Патофизиология кафедрасы



бет10/12
Дата14.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#134426
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

2. СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР*

1.

Егеуқұйрықты барокамераға орналастырып үш минөт аралығында ауаны барометрлік қысымның 180 мм.с.б. денгейіне дейін сорып алады. Төменгі барометрлік қысым жағдайында болған жануарда 4 минөт өткен соң клоникалық - тоникалық селкілдек пайда болады. 5 минөттен кейін ақтық тыныс (сирек терең дем алу) пайда болады және бір бүйірімен қисайып жатады. Кейін тыныс алуы толығынан тоқтайды. Төменгі барометрлік қысым жағдайында (барометрлік қысымның 180 мм.с.б. жеткізгеннен бастап) өмір сүру уақытының ұзақтығы 6 минөтті құрады.


    1. Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне шалдықты?

    2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?

    3. Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге борлады?

    4. Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ көрсеткіштерінде және қанның газдық құрамында қандай өзгерістер дамиды?

2.

10 000 м биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше се.көндтің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.


    1. Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қатер төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?

    2. бұл дерттік үрдістердің туындауы мен дамуының себептері қандай?

    3. Аталған үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?

3.

Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалды: № 1 егеуқұйрық су температурасы 10 °С аквариумға салынды. 5 минуттан соң егеуқұйрықты шығарып бақылау жануарымен (№ 2 егеуқұйрық) және 10 минут бұрын 2,5 мг/кг психостимулятор фенамин салынған егеуқұйрықпен (№ 3 егеуқұйрық) бірге барокамераға отырғызылды. Сосын барокамерадағы ауа 180 мм с.б. дейін сорылды. Өмір ұзақтығы (барометрлік қысымның деңгейі 180 мм с.б. болғаннан тыныстың тоқтағанына дейінгі кезең) № 1 егеуқұйрықта 15 минут, № 2 егеуқұйрықта – 7 минут, № 3 егеуқұйрықта – 4 минут болды.


  1. Гипотермия мен психостимулятор фенамин гипоксияға төзіділікке әсер етеді ме?

  2. Гипотермия мен фенамин жануарлардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етеді?

  3. Организмнің гипобариялық гипоксияға төзімділігін арттыратын және төмендететін басқа жайттардан мысал келтіріңіз.

4.



Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.
5.

Н атты әйел баласында орақ-тәрізді анемия даму қауіптігі туралы мазасызданып гендік кеңеске келді. Ол ағасының орақ тәрізді жасушалы анемияның ауыр түрімен ауыратындығын хабалады. өзі және оның жолдасы ауырмайды. Нв-ді зерттегенде әйелдің эритроциттерінде 65% HbА және 35% HbS бар, ал жолдасының эритроциттерінде 98% HbА және HbS жоқ..

1. Орақ тәрізді жасушалы анемияның тұқым қуалау түрі қандай?

2. Әйелдің балаларының орақ тәрізді жасушалы анемиямен ауру болып туатындығының мүмкіндігі қандай? Фенотиптік сау, ал геномында HbS аллелі бар бала туу мүмкіндігі қандай?

3. Әйелдің болашақ балаларында аурудың пайда болуы жынысына байланысты ма?

4. Қандай жағдайда бұл аурудың ағымының ауырлығы өмірге қауіпті болмақ?


6.

Балалар бөлімшесіне 3 жастағы ер бала келіп түсті. Қарап тексергенде: бала қатарластарымен салыстырғанда бойы кіші, беті жалпақ, ауызы жартылай ашық, төменгі ерінінен сілекей ағып тұр, көз ойығы тар, бет сүйегі шығыңқы, алақанының ортасында терісі қыржымдалған. Кариотип: 46,XY, t(14, 21).



    1. Бала қандай аурумен ауырады?

    2. Кариотип формуласын шешіп, сипаттаңыз. Оның қалыптыдан айырмашылығы неде?

    3. Бұл аурудың мүмкіндік себептері қандай? Аталған ауруға тағы қандай белгілер тән?

7.

28 жастағы ер адамның жол апаты әсерінен аяқ-қолдарында көптеген сынықтар, денесі соғылған. Стационарға апаттан соң бір сағаттан соң ауыр халде әкелінді: есі кіресілі-шығасылы, бозарған, «суық» жабысқақ терге шыланған, көз қарашықтарының жарыққа реакциясы әлсіз, тынысы сирек, беткей, жүрек соғысы әлсіреген, пульсі әрең анықталады, ҚҚ 60/40 мм с.б., сыртқа немесе ішке қансырау белгілері жоқ..

1. Жарақаттың әсерінен науқаста қандай жағдай дамыды? Науқас оның дамуының қай сатысында?

2. Аталған науқаста бұл жағдайдың әрі қарай дамуының мүмкіндік болжамдары қандай?

3. Науқастағы қанайналымдық және тыныстық бұзылыстардың патогенезі қандай?

4. Науқасты бұл жағдайдан шығару үшін төтенше емдеудің қандай әдісін жүргізуге болады?

8.

Терінің эпителий жасушасына жаңа антибиотиктің уыттық әсерін зерттеу үшін тәжірибенің екі топтамасы жүргізілді (А және Б).



А. In vivo тәжірибесінде тәжірибелік сызықтық егеуқұйрықтарда алты сағат бойы жануардың терісіне антибиотиктің ертіндісі бар жапсырғышты таңып қойды (дәрінің мөлшері емдік көрсеткіштен өте жоғары болды). Дәрінің тиімділігін жапсырғышты алғаннан кейін 8 сағаттан соң өмір сүру барысында теріні микроскоппен қарау арқылы бағалады. Кейіннен арасы 8 сағат сайын екі рет микроскоппен қарады.

Б. In vitro тәжірибесінде зерттелетін дәрі бар ортада эпителиалды жасушасының дақылын өсірді. Дәрінің мөлшері in vivo тәжірибесіндегі мөлшерге сәйкес келеді. 6 сағаттан кейін дақылды жуып, дәрісі жоқ ортада ұстауды жалғастырды. Дәрінің әсерін жарықтық әдіспен және in vivo тәжірибесіне сәйкес, сол мезгілде электронды микроскоппен тексеру арқылы бағалады.

Тәжірибелердің нәтижелері

А. In vivo: Жапсырғаннан кейін 8 сағат өткен соң эпителийдің майда ошақты некрозы мен дистрофиясы анықталды. Кейіннен осы дерттік өзгерістердің теріде өскені байқалды.

Б. In vitro: зерттеудің барлық сатыларында тері эпителийінде зақымдану белгілері анықталған жоқ. Тек басында жасушалардың агрегациясы байқалды, кейіннен жүргізілген тексерулерде анықталған жоқ.

1. In vivo жүргізілген тәжірибеде эпителий жасушасының бүлінісі тікелей немесе жанама деп ұйғаруға болады ма? Өзіңіздің ұйғарымыңызды растайтын мәліметтер келтіріңіз.

2. Дәрінің жасушаға бүліндірігіш әсерінің даму тетігі қандай? In vitro жүргізілген тәжірибенің нәтижелерін ескере отырып. сіздің көрсеткен даму тетіктеріңіздің қайсысы (қайсылары) дұрыс болып табылады?

9.

Тәжірибеде гемолиздік анемияның үлгісін алу үшін тышқандарға фенилгидразин енгізді, ол өз кезегінде жасушада бос радикалды тотығуды ынталандырады. Фенилгидразин енгізгеннен кейін жарты сағаттан соң жануардың қанында эритроциттердің мөлшерінің төмендегені, бос Hb және метгемоглобин анықталды.

1. Эритроциттердің мембранасының зақымдануының даму тетігін және бос гемоглобин мен метгемоглобин түзілуін түсіндіріңіз.

10.

Токсикологиялық зертханада бір химиялық өндіріс орнындарынан шығарылатын қалдықтардың құрамына кіретін уытты заттың жасушаға әсерін зерттеді. Жасанды ортадағы қалыпты эпителий жасушасына өнімнің уытты мөлшерін енгізеді. Жасуша зақымдалуының көріністерін 3 сағат бойына әрбір 30 минут сайын бақылады. 3 сағаттан соң 85% жасушаның тіршілігін жоғалтқаны анықталды.


  1. Осы тәжірибедегі эпителий жасушаларының қайтымды (А) және қайтымсыз (Б) бүліністерін бағалау үшін қандай құрылымдық және биохимиялық нышандарды (белгілерін) ұсынуға болады.

11

42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофиясы» аңғарымы қойылды. Науқастың дене бітімі қалыпты, теріасты шел қабаты нашар дамыған. Бойы-165 см., дене салмағы 81 кг. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры ұлғайғаны анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған

Сұрақтар:

1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?

2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?

3. Теріасты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының этиологиясы бір-бірімен байланысты ма?

4. Науқаста анықталған биохимиялық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз?

5. Науқастағы ісінулердің даму тетіктері қандай?

6. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз.

7. Науқаста ісіну дамуын қалай алдын-алуға болады?


12.

Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 6 көлемдік %.

Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 30%.

О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?


13.

Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 18 көлемдік %, веналық қанда 16 көлемдік %.

Артерияда гемоглобиннің оттегіге қанығуы 98 %, венада 80%.

О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?


14.

Артериялық қандағы оттегінің мөлшері 10 көлемдік %, веналық қанда 4 көлемдік %.

Қанның О2 сыйымдылығы төмендеген.

О2 артерио – веналық айырмашылығы қандай және бұл гипоксияның қай түріне сәйкес келеді?

15

60 жастағы науқас Ц. 2 апта бұрын жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының тұсында жайылған трансмуралды инфаркт алған және ауруханада жатқан, түнде ауа жетіспеу сезімімен оянды. Шақырған медбике оның керуетке отырып, аяғын түсіруіне көмектесіп, терезені ашты. Науқас аздап жеңілдеді. Бірақ осыдан 10 минөттен соң ол ентігудің күшейгеніне, ауық-ауық жөтелудің (қақырықсыз) қажеттігіне, сонымен бірге тыныс жолдарында құлағына естілетін сырылдардың пайда болғанына шағымданды. Медбике науқасқа оттегілік масканы беріп, дәрігерді шақырды.

1. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Сіздің ойыңызша, аталған жағдайда оның даму бірізділігі қандай?

3. Бұл кезде раО2, рvO2, рН көрсеткіштері қалай және не себепті өзгереді. Жауабыңызды мәлімдеңіз.
16

25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.



  1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

17

Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.


  1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылыстары туралы айтылған?

  2. Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

18

Науқас тез шаршағыштық, ұйқышылдық, қолындағы ауыру сезіміне шағымданады. Дене температурасы 38,30С. Қарап тексергенде сол қол бас бармағындағы тырнақ бунағының көлемі ұлғайған, гиперемияланған, сипап сезгенде ауырады. Қанда солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз (15х109/л), ЭТЖ 40 мм/сағ., жалпы нәруыз 77 г/л, әлбумин/глобулиндік коэффициент – 0,9, СӘН жоғарылаған.

1. Организмнің реактивтілік жағдайы мен дерттік үрдісті сипаттаңыз

2. Қабынудың жергілікті белгілерін тауып, олардың патогенезін түсіндіріңіз

3. Науқаста қабынудың қандай жалпы белгілері бар және олардың патогенезі қандай?


19

Кәсіпорынның медпунктіне автоклавтың авариясы кезінде сирағынан күйік алған екі жұмысшы келді. Олар бас ауыруына,күйік аумағындағы домбығу және ашып ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: зардап шегуші А-да сирағы гиперемияланған, олардың терісі ісінген, зардап шегуші Б –да осы әйгіленімдермен қатар ашық-сары мөлдір сұйықтыққа толы көпіршіктер анықталды. Екі науқасқа да ауруханалық қағаз және емдік ұсыныстар берілді, бірақ екеуі де оларды орындамады.

3 күннен кейін зардап шегуші А-ң жағдайы қалыпқа түсті, ал Б-ң жағдайы біршама нашарлады: жайылған ісік, күйік шалған жерлерде ауыру сезімі күшейді және күйік аймағында көптеген іріңді көпіршіктер ( бактериологиялық зерттеуде алтын стафилококк табылды) пайда болды, дене температурасы 38,9 ◦С.

Сұрақтар:

1. Науқаста қандай дерттік үрдістер дамыды? Қабынудың сипатын анықтау үшін қандай қосымша зерттеулер тағайындауға болады?

2. Бір жайтпен шақырылған дерттік үрдістің әртүрлі ағымда өтуінің себептері қандай?

3. Зардап шегуші Б-да әйгіленімдердің даму тетігі қандай?

4. Зардап шегуші Б-да жұқпа емес дерттік жайт неге іріңді көпіршіктер пайда болуына әкелді?


20

Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 мин. кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?

2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?

3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?

21

18 жастағы Михаил П. жағажайда 6 сағат болып келгенннен кейін әлсіздік, бас айналу, басының солқылдап ауыруы, діріл мен жүрек айнуы пайда болды. 30 мин өткеннен кейін құсып, дене қызымы — 39 °C дейін көтерілді. Аспирин мен спазмалгон қабылдаған соң дене қызымы 37 °C дейін төмендеуіне қарамастан, жағдайы одан сайын ауырлап, Михаил жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Ауруханаға алып бара жатқан жолда есінен тануына байланысты жан сақтау бөліміне жеткізілді.

1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?

2. Оның даму себептері мен тетіктері қандай?
22

28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.

Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?
23.

15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.



Сұрақтар:

1. Науқаста аллергиялық серпілістің қай түрі дамды?

2. Өлеттену бар қабынудың пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
24

Науқастың аяғының ашық жарақатына қайталап антигистаминдік «қорғанысы бар» тырыспаға қарсы сарысу енгізілді. Енгізгеннен кейін 9-шы тәулікте науқастың дене қызымы көтерілді, әлсіздік, иық және тізе буындарының ісінуі, теріде қатты қышыну шақыратын бөртпелер, тізеасты және шаптың лимфва түйіндерінің ұлғаюы байқалды (пальпацияда ауыру сезімі бар).



Сұрақтар:

  1. Науқаста дерттің қай түрін болжауға болады?

  2. Дерттің түріне нақтылай қорытынды жасау үшін қандай қосымша тексерулер қажет

  3. Дерт дамуының мүмкін болатын себебі мен тетігі қандай?

  4. Науқаста бұл жағдайдың алдын алуға болар ма еді?

25

7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әкпесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.

1. Науқаста қабынулық ісіну даму мүмкін ба?

2. Егер жоқ болса, онда ісіну дамуы неге байланысты және қалай аталады?

3.Осы дерттік түрдің патогенезі қандай?

4. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?

26

1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.



  1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?

  2. Канцероген әсеріне қандай жайт тиімділігін көрсетті? Олардың әсер ету тетіктері қандай?

3. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді: - канцероген әсер еткенде? – бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде? - өспе жасушалары пайда болғанда? Аталған науқаста олар неге жеткіліксіз болды?
27

50 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің себепсіз төмендеуіне, жүректің айнуына шағымданады. Соңғы уақыттарда айтарлықтай салмағының төмендеуі, қызба, терінің бозарғаны байқалады. Қанның және асқазан сөлінің зерттеу нәтижелері асқазан сөлі қышқылдығының төмендегенін және анемияны көрсетеді.

Гастроскопиялық зертеуде өспе анықталды. Науқас сонымен қатар, 30 жылдан бері атрофиялық гастритпен ауыратынын айтты.

Сұрақтар:

1. Асқазанның созылмалы атрофиялық гастриті қатерлі өспенің дамуына әкелуі мүмкін бе?

2. Науқастың жүдеуінің (кахексия) даму тетігі қандай? Түсіндіріңіз?

28

14 жастағы науқас К., ауруханаға әлсіздік, бас айналу, дене қызымының көтерілуі, жұтынғанда ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауру тарихынан науқас уытқорлықпен ауыратындығы, соңғы үш айда бензолдың буымен дем алғандығы анықталды. Терісінің бозарғаны, ұсақ нүктелі және дақтыкөптеген қанқұйылулар, ауызы мен көмейінде некроздық жаралар, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан сараптамасы:

гемаглобин – 60 г/л; эритроциттер – 2,7х1012/л; ретикулоцит – 0%;

тромбоцит - 28 х109 ; лейкоцит -1,5 х109/л;

нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролылар - 0%; бөлшектенген ядролылар-15%

эозинофил -0%; базофил – 0%; лимфоцит – 82%; моноцит – 3%; ЭТЖ- 45мм/сағ.

Қызыл сүйек кемігі: қызыл сүйек кемігінің айқын босап қалғандығы және аздаған қантүзу ошақтары көрінеді.



  1. анемия дамуының патогенезі қандай?

  2. гематологиялық диагноз қандай обьективті мәліметті тұжырымдайды?

29.

38 жастағы науқас Д., ауруханаға әлсіздік, қатты шаршағыштық, шашының түсуі, тырнақтарының сынғыштығы және қабыршықтанғаны, дәм сезгіштігінің бұрмалануы, көктем мен күзде күшейетін, ашқарында эпигастр аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қан сараптамасы:

гемоглобин – 70 г/л ; эритроцит – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш– 0,6

ретикулоцит – 0,1%; тромбоцит - 385 х109/л; лейкоцит - 4,0 х109

нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -2%; бөлшектенген ядролы- 65%

эозинофил -3%; базофил – 0%; лимфоцит – 26%; моноцит – 4%

Қанның темірбайланыстыратын қабілеті жоғарылаған, ферритин деңгейі төмен.

Қан жағындысы: микроциттер, анулоциттер. Сүйек кемігінде сидеробластар саны азайған.


  1. науқаста қандай анемия дамыған?

  2. анемияның себебі қандай?

30.

Науқас М., 55 жаста, ауруханаға үдемелі әлсіздікке, жүрегінің қағуына, бас айналу, физикалық жүктемеде ентігуге, тәбетінің төмендегеніне, тіліндегі күйдіру мен ауыру сезіміне, аяқ-қолдарының жансыздануына шағымданып түсті.

Қан сараптамасы: Гемоглобин – 60 г/л; Эритроцит – 1,5х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 90 х109/л; Лейкоцит -3,4 х109/л; Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; бөлшектенген ядролы –62%;

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Лимфоцит – 35%; Моноцит – 2%; ЭТЖ 29мм/сағ.

Қанда тура емес билирубин жоғарылаған.

Қан жағындысы: айқын анизоцитоз (макроцитоз), пойкилоцитоз, мегалоциттер, мегалобластар, базофилді нүктеленген эритроциттер және басқа дерттік кірілімдер, гиперсегменттелген нейтрофилдер, ретикулоцит-0,4%.


  1. Анемия дамуының патогенезі қандай?

31

Науқас Р., 56 жаста пневмония диагнозымен жолданды. Ауру тарихында жиі суық тиіп ауырғаны, соңғы жылы екі қайтара пневмониямен ауырып, амбулаториялық емделді. Қарап тексергенде мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, эластикалы, жұмсақ, сипағанда ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры аздап ұлғайған. Қан анализі:

Гемоглобин – 120 г/л; Эритроцит – 4,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;

Тромбоцит - 150 х109/л; Лейкоцит -55 х109

Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяшаядролы -1%; сегментядролы-16%

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Пролимфоцит – 5%; Лимфоцит – 76%

Моноцит – 2%

ЭТЖ -25мм/сағ

Қан жағындысында көп мөлшерде Боткин-Гумпрехт денешіктері


  1. Қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. Клиническалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

32

Науқас Е., 35 жаста, ауруханаға аяқтарының ауырғанына, ішінің аздап ауыратынына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде ұсақ нүктелі, дақты көптеген геморрагиялар анықталды. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғайған.

Қан анализі:

Гемоглобин – 90 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;

Тромбоцит - 30 х109/л; Лейкоцит -17 х109

Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; сегментядролы-16%

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Бласты жасушалар – 56%

Лимфоцит – 23%; Моноцит – 2%

Пероксидаза мен липидтерге реакция теріс. Шик реакция оң (гликоген бөлек түйіршіктер түрінде)



  1. Қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

33

Тамыр межеқуатының сызбанұсқасын сараптай отырып, эссенциялық гипертензияның патогенездік емін негіздеңдер.






2

1

3

4

5

6

7

8

34






Суретті пайдалана отырып тыныс жолдарының бітелуінде кеудеішілік және кеудеден тыс тыныс жолдарының кеңістігі қалай өзгеретіндігін түсіндіріңіз. Бұл өзгерістердің даму тетіктері қандай?


35

Тәжірибелік жануарға 3% уксус қышқылының ерітіндісін көктамырға енгізгенде тыныс алу сипаты қалай өзгеретіндігін график түрінде келтіріңіз

Бастапқы пневмограмма:

Сұрақтарға жауап беріңіз:


  1. Тыныс алу өзгерістерінің патогенезі қандай?

  2. Тыныстың бұл бұзылысының патофизиологиялық маңызы қандай?

36



2.

Натрий нитритімен уланған бақаның берілген пневмограммадағы тыныс алу сипатының өзгерістерін сараптаңыз.



37

Қалқанша безінің дерті бар науқасты радиоиммундық жолмен қан сарысуында тироксиннің (Т4), трийодтирониннің (Т3) және тиреотропты гормонның (ТТГ) деңгейлері анықталды. Қан сарысуында Т4 пен Т3 мөлшері төсендеген, ал ТТГ деңгейі жоғарылаған.

1. Алынған мәліметтер қалқанша бездің қызметі қалай өзгергендігін көрсетеді, гипер- немесе гипофункциясы ма?

2. Дерттік үрдіс қайда орналасқан?
38

Жас және кәрі егеуқұйрықтар тобының қалқанша бездері алынып тасталынды.



    1. Қай егеуқұйрықтарға тиреоидэктомия ауыр тиеді және не себепті?

39

Иттің екі бүйрек үсті безі де алынып тасталынды. Адреналэктомиядан бір күннен соң онда дерттік өзгерістер (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан соң 3-күні жануар өлді.



  1. Ит не себепті өлді?

  2. Қыртысты қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе, әлде милық қабат гормондары жеткіліксіздігінен бе?

40

Ауруханаға 25 жастағы Н. есімді науқас мұрт, сақал пайда болғаны, етеккір орамының бұзылғаны, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ - қолдарындағы ауыру сезімі шағымдарымен келіп түсті. Тексергенде:


  • Терісі жұқа, құрғақ, саны мен іштерінде қоңыр-қызыл жолақтар

  • Бетінде, мойнында, құрсағында, кеудесінде майдың айқын жиналғаны

  • Артериялық қысымы 150/105 мм с.б.

  • Рентгенограммада жамбас сүйектерінде – айқын остеопороз

  • Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

  • Кортизол мөлшері жоғарылағандығы анықталды

    1. Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді?

    2. Бұл ауру гипофиздің немесе бүйрек үсті безінің дертімен байланыстылығын анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізуге болады?

    3. Көрсетілген көріністердің патогенезі қандай?

41

32 жастағы ер кісі дәрігерге 4 жыл бұрын пайда болған жұтынудың бұзылысына шағымданып келді. Қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 с соң төс сүйегі артындағы қысу сезімін байқайды. Алғашында бұл сезімдер сирек болған, соңғы жылы әрдайым және әрбір тамақ ішкен сайын пайда болады. сұрағанда жылдан астам кеудесінде «толқындау» және оянғаннан кейін жөтел мазасын алатындығы анықталды. Бұл сезімдер су ішкеннен соң азаяды. Науқас тамақ ішу кезінде тұншығу немесе шаршағыштық сезім, мұрыннан, ауыздан тағамның кері қайтуы, жұтқыншақтағы ауыру сезімі, қыжылдау, дене массасының азайғандығы, асқазан-ішек жолдарынан қан кететіндігі – осылардың барлығының болмайтындығын айтады. Науқастың бұлшық еттері ауырмайды, қыжылдау болмайды, өзінде де, туыстарында да жүйелі коллагеноз болмаған. Қарап тексергенде және лабораториялық тексерулер – қанның жалпы анализі, ЭТЖ, қант, креатинин және бауыр мен қан ферменттерін тексергенде, барлығы қалыпты жағдайда.


    1. Жұтынудың бұзылыстары немен байланысты: өңештің бе немесе жұтқыншақтың ба?

    2. Науқаста жұтыну бұзылысының патогенезі қандай?

42

35 жастағы науқас эпигастр аймағында мезгіл-мезгіл тамақтан соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды.

Науқас ашушаң, мазасыз, темекіні көп шегеді, ішімдік қабылдайды.

Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.


  1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?

  2. Науқаста қандай агрессиялық факторлар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай механизм жатыр?

  3. Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?

  4. Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

43

Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. ҚҚ 95/65 мм с.б., ЖСЖ 98 рет мин. Қан анализі: эритроциттер – 2,5 х 1012/л, гемоглобин -80 г/л, ретикулоциттер -5%. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ- 0,4 ммоль/ ч ˙ л., АЛТ – 0,31 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,36 мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.

44

Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙ л., АЛТ – 0,8 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,5мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
45

Тапсырмада берілген мәліметтерді медициналық сөздіктермен сипатта. Берілген мәліметтердің негізінде патология туралы қорытынды жасаңыз.

Диурез – тәулігіне 420 мл

Тығыздығы – 1,011

Нәруыз – 2,0 г/л

Көру аймағында бірен-саран сілтілі эритроциттер

Гиалинді, түйіршікті цилиндрлер

ҚҚ – 175/95 мм с.б.

Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптысы 4,28 - 28,56 ммоль/л)
46

40 жастағы созылмалы гломерулонефриті бар науқастың рентгенограммасында жайылмалы остеопороз анықталды. Сүйектердің деминерализациясын көрсететін сурет мешелді еске түсіреді. Науқасқа Д витаминін тағайындау еш нәтиже бермеді.

1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістің механизмі қандай?

2. Д витаминіне төзімділігін түсіндір


* Ситуациялық есептерді құрастырғанда П.Ф.Литвицкийдің «Патофизиология» (2007) оқулық құралының электронды қосымшасы; «Руководство к практическому курсу патофизиологии» Э.Н. Баркованың редакторлығымен, 2007ж. қолданылды

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет