«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет82/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 2
Ваготомиядан кейін инсулиннің әсері жойылады, өйткені инсулин асқазан секрециясына ынталандырушы әсерді кезбе нервті белсендіру арқылы көрсетеді. Инсулин әсерінен гипогликемиялық жағдай туындап, вагус тонусы және асқазан секрециясы жоғарлайды. Гистаминнің инсулиннен ерекшелігі, ол асқазан секерециясына тікелей ынталандырушы әсер көрсетеді.
Есеп № 3
Жоқ, байқалмайды. Жалған тамақтандыру кезінде вагустың қатысуымен асқазандық секрецияның тек нервтік-рефлекторлық фазасы ғана қосылады.


Есеп № 4
Асқазан сөлінің протеолиздік белсенділігі азаяды, өйткені асқазанның негізгі протеолиздік ферменттерінің әсер етуі үшін қышқылдық орта қажет (пепсин әсері рН=1,5-2, гастриксин әсері рН=3-3,5 болған кезде белсенді болады). Гиперсаливация нәтижесінде асқазанға көп мөлшердегі сілтілі реакциялы сілекей түседі және осыған байланысты асқазан сөлінің сілтілену жүріп, бұл ферменттердің әсер етуі үшін қолайсыз жағдай туындатады.


Есеп № 5
Етті асқазанға фистулдық тесік арқылы енгізген кезде асқазан секрециясының бірінші нервтік-рефлекторлық фазасы іске қосылмайды, ал бұл фаза кезінде қышқылдығы жоғары, қорыту қабілетімен сөлдің көпшілік мөлшері бөлінеді.
Есеп № 6
«Жалған тамақтандыру» тәжірибесі кезіндегі асқазан секрециясының ұзақтығының азаюы, бұл кезде секрецияның тек нервтік-рефлекторлық фазасы ғана іске қосылып, ал келесі – асқазандық және ішектік фазаларының іске қосылмауымен түсіндіріледі. Асқазадық және ішектік фазалар кезінде асқазан және ішек шырышты қабаттарының тікелей механикалық және химиялық тітіркенуі салдарынан асқорыту гормондарының бөлінуі жүреді.


Есеп № 7
Иә, байқалады, өйткені ұлтабарға тұз қышқылының аздаған мөлшерін енгізген кезде, ішектің шырышты қабатының G-жасушалары асқазан сөлінің секрециясын ынталандыратын асқорыту гормоны – гастринді өндіре бастайды. Бұл вагустың қатысуынсыз жүретін, асқазан секрециясының ішектік фазасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет