«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет43/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 11
Науқас И., 42 жаста, ауруханаға ішінің ауырсынуына, шырыш және қан араласқан үлкен дәреттің жиі (тәулігіне 3-4 рет) болуына, жүдеуге, әлсіз-дікке шағымданып келген. Бұл белгілердің пайда болғанына 1-жылдай уақыт болғанын және жағдайының бірде жақсарып бірде нашарлап отырғаның айтады.
Ауруханаға түске кездегі қан анализі
Эритроцит 2,9 х 
Гемоглобин 63г/л
Түсті көрсеткіш 0,7
Лейкоциттер 14х 
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 1,5%
Таяқша ядролы 8%
Сегменттік ядролы 52%
Эозинофилдер 2%
Базофильдер 0,5%
Моноциттер 6%
Тромбоциттер 220х 
Жұғындыда: нормоцит, аздаған микроциттер, пойкилоцитоз, аздап полихроматофильдер, ретикулоциттер - 2,6%.

  1. Бұл гемограммада шеткері қан құрамының қандай өзгерістері берілген?

  2. Қан жүйесінің қандай патологиясына бұл өзгерістер тән?

  3. Қан анализінде қанның регенерациялану белгілері бар ма?

Есеп № 12
Науқас В., 40 жаста, ауруханаға ішінің ауырсынуына байланысты тексерілуге жатқызылған.
Ауруханаға түске кездегі қан анализі
Эритроцит 3,8х  1 мкл-де
Гемоглобин 68г/л
Түсті көрсеткіш 0,51
Лейкоциттер 5,4х  1 мкл-де
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 6%
Сегменттік ядролы 54%
Эозинофилдер 2%
Базофильдер 1
Лимфоциттер 30%
Моноциттер 7%
Тромбоциттер 280х  1 мкл-де
Жұғындыда: гипохромия, аздаған микроциттер, пойкилоцитоз, анулоциттер, ретикулоциттер - 1,2%.

  1. Науқаста шеткері қан құрамының қандай өзгерістері бар?

  2. Бұл өзгерістер қанның қандай патологиясына тән?

  3. Бұл өзгерістердің даму механизімі қандай?

Есеп № 13
Науқас В., 13 жаста, жалпы әлсіздікке, басының айналуына, жиі естен таңуға шағымданады.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,8х 
Гемоглобин 56г/л
Түсті көрсеткіш 0,52
Лейкоциттер 6,7х 
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0%
Таяқша ядролы 2%
Сегменттік ядролы 52%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 37%
Моноциттер 6%
Тромбоциттер 270х 
Жұғындыда: гипохромия, айқын микроцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,8%.

  1. Шеткері қан құрамындағы өзгерістер қандай патологияға тән?

  2. Шеткері қан құрамының мұндай өзгерістеріне қандай патологиялық үрдістер әкелуі мүмкін?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет