«жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар • Мектепалды даярлық (4-5 жас)



Pdf көрінісі
бет67/189
Дата25.09.2024
өлшемі3.59 Mb.
#504000
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   189
12.08.2024 ЭЛЕКТРОННАЯ КНИГА Уроки ЛБ КАЗ.docx (1)

5. Қорытынды. Рефлексия (2минут) 
-Төтенше қызметті көмекке шақыру сендерге қиын болды ма, әлде жеңіл ме?
-Қиындыққа ұшыраған адамға көмектесу үшін ең бастысы нені білу керек? 
(Сасқалақтамау, не болғанын анық, дұрыс түсіндіру, төтенше қызметке 
мекенжайды дұрыс айту) 
Үй тапсырмасы: жедел жәрдем нөмірлері бар жадынама дайындаңыз, әдемі 
безендіріңіз және досыңызға беріңіз. 
Пайдалы сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- 
IEuEG9KjOrJzvPM&index=5
 


№ 2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШҰҒЫЛ
ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ СОҒУ СКРИПТЕРІ»
 
Сабақтың мақсаты: қоңырау скриптерін, шұғыл қызмет диспетчеріне 
телефон соғу жағдайын ұйымдастыруды үйрету. 
Сабақтың барысы 
1.Ұйымдастыру кезеңі. 
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин) 
2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. Бейнежазбаны қарау.
- Бейнежазбадан не түсіндіңдер? 
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайық. 
Біз бүгін шұғыл қызмет өкілдерімен дұрыс сөйлесуді үйренеміз. 
3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау 
- Өткен сынып сағатында біз төтенше қызметке телефон соғуды үйрендік. 
Адам науқастанып қалса, қандай нөмірге телефон шаламыз? Бұзақыларға тап 
болса ше? Өртті байқаса ше? Үйде газ иісін сезгенде ше? 
-Егер қобалжығаннан қажетті нөмірді ұмытып қалса, бұл жағдайда не істеу 
керек? Кез келген құтқару қызметін шақыру нөмірі қандай? 
4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут). 
- Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де айналаңдағы 
басқа адамдарға да көмектесе аласың (Скрипт – бұл телефонмен сөйлесудің нақты 
скриптері, әрекет жоспары). Қызмет нөміріне хабарласып, диспетчер сұрақтарына 
дұрыс және нақты жауап беру керек. 
Жұптық жұмыс. Үлестірме карточкамен жұмыс. Тапсырма: 
Іс-қимыл жоспарын қарап шығыңдар. Артығын сызып, іс-әрекет реттілігін сол 
жағындағы торкөздерге белгіле. 
Карточка үлгісі: 
Диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беру. 
Қорқып тұрғаныңды айтып шағымдану. 
Тиісті төтенше қызмет нөмірін теру. 
Өзің және отбасың туралы әңгімелеу. 
Нақты мекенжайды атау. 
Не болғанын анық және нақты айту. 
Өзіңнің атыңды, тегіңді және телефон нөміріңді атау. 
Үлгі бойынша тексеру: 

Диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беру. 

Тиісті төтенше қызмет нөмірін теру. 

Нақты мекенжайды айту. 

Не болғанын анық және нақты айту. 

Өзіңнің атыңды, тегіңді және телефон нөміріңді айту. 
- 112 нөміріне телефон соққан адамға қандай кеңес бересің? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет