«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет45/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Есеп № 17
Науқас Б., 54 жаста, әлсіздікке, аз ғана физикалық күш түскеннің өзінде ентігу байқалатынына, қол саусақтарының ұшының жансыздануына, тілінің ауырсынуына шағымданып ауруханаға түскен.
Ауруханаға түскен кезіндегі қан анализі:
Эритроцит 1,44х
Гемоглобин 66 г/л
Түсті көрсеткіш 1,4
Лейкоциттер 2,8х /л
Лейкоцитарлық формула
Жас жасушалар 0
Таяқша ядролы 1%
Сегменттік ядролы 43%
Эозинофилдер 5%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 48%
Моноциттер 3%
Тромбоциттер 100х /л
Жұғындыда: айқын анизацитоз, пойкилоцитоз, мегалобластар, базофиль-дік түйіршіктелген эритроциттер, гиперсегменттелген нейтрофильдер, рети-кулоциттер - 0,4%.

  1. Шеткері қан құрамының анықталған өзгерістері қан жүйесінің қандай патологиясына тән?

  2. Осы патологияның дамуында эритропоэздің қандай типі орын алады және оның ерекшелігі неде?



Есеп № 18
Науқас К., 24 жаста, үдемелі әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, ентігуге шағымданып, ауруханаға тексерілуге келген. Үш жыл бұрын науқасқа ішектің түйнелуіне байланысты операция жасалынып, бүйірлік анастомоздар қою арқылы ащы ішектің 60 см резекцияланған. Осы операция жасалған соң кейде ішінің ауырсынуы, үлкен дәретінің тұрақсыздығы байқалған.
Ауруханаға түскен кезіндегі қан анализі
Эритроцит 2,23х /л
Гемоглобин 85г/л
Түсті көрсеткіш 1,2
Лейкоциттер 3,5х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 0,5%
Сегменттік ядролы 58%
Эозинофилдер 5%
Базофильдер 0,5
Лимфоциттер 30%
Моноциттер 6%
Тромбоциттер 120х /л
Жұғындыда: макроанизоцитоз, пойкилоцитоз, шизоцитоз, аздап мегалоциттер, нормохромия, ретикулоциттер - 0,4%.

  1. Бұл анализ қанның қандай патологиясы дамығаның көрсетеді?

  2. Алынған мәліметтерге сүйене отырып анықталған қан патология-сының даму механизімін түсіндіруге болады ма?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет