«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет85/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 22

  1. Бауырдың экстирпациясы кезіндегі гипогликемияның дамуы, бауырда қан құрамындағы қанттың тұрақтылығын қамтамасыз ететін гликогенез, глюконеогенез және гликогенолиз үрдістерінің өтетіндігімен түсіндіріледі.

  2. Адреналиннің гипергликемиялық әсері оның гликогенолизді белсендіруімен түсіндіріледі. Бірақ гликогеннің ыдырап, глюкозаның түзілуі тек бауырда ғана өтеді, содан соң глюкоза шеткері қанға шығарылады. Бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауы адреналиннің әсерінен тек сүт қышқылының түзілуіне дейін ғана жүреді, өйткені бұлшық еттерде гликогеннен түзілетін глюкоза-6-фосфатты фосфорлау үшін қажетті глюкоза-6-фосфатаза ферменті жоқ. Фосфорилденген глюкоза бұлшық еттерден қанға өте алмайды, ол не сүт қышқылына дейін тотығып кетеді, немесе қайтадан бұлшық ет гликогеніне ауысады.



Есеп № 23
Көмірсулардың жеткіліксіз тотығуы кезінде, сонымен қатар әбден мүкін болатын, үшкарбондық қышқылдар циклінде қымыздық-сіркелік қышқыл-дың түзілуі төмендеген кезде, майдың ыдырауынан пайда болған ацетилкоэн-зим А Кребс циклында толық көлемде тотығы алмай, кетондық денелерді түзуге жұмысалады. Көмірсуларды қосып бергенде щавелді-уксустық қыш-қылдар артады және Кребс циклінде ацетилкоэнзим А тотығуы жоғарлайды.


Есеп № 24
Жоқ, бірдей емес. Бірінші және екінші жағдайда да гликогенолиз үрдіс-тері белсенеді. Бірақ, егер қысқа уақытты ашығу кезінде бұл механизмнің тек қандағы қалыпты қант деңгейін ұстап тұруы ғана жеткілікті болса, ал ұзақ уақытты ашығу кезінде бауырдағы гликоген қоры таусылады, бұл кезде қандағы глюкозаның қалыпты деңгейі глюконеогенез үрдісі – бауырда глюкозаның белоктар мен майлардан түзілуі, есебінен қамтамасыз етіледі.


Есеп № 25
1. Науқаста бауырдың гликоген синтездеу, яғни галактозаны глюкоза мен гликогенге айналдыру қызметі бұзылған.
2. Бауырда тағаммен түскен барлық моносахаридтерді (галактоза, фруктоза) басқа мүшелер мен тіндерде ары қарай қорытылуға қабілетті глюкозаға айналдыру жүреді. Бауырдың зақымдануы кезінде бауыр жасушаларының галактозаны глюкозаға айналдыру қабілеті әлсірейді. Басқа тіндермен пайдаланылмаған галактоза көп мөлшерде зәрмен шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет