40
3.1 Механикалық процестердің жалпы сипаттамасы
Материалдарды ұсақтау, жіктеу және престеу
механикалық процестерге
жатады. Олардың нәтижесінде материалдың физико-химиялық қасиеттері емес,
тек қана пішіні өзгереді.
Ұсақтау – материалдарды езу, жару, сындыру, уату, соққы,
кесу және
аралау жолымен материалдарды бөліктерге бөлу процесі.
Езу кезінде материалды қысатын және тірек тастар арасына салады.
Қысатын тасқа күш әсер етіп, осының әсерінен материалдағы ішкі кернеу бірте-
бірте көтеріледі. Ішкі кернеу материалдың қысылу беріктігінен асқан кезде, ол
бұзылады. Бұзылу кезінде әртүрлі пішінді
және мөлшерлі кесектер
қалыптасады. Бұл процесс білікті ұнтағыштарда жүреді.
Жару материалдың
сына тәрізді жұмыс органымен байланысу нәтижесінде пайда болады.
Сындыру екі тіреу арасында болатын материалға иілдіру күштері әсерінен
жүзеге асады.
Уату материалды жұқа ұнтақтау үшін арналған.
Соққымен материдарды ұсақтау ұнтақтағыштарда немесе соққылы
құралмен жүзеге асады.
Кесу үшін әртүрлі құрлымды пышақтарды қолданады.
Ұшаларды
аралау үшін аралар мен фрездерді қолданады. Аралау ұсақтау
жазықтығына арамен қысу салдаранан болады.
Ұсақтау процесі ұсақталу
деңгейімен сипатталады, яғни ұсақтау дейінгі
кесектің орташа мөлшерінің
d
н
ұсақтағаннан кейінгі кесектің орташа мөлшеріне
d
к
ара қатынасы:
і = d
н
/
d
к
(61)
Материал бөліктерінің және ең үлкен кесектерінің бастапқы және соңғы
мөлшерлеріне байланысты ұсақтау келесі түрлерге бөлінеді: ірі, орташа, ұсақ,
жұқа, коллойдты.
3-кесте. Ұсақтау түрлері
Ұсақтау түрі
Ұсақтауға дейінгі кесектің
орташа мөлшері (
d
н
), мм
Ұсақтауға кейінгі кесектің
орташа мөлшері (
d
к
), мм
Ірі
1500...2000
250...25
Орташа
200...25
25...5
Ұсақ
25...5
5...1
Жұқа
5...1
1...0,075
Коллойдты
0,2...0,1
1∙10
-4
дейін
Ірі және орташа
ұсақтауды құрғақ тәсілмен, ал ұсақ және жұқаны сулы
тәсілмен жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: