«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет47/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 22
15 жастағы гемолиздік анемиямен ауратын В. деген науқастың гемоглобинін тексеру кезінде А2 гемоглобині жалпы гемоглобин мөлшерінің 10%, ал гемоглобин Ғ фракциясы - 7% құрайтындығы белгілі болған.
Науқаста гемоглобин молекуласының қай тізбегінің синтезі төмендеген?
Есеп № 23
Жаңадан қосылған ерлі-зайыптыларда глобиннің α-тізбегінің синтезіне жауапты, мутанттық реттеуші геннің гомозиготалық тасымалдаушылық жағдайы анықталған.
Бұл ата-аналарда дені сау бала туылуы мүмкін бе?
Есеп № 24
Ерлі-зайыптыларда глобиннің β-тізбегінің синтезіне жауапты мутанттық реттеуші геннің гомозиготалық тасымалдаушылық жағдайы анықталған.

  1. Бұл жағдайда олардың баласында гемоглобин А-ның түзілуі мүмкін бе?

  2. Балада патологиялық гемоглобиннің қандай түрлері анықталуы мүмкін?



Есеп № 25
Миша С., 3,5 жаста. Үш ай бұрын бронхопневмониямен ауырған. Емха-нада емделген. Бірақ сол аурудан кейін әлсіздік, терісінің бозруы байқалған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,3х 
Гемоглобин 99г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 8,2х 
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 3%
Сегменттік ядролы 43%
Эозинофилдер 4%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 44%
Моноциттер 6%
Тромбоциттер 290х 
Жұғындыда: макроциттер, аздаған микроциттер, пішіні өзгерген эритроциттер, ретикулоциттер - 19 %

  1. Балада шеткері қан құрамының қандай өзгерістері байқалған?

  2. Бұл өзгерістер қан жүйесінің қандай патологиясына тән?



Есеп № 26
Б. деген нәресте өз уақытымен, 2950 г салмақпен, бірінші жүктілік жағдайында туылған. Туылғаннан кейін 16 сағат өткен кезде терісінің, шырышты қабаттарының аздап сарғаюы байқалған.
Қан анализі
Эритроцит 4,2х  1мкл
Гемоглобин 140 г/л
Түсті көрсеткіш 1,0
Лейкоциттер 16,2х  1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 2%
Таяқша ядролы 6%
Сегменттік ядролы 61%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 20%
Моноциттер 7%
Тромбоциттер 327х  1мкл
Қан жұғындысында: анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихроматофилия, ретикулоциттер - 17%. Ана қаны: Rh-; бала қаны: Rh+;
1. Бұл анализ көрсеткіштері қан жүйесінің қандай потологиясы дамығаның дәлелдейді?
2. Анықталған патологияның патогенезінде қандай фактор негізгі болып саналады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет