D көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты



Pdf көрінісі
бет152/239
Дата10.10.2024
өлшемі4.26 Mb.
#504554
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   239
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

 
336 
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс 
жауап беріңіз».  
Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 
1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. 
Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге 
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. 
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі 
Самарқандта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және 
кітапханалар аштырған. 
Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – 
атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір 
Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. 
Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы 
Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің 
жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай 
қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе 
дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның 
үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр 
бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды 
ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»деп жазылғаны 
айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды. 
Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан 
болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен 
танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның 
ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы 
Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз 
жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын 
Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, 
тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының 
арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны 
айтылады. 
(278 сөз) 
http://bilim-all.kz/article/3120-Amir-Temirdin-qaitys-boluy 


ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ! 
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз! 
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ! 
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
 
337 
7. Әмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан? 
A) Басып алған жерінде 
B) Таққа отырған жерінде 
C) Жорықта жүрген жерінде 
D) Туған жерінде 
E) Қайтыс болған жерінде 
8. Әмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген? 
A) Дұшпандары жек көргендіктен 
B) Соғыста аттан құлап, қолын жарақаттағандықтан 
C) Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен 
D) Аяғы кем болып туылғандықтан 
E) Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан 
9. Мәтіннің стилі қандай?
A) Ауызекі сөйлеу стилі 
B) Публицистикалық стиль 
C) Ресми іс-қағаздар стилі 
D) Ғылыми стиль 
E) Көркем әдебиет стилі 
10. Орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра 
алды? 
A) Әмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан 
B) Әмір Темір Анадолыны басып алғандықтан 
C) Әмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен 
D) Әмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан 
E) Әмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан 
11. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады? 
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап 
болады» 
A) Батыр 
B) Көріпкел 
C) Саясаткер 
D) Білімді 
E) Ақылды 
12. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді? 
A) Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен 
B) Белх билеушісі болғандықтан 
C) Түрік қағанатын басқарғандықтан 
D) Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан 
E) Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен 


ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ! 
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз! 
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ! 
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
 
338 


ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ! 
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз! 
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ! 
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет