«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет81/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Есеп № 25

  1. Гипофиздің алдынғы бөлімінде өсу гормонының (соматотроптық) өндірілуінің жоғарлауы кезінде байқалады.

  2. Акромегалия. Бұл ауру гипофиздің эозинофилдік аденомасына немесе өсу гормонын өндіретін гипофиздің ацидофилдік жасушаларының гиперплазиясына байланысты дамиды.



Есеп № 26

  1. Феохромоцитома – бүйрек үсті безінің милық қабатының ісіктік өсуі, адреналиннің көп мөлшерде кезеңдеп шығарылуымен жүреді.

  2. Бас ауыруы – артериялық қысымның жоғарлауы салдарынан; жүрек соғуының жиілеуі, тахикардия, аяқ-қолының қалтырауы –миокард пен бұлшық еттерге адреналиннің әсер етуінен; диурездің артуы – адреналиннің әсеріне негіздлеген қан қысымының артуы барысында бүйректе фильтрацияның күшеюі салдарынан және глюкозурия кезіндегі осмостық диурездің қалыптасуы нәтижесінде.

  3. Тахикардия – адреналиннің тікелей жүрекке әсер етуіне байланыс-ты; гипертензия – адреналиннің жүрекке кардиогендік ынталандырушы әсері және шеткері тамырлардың спазымы салдарынан; гипергликемия – адрена-линнің көмірсу алмасуына ықпалы, яғни гликогенолиздің күшеюі нәтиже-сінде.



Есеп № 27

  1. Микседема – жыныстық жетілу кезеңінен кейін дамитын, қалқанша безінің кеш постнатальдық жеткіліксіздігі.

  2. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі мен ұйқышылдық – тироксин жеткіліксіздігі кезіндегі мидағы зат алмасу үрдістерінің әлсіреуі нәтижесінде дамиды.

  3. Негізгі алмасудың төмендеуі – тироксин жеткіліксіздігі кезіндегі биохимиялық алмасу үрдістерінің өту қарқынының баяулауы салдарынан; гипогликемия – тироксинмен ынталандырылатын гликогенолиз, гликонео-генез және асқазан-ішек жолдарындағы глюкозаның сіңірілу үрдістерінің әлсіреуі нәтижесінде.



Асқорыту жүйесі


Есеп № 1
Жоқ, бірдей болмайды. Вагустық стимуляцияға құрамында көп шырышы бар жоғарғы қышқылдықты, қорыту қабілетімен сөл бөлінеді.
Стресстік стимуляция кезінде құрамында аздап шырыш болатын жоғарғы қышқылдықты, қорыту қабілетімен сөл бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет