«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет80/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Есеп № 21

  1. Қантсыз диабет кезінде.

  2. Науқастағы су-тұз алмасу бұзылыстары дамуының басты механизмі болып антидиурездік гормон өндірілуінің жеткіліксіздігі саналады.



Есеп № 22
Экзогендік антидиурездік гормонмен (вазопрессинмен) сынама жасау, қантсыз диабеттің гипофизарлық түрін оның бүйректік түрінен ажырату үшін қажет. Вазопрессинге реакцияның болмауы, баладағы қантсыз диабеттің дамуы антидиурездік гормонға бүйрек түтікшелерінің сезімталдығының бұзылуына байланысты екендігін дәлелдейді.


Есеп № 23

  1. Бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігіне (Аддисон ауруына) тән.

  2. Иә, байланыс болуы мүкін. Бүйрек үсті безінің созылмалы жеткілік-сіздігінің жиі даму себебі болып, басқа да мүшелерде белсенді туберкулездік үрдіс ошақтары дамыған кездегі, бүйрек үсті безінің туберкулездік зақымда-нуы саналады.

  3. Гиперпигментацияның дамуы гипофиздің меланин ынталандырушы белсенділігінің күшеюіне және меланиннің тері мен шырышты қабаттарда жиналуына негізделген.

Гипотонияның дамуы глюкокортикоидтар мен альдостеронның өндірі-луінің азаюына байланысты. Альдостерон секрециясының жеткіліксіздігі кезінде организм натрий иондарын жоғалтады, осыдан гипоонкия және гиповолемия дамиды. Тамыр қабырғасының электролиттік балансының бұ-зылуы, айналымдағы қан көлемінің азаюы, глюкокортикоидтардың тамыр-ларға әсерінің төмендеуі артериялық гипотонияның дамуына ықпал етеді.


Есеп № 24

    1. Бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігіне (Аддисон ауруына) тән.

  1. Баланың тұзды тағамдарға әуестігі организмнің натрий иондарына мұқтаждығының артуымен түсіндіріледі, өйткені альдостерон өндірілуінің төмендеуі жағдайында натрий иондары организмнен көп мөлшерде шығарылады.

  2. Альдостерон тапшылығы кезінде организмнен натрий иондары шығарылып, ал калий иондары жиналып қалады, осыдан гиперкалиемия дамиды. Сондықтан балаға натрий тұздарына бай және калийі шектелген диета ұсынылуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет