны қағазға түсіріп, бір-біріне 
лақтырады. Келесі оқушы жазбаша хатты оқып, жағдайдан шығудың жолын 


210 
ұсынады. Мысалы: «Мен спортпен шұғылданғым келеді, бірақ ата-анам 
университетке түсуге дайындалу керек деп мүмкіндік бермейді. Мен не істеуім 
керек?» 
3. Қорытынды 
«Анонимді жазу» жаттығуы. Оқушылар өздерінің немесе 
айналасындағылардың құқықтары бұзылды деп санайтын оқиға туралы хат жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет