Есеп № 33
Науқас Д., 56 жаста, ауруханаға миокард инфарктымен түскен.
Түскен кездегі жалпы қан анализі
Эритроцит 8,5х 1мкл
Гемоглобин 170 г/л
Түсті көрсеткіш 0,6
Лейкоциттер 23х 1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 3%
Таяқша ядролы 14%
Сегменттік ядролы 56%
Эозинофилдер 5%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 18%
Моноциттер 3%
Тромбоциттер 550х 1мкл
Қан жұғындысында: гипохромия, полихроматофилия, анизо- және пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 2,1 %
Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?
Анықталған қан патологиясының табиғаты қандай?
Бұл жағдайдағы коронарлық тамырлар тромбозының дамуына әкелген себеп қандай?
Есеп № 34
Науқас Р., 6 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге, ішінің тұйықталып ауырсынуына, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, сан аймағында қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданып келген.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 4,4х 1мкл
Гемоглобин 128 г/л
Түсті көрсеткіш 0,87
Лейкоциттер 13,6х 1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Жас жасушалар 0
Таяқша ядролы 4%
Сегменттік ядролы 47%
Эозинофилдер 18%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 23%
Моноциттер 8%
Тромбоциттер 210х 1мкл
Қан жұғындысында: нормохромия, ретикулоциттер - 0,7%
Балада шеткері қанның құрамының қандай өзгерістері дамыған?
Осындай қан өзгерістері қандай патологиялық жағдайға тән?
Есеп № 35
Науқас К., 35 жаста, өкпе абсцесі дамуына байланысты ауруханаға жатқызылған.
Қан анализі
Эритроцит 3,9х 1мкл
Гемоглобин 120 г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 25х 1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 4%
Таяқша ядролы 16%
Сегменттік ядролы 58%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 15%
Моноциттер 4%
Тромбоциттер 230х 1мкл
Қан жұғындысында: цитоплазмасы токсикалық түйіршіктелген нейтрофильдер.
Науқастың шеткері қанында қандай өзгерістер дамыған?
Цитоплазмасы токсикалық түйіршіктелген нейтрофильдердің болуы нені дәлелдейді?
Достарыңызбен бөлісу: |