Есеп № 32
Науқас К., 14 жаста, ауруханаға түскен кезде жалпы әлсіздікке, оң жақ бүйірінің ауырсынуына, терісінің сарғаюына шағымданған.
Науқаста терісінің аздап сарғаюы балалық шағынан бастап байқалған. 3 ай бұрын оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болып, сарғаю күшейе түскен.
Объективтік тексеру кезінде анықталғаны: қан сарысуындағы билирубин мөлшері – 51 мкмоль/л, Эрлих диазореактивімен реакциясы тура емес. Зәрінде уробилин табылған. Нәжісі қарқынды боялған.
Сарғаю түрін анықтаңыз.
Сарғаюдың бұл түріндегі гипербилирубинемияның даму механизмі қандай?
Есеп № 33
Науқас А., 12 жаста, ауруханаға түскен кезде лоқсу, құсуға, терісінің қышынуына шағымданған. Бұл симптомдар 8 күн бұрын айқындалған.
Тексеру кезінде анықталғаны: терісі мен шырышты қабаттары сарғайған, бауыры мен көк бауыры ұлғайған. АҚ – сынап бағанасы бойынша 100/60 мм, пульсі – минутына 60 рет, ырғақты.
Қан сарысуындағы билирубиннің жалпы мөлшері – 76 мкмоль/л, оның ішінде тура емесі – 20,5 мкмоль/л. Зәрінде билирубин, уробилин табылған.
1. Сарғаю түрін анықтаңыз.
2. Науқастың зәрінде билирубиннің қандай түрі табылған?
Есеп № 34
Науқас Д., 39 жаста. Қатты тоңып қалып, ауруы жедел түрде басталап кеткен. Бірден жалпы әлсіздік, ентігу, тері мен шырышты қабықтардың шамалы сарғаю байқалған.
Лабораториялық тексеру кезінде анықталғаны: қан сарысуындағы билирубин – 70 мкмоль/л. Зәр мен нәжісінде көп мөлшерде уробилин, стеркобилин табылған. Зәрде билирубин анықталмаған.
Сарғаю түрін анықтаңыз.
Науқастың қан сарысуында қандай билирубин табылған?
Есеп № 35
47 жасар Т. деген науқаста ұзақ уақыт бойы мазалап жүрген диспепсиялық синдромға тез дамыған қарқынды сарғаю қосарланған.
Клиникалық-лабораториялық тексеру кезінде анықталғаны: бауыры ұлғайған, өт қабы пальпацияланады.
Қанында 342 мкмоль/л билирубин анықталған, Эрлих диазореактивті реакциясы тура. Зәрде үлкен мөлшерде билирубин анықталған. Нәжісі түссіз.
Сарғаю түрін анықтаңыз.
Бұл сарғаю кезіндегі қанда билирубин мөлшерінің жоғарлау механизмі қандай?
Есеп № 36
Науқас В., 32 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, ентігуге, терісінің сарғаюына, нәжісі мен зәрі түстерінің өзгеруіне шағымданып түскен.
Лабораториялық тексеру нәтижелері: қан сарысуындағы билирубин мөлшері – 68 мкмоль/л. Диазореактивті реакциясы - тура емес. Зәрінде билирубинге реакциясы теріс, ал уробилинді денешіктерге - оң.
Сарғаю түрін анықтаңыз.
Қандай өт пигменттері уробилиндік денешіктерге жатады?
Есеп № 37
32 жастағы В. деген науқас ауруханаға кенеттен басталған оң қабырға астындағы ауырсынуға, лоқсу, құсу сезімдеріне, терісінің сарғаюына шағымданып түскен.
Анамнезінде соңғы 5 жыл бойы оң қабырға астында ұстамалы түрде қайталанатың ауырсынулар болғанын айтады.
Объективті тексеру кезінде анықталғаны: терісінің сарғыштануы, пальпация жасағанда оң қабырға астының ауырсынуы. Дене температурасы -38,7º С.
Лабораториялық тексеру нәтижелері: қандағы тура билирубин – 68 мкмоль/л. Зәрдің түсі жасыл-сарғыш, билирубинге реакциясы оң, уробилинді денешіктер жоқ. Нәжісі саз тәріздес, түссіз.
Сарғаю түрін анықтаңыз.
Зәрде уробилиндік денешіктердің болмауы нені дәлелдейді?
Достарыңызбен бөлісу: |