Этностық шоғырланушы коммуникациялар қашанда ортақ рәміздер мен дүниетанымдық ұстанымдар арқылы тұтастанатыны
белгілі. Алайда бұл бірігу рулық мүдделер шеңберінен көп жағдайда шыға алмады. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті дәуіріндегі адам
мен дүние қарым-қатынастары туралы тікелей әдебиет болмағанымен, осы мәселенің кейбір жақтары Қ.Ш.Нұрланованың,
Е.Тұрсыновтың, Б.Байжігітовтың, Н.Шаханованың, Г. Шалабаеваның, Ә.Хасеновтың, Ш.Ыбыраевтың, Б.Ғ. Нұржановтың, Ж.Ж.
Молдабековтың, Т.Х. Ғабитовтың, Г. Нұрышеваның, С.Е. Нұрмұратовтың және тағы басқа зерттеушілердің ғылыми нәтижелерінде
XV ғасырдың екінші бөлігінде Қазақ хандығында басталған коммуникациялық мәдени өзгерістері, олардың рәміздік суреттемелері
зерделенген.
Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының негізгі модель-үлгісіне тіршілік хронологиясы
жатады
және ол өзінің рәміздік көп мағыналығымен көзге түседі. Белгілі философ Ю. Хабермас
индивидуалдық коммуникацияның әр мәдениеттегі деңгейін анықтау үшін оның мынандай
қасиеттеріне назар аудару қажет деген: а) жеке адамдардың қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігі: ә)
өзіндік меннің бар болуы және оған сүйену; б) моральдық жауапкершіліктің болуы. Осы жағдайда
индивидуалдық дискурс жүре алады7
Қазақ хандық дәуіріндегі ақын-жырауларда жеке-даралық дискурстың жоғары деңгейде
болғанына мынандай дәлелдер келтіруге болады. Қазақ даласындағы әлеуметтік
коммуникациядағы ерекше этносоциологиялық сана мен әлеуметтік бірлік мәдениеті үрдісінің
қалыптасуын білдіреді. Адамның адамзат тарихы қалыптасқаннан бергі тарихын оның рухани
болмыс-бітімінің үздіксіз ашылу үдерісі деп қарастыруға болады. Адамзат тарихы адамның өз
шығармашылық қасиеттерін көрсетуі арқылы, көзқарастары мен ойлары, жасаған образдары және
дүниетанымымен ерекшеленеді.