Есеп № 42
Науқас В., 34 жаста, дәрігер-психиатр. Артериялық қысымның жоғарлауына және басының ауырсынуына байланысты 7 күн бойы анальгин, аминазин және резерпиндердің 60 таблеткасын қабылдаған. Осыдан жағдайы күрт нашарлап – қызба, жалпы әлсіздік, жұтынған кезде ауырсыну байқалған. Қанын зерттеген кезде анықталғаны:
Эритроцит 3,9х 1мкл
Гемоглобин 130 г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 0,9х 1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 0
Сегменттік ядролы 12%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфоциттер 73%
Моноциттер 15%
Тромбоциттер 210х 1мкл
Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,6%.
Науқастың сары суын лейкоагглютининге тексерген кезде реакция теріс болған.
Бұл жағдайда қан түзілудің қандай өсіндісінің тежелуі байқалады?
Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?
Анықталған өзгерістердің даму механизімі қандай?
Есеп № 43
Науқас Г., 34 жаста, дәрігерге жалпы әілсіздікке, тез шаршағыштыққа, тершеңдікке, сол жақ қабырға астында ауырлық сезімінің болуына шағымда-нып келген.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,1х /л
Гемоглобин 88 г/л
Түсті көрсеткіш 0,85
Лейкоциттер 93х /л
Лейкоцитарлық формула
Миелобластар 1%
Промиелоциттер 6%
Миелоциттер 20%
Метамиелоциттер 20%
Таяқша ядролы 13%
Сегменттік ядролы 12%
Эозинофилдер 9%
Базофильдер 4%
Лимфоциттер 10%
Моноциттер 5%
Тромбоциттер 390х /л
Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,4%.
Науқастың лейкоцитарлық формуласында қандай өзгерістер бар және олар лейкопоэздің қандай бұзылыстарын дәлелдейді?
Бұл жағдайдағы дамыған анемияның сипаты қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |