Есеп № 19
18 жастағы Г. деген әскер қатарына шақырылушы тексерілу үшін ауруханаға түскен. Медициналық комиссиядан өту кезінде қан анализін зерттеу жүргізіліп, нәтижесі анықталған:
Эритроцит 2,7 х 1 мкл-де
Гемоглобин 81г/л
Түсті көрсеткіш 1,0
Лейкоциттер 7,5х 1 мкл-де
Лейкоцитарлық формула
Жас жасушалар 0
Таяқша ядролы 4%
Сегменттік ядролы 54%
Эозинофилдер 2%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 37%
Моноциттер 3%
Тромбоциттер 230х 1 мкл-де
Жұғындыда: нормохромия, микросфероцитоз, ретикулоциттер - 12%.
Тексерілушінің қан құрамында қандай өзгерістер бар?
Анықталған өзгерістер қан жүйесінің қандай патологиясына тән?
Есеп № 20
Науқас Г., 19 жаста, ауруханаға тексерілуге келген. Гемоглобин мөлшерінің 90-95 г/л дейін төмендеуі бала кезінен байқалған. Темір препараттарымен емделу ешқандай нәтиже бермеген.
Ауруханаға түскен кездегі қан анализі
Эритроцит 3,2х /л
Гемоглобин 85 г/л
Түсті көрсеткіш 0,78
Лейкоциттер 5,6х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 4%
Сегменттік ядролы 58%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 29%
Моноциттер 5%
Тромбоциттер 210х /л
Жұғындыда: анизоцитоз, пойкилоцитоз, нысана тәріздес эритроциттер, базофильдік түйіршіктелген эритроциттер, ретикулоциттер - 16 %. Сарысулық темір деңгейі - 30 мкмоль/л.
Бұл гемограммада қан жүйесінің қандай патологиясы берілген?
Бұл жағдайда шеткері қандағы ретикулоцитоз нені дәлелдейді?
Есеп № 21
12 айлық Витя С. туылғаннан бастап жиі тұмауратып ауратын болған. Анасының бақылауы бойынша, сульфодимезин, ацетилсалицилдік қышқыл, тетрациклинді қабылдаған кезде баланың терісінің және склерасының сары түске боялуы, зәр түсінің қараюы байқалып, дәрілерді қабылдауды тоқтақан кезде бұл көріністердің біртіндеп жойылуы болған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,0х /л
Гемоглобин 70 г/л
Түсті көрсеткіш 0,7
Лейкоциттер 19х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 2%
Сегменттік ядролы 33%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 55%
Моноциттер 7%
Тромбоциттер 280х /л
Жұғындыда: айқын анизо- және пойкилоцитоз, полихроматофилия, ретикулоциттер - 10%.
Эритроциттердің глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа белсенділігі - 2,3 бірлік. (қалыптыда - 5,4±0,3).
Балада қан жүйесінің қандай патологиясы дамыған?
Бұл патологияның даму механизімі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |