3. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
-
Патологиялық физиология, шешетін мәселелері, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы (кемшілігі және артықшылығы).
-
Денсаулық пен аурудың анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Аурулардың жіктелу ұстанымдары.
-
Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар.
-
Аурудың сатылары, сипаттамасы. Ауру алды туралы түсінік. Жүктемелік сынамалармен ауру алдын анықтау.
-
Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.
-
Этиология, анықтамасы. Ауру пайда болуындағы себеп пен жағдайлардың маңызы. Ауруды алдын алу және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.
-
Этиологиялық факторлардың (жайттардың) жіктелуі. Ауру пайда болуында сыртқы орта жайттары және организм ерекшеліктерінің маңызы. Организмге механикалық факторлардың ауру тудырушы әсері, сипаттамасы (созылу, жаншылу, соққы).
-
Организмге жоғары барометрлік қысымның ауру тудырушы әсері, сипаттамасы. Компрессия, сатурация және гипербариялық оксигенация туралы түсінік.
-
Организмге иондаушы сәлелердің ауру тудырушы әсері, сипаттамасы.
-
Аурудың пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Аурулардың этиологиясында тұқым қуалау және сыртқы орта жағдайларына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуатын және туа пайда болған аурулар, себептері.
-
Тұқым қуалайтын патологиялар туындауының жалпы механизмдері. Тұқым қуатын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.
-
Патогенез, анықтамасы. Бүліну – патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Бастапқы тізбек және кері айналып соғу шеңбері (биіктік ауруын мысалға келтір). Ауруларды патогенездік емдеу ұстанымы.
-
Организмнің реактивтілігі мен төзімділігі, анықтамасы. Тітіркендіргішке организмнің жауап беру серпілісінің түрлері, мысалдар.
-
Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Организм реактивтілігінің аурулардың пайда болуындағы, өтуі және аяқталуындағы маңызы.
-
Адамның жас мөлшері мен жынысының реактивтіліктегі маңызы.
-
Организмнің конституциясы, анықтамасы, конституция түрлерінің (М.В. Черноруцкий, И.П. Павлов) жіктелуі. Организм реактивтілігінде конституцияның маңызы.
-
Дәрілік заттардың тиімділігінде жас мөлшерінің, жыныстың және тұқымқуалаушылықтың маңызы.
-
Жасуша бүлінуі, этиологиясы. Жасушаның зақымдану түрлері. Жедел және созылмалы жасуша зақымдануының сатылары. Жасушаның қорғаныстық-бейімделулік жолдары.
-
Жасуша зақымдануының арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымданудағы жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары, иондық құрамының өзгерістері, патогенезі, салдары.
-
Жасуша мембраналары бүліністерінің негізгі даму жолдары, сипаттамасы. Жасуша мембранасы зақымдану салдарлары.
-
Субжасушалық құрылымдар зақымдануының этиологиясы мен патогенезі. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі.
-
«Жауаптың жедел кезеңі» себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жауаптың жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметтері. «Жауаптың жедел кезеңінің» организм үшін маңызы.
-
Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері. Стрестің қорғану-бейімделу және патогенді маңызы. Адаптациялық аурулар туралы түсінік.
-
Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме, себептері, сатылары, гемодинамика мен микроциркуляцияның өзгерістері.
-
Кома, түрлері, даму механизмдері.
-
Организмдегі су балансы бұзылыстарының түрлері. “Сумен улану” туралы түсінік, себептері, даму механизмдері. Шемен туралы түсінік.
-
Ісінулер, анықтамасы. Ісінудің нейроэндокриндік және гемодинамикалық патогенездік факторларының сипаттамасы.
-
Ісінудің онкотикалық, тамырлық, тіндік патогенездік факторларының сипаттамасы.
-
Организмнің судың басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
-
Организмнің электролиттердің басымырақ тапшылығы салдарынан сусыздануы, себептері, патогенезі. Сусыздану кезінде негізгі физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
-
Гипер- және гипокалиемия, гипер- және гипонатриемия, гипер- және гипокальциемия себептері, салдарлары.
-
Газдық ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
-
Газдық емес ацидоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
-
Газдық алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
-
Газдық емес алкалоз, себептері, бейімделу жолдары. Декомпенсация кезінде организмдегі бұзылыстары.
-
Артериялық гиперемия, анықтамасы, түрлері, себептері және даму жолдары. Микроциркуляцияның ерекшеліктері.Сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Салдарлары.
-
Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері, қанағымының өзгерістері, микроциркуляцияның ерекшеліктері. Сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Салдарлары.
-
Ишемия, анықтамасы, түрлері, себептері, қанағымының өзгерістері. Микроциркуляцияның ерекшеліктері. Ишемиядағы компенсациялық жолдар. Сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Салдарлары.
-
Стаз туралы түсінік, түрлері,сипаттамасы. Нағыз капиллярлық стаздың патогенезі. Стаздың салдарлары.
-
Тромбоз анықтамасы. Тромбтың пайда болуына ықпал жасайтын факторлар. Артериялар мен веналардағы тромбоздың патогенезі, салдарлары. Тромбоздың салдарлары. Теңгерілулік үрдістер: шунттау, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.
-
Эмболия, анықтамасы. Эмболдардың түрлері үлкен және кіші қанайналым шеңберіндегі эмболияның салдарлары. Алдын алу мен емдеу жолдары.
-
Қабыну, анықтамасы. Этиологиясы. Қабынудың компоненттері. Организм үшін қабынудың маңызы
-
Қабыну кезіндегі альтерация. Біріншілік және екіншілік альтерация туралы түсінік. Қабыну ошағындағы зат алмасу және физикалық–химиялық өзгерістері.
-
Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну үрдісі дамуындағы маңызы
-
Қабыну ошағындағы қанайналымның өзгерістері, сатылары және патогенезі.
-
Экссудация, анықтамасы, патогенезі.Экссудаттың түрлері, сипаттамасы. Экссудаттың құрамына ықпал жасайтын факторлар.Іріңді экссудаттың құрамы және қасиеттері.
-
Қабыну кезіндегі лейкоциттердің эмиграциясы туралы түсінік, сатылары және даму механизмі. Фагоцитоздың жеткіліксіздігі және оның қабынудағы маңызы.
-
Қабыну кезіндегі пролиферация туралы түсінік, даму жолдары. Созылмалы қабыну патогенезіндегі ерекшеліктері.
-
Қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олардың патогенезі.
-
Аллергия анықтамасы. Аллергияның этиологиясы, экзо- және эндо аллергендер. Джелл және Күмбс бойынша аллергиялық серпілістердің жіктелуі.
-
Аллергиялық әсерленістердің реагиндік түрі, сатылары, патогенезі.
-
Аллергиялық әсерленістердің цитотоксиндік түрі, сатылары, патогенезі.
-
Аллергиялық әсерленістердің иммундық-кешендік түрі, сатылары, патогенезі.
-
Аллергиялық әсерленістердің жасушалар қатысуымен өтетін түрі, сатылары, патогенезі.
-
Сенсибилизация және гипосенсибилизация туралы түсінік, түрлері, даму жолдары.
-
Дәрілік аллергиялардың ерекшеліктері
-
Өспелер анықтамасы, түрлері. Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Өспе жасушаларының өсу мен көбею және морфологиялық атипиясының сипаттамасы.
-
Өспелердің атипиясы туралы түсінік. Өспе жасушаларының биохимиялық атипиясының сипаттамасы.
-
Өспе жасушаларының антигендік және функционалдық атипиясының сипаттамасы.
-
Қатерлі өспелердің биологиялық ерекшеліктері (инфилтрациялық өсуі, метастаз беруі, қайталануы), патогенезі.
-
Өспелердің пайда болуында химиялық (экзогендік және эндогендік), физикалық және биологиялық факторлардың маңызы.
-
Өспе өсу патогенезі (инициация, промоция, прогрессия сатылары).
-
Қатерлі өспелердің организмге тигізетін әсерлері. Өспе кезіндегі кахексия, патогенезі.
-
Өспеге қарсы организмнің төзімділігі (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицеллюлярлық). Өспелерді емдеу ұстанымдары.
-
Қызба, анықтамасы, этиологиясы. Экзогенді және эндогенді пирогендік заттар, сипаттамасы. Қызба кезінде температураның көтерілу патогенезі.
-
Қызбаның сатылары. Термореттелудің өзгерістері және қызбаның әр сатыларындағы клиникалық көріністері, олардың патогенезі.
-
Қызба кезінде физиологиялық жүйелер (жүйке, жүрек-қантамыр, тыныс, асқорыту, несеп шығару) қызметтер мен зат алмасу өзгерістері.
-
Қызбаның организм үшін жағымды және жағымсыз жақтары. Қызуды түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.
-
Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогенді нормо және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, зорығулық, аралас).
-
Гипоксияның жекелеген түрлерінің этиологиясы және патогенезі.
-
Гипоксия кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылыстары.
-
Гипоксия кезіндегі теңгерулік әсерленістер (жедел және ұзақ мерзімдік).
-
Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу және емдеудің патофизиологиялық негіздері
-
Нәруыз түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары, себептері, патогенезі, салдарлары. Оң және теріс азоттық тепе-теңдік.
-
Нәруыз алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстары, зәрнәсілдің түзілуі. Гиперазотемия, анықтамасы, патогенезі бойынша түрлері.
-
Қан плазмасы нәруыздық құрамының бұзылыстары: гипер-, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылыстары.
-
Майлардың тағаммен түсуінің, асқазан-ішек жолдарында қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары, себептері, салдарлары.
-
Гиперкетонемия, патогенезі, салдарлары
-
Холестерин алмасуының бұзылыстары. Атеросклероз, сатылары, патогенезі, алдын алу мен емдеу ұстанымдары
-
Семіру, түрлері, патогенезі. Арықтау және кахексия, себептері, даму тетіктері.
-
Ашығу, түрлері, себептері, ашығу кезеңдері. Ашығудың кезеңдерінде зат алмасуы мен физиологиялық жүйелер қызметі өзгерістерінің патогенезі.
-
Емдік ашығудың патофизиологиялық негіздері
-
Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары
-
Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.
-
Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.
-
Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі.
-
Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.
-
Ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс инсулиннің жеткіліксіздігі, даму тетіктері.
-
І және ІІ түрлі қантты диабет туралы түсінік
-
Диабеттік синдромның әрбір симптомдарының патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.
-
Қантты диабеттің асқынуы. Микро – және макроангиопатиялардың патогенезі
-
Анемия, анықтамасы, жіктелу ұстанымдары. Эритроциттердің анемия кезіндегі сапалық өзгерістері.
-
Постгеморрагиялық анемиялардың этиологиясы мен патогенезі.
-
Гемолиздік анемиялар, этиологиясы мен патогенезі. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған гемолиздік анемияларда эритроциттердің тамырішілік және тамырдан тыс гемолізі және штекері қандағы өзгерістері.
-
В12 витамині-фолий, темір тапшылықты анемиялар, себептері, даму жолдары. Аплазиялық анемиялар, себептері, даму жолдары, қан түзілуі мен қан көріністерінің сипаттамасы.
-
Лейкоцитоздар, жіктелуі, патогенезі. Жекелеген түрлерінің сипаттамасы.
-
Лейкопениялар, себептері, патогенезі. Агранулоцитоз, себептері, даму жолдары, салдарлары, організм үшін маңызы.
-
Лейкоз, анықтамасы, жалпы сипаттамасы. Лейкоздардың жіктелуі.
-
Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі.
-
Лейкоздардағы анемиялық, интоксикациялық, геморрагиялық, метастаздық, инфекциялық синдромдардың патогенезі.
-
Гемостаздың бұзылу түрлерінің жіктелуі
-
Геморрагиялық синдром туралы түсінік, патогенезі.
-
Вазопатиялар, түрлері, қанағыштықтың патогенезі.
-
Тромбоцитопениялар, себептері, көріністері. Тромбоцитопениялар кезіндегі қанағыштықтың патогенезі.
-
Тромбоцитопатиялар туралы түсінік, түрлері. Тромбоцитопатиялар кезіндегі қанағыштықтың патогенезі, көріністері, гемостаз көрсеткіштерінің өзгерістері.
-
Коагулопатиялар туралы түсінік, түрлері, патогенезі, көріністері. Гемостаз көрсеткіштерінің өзгерістері.
-
Тромбоздық синдром, даму жолдары, артериялар мен көктамырлардағы тромбоздың салдарлары.
-
Тамыр ішінде шашыранды қан ұюы (ТШҚҰ-синдромы). Себептері, сатылары, гипер- және гипокоагуляцияның патогенезі.
-
Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы. Патогендік агенттердің ОЖЖ-не түсу жолдары. Жүйке жүйесін қорғау жолдары.
-
Нейрондар денесінің, аксондардың, дендриттердің бүліністері, себептері, даму жолдары, салдарлары
-
Тежелудің тапшылығы, тежелуден шығып кету синдромы, себептері, патогенезі.
-
Денервация, деафферентация синдромдары.
-
Патологиялық күшейген қозу генераторы туралы түсінік, даму жолдары, нейропатологиялық үрдістер дамуындағы маңызы. Дерттік жүйе туралы түсінік.
-
Эндокрин жүйе қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы
-
Эндокрин жүйе қызметі бұзылыстарының негізгі механизмдері, сипаттамасы
-
Эндокрин жүйе қызметі реттелуінің орталық механизмдерінің бұзылыстары (трансгипофиздік және парагипофиздік реттелуі), себептері, даму жолдары. Кері байланыс механизмдерінің бұзылыстары
-
Ішкі секреция бездерінің өздерінде дамыған дерттік үрдістерге байланысты қызметтері бұзылыстарымен сипатталатын эндокринопатиялар
-
Гормондар белсенділігі шеткері механизмдерінің (безден тыс) бұзылыстарының сипаттамасы
-
Жүрек жеткілікіздігі туралы түсінік.
-
Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі туралы түсінік, зорығудың көлемдік (жүктеме алды) және кедергілік (жүктемеден соң) себептері.
-
Жүректің жүре пайда болған ақаулары, түрлері, гемодинамика өзгерістерінің патогенезі
-
Ф.З.Меерсон бойынша жүректің дерттік гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияланған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.
-
Жүрек жеткіліксіздігінің коронарогендік емес текті миокардтық түрі. Кардиомиопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
-
Жүрек жеткіліксіздігінің молекулалық-жасушалық тетіктері (мембраналар және ферменттік жүйелердің бүлінісі, иондық тепе-теңсіздік, қажыммен қамтамасыз етілудің және реттелудің бұзылысы).
-
Жүрек жеткіліксіздігінің теңгерілмеген сатысындағы қанайналымдық көрсеткіштер, клиникалық көріністер және олардың патогенезі.
-
Жүрек ырғақсыздығы туралы түсінік, жіктелуі.
-
Автоматизмнің бұзылуына байланысты жүрек ырғақсыздығы, себептері, патогенезі
-
Өткізгіштіктің бұзылуына байланысты жүрек ырғақсыздығы, себептері, патогенезі
-
Экстрасистолия туралы түсінік, себептері, даму жолдары, түрлері
-
Пароксизмалды тахикардия және жыпылықты аритмія туралы түсінік
-
Артериялық гипертензия туралы түсінік. Түрлері.
-
Алғашқы артериялық гипертензиялар туралы түсінік, түрлері, артериялық қысым жоғарылауының патогенезі.
-
Симптомдық гипертензиялар, түрлері, артериялық қысым жоғарылауының патогенезі.
-
Артериялық гипотензиялар туралы түсінік, түрлері, патогенезі.
-
Тамырдың қауырт жеткіліксіздігі (коллапс, естен тану).
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі туралы түсінік. Патогенезі, зақымданудың орналасуы, қанның газдық құрамының өзгерісі бойынша сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің вентиляциялық түрі туралы түсінік. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі.
-
Өкпе гиповентиляциясының рестрикциялық түрі, өкпеішілік және өкпеден тыс себептері, патогенезі.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрлері, себептері. Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы газдар диффузиясының бұзылу себептері мен даму тетіктері.
-
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрлері, себептері. Өкпелік гипертензия мен гипотензиялардың себептері мен даму тетіктері.
-
Тыныс жеткіліксіздігі патогенезінде вентиляциялық—перфузиялық арақатынастар бұзылыстарының тыныс жеткілікізідігіндегі маңызы.
-
Дерттік тыныстың түрлері (брадипное, тахипное, гиперпное, апное), даму жолдары.
-
Үзілістік тыныс туралы түсінік, түрлері, даму жолдары. Ақтық тыныстың түрлері.
-
Ентік, анықтамасы, даму жолдары. Ентіктің түрлері.
-
Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары, сипаттамасы.
-
Ас қорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы, себептері, салдарлары.
-
Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия), себептері, патогенезі, салдарлары.
-
Сілекей бөлінуінің бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары.
-
Шайнау және жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.
-
Асқазанның сөлденіс қызметінің бұзылыстары (гипер- және гипосекреция, гиперхлоргидрия, гипохлоргидрия, ахлоргидрия, ахилия) туралы түсінік, даму жолдары, салдарлары.
-
Асқазан және ұлтабардың ойық жара ауру, этиологиясы. Асқазанның ойық жара ауруының патогенезінде «зақымдау жайттары» және «қорғану жайттары»- ның маңызы.
-
Қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылыстары, себептері, салдарлары. Мәлабсорбция туралы түсінік, түрлері, негізгі көріністерінің патогенезі. Балалардағы дисахаразалық, пептидазалық және липазалық жеткіліксіздік. Ана сүтіне төзімсіздік.
-
Ішектің қимылдық қызметінің бұзылуы. Іш өту және іш қату, себептері, даму жолдары, салдарлары. Ерте жастағы балалардың қарапайым және уыттық диспепсиялары, себептері, патогенезі.
-
Ішектік аутоуыттану, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.
-
Бауыр жеткіліксіздігі, түрлері, этиологиясы. Гепатиттер, бауыр циррозы туралы түсінік, этиологиясы, патогенезі.
-
Бауыр жеткіліксіздігі кезінде зат алмасу және физиологиялық жүйелер қызметінің
өзгерістері.
58.Бауырдың усыздандыру қызметі. Бауырлық команың патогенезі.
59. Бауырлық команың патогенезі.
60.Сарғыштану, анықтамасы, түрлері. Гемолиздік сарғыштану, себептері, даму жолдары, көріністері.
61.Механикалық сарғыштану, себептері,даму жолдары. Холемия және ахолия, салдарлары.
62. Ұлпалық сарғыштану, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.
63. Қақпалық гипертензияның түрлері, даму жолдары.
64. Бүйректің негізгі қызметтерінің бұзылыстарын тудыратын себептер.
65. Бүйрек шумағы зақымдануының негізгі тетіктері.
66.Шумақтық сүзілудің жоғарылауы және төмендеуі, себептері, даму жолдары, салдарлары.
67.Өзектік кері сіңірілудің бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі
68. Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары.
69. Полиурия, олигурия және анурия, шығу тегі бойынша түрлері, даму жолдары.
70. Несептің құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия,
пиурия, даму жолддары.
71. Бүйректің жедел жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, сатылары, емдеу ұстанымдары
72. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, себептері, патогенезі, бүйрек қызметінің бұзылу
деңгейі және диурез өзгеруі бойынша сатылары.
73. Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.
4. ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР ТІЗІМІ
1. Дене жүктемесі сынауларымен жүрек – қантамыр жүйесінің икемделіп – бейімделу мүмкіншіліктерін (ауруалды) анықтау
Студент Мартине сынауын жүргізіп, алынған деректерді талдай және бағалай білуі қажет.
2. Дене жүктемесі сынауларымен тыныс алу жүйесінің икемделіп – бейімделу мүмкіншіліктерін (ауруалды) анықтау
Студент Штанге және Генче сынауларын жүргізіп, алынған деректерді талдай және бағалай білуі қажет.
3. Артериалық гиперемияның үлгісін алу
Студент бақаның тілінде артериялық гиперемияның үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек.
4. Артериалық гиперемияның үлгісін алу
Студент қоянның құлағында артериялық гиперемияның үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек
5. Веналық гиперемияның үлгісін алу
Студент бақаның тілінде веналық гиперемияның үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек.
6. Ишемияның үлгісін алу
Студент қоянның құлағында ишемияның үлгісін алып, сыртқы көріністерінің патогенезін түсіндіруі керек.
7. Май эмболиясының үлгісін алу
Студент ішек шажырқайында май эмболиясының үлгісін алып, қанайналым өзгерістерінің патогенезін түсіндіруі керек
8. Қабынудың үлгісін алу. Студент қабынудың үлгісін алып (Конгейм тәжірибесі), қанайналым өзгерістерінің және лейкоциттердің эмиграциясының патогенезін түсіндіруі керек.
9. Клиникалық-лабораторялық зерттеулердің нәтижесін қорытындылау
10. Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімді қолдану
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ЖАУАПТАРЫ
№1
-
Дем алатын ауада барометрлік қысымның және оттегінің үлестік қысымының төмендеуі.
-
Төмен барометрлік қысымның нәтижесінде оттегінің үлестік қысымының азаюы.
-
Барокамерада оттегі мөлшерін арттыру (Поль Бер тәжірибесі)
-
Гипоксемия, гипокапния, газдық алкалоз.
№2
-
Экзогенді гипобариялық гипоксия, гипотермия, декомпрессия синдромы
-
№1 СӨЖ және №2 Организмге гипотермия және төмен барометрлік қысымның зақымдаушы әсерінің патогенезі сабақтарын қараңыз.
-
гипоксия, себебі барометрлік қысым 170 мм.с.б. болғанда, артериялық қанның оттегімен қанығуы 10%-ды құрайды, бұл өлімге әкеледі.
№3
-
Иә.
-
Гипотермия зат алмасу үрдістерін төмендетеді, тіндердің, әсіресе ОЖЖ-нің оттегіне мұқтаждығын азайтады, соның әсерінен оттегіне төзімділік артады, психостимулятор фенамин керісінше әсер етеді.
-
Гипертермия, наркоз ж.б.
№4
-
Биіктікке баяу шығу – организмнің бейімделу тетіктерінің қосылуын қамтамасыз етеді.
-
«Патофизиология» оқулығынан «Гипоксиядағы қорғану-бейімделу тетіктері» бөлімін қараңыз
-
Организмнің даралық реактивтілігі маңызды рөл атқарады
№5
-
Глобиннің бета тізбегінде глютамин қышқылы валинмен ауысқан
-
50% жағдайда балалар орақ тәрізді жасушалы анемияның гендерін таратушы болады, 50% - дені сау болады.
-
Жоқ
-
Гипоксия және ацидоз
№6
-
Даун ауруы
-
21 жұп хромосомада трисомия (96% жағдайда), 21 хромосоманың бөлігінің 14, 13, 15 хромосомаға транслокациясы (3%)
-
Анасының жасы 35-тен асқан жағдайда мейоздың ақауы. Бұлшық еттердің гипотониясы, ішкі ағзалар дамуының қалыс қалуы, саусақтарының қысқалығы,ақыл-есінің дамымауы әртүрлі дәрежеде болады.
№7
-
Жарақаттық сілейме. Торпидті сатысы
-
Уақтылы және дұрыс емделген жағдайда – организмнің бұзылған қызметтері қалпына келеді, көмек көрсетілмесе – ақтық сатысы және өлім.
-
Сілейменің декомпенсация сатысы организмнің бейімделу серпілістерінің қажуымен, жүйке-эндокриндік реттелудің үдемелі төмендеуімен, ағзалар мен жүйелердің үдемелі жеткіліксіздігімен сипатталады. Көрсетілген өзгерістер көрінеді:
-
АҚ төмендеуі және коллапс дамуы (систолалық қысым сілейменің жеңіл түрінде - 90 мм с.б., орташада — 70 мм с.б., ауырда — 40–50 мм с.б)
-
Тамыр соғысы жиілігі артуымен (минутына 180-210 ретке дейін) және қанға аз толуымен, кейбір толқындарының түсуімен (жүрек аритмиясының белгісі)
-
Тамырдан сұйықтықтың артық мөлшерде тінге шығуымен
-
АҚК азаюымен (қалыптыдан 25–40% және одан артық) және Ht артуымен
-
әсіресе микроциркуляция арнасында қанның ұйуы және тромбозымен. Кейінірек тамыр ішілік шашыранды қан ұйу синдромы, тромбоз, фибринолиз және геморрагиялар.дамуы мүмкін
-
Қанның көп мөлшерінің іш қуысы ағзаларында, өкпе, бауыр, көкбауырда қорға жиналуымен. Бұл жүрек шығарымының үдемелі азаюына және АҚ төмендеуіне әкеледі.
-
Өкпеде микрогемоциркуляция бұзылуымен, оның ісінуімен, бронхиолдардың бітелуі, ошақты ателектаз дамуына әкеледі, бұл тыныстың қауырт жеткіліксіздігін туындатады. Аталған өзгерістер «сілеймелік өкпе синдромы» ретінде белгілі.
-
Айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру (қан алмастырушыларын, жоғары молекулалы коллоидтарды құю), рН-ты қалпына келтіру (тұзды ерітінділер, натрий гидрокарбонаты), тамыр тонусы мен жүректің жиырылғыштық қабілетін қалпына келтіретін тамыр әсерлендіргіш және кардиотропты дәрілерді, ӨЖД аппараты, «жасанды бүйрек» аппараты, усыздандыру емін қолдану қажет.
№8
-
Эпителий жасушаларының иммундық жүйе қатысуымен in vivo зақымдануы.
-
Дәрілік заттың құрылымы гаптен болуы мүмкін, эпителий жасушаларымен байланысқанда толық антиген болып, жасуша қатысуымен жүретін аллергиялық серпілістерін тудырады.
№ 9
Фенилгидразин жасушадағы еркін радикалдық тотығуды күшейтеді, бос радикалдардың әсерінен мембрананың фосфолипидті қабаты бұзылады, тесіктер пайда болады, мембрананың өткізгіштігі артады, мембрананың иондық сораптары қызметі бұзылады. Бұл натрийдің жинақталуына және жасушаның гиперосмиясын тудырады, эритроциттердің гипергидратациясы дамып, олар гемолизге ұшырайды.
№ 10
Жасушаның қайтымды зақымдануының белгілері:
-
Жасуша көлемінің шамалы артуы
-
Лактаттың жиналуы
-
Жасуша сыртында калийдің артуы
-
Мембраналық потенциалдың төмендеуі
-
митохондрий ферменттері белсенділігі азаюы
Жасушаның қайтымсыз зақымдануының белгілері
-
мембрана тұтастығының бұзылуы
-
ядроның ыдырауы
-
митохондрий құрылымының бұзылуы
-
теңгерілмеген жасушаішілік ацидоз
-
жасушаның сорғыштық қабілетінің артуы
-
лизосомалық ферменттердің белсенділенуі
-
гиперферментемия
№ 11
Достарыңызбен бөлісу: |