«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет29/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

Материалдар мен ресурстар: аттракциондар мен ойын-сауық саябағындағы 
жағдайлардың иллюстрациялары немесе суреттері, аттракциондардағы қауіпсіздік 
ережелері жазылған карточкалар. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет: 
Балаларды қарсы алу. 
Аттракциондардағы қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы әңгімелесу. 
Аттракциондардағы қауіпсіздік ережелерін талқылау 
 1-ереже. Жас пен бой шектеулерін сақтау 
Әр аттракциондағы қауіпсіздікті сақтау үшін жас және бой шектеулері бар 
екенін түсіндіру. 
Әртүрлі 
аттракциондар 
мен 
олардың 
шектеулері 
бейнеленген 
иллюстрацияларда көрсету. 
2-ереже. Әрқашан қауіпсіздік белбеулерін тағу 
Көптеген аттракциондардың қауіпсіздік белбеулері бар екенін және оларды 
міндетті түрде тағу керектігін түсіндіру. 
Қауіпсіздік белбеулерін киген балалардың суреттерін көрсету.
3-ереже. Аттракцион операторының нұсқауларын орындау. Аттракцион 
операторы әрқашан маңызды қауіпсіздік нұсқауларын беретінін, оларды мұқият 
тыңдау және орындау керектігін түсіндіру Оператор нұсқаулары жазылған 
карточкаларды көрсету. 
4-ереже. Қолдарың мен аяқтарыңды аттракционның ішінде ұстау 
Көптеген аттракциондарда орындықтан қолдары мен аяқтарын шығаруға 
болмайтынын түсіндіру. Аттракциондарда қауіпсіздік ережелері бейнеленген 
иллюстрациялар көрсету. 
5-ереже. Толық тоқтағанша аттракционнан түспеу 
Әрқашан аттракцион толық тоқтап, оператордың рұқсатын күту керек екенін 
түсіндіру. 
Аттракционнан шыққан балалардың суреттерін көрсету. 
Ережені 
қайталау: балалармен аттракциондардағы қауіпсіздік 
ережелерін қайталау. Балаларға «Қауіпсіздік белбеуін бекіту неге маңызды?», 
«Егер оператор нұсқау берсе не істеуім керек?», «Аттракционның сыртына қол мен 
аяқты шығаруға бола ма?» сияқты т.б. сұрақтар қою. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет