№ 1 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: төтенше жағдайлар кезінде
көмекке келетін жедел
қызметтердің нөмірлерін ажырату
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй
қалыптастыру (1-2 мин).
Мақсат қою:
Педагог:
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді.
(жауабы: телефон)
- Бүгін біз сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыздар?
- Адамдарға телефон не үшін қажет?
- Әлемдегі ең маңызды телефондар қандай?
Адамдардың өмірін құтқару бойынша шұғыл қызметтердің нөмірлерін
есте сақтаңыз.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
Қызметтік машиналардың суреттерінен «Қызметті тап» ойыны.
- Бұл машиналар қандай қызметте жұмыс істейді?
Әр бір адам өз өмірінде төтенше жағдайдың куәгері болған шығар.
Сондай-ақ сол адам зардап шеккендерге көмектесуге тырысатыны анық.
Осындайда адамдарға жедел көмек көрсететін құтқару қызметтері бар. Олар
дабылды қосып, арнайы қызмет көрсету машиналарына мініп, көмекке шығады.
1.
Тақырыпқа кіріспе
«Шұғыл қоңыраулар» рольдік ойыны
Жедел қызметтердің бірыңғай
телефоны бар, оған қоңырау шалу
арқылы
сіз кез келген төтенше жағдайда көмек сұрай аласыз. Бұл телефон –
112. Төтенше
жағдайларда ең бастысы – тыныштықты сақтау
және операторға мәселені, не
болғанын түсіндіре білу. Қиындыққа тап болмас үшін
әрқашан қауіпсіздік
ережелерін есте сақтау қажет.