3) жабынды дентинге;
4) жасушалары
аз Вейля қабатына;
5) Томс дентинінің дәнді қабатына.
11.Дентин түтікшелерінде орналасады:
1) одонтобласттардың шеттік өсінділері;
2) ұлпа жасушасының детритті өсіндісі;
3) ұлпаның жасушааралық
коллаген талшықтары;
4) периодонттың коллаген талшықтарының
шоғырлары;
5) қан тамырлары.
12.Периодонттың тосқауыл қызметін атқарады:
1) гистиоциттер;
2) эритроциттер;
3) плазматикалық жасушалар;
4) цементобласттар;
5) тромбоциттер.
ДҰРЫС ЖАУАПТАР:
1— 3;
2— 3;
3— 1;
4— 2;
5 —3;
6 —1;
7 —3;
8 —4;
9 —4;
10— 1;
11— 1;
12— 1.
ТАРАУ
ТІСТЕРДІҢ ТІСЖЕГІСІ
Тістердің тісжегісі( 2.1сурет ) бүгінгі уақытқы
дейін өзекті мәселердің
бірі болып отыр. Бұл ауру тіс шыққаннан кейін пайда болады.
Тісжегінің
негізінде минералдану үрдісінің бұзылуы және
тістің қатты тіндерінің
протеолизі әсерінен қуыс түрінде ақаудың пайда болуы жатады.