Тіс ұлпасының құрылымы Тіс ұлпасының жасушалық құрамы 3 қабатқа бөлінген: шеттік (2–3 қатар
одонтобласттар), аралық (жұлдызды жасушалар немесе
преодонтобласттар) және орталық (фибробласттар, гистиоциттер,
макрофагтар, лимфоциттер, плазматикалық жасушалар, толықша
жасушалар (тучные клетки) .
Одонтобласттар — бұл ұлпаның жоғары дифференцияланған және
арнайы жасушалары. Олар сопақша, алмұрт немесе ұзынша болып
келеді. Орталық және шеттік өсіндісі болады. Орталық өсіндісі тіс
ұлпасының шетінен шықпайды, ал шеттік дентинге еніп дентин
түтікшелерінде орналасады.
Өсінділердің көп бөлігінің кіреуке –дентин байламына дейін созылуы
оның сезімталдығының жоғары екенін түсіндіреді. Одонтобластардың
негізгі қызметі дентин түзеуші болып табылады. Талшықты құрылымы
негізінен коллаген талшықтарынан тұрады және окситаланды,
аргирофильді талшықтарда болады. Тіс ұлпасында эластикалық
талшықтар болмайды. Тіс ұлпасының негізгі заттары
мукополисахаридтерден, мукопротеиннен, гликопротеиннен,
гексозаминнен тұрады және жасушалық, талшықты құрылымдарды,
қантамырлары мен лимфа тамырларын, нерв талшықтарынан құрамына
жинақтайды.
Ұлпаның қанмен қамтамасыз етілуі жақсы дамыған жүйе. Негізгі артерия
тамыры құрамында түбір ұшы тесігі арқылы ұлпаға енетін 2-3 көк
тамырмен және бірнеше нерв талшықтарының қосарлануымен құрылған.
.
ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 4 страница Артерия түбір өзегі тесігіне жете
артериолдағар тардойдя до устья
корневого канала, распада-амданады және қалың капиллярлы тор
құрайды. Капиллярлардың көп бөлігі субодонтобласт қабатында
орналасқан.
Тіс ұлпасының иннервациялануы үстіңгі және астыңғы жақтың үштік
нервісінің тармақтарымен қамтамасыз етіледі. Нерв талшықтарының
жұмсақ жиынтығы түбір ұшы тесігі арқылы еніп, қан тамырларымен
бірлесе отырып, қан-нерв жиынтығын құрайды. Содан кейін олар жеке
бөлшек нерв талшықтарына бөлініп, әртүрлі бағытта шеттік ұлпаға қарай
бағытталып, субодонтобластық нерв өрімін –Рашков өрімін құрайды.