Есеп № 23
Көмірсусыз диетаға отырғызылған иттерде қарқынды кетонурия онай дамиды. Ал ас құрамына аз мөлшерде көмірсу енгізсе болды, кетонурия бірден төмендейді.
Тәжірибедегі жануарлардың асына глюкоза енгізген кезде кетонурияның төмендейтінің қалай түсіндіруге болады?
Есеп № 24
Тәжірибе жүзінде екі топ жануарлар алынып, бірінші тобын 10 сағат бойы, ал екінші топты – 28 сағат бойы ешқандай ас бермей, аш күйінде ұстаған.
Осындай ашығудан кейін жануарлардың қанындағы қант мөлшерін тексерген кезде барлығында ол көрсеткіш қалыпты жағдайдың төменгі шекарасын көрсеткен.
Жануарлар қанындағы қант деңгейінің қалыпты жағдайда ұсталынып тұру механизмі екі топта бірдей ме? Бұл механизмдердің дамуындағы бауырдың рөлі қандай?
Есеп № 25
32 жастағы К. деген науқасты тексеру барысында оған 40 г галактозаны қабылдауды ұсынған, содан кейін бөлінген зәр құрамынан галактоза мөлшерін зерттеген. Жиналған зәрдегі галактоза мөлшері 12 г болған.
1. Науқаста бауырдың қандай қызметі бұзылған?
2. Бауырдың функциялық жағдайын бақылау үшін тест ретінде галактозаны қолдану неге негізделген?
Есеп № 26
54 жастағы Л. деген науқас ауруханаға сарғаюдың белгісіз түрімен түскен. Дифференцациялық диагностика мақсатында науқастың қанындағы протромбин мөлшері анықталған, нәтижесінде қандағы протромбин мөлшерінің біршама төмендегені анықталған. Содан соң науқасқа 4 күн бойы 70 мг мөлшерде К витаминін тамыр ішілік енгізген және қандағы протромбин мөлшерін қайта тексерген. К витаминін енгізудің соңғы күні протромбин мөлшері 40 % жоғарлаған.
Бұл алынған мәліметтер бауырдың белок синтездеу қызметінің біріншілік бұзылыстары туралы тұжырым жасауға негіз бола алады ма?
Алынған мәліметтер қандай сарғаюдың дамығаның дәлелдейді?
Есеп № 27
Науқаста дамыған аминоацидурия сипатын анықтау үшін сарысудағы амин қышқылдарының азот деңгейі және зәрдегі жалпы азот тексерілген. Нәтижесінде сарысудағы аминоазот мөлшері - 17,9 ммоль/л, ал зәрдегі азот деңгейі – 179 ммоль/л болған.
Алынған мәліметтер аминоацидурияның бауырлық шығу тегін дәлелдейді ме?
Аминоацидурия бауырдың қандай қызметінің бұзылғанын көрсетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |