«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет57/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 50
Науқас А., 42 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, дене температура-сының жоғарлауына, сүйек пен буындарының ауырсынуына шағымданып келген.
Түскен кездегі қан анализі
Эритроцит 2,8х  1 мкл
Гемоглобин 84 г/л
Түсті көрсеткіш 0,9
Лейкоциттер 82х  1 мкл
Лейкоцитарлық формула
Миелобластар 62%
Промиелоциттер 4%
Миелоциттер 6%
Метамиелоциттер 2%
Таяқша ядролы 2%
Сегменттік ядролы 12%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфоциттер 10%
Моноциттер 2%
Тромбоциттер 142х  1 мкл
Қан жұғындысында: нормохромия, анизоцитоз, пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 0,4%.

  1. Берілген гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайда ісіктік өсу клонының көзі бола алатын гемопоэ жасушасының класын атаңыз.

  3. Бұл гемограммада «лейкемиялық үңгір» байқалады ма? Байқалса, ол нені дәлелдейді?



Есеп № 51
Науқас В., 25 жаста, ауруханаға мұрнынан тоқтаусыз су ағып, түшкіре беретініне, мұрны мен қабағының қышуына, көзінен жас ағуға, жарыққа қарай алмайтынына, көзінің ауырсынуына шағымданып келген. Осындай жағдай соңғы 4 жыл бойы маусым айының басынан шілде айының соңына дейін байқалып отырылған.
Қан анализі:
Эритроцит 4,2х1012
Гемоглобин 140 г/л
Ретикулоцит 0,7%
Тромбоцит 250х109
Лейкоцит 9,0х109
ЭТЖ 20 мм/с.
Лейкоцитарлық формула:
Метамиелоциттер 0%
Таяқша ядролы 4%
Сегменттік ядролы 50%
Эозинофилдер 14%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 27%
Моноциттер 5%

  1. Түстік көрсеткішті анықтаңыз.

  2. Берілген гемограммадағы өзгерістерге қорытынды шығарыңыз.

  3. Жасаған қорытындыңызға толықтап түсініктеме беріңіз.

  4. Гемограммадағы өзгерістердің бұл аурудың патогенезіндегі маңызын түсіндіріңіз.

Есеп № 52
Науқас К., 20 жаста, дене қызуының көтерілуіне, қалтырауға, жұтынған кезде тамағының ауырсынуына шағымданып ауруханаға келген. Тексерген кезде: терісі бозғылт, аңқаның шырышты қабаттары гиперемияланған, бадам-ша бездері іріңді өңезделген, жақ асты түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады.
Қан анализі:
Эритроцит 4,4х1012
Гемоглобин 140 г/л
Ретикулоцит 0,9%
Тромбоцит 240х109
Лейкоцит 17х109
ЭТЖ 27 мм/с.
Лейкоцитарлық формула:
Метамиелоциттер 5%
Таяқша ядролы 18%
Сегменттік ядролы 55%
Эозинофилдер 1%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 20%
Моноциттер 5%

  1. Түстік көрсеткішті анықтаңыз.

  2. Гемограммадағы өзгерістерді сипаттаңыз және өзгерістердің механизмін түсіндіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет