Лекция № 8
АБАЙДЫҢ ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ - ҰСТАНЫМЫ
1. Парақорлықтың шығу себептері
2. Жемқорлық «ауыруын» емдеуші - Абай
3. «Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең»
«Тас бұлақтың мөлдір, таза суындай сылдыраған
өңкей келісімнің» арасында сәл де болса келісімсіз
кедергілер жүрмеуі, «бөтен сөзбен бұлғанбауы» ләзім.
(О.Асқар)
1. Парақорлықтың шығу себептері
«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі
парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды. Адамның тұла бойы болмысынан тыс,
табиғатына қайшы тосын мінез, қулық-айламен өз құзіреттігін пайдаланып маңдайтерсіз тапқан
көлденең табыс туралы түсінік. Бұған қарсы күрес ПрезидентҚ.К.Тоқаев өзінің «Абай және
ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу - өзіңді тану. Өзін-өзі тану
және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы - жетілудің көрінісі.
Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Парлементпен Үкімет тарапынан жастардың арасында парасаттылық идеологиясын
насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігімен қызмет тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы
өткізілуде. «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы
көрсетілді. Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Агенттікпен жүргізілетін
жүйелі жұмыстар өз жалғасынатын болады.
Пара - жасырын түрде өз мүддесі үшін заңсыз төленетін ақы, ауыз бастырық.
«Порэ» сөзінің шығу төркіні парсы тілінен аударғанда - ұсақ тиын, теңгенің бір
Достарыңызбен бөлісу: |