Тіс тіндерінің гистогенезі мазмұны 1 Тарау. Тістердің дамуы және құрылымы



Pdf көрінісі
бет33/49
Дата02.10.2024
өлшемі1.76 Mb.
#504231
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49
id174798

ІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ 6 
страница 
Кіреуке ішінде минералсыздану 
ошағының ұзақ сақталуы төзімді 
сыртқы қабаттың ішінен біртіндеп еріп жойылып тісжегі қуысының пайда 
болуына әкеп соғады. Сонымен қатар тісжегі қуысы басқа жолмен де 
пайда болуы мүмкін. Астыңғы қабаттағы минералсыздану үрдісі дамыған 
сайын сыртқы қабат жұқара келе механикалық әсерлерден сыныуы 
барысында кіреукеде ақау немесе тісжегі қуысы пайда болады. 
Тісжегі үрдісінің бастапқы белгілерінің дамуында тістің қатты тіндерінің 
тұрақтылығының (резистенттігінің) үлкен маңызы бар. Бұл тұрақтылық 
олардың құрылымдылық, химиялық құрамдық ерекшеліктерімен және 
генетикалық ізқуарлығымен қамтамасыз етіледі. 
Клиникалық –экспериментальді зерттеуде бұл Стефан қисығында жақсы 
көрсетілген. ( 2.9 сурет). 
Тістердің тісжегіге беріктілігі оның химиялық құрамының, құрылымының, 
кіреуке өткізгіштігінің және тістің басқа тіндерінің толық қалыптасуы 


кезінде орын алады.Ауыз сұйықтығының көлемі және оның 
минералдаушы потенциалының тістің тісжегіге берік болуында маңызы 
зор. 
2.9. Сурет.Стефан қисығы. 
2.7. ТІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ 
ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ. 
Кіреуке бетінде қаратласа орналасқан өсінділер бар екені мәлім. 
Кутикула кіреуке ағзасының редуцияланған эпителиі болып табылады. 
Тіс шыққаннан кейін кутикула тамақ шайнау кезіндегі үйкеліс әсері 
нәтижесінде жойылады және кіреукенің беткейасты қабатында жартылай 
сақталады. Тістің қызмет атқаратын бет бұдан кейін сілекей әсерінен 
дамитын ақуыздыкөмірсулы кешеннен тұратын пелликуламен (жүре 
пайда болған кутикула) жабылады. 
Пелликула кіреуке бетімен оның беткі қабатына ене тығыз байланысқан. 
Пелликула бетіне қалыптасқан тіс қағы,кіреуке бетіндегі жұмсақ 
шөгінділер келесі беттік өсінді болып келеді. Бұл субстанцияларды 
белгілеу үшін келесі «тіс тоғасы» «биоқабық» терминдерін қолданады. 
Көбіне –көп тіс қақтары мықты тісжегі туындырушы фактор ретінде 
жүреді. Сондықтан тіс қақтарын мұқият және тұрақты тазалап алып 
тастап тұру керек. 
Тіс қағының қалыптасуының маңызды кезеңі іртүрлі типтес 
микроорганизмдердің матрица бетіне шоғырлануы. Бұл 
микроорганизмдердің бір-бірімен және организммен қарым-қатынасы тіс 
қағында айқын микробтық гомеостазбен қамтамасыз етеді, ал бірақ тіс 
және пародонт тіні бүтіндігі бұзылмайды. 
Бұл тепе-теңдіктің сыртқы және ішкі қолайсыз факторлардың әсерінен 
бұзылуы патологиялық үрдістің дамуына, мысалы тісжегінің пайда 


болуына алып келеді. Тіс қағындағы әртүрлі микроорганизмдердің ішінде 
шынайы тісжегі туындатушы ретінде қышқылтүзеуші 
микроорганизмдердің маңыздылығын қарастыру керек. 
Замануи көзқарасқа сүйенсек тісжегі үрдісіндегі инфекциялық агентке 
жататын St. mutans және Lactobacilli –лардың қышқылтүзеуші штаммдары 
Болжам бойынша St. mutans тісжегіде кіреукенің минералсыздануын 
бастаушы болып саналады. Лактобациллаларүрдіске кейіннен тісте 
тісжегі ақауы кезеңі басталғанда қосылады. 
Тіс қақтарының пайда болуы, құрамы, қызметі, қасиеті ауыз қуыс 
жағдайымен және организммен тығыз байланысты. Тіс қақтарының 
тісжегі тұындатушы потенциалы тамақта көмірсуларын көп қолданғанда, 
ауыз суында фтордың жетіспеушілігінде, ауыз қуыс гигиенасының нашар 
болуы кезінде жүзеге асады. 
Тіс қағының құрамы және касиеті сілекеймен тығыз байланыста. 
Тістердің тіс жегіге бейімділігі немесе беріктілігі сілекейдің мына 
параметріне қарай анықталады: бөліну жылдамдығы, буферлік 
сыйымдылығы, сутекті иондардың концентрациясы (рН), органикалық 
және минералдық компоненттердің болуы. Тістердің сілекеймен шайылуы 
үрдісі кезінде тіс қағы және тіс тіндерінің клиренсі жүзеге асады. Тіс 
кіреукесі және сілекей арасында кальций және фосфат иондарының 
алмасуы жүруі нәтижесінде кіреуке қабаты бетінде, тіс қағында және 
сілекейде тепе-теңдік орнайды. Бұл сілекейдің кальций және фосфор 
ионымен қанығуына әсер етеді. 
Тістерді тісжегіден қорғауда сілекейдің буферлік сыйымдылығы үлкен 
роль атқарады және қышқылдардың, сілтілердің бейтараптануын 
қамтамасыз етеді. Сілекейдің буферлік қабілетінің негізін карбонаттар
фосфаттар және ақуыздар құрайды. 
Сілекейде көміртекті иондардың концентрациясы бейтарап диапазонда 
болады. Тіс қағындағы рН тісжегі тұындатушы жағдай болмағанда 
сілекейдің рН –на тең және үлкен дәрежеде сілекейдің буферлік 
жүйесінің бақылауында лсызданудың тоқтауы болады. 
Одан басқа сілекейдің буферлік қабілетіне қарай кіреуке бетінде пайда 
болған тісжегі ошақтарында қайта минералдану үрдісінің жүруі және ары 
қарай минералсызданудың тоқтауы мүмкін. 
Сілекейдің қорғаныс қызметі. Сілекейдің минералдаушы қасиеті бар. 
Сілекей бездерінің қызметінің бас және мойын ісіктерін үлкен сәуле 
дозасымен емдеуде тоқталуы кезінде гүлденген тісжегінің дамуы бірден 
бір тікелей дәлелдеуші айғақ болады. 
Бұндай тісжегі бірнеше апта ішінде тістердің тісжегіге бейім беттерін 
зақымдап, тістердің құрылымының толық бұзылуын тұындатады. 
Тістерді тісжегіден қорғауды қамтамасыз ететін сілекейдің негізгі 
қасиеттері: 
• ауыз қуысына тамақпен түскен көмірсуларының клиренсі және 
араласуы; 


• тіс қағындағы қышқылдарды бейтараптандыру; 
• тістің қатты тіндерінің қайта минералдануының иондық бастауы; 
Адам тістерінің сілекейде ерімейтін себебі, ол кальций, фосфат және 
гидрооксил иондарымен қаныққан. Тістердің минералды фракциясы 
негізінен осы иондардан тұрады. Динамикалық тепе-теңдікте сілекейдің 
кальций және фосфат иондарымен қанығуының алмасу үрдісі 
минералсызданудан толық қорғайды. Тіс қағындағы рН өте төмен 
болғанда, гидроксил және фосфат иондарының концентрациясы 
критикалық мағанадан төмен болу үшін сілекейдің толық қанығу 
жағдайы орын алады. 
Кіреуке өткізззгіштігі. Тістің қатты тіндері және әсіресе кіреуке 
өткізгіштігі тексеруге жеңіл бірден-бір физиологиялық қасиеті болып 
саналады. Кіреукенің өткізгіштігі көптеген факторлар мен шарттарға 
тәуелді. 
Кейбір иондар кристалдар ішінде еніп, кристаллішілік алмасуға 
қатысатыны жайлы мәліметтер бар. Мысалы фтор кіреукенің беті 
қабатынан гидроксиапатитінің кристалдарының гидроксил иондарын 
ығыстырып, оның қышқылға беріктігін арттырады 
Кіреукеге заттардың тереңдене және жылдам енуіне тістің қатты 
тіндерінің минералдану дәрежесі әсер етеді. Содан басқа физикалық 
және химиялық факторлардың әсер етуінен кіреукенің өткізгіштік деңгейі 
де өзгеруі мүмкін. Кіреукеге заттардың бойлай және жылдам енуі енуші 
заттардың сипатына, оның тіспен жанасу уақытына байланысты болады. 
Фтор ионы кіреукеге 15-80 мкм дейін енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет