ЕКІНШІ
БӨЛІМ
Сантьяго
дүңгіршекте айға жуық еңбек етті, бірақ, жаңа кəсіп оған
онша
ұнады деуге болмайтын еді. Хрусталь сатушы күн ұзақ затəйнек
жанында
отырып алып, бозбалаға тауарды байқап ұстау керектігін
айтып
, міңгірлеумен уақыт өткізетін.
Бірақ
, жұмыстан шығуға тағы болмайды, өйткені, саудагер қазымыр
болса
да, адал адам еді жəне өз уағдасын ұстады: Сантьяго ықтиятты
түрде
əр сатыған тауардан үстеме телем алып отырды, тіпті шамалы
қаржы
да жинақтады. Бірақ, бірде таңертең ол өз тапқанын қақпалап
есептеп
еді, сонда егер қазіргідей жалақы алып отыратын болса,
қажетті
қойларды бір жылдан кейін бір-ақ сатып ала алатындығына көз
жеткізді
.
- Тауардың түр-түрлері қойылған жылжымалы затəйнекті көшеге неге
шығармаймыз
? – деді ол қожайынға. – Біз оны тым болмаса
жүргіншілердің
назарын аудару үшін лəпкеге кіреберіске қояр едік.
– Біз бұрын да ешқашан шығарып қоятын затəйнексіз тіршілік
еткенбіз
, - деп жауап қайтарды анау. - Оның үстіне көшеде əлдекім
қағып
кетіп, менің хрусталімді қиратып кетсе қайтпекпін?
– Мен қойларды жайылымға бағуға шығарғанымда, олар да жыланға
килігіп
, оның шаққанынан сеспей қатар еді ғой. Бірақ, қойлар мен
малшылардың
тірлігі сондай.
Сатушы
бұл кезде бокал сатып алмақшы болған келушіге қызмет
көрсетіп
жатқан. Осынау тұйық көше – кезінде Танжердің барлық
тұрғындарын
тартып тұрған уақыт тап бір қайтып оралғандай, сауда
ширақ
жүріп жатқан-ды.
– Шаруамыз тəп-тəуір жүруде, - деді ол, - сатып алушы шығып
кеткеннен
кейін. – Мен қазір едəуір табыс тауып жатырмын,
сондықтан
, көп ұзамай саған жаңа отар сатып аларға қаржы беремін.
Саған
сонша не жетпей жатыр? Өмірден тым артықты талап етіп
қажеті
не?
– Белгілердің соңынан жүру керек болғандықтан сөйткім келеді, –
деген
сөз бозбаланың аузынан еркінен тыс шығып кетті, əрі ол дегеніне
ізінше
өкiндi: саудагер болса, патшаны ешқашан кездестірмеген ғой.
«Бұл қолайлы Бастау деп аталады, - ақсақалдың осылай дегені ойына
түсті
. – Жаңа бастағандардың жолы болғыш келеді. Өйткені, өмір
адамның
өз тағдырының жетеуімен жүргенін қалайды».
Ал
, қожайын бұл екі арада Сантьягоның айтқанын ой таразысына
салып
жатты. Оның лəпкеде бой көрсетіп отырғанының өзі-ақ ізгі белгі
– ақша дегеніңіз кассаға ағылуда жəне ол осынау испандық бозбаланы
жалдағанына
еш өкінген жоқ. От тапқанынан көбірек алатын болса да,
сауда
мұнша ширақ жүреді деп болжамаған хрусталь сатушы оған
ауқымды
үстеме төлемдер ұсынған-ды. Саудагерге оның өз қойларына
оралатын
кезі де жақындап қалғандай көрінді.
– Саған олар жайлы көп айтқандықтан, - деп жауап қайырды Сантьяго.
Қазыналар
мұңды естелікке айналды, сондықтан, ол олар жайында
ойламауға
тырысты жəне қожайынға көрген түсін айтып жатпады.
– Тек қана пирамидаларға қарау үшін ұлы шөлді көктей өткісі келетін
адамды
тумысымда тұңғыш рет көріп отырмын. Ал, ол пирамидалар
дегенің
– тек тастардың үйіндісі ғана. Сен ондайды өз аулаңда да сатып
ала
аласың.
Сантьяго
оның бұл уəжіне:
- Сіздің алысқа апаратын саяхаттар жайлы түстер кермегеніңіз көрініп
тұр
, - деп жауап қайырды да, кезекті сатып алушыны қарсы алуға кетті.
Екі
күннен кейін қожайын затəйнек туралы əңгімеге қайта оралды.
- Мен жаңалықтарды жарата қоймаймын, - деді ол. – Мен Хасан тəрізді
бай
емеспін ғой, ол қателік жасағаннан қорықпайды, - оның бұл
тұрғыда
жоғалтары шамалы. Ал, сен екеумізге өз қателіктеріміз үшін
ғұмыр
бойына төлем төлеуге тура келеді.
«Жөн айтады», - деп ойлады бозбала.
- Ал, енді маған жауап бер, əлгі айтқан затəйнек неге қажет болды? –
деп
жалғастырды қожайын.
– Менің өз қойларыма тезірек оралғым келеді. Сəттілік бізге жол ашып
тұрған
кезде, қас қағым уақыттың өзін ұстау керек, ол бізге көмектесіп
жатқанда
, біз де оған қолғабыс жасағанымыз абзал. Бұл өзі де қолайлы
Бастау
деп аталады. Жаңа бастағандардың жолы болғыш келеді.
Шал
үнсіз қалды да, сонсоң жауап қайырды:
– Пайғамбар бізге Құран түсірді де, тек бес парыз ғана жүктеді, оларды
біз
өмір бойы орындап отыруымыз қажет. Ең бастысы – Алладан басқа
Құдай
жоқтығын ұмытпау. Өзге төртеуі күніне бес рет намазға жығылу,
Рамазан
айы туғанда ораза тұту, кедей-кепшікке мейірімді болу...
Сөйтті
де, тағы да үнсіз қалды. Пайғамбарды еске алған кезде оның
көздеріне
жас келді. Ол ширақ, шыдамсыз да ыстық қанды адам
болғанымен
бар өмірін Мұхаммедтің заңымен орайлы жүргізе алды.
- Ал, бесінші міндетіміз қайсы? – деп сұрады Сантьяго.
— Алдыңғы күні сен маған, бəлкім, менің түсіме алыс сапарлар жайлы
ешқашан
кірмеген шығар деп едің. Ал, міне, əрбір діндардың бесінші
міндеті
– қажылыққа бару.
Біздің
əрқайсымыз ғұмырымызда бір рет болса да, Меккеге баруымыз
керек
. Мен шөлді қалай қиып өтіп, қасиетті тас тұрған алаңға қалай
келетінімді
, оны жеті рет айналып, тек оған содан кейін ғана қол
тигізетінімді
көз алдыма мың рет əкелген шығармын. Мен əрдайым
маңымда
қанша жұрт болатынын жəне менің дауысымның жалпы
дұғалық
хорға қалай араласатындығын көз алдыма əкеле аламын. Бірақ,
мені
қатты кеңіл қалу тосып тұрған жоқ па деп қауіптенемін,
сондықтан
тек армандағанды ғана артық көремін.
Ол
сол күні Сантьягоға жаңа затəйнек жасауға рұқсат берді. Жұрттың
бəрі
армандамайды жəне бірдей түс те көрмейді ғой...
Арада
жəне екі ай өтті — жаңа жылжымалы затəйнек өз міндетін
атқарды
: дүңгіршекке сатып алушылар үсті-үстіне кетіп жатты.
Сантьяго
былай деп жобалады: егер сауда-саттық ілгеріде де осылай
жүретін
болса, ол жарты жылдан кейін Испанияға оралып, алпыс емес,
одан
екі есе көп қой сатып алуға шамасы келеді екен. Жəне жыл өтпей
жатып
, ол отарын екі еселейді де, арабтармен саудаласа бастайды,
өйткені
, ол қазірдің өзінде олардың тілінде айтарлықтай түсінісуге
жарап
қалды. Базардағы ана жағдаяттан кейін ол дорбашасынан Урим
мен
Тумим аталатын тастарды алған жоқ, өйткені, қожайыны үшін
Мекке
қандай орындалмас арман болып көрінсе, Мысыр оған да солай
болды
. Ол өз жұмысына разы-ды жəне ылғи Тарифа жағалауына
жеңімпаз
санатында кеменің сатысынан салтанатпен қалай
түсетіндігін
көз алдына үнемі елестететін.
«Есіңде болсын, нені қажет ететіндігіңді қашанда нақты білгейсің» –
деп
еді ғой Мельхиседек.
Бозбала
оны білетін. Жəне өз мақсатына жету үшін жұмыс істеп жатыр.
Бəлкім
оның маңдайына өзге елде болуды, онда алдамшыға килігіп, ал,
содан
кейін бір тиын да жұмсамай өз отарын екі еселеуді жазған
шығар
?
Ол
өзін-өзі мақтан етіп тұрды. Ол көп жағдайға үйренді: енді
хрустальмен
сауда жасау қолынан келетін болды, сөздері жоқ тілді
меңгерді
жəне белгілерді оқи алатын халге жетті. Бірде ол əлдебір
адамның
осынша ердің биігіне шыққаны мынау, ал, мұнда тіпті тізе
бүгіп
шел басатын жер жоқ екенін айтып, шағымданғанын естіді.
Сантьяго
бірден мұның белгі екенін сезіп, қожайынына былай деді:
- Тауға шығатындарға неге шай сатпасқа? — Мынауың едəуір жаңалық
екен
, ойланып көрейік, - деп жауап қайырды анау.
- Ал, біз хрусталь стақандарға құйылған шай ұсынатын боламыз.
Адамдар
əдетте əдемілікке үйірсек келеді ғой.
Қожайын
еш жауап қайырмастан оған біраз қарап, отырып қалды.
Бірақ
, күн еңкейіп, кешкіріп қалған еді, ол намазын оқып, лəпкесін
жауып
, оның қарсы алдындағы жолдың жиегіне жайғасып, Сантьягоға
арабтар
жақсы көретін мүштікті — наргилені тартуды ұсынды.
– Айтшы маған, сен нені көздеп жүрсің? – деп сұрады ол бозбаладан.
– Сіз білесіз ғой: мен еліме оралып жəне қойлар сатып алғым келеді.
Ал
, ол үшін маған ақша керек.
Шал
наргилеге бірнеше кемір шоқтарын салды да, тереңнен сорды.
– Мен мына лəпкені отыз жыл бойына ұстап келемін. Хрустальдің
жақсысын
жаманынан айыра білемін, сауданың да бар иір-шиырын
меңгердім
. Өз шаруамның қалай жүріп жатқанына ризамын жəне де
оны
кеңейткім келмейді. Сатып алушыларға шайды хрусталь
стақандармен
берсең, расында біздің айналымымыз өсуі ғажап емес,
тек
бəрін де өзгертуге тура келеді.
- Ал, мұнда тұрған не кемістік бар?
- Мен тек осылай өмір сүруге дағдыланғанмын. Сен осында келіп бой
көрсеткенше
, мен жиі ойланатынмын, сонша уақыт бір орыннан
танымай
отырғанымда, менің қаншама достарым келіп-кетіп,
байлыққа
кенеліп, немесе қайыршылық күйге ұшырады десеңізші?!
Мен
бұл турасында терең қайғыратынмын. Ендігі жерде менің
дүңгіршегім
маған қажет ауқымды екендігін түсінемін. Мен
өзгерістерді
іздемеймін, олардың қалай жүзеге асырылатынын да
білмеймін
. Мен өзіме-өзім өте үйренгенмін.
Бозбала
не деп жауап берудің жөнiн таппады. Шал болса, жалғастыра
берді
:
- Сені маған Құдайдың өзі жібергендей. Ал, мен бүгін мынаны
түсіндім
: егер сен Құдайдың ықыласын қабыл алмасаң, онда ол
қарғысқа
айналады. Мен тіршіліктен басқа ештеңе қажет етпеймін, ал,
сен
мені ондағы көз жетпейтін алысқа кетуге зорлайсың. Мен оларға
қарағанда
, игермеген мүмкіндіктерімді сезінемін, сөйтемін де, өзімді
бұрынғыдан
нашарлау байқастаймын, өйткені, мен қажеттінің
барлығын
ала аламын, бірақ маған оның қажеті жоқ.
«Қайта менің жүгері сатушыға ештеңе айтпағаным абзал болған», – деп
ойлады
Сантьяго.
Олар
тағы шамалы уақыт наргите тартып отырысты. Күн де батты.
Қожайын
мен бозбала арабша түсіністі - Сантьяго бұл тілді игергеніне
ете
разы еді. Қаншама заман, не ықылым уақытта өзге тіршілікте
қойлар
əлемдегі бар болмысты түйсінген сияқты көрінетін. Ал, бірақ,
араб
тілін олар үйрене алмас.
«Бəлкім, олардың тағы да үйрене алмайтын нəрселері бар шығар – деп
ойлады
ол қожайынға үнсіз ғана бағдарлай қарап отырып. – Олар тек
жем
-шөп пен су іздеуді ғана біледі. Оны да өздері үйренген жоқ, -
оларды
үйреткен мен ғой».
— Мактуб, - деген сөз шықты ақыры хрусталь сатушыдан.
- Ол нені аңғартады?
– Оны кəдімгідей түсіну үшін араб болып туу керек, - деп жауап
қайтарды
анау. — Бірақ, жобалы мағынасы – «жазмыш» дегенді
білдіреді
.
Жəне
наргиледегі көмір шоқтарын сөндіре отырып, ол ертеңнен
бастап
, «Сантьяго, шайды хрусталь стақандарға құйып сата беруіңе
болады
», - деді. Өмір өзенін тоқтату мүмкін емес.
Тік
жармен көтерілген адамдар кенет ең биікте хрусталь стақандарға
құйған
салқын да бой сергітер жалбыз салынған шай ұсынатын
дүңгіршекті
көретін болды. Ендеше оған кіріп, неге шөл баспасқа?
«Менің əйелімнің ойына мұндай кіріп-шығады дейсің бе?» – деді бір
кетуші
бірнеше стақан сатып алып жатып: бүгін кешке олардікіне
қонақтар
келмекші көрiнедi, ал, бұл болса, мына тамаша ыдыстармен
меймандарды
таң қалдырғысы келеді.
Екінші
адам шайды хрусталь стақаннан ішкенде əрі дəмді, əрі хош
иісін
ұзақ сақтайды деген пікір айтты. Үшіншісі жалпы Шығыста
шайды
хрустальдан ішу көне дəстүр ретінде қалыптасқан деді, өйткені,
оның
сиқырлы қасиеттері бар.
Жəне
бұ жайында көп жұрт тез арада құлағдар болып, осынау көне
кəсіпке
қандай Тың жаңалықтар енгізуге болатындығын өз көздерімен
көргілері
келіп, халық осылай қарай ойысты. Шайды хрусталь
стақандарға
құйып беретін өзге де орындар пайда бола бастады, бірақ,
оларға
бару үшін биікке көтерілмейсің, сондықтан бос тұратын болды.
Біраздан
кейін лəпкеге тағы екі көмекшіні жалдауға тура келді. Енді,
онда
тек қана хрусталь емес, күнде жаңалық іздеп, лек-легімен келіп
жатқандарға
шай ұсыну əдетке айналды.
Осылайша
жарты жыл етті.
Бозбала
күн шықпай оянды. Ол африкалық құрылыққа алғаш рет аяқ
басқалы
он бір ай жəне тоғыз күн өтті.
Ол
осы күнге арнайы сатып алынған ақ кездемеден тігілген араб
бурнусын
(күлəпарасы бар кең плаш) киіп, басына орамал жапты, оны
түйе
терісінен жасалған дөңгелекпен бекітті, жеңіл сандалын аяғына
ілді
де, дыбыссыз төмен түсті.
Қала
əлі ұйқы құшағында болатын. Сантьяго жидекті қайнатпа жаққан
нанның
бір кесегін жеді де, хрусталь стақаннан шай ішті. Сонсоң
лəпкенің
табалдырығына отырып наргиле тартты.
Ол
осылайша наргилесін сорғыштап мүлде жалғыз отырды, ешқандай
ойға
берілмей, тек шөлдің иісін жеткізген желдің тұрақты да бір
сарынды
шуылына ғана құлақ түрді. Тартарын тартып болған соң,
қалтасына
қолын салды да, бірнеше минөт бойына одан алып шыққан
дүниеге
үңілді.
Оның
саусақтары алақанға əрең сиятын бір буда ақшаны сығымдап
тұрды
– оған қайтатын билет те, жүз жиырма қой сатып алуға жəне
Испания
мен қазір өзі тұрып жатқан ел арасында сауда жүргізуге де
рұқсат
алуына жетіп бағар еді.
Сантьяго
қожайынының оянып, дүңгіршегін ашар кезін шыдаммен
тосты
. Сонсоң олар тағы да бірге шай ішісті.
– Мен бүгін қайтамын, – деді бозбала. – Енді менің қойлар сатып алуға,
ал
сіздің Меккеге жол жүруге шамаңыз келеді.
Қожайын
үн қатқан жоқ.
– Маған батаңызды беріңіз, – деді Сантьяго табандылықпен. – Сіз
маған
көмек көрсеттіңіз.
Шал
шай қайнатуды жалғастырған күйі тіс жарған жоқ. Ақыры ол
бозбалаға
мойынын бұрды.
– Мен сені мақтан етемін. Сен менің дүңгіршегіме жан бітірдің. Бірақ,
мынаны
білгейсің: мен Меккеге бармаймын. Сондай-ақ өзіңнің де
қойлар
сатып алмайтыныңды біліп қой.
– Мұны сізге кім айтты? - деді таң қалған күйде Сантьяго.
— Мактуб, - кəрі хрусталь сатушы жауап қайырып.
Сөйтті
де, бозбалаға батасын берді.
Сонсоң
Сантьяго өз бөлмесіне барып, оны-мұнысын жинақтап еді, үш
қапшық
болып шықты. Ол кенет есіктің маңайындағы өзінің ескі
малшылық
дорбашасын байқап қалды. Өзі ол жайлы ұмытып та кеткен-
ді
, əрі көптен көзіне де түспей жүретін. Ол күртешесін көшедегі ұл
балалардың
біріне сыйламаққа дорбашадан алып еді, сол мезетте Урим
жəне
Туммим атты екі асыл тас еденге домалай жөнелмесі бар емес пе?
Бозбала
осы кезде кəрі патшаны есіне түсірді де, соншалықты уақыт ол
жайлы
ойланбағанына өзі де таң қалды. Жыл бойына тек қана бір
мақсатпен
- Испанияға құр қол қайтпас үшін қаржы жинақтау жолында
еш
тыныссыз еңбек етті.
«Ешқашан өз арманыңнан бас тартпа, - деген еді Мельхиседек, -
Белгілердің
соңынан еріп жүретін бол».
Бозбала
тастарды еденнен көтеріп алды, тап осы сəтте оны тағы да
ақсақал
қасында тұрғандай сезім баурады. Тұтас жыл ауыр іс-қимылда
өтті
, ал, енді белгілер кететін уақыт келіп жеткенін көрсетіп тұр.
«Мен тағы да тап бұрынғыдай боламын, - деп ойлады ол, - ал, қойлар
мені
арабша сөйлеуге үйрете алмайды».
Бірақ
, қойлар оны одан да маңыздылау нəрсеге: əлемде барша жұрттың
бəріне
түсінікті тіл барлығына үйреткен еді. Жəне жыл бойына сауда
өрлей
берсін деп тырысқан Сантьяго əркімге түсінікті тілде сөйледі.
Ол
махаббатпен жəне ынтамен істелетін, сенетін əрі тілейтін дүние
үшін
жасалатын шабыт-жігер тілі болатын. Танжер оған бөгде жер
болудан
қалды, енді, бозбала өзіне осынау қала бағынғандай, бар əлем
бағынуы
мүмкін екендігін сезінді.
«Сен əлденені қатты аңсағаныңда, барша ғалам сенің тілегіңнің жүзеге
асуына
қолғабыс ететін болады» — Мельхиседек қария осылай айтқан-
ды
.
Бірақ
, ақсақал қарақшылар жайлы да, ұшы-қиырсыз шөлдер жайлы
армандаса
да, сол армандарының орындалғанын тілемейтін адамдар
жайында
да тіс жарған жоқ еді. Ол «пирамидалардың тек тастардың
үйіндісі
ғана екенін, егер əркім ойына келсе, ондайды ез бақшасында
да
жасап ала алатындығын» оған айтқан жоқ. Кəрі патша бозбалаға
онда
қойлар сатып алуына ақша пайда болған кезде, ол осы қойларды
сатып
алуға тиісті болады деп айтуды да ұмытыпты.
Сантьяго
өз дорбашасын алды да, езге дүниелеріне қосты. Сатымен
төмен
түсті. Қожайын ерлі-зайыпты шетелдіктерге қызмет көрсетіп
жатты
, ал, тағы екі сатып алушы хрусталь стақандардан шай сораптап,
лəпкеде
əрі-бері жүрді. Дəл мұндай ерте уақыт үшін келушілер көп
болатын
. Сантьяго тек енді байқады - қожайынның шаштары
Мельхиседектің
шаштарын ойға түсіреді екен. Оған Танжерде ешқайда
барып
, ештеңе жей алмаған алғашқы таң да есіне түсті – сонда тəтті
тағам
сатушының қалай жымиғаны да кəрі патшаны ойына түсірді.
«Мельхиседек тап бір осы жерден өтіп, өз ізін қалдырғандай, - деп
ойлады
бозбала. - Тап бір осынау адамдар өз өмірінің бір сəтінде
онымен
бұрын жолығысқан сияқты. Бірақ, ол онсыз да өз тағдырының
соңынан
ілесіп жүретіндерге əрдайым бой керсететіндігін маған айтып
еді
ғой?»
Ол
қоштаспай кеткенді жөн көрді - өзгелердің алдында жылағысы
келмеді
. Бірақ, ол осының бəрін, мұнда үйренген тамаша нəрселердің
бəрін
сағынатынын түсінді. Ол езіне деген сенімділікке ие болып жəне
əлемді
тізе бүктіру мақсатын алдына қойды.
«Мен үйренген өңірге қой бағуға қайтып бара жатқан жоқпын ба?» деп
ойлады
ол, бірақ, неге екені белгісіз, қабылдаған шешімі өзіне
ұнамады
. Өз арманын жүзеге асыру үшін ол жыл бойына бел шешпей
еңбек
етті, бірақ, ол арман əр минөт сайын өз тартымдылығын жоғалта
бергендей
болды. Бəлкім, ол арман емес те шығар?
«Мүмкін, хрусталь сатушыдай болған жөн шығар? Ол сияқты ғұмыр
бойы
Мекке жайлы армандап, бірақ, ешқашан жолға жиналмау керек
пе
?» – деп ойлады ол, əйткенмен қолындағы тастар кəрі патшаның
күші
мен шешімділігін жеткізгендей сыңай білдірді.
Таңқаларлық
дəл келісті қараңыз: əлде бұл белгі ме? - ол Танжерге
алғаш
келгендегі күні кірген асханаға тағы да кіріпті. Əрине, ондағы
алдаушы
жоқ еді. Қожайын бір шəшке шай əкелді.
«Малшылыққа қайта оралуға мен əманда үлгерермін, – деп ойлады
Сантьяго
онда отырып. – Мен қой қырқуды жəне бағуды білемін жəне
осымен
де əрдайым нан тауып жей аламын. Ал, пирамидаларға барудың
өзге
орайы келе қоймауы ықтимал. Алтын көкірекшелі ақсақал менің
күллі
тарихымды біліп шықты. Маған нағыз патша, оның үстіне
данагөй
кездесті ғой».
Оны
Андалузия жазықтарынан екі-ақ сағаттық жол бөліп тұрды, ал,
оны
мен пирамидалар арасында шетсіз-қиырсыз шөл жатты. Бірақ, ол
бұған
өзгеше қарауға да болатындығын түсінді: қазынаға деген жол өзі
оған
тұтас бір жыл уақытын жоғалтса да, екі сағатқа болсын қысқарды
емес
пе?
«Менің өз қойларыма неге оралғым келетіндігі түсінікті: өйткені,
оларды
білемін, əрі жақсы көремін, оның үстіне көп əуре болып та
жатпайсың
. Ал, шөлді жақсы көруге бола ма? Бірақ, менің қазынамды
жасырып
жатқан тап осы шөл ғой. Егер оны таба алмасам – үйге
қайтармын
. Менде уақыт та, ақша да болып тұрған кезде талаптанып,
байқап
көргеннің несі мін?»
Ол
осы мезетте ұланғайыр қуанышты сезінді. Оған мал бағуға жол
қашанда
ашық. Оның үстіне ол əрдайым хрустальмен де сауда жасай
алады
. Əрине, əлемде жасырын жатқан өзге де қазыналар кеп қой,
бірақ
, басқаға емес, тек өзіне ғана бір түсті айнытпай екі рет көруге, əрі
кəрі
патшаны кездестіруді жазыпты.
Ол
асханадан өзіне ырза болған кейіпте шықты, əрі тауар
əкелушілердің
бірі шөлді көктей өткен керуендермен хрусталь
жеткізіп
тұрғанын зердесіне түсірді. Сантьяго Урим мен Туммимді
қолдарына
қысып ұстап отырды – ол осынау тастардың арқасында тағы
да
өз қазынасына сапар шегуге бел байлады.
Мельхиседектің
: «мен қашанда өз тағдырынан тайқымай
жүретіндердің
жанынан табыламын», - дегені ойына оралды.
Ең
оңайы мынау: сауда қоймасына барып, пирамидалар ел айтқандай,
соншалықты
алыс па деп сұраған абзал.
Ағылшын
отырған мекен мал қораны ойға түсіретін – одан тердің,
шаңның
, малдың иісі ентелеп тұратын еді. «Он жыл оқығанда осындай
жерге
душар болғаным-ай», – деп ойлады ол химияға арналған
жорналды
парақтап отырып.
Бірақ
, шегінетін жер жоқ еді. Белгілердің айтқанымен жүру керек-ті.
Ол
өзінің бар өмірін бүкіл ғалам сөйлейтін жалғыз тілді табуға арнады,
– сол үшін оқыды да. Ол əуелі эсперантомен айналысты, сонсоң
əлемдегі
діндерді зерттеді, ақыры – алхимияға келіп тіреді. Енді міне,
ол
эсперанто тілінде еркін сөйлейді, əрқилы діни нанымдардың
тарихын
түбегейлі түрде біледі, тек əлі күнге атхимик бола алмай-ақ
қойды
. Əрине, оған қайсыбір құпиялар ашылды да, бірақ, ол қазір
жеткен
жерінде кептеліп қалған сияқты, сейтіп өз зерттеулерінде бір
қадам
да болса ілгері баса алмай қойды. Оның алхимиктердің бірінен
көмек
табамын ба деген əрекетінен де ештеңе шықпады – олардың бəрі
де
тым тұйық, əрі оғаш мінезді болып шықты, олардың баршасы тек
өздерін
ғана күйттейді, сондықтан олардан көмек, не кеңес күтіп əуре
болмай
-ақ қойғанның өзі жақсы. Бəлкім, мұның бəрі олардың
Пəлсапалық
Тас құпиясын шеше алмай қойғандықтарынан шығар?
Ағылшын
əкесінен қалған мұраның бір бөлігін езінің нəтижесіз
ізденістеріне
жұмсап қойған болатын. Ол əлемдегі ең бай
кітапханаларды
жағалай шапқылап, алхимия жөніндегі өте сирек
кездесетін
, ең маңызды кітаптарды жинаумен болды. Ол сондай
кітаптардың
бірінен осыдан көп жыл бұрын Еуропада болған араб
алхимигі
туралы оқыды: оның атағы жер жарыпты, жасы екі жүзден
асқан
екен жəне ол Пəлсапалық Тасты тауыпты – мұның өзі ғажап əсер
етеді
ғой, бірақ, Ағылшын үшін де аңыз болып қана қалар ма еді,
қайтер
еді, егер оның шөлдегі археологиялық сапарынан оралған бір
досы
ғаламат дарыны бар араб жайлы айтпаса?! Ол Əл-Фаюм көгалды
алқабында
тұрады екен, жұрттың айтуынша екі жүзге толған бұл қария
Мəңгіліктің
шипалы сусынын табумен қатар, қолынан кез келген
металды
атынға айналдыру да келетін көрінеді.
Ағылшын
осыны естісімен күллі шаруалары мен кездесулерін тастады
да
, өз кітапханасынан ең қажетті деген кітаптарды алды – енді ол міне,
мал
қораға ұқсас ағаш барақтың ішінде отыр, ал, оның сыртында
Сахараны
көктей өтпекші керуен сапарға шыққалы жатыр, əрі ол өзінің
жолында
əл-Фаюм көгалды алқабын басып өтеді екен.
«Мен осынау қарғыс атқыр алхимикті өз көзіммен керуім керек», – деп
ойлады
Ағылшын жəне осы сəтте түйелердің сасық иісі де оншалықты
адам
шыдамайтын болып көрінбеді.
Бұл
кезде оған арқасында жол дорбалары бар жас араб жақындап келді
де
, сəлем берді.
– Сіз қайда бет алдыңыз? – деп сұрады ол.
Ағылшын
:
— Шөлге, – деп жауап қайтарды да, кітап оқуын əрі жалғастырды.
Оның
əңгіме–дүкен құруға еш зауқы жоқ болатын: өзі он жылда не
үйренгенін
зердесінде қайта жаңғыртуы керек еді; Алхимик оның
білген
-ұққанын тексергісі келуі ғажап емес.
Бұл
екі арада əлгі бозбала да жайғасып, арқасындағы дорбашығынан
кітап
алып, парақтай бастады. Ағылшын оның испан тілінде екенін
аңғарып
қалды.
«Мұның өзі жаман емес», – деп ойлады ол, өйткені арабшаға қарағанда
испанша
тəуір сөйлеуші еді.
Егер
мына бозбала да Əл-Фаюмға жол шегетін болса, онда бос уақытта
онымен
сөйлесіп отыруға болады.
«Қызық екен, - деп ойлады ол екі арада Сантьяго, кітап басталардағы
өлік
жерлеу оқиғасын тағы да оқи бастап. — Мен мына кітапқа
кіріскеніме
екі жылдай болса да, осы уақытқа дейін тура алғашқы
беттеріне
байланып қалған сияқтымын».
Бұл
жолы қасында Мельхиседек патша жоқ еді, бозбала сонда да
зейінін
жинақтап ала алмады. Оған қоса өзін дұрыс шешім қабылдадым
ба
деген ой да алаңдатты. Бірақ, Сантьяго ең бастысын түсінген еді: кез
келген
шаруадағы шешім – тек бастама ғана. Адам əдетте таңдау жасап,
əлденеге
бел буғанда, ол өзін ойламаған жерге алып кететін
буырқанған
ағын қойнауына сүңгігендей болады.
«Мен қазыналарды іздеп шыққанда хрусталь сатушының лəпкесінде
жұмыс
істеймін-ау деген ой қаперіме де кірген жоқ. Тура сондай мына
керуен
де менің таңдауым, менің шешімім шығар, бірақ, оның жүрер
жолы
мен үшін құпия болып қала бермек».
Жанындағы
еуропалық та кітап оқып отырды. Ол Сантьягоға онша
ұнаған
жоқ: өзі бараққа кіргенде əлгі адам оған жақтырмай қарады.
Айтқандайын
, бұл ештеңе емес - егер ол əңгімені үзіп тастамаса, олар
бəрібір
танысар еді ғой.
Бозбала
кітабын жапты – оның мына шетелдікке еш ұқсағысы келмеп
еді
, - сонсоң тастарын алып ойнай бастады.
— Урим мен Туммим! – деп таң қалды еуропалық. Сантьяго оларды
жедел
жасыра қойды.
– Сатылмайды, - деді ол.
— Е, бұлар онша қымбат тұрмайды ғой, – деп жауап қайырды анау. —
Кəдуескі
кристалдар, пəлендей ештеңелері де жоқ. Əлемде мұндай
тастар
миллиондап саналады, бірақ, түсінетін адам ғана Урим мен
Туммимді
бірден таниды. Бірақ, мен олар бұл аймақтарда кездесер-ау
деп
қаперіме де алған жоқ едім.
— Маған оларды патша сыйлады, - деп жауап қайырды бозбала.
Жатжерлік
тура тілі байланып қалғандай сенімсіздеу қозғалып
қалтасынан
дəл Сантьягонікіндей екі тас алып шықты.
- Сен патшамен сейлестің бе? – деді анау.
– Əрине, тек бірақ саған патшалардың малшылармен сұхбаттасатынын
көз
алдыңа елестету қиын, - деді əңгімені одан əрі жалғастырғысы
келмеген
Сантьяго.
– Жоға неге олай дейсің. Малшылар Патшаны əлемде əлі ешкім
білмеген
кезде алдымен мойындады. Патшалардың малшылармен
сөйлескенінде
тұрған пəлендей ештеңе жоқ, - деп Ағылшын бозбала
түсінбей
қалды-ау деп қорыққандай жəне қосты: Урим мен Туммим
туралы
- Таураттан оқып білуге болады. Құдай тек осы тастармен ғана
жорып
-жорамалдауға рұқсат берген. Абыздар оларды алтын
көкірекшелеріне
салып жүретін болған.
Бұдан
кейін Сантьяго қоймаға келгеніне өкініш білдірмеді.
– Бəлкім, бұл – белгі болар, - деп күбірледі Ағылшын дауысын
шығарып
ой түйген сыңайда.
– Саған белгілер жайлы кім айтты? – Сантьягоның əңгімеге қызығуы əр
сəт
сайын өсе түсті.
– Əлемдегінің бəрі де – белгілер, – деді Ағылшын өз жорналын былай
қойып
жатып. - Адамдар ықылым замандар бұрын бəрі бір-ақ тілде
сөйлеген
, ал, сонсоң оны ұмытқан. Мен өзгеден бұрын осынау баршаға
бірдей
тілді іздеп жүрмін. Сондықтан да мен осында келдім. Мен осы
баршаны
бірдей игерген адамды – Ахимикті табуым керек.
Олардың
əңгімесі қойманың иесі – жуантық арабтың келуімен үзілді.
– Сіздердің жолдарыңыз болар, – деді араб. – Бүгін түскі тамақтан
кейін
Əл–Фаюмға керуен жүретін болды.
– Бірақ маған Мысыр қажет! – деп Сантьяго абдыраған күйі айғайлап
жіберді
.
- Əл-Фаюм сол Мысырда ғой. Ал сен өзің қайдансың?
Сантьяго
Испаниядан екенін айтты. Ағылшын қуанып қалды: арабша
мəнермен
киінгенмен, еуропалық екен ғой.
– Ол белгілерді сəттілік деп атайды, – деді Ағылшын қожайын шығып
кеткенде
: — Егер мен «сəттілік» жəне «түйісу» деген сөздер жайлы
кітап
жазуды қолға алған болсам, қап-қалың энциклопедия болып
шығар
еді. Жəне өзіндегідей Урим мен Туммимі бар Сантьягомен
кездесуі
жай ғана жағдаяттардың тек үйлесуі емес шығар? Сонсоң
бозбала
Алхимикті іздеп жүрген жоқ па деп індетті.
— Мен қазыналар іздеп жүрмін, - деп жауап қайтарды да, мезетінде
т
iлiн тiстей қойды. Бірақ Ағылшын оның айтқанына мəн бермегендей
сыңай
білдірді де, тек былай деді:
– Бір мағынадан алғанда – мен де іздеп жүрмін.
– Мен алхимия дегеннің не екенін жөнімен білмеймін, - деді Сантьяго,
бірақ
осы кезде сырттан қойма иесінің бұларды шақырған дауысы
естілді
.
– Керуенді мен бастаймын, – деді оларға аулада ұзын сақалды қаракөз
адам
. - Менімен бірге сапар шегетіндердің барлығының да өмірі мен
ажалы
менің қолымда, өйткені, шөл ақылдан адаса бастаған пенде
іспеттес
, əрі адалдарды баз-базда есінен тандырады.
Жолға
жылжуға екі жүздей адам жиналыпты, ал, мал дегеніңіз –
түйелер
, жылқылар, есектер – екі еседей артық десе болар.
Ағылшынның
кітаптарды нығарлай толтырған бірнеше шабадандары
бар
екен. Аулада əйелдер, балалар мен бетіне қылыш, арқасына мылтық
асынған
еркектер үйме-жүйме болып жүрді. У-шудың қаттылығы
сондай
, көшбасыға өз айтқандарын бірнеше рет қайталауға тура келді.
– Мұнда əр түрлі адамдар жиналды, əрі олар əрқилы құдайларға
табынады
. Ал, мен болсам, тек Аллаға ғана сыйынамын, əрі оның
атымен
ант етемін: мен тағы да шөлді жеңу үшін қолдан келгеннің
бəрін
істеймін. Енді сендердің əрқайсысың өздерің сенетін құдай мен
жағдаяттар
қалай орайласса да, маған бағынатын боламын деп ант
етсін
. Шөлде бағынбау деген – ажалдың тура өзі.
Дауыстардың
тұншыға гуілдегені естілді – бұл əркімнің өз Құдайына
жалбарынған
сыңайы еді. Сантьяго Христтің атымен ант етті. Бұл рəсiм
ант
бергеннен ұзағырақ созылды – жүргіншілер Тəңіріден қорғаныс
һəм
қамқоршылық тілеп жатқан-ды.
Сонсоң
кернейдің созалаң дауысы естілді де, əркім өз ертоқымына
орнықты
. өздеріне бір-бір түйеден сатып алған Сантьяго мен Ағылшын
көліктеріне
күш жұмсап жайғасты. Бозбала жолсерігінің өз түйесіне
кітап
лық толы шабадандарды күшпен қалай артқанын көріп, байғұс
жануарды
аяп кетті.
- Ал, сайып келгенде жағдаяттардың ешқандай дəл түсуі деген
болмайды
, - деді Ағылшын тап бір алдында үзіліп қалған əңгімені
жалғастырған
сыңайда. — Мен мұнда бір араб досым жайлы естіген соң
келдім
, ал ол...
Бірақ
, оның сөздері қозғалған керуен шуылына көміліп кетті. Əйтсе де
Сантьяго
Ағылшынның нені айтқысы келгенін айқын біліп тұрды:
оқиғалардың
бірімен-бірін байланыстыратын құпия тізбек болады.
Міне
, сол тізбек оны малшы болуға, бір көрген түсін екі рет көруге,
африкалық
жағалауға жақын келуіне, алаяқтың алдауына түсуіне жəне
хрусталь
сататын лəпкеге жалдануына мəжбүр етті жəне...
«Неғұрлым өз жолыңмен ұзағырақ жүретін болсаң, ол соғұрлым сенің
өміріңді
күштірек анықтайтын болады», - деп ойлады бозбала.
Керуен
шығысқа қарай бет түзеді. Таң рауаннан жылжи бастап, Күн
аспанның
заңғарына жеткенде бір тыныстап, ыстықтың шегіне
барғанын
өткерген соң, қайта қозғалып отырды. Сантьяго
Ағылшынмен
шамалы ғана сөйлесуге мұршасы жетті, өйткені, анау
көбіне
кітаптан бас алмай қойды.
Бозбала
көптеген жолсеріктерін үндемей тінте қарады. Қазір олар
жолға
шығар алдындағы түрлеріне ұқсамай қалыпты. Онда əбігершілік
өктем
еді: айғай-шу, балалардың жылаған даусы жəне жылқылардың
кісінегені
көпестер мен жолбасшылардың айғайымен араласып жатты.
Ал
, мұнда – шөлде тыныштықты тек мəңгі соғып тұратын желдің
ызыңы
мен жануарлар аяқтарының астындағы құмның шықырлағаны
ғана
бұзады екен. Тіпті жолбасшылар да үнсіздік сақтап келе жатты.
— Мен осынау құмдарды талай рет кесіп өттім, – деді бірде түнде бір
мал
айдаушы екіншісіне. – Бірақ, шөлдің ұланғайыр да көз
жетпейтіндігі
соншалық, тіпті өзің де өзіңді амалсыз құмның бір ғана
қиыршығындай
сезінесің. Ал, ол болса, мылқау да үнсіз.
Сантьяго
шөлде алғаш рет болса да, мал айдаушының не жайлы айтып
тұрғанын
түсінді. Ол өзі де теңізге немесе отқа қарап отырып, апаттың
алапат
күшіне еріп кеткендей сан сағат бойына ештеңе де ойламай, əрі
бір
ауыз сөз айта алмай сілейіп қалатын.
«Мен қойлардан үйрендім, хрустальдан үйрендім, – деп ойлады ол. –
Енді
мені шөл оқытатын болады. Ол маған ең көне болмыстың өзі –
менің
бұрын көргенімнің барлығының да ең данагөйі болып көрінеді».
Ал
, мұндағы жел қас-қағым сəтке де толас табар емес жəне Сантьяго
оның
күшін Тарифадағы мұнарада тұрып-ақ сезінгенін есіне түсірді.
Андалузияның
жайылымдарында жем-шөп пен су іздеп қыдырыстап
жүрген
қойларының жүнін еппен ғана ұйпалақтаған да осы жел шығар?
«Енді олар менікі емес, – деп ойлады ол онша мұңаймай. – Бəлкім, мені
ұмытып
, жаңа малшыға бауыр басып кеткен шығар. Несі бар, жарайды.
Қойлар
да жерден жерге қоныс аударып жүретін əркім сияқты,
ажырасудың
болмай қоймайтынын біледі».
Осы
кезде оның есіне мауытышының қызы түсті – ол ендігі күйеуге
шығып
кеткен болар? Кімге? Бəлкім, жүгері сатушыға ма? Əлде оқи
білетін
, əрі адам нанғысыз тарихтарды суша сапыратын малшыға ма –
Сантьяго
сияқтылар жалғыз емес қой. Оның неге екені белгісіз, бұған
сенімділігі
бозбалаға ғажап əсер қалдырды: мүмкін ол Жалпыға бірдей
тілді
меңгеріп жəне əлемдегі қазіргі мен өткеннің барлығын білетін
шығар
? «Алдын-ала сезіну» - оның анасы бұл қасиетті осылай атайтын.
Енді
, ол бұл болмыстың барлық адамдардың тағдырлары өзара
байланысқан
тіршіліктің бүкіл ғаламдық ағынына жанның тез батуы
екенін
түсінген еді. Бізге бəрін білу маңдайымызға жазылған, өйткені,
бəрі
бұрын жазылып қойылған.
– Мактуб, - деп күбіртеді бозбала, хрусталь сатушыны есіне түсіріп.
Кейде
құмдақ шөл тастаққа айналады екен. Егер керуен қойтастың
алдынан
шықса, оралып өтетін болды, ал, шашырап жатқан тастарға
киліксе
, айналып өту əдісін қолданды. Егер құм тым ұсақ əрі
борпылдақ
болса, оған түйелердің сирақтары терең батып
кететіндіктен
өзге жол іздеуге тура келіп жатты. Кейде аяқтың астынан
сор
білініп отырды - бұл осы маңайда бір кезде көл болған деген сөз –
ондайда
жүк теңделген жануарлар аянышты түрде оқыранумен болды.
Мал
айдаушылар жылдам қозғалып, оларды сипалап, тыныштандырып
жатты
, сонсоң жүкті өз иықтарына алып тек жолдың əлгіндей қиын-
қыстау
жерінен өткеннен кейін ғана түйелер мен аттарды қайыра
«сірестіріп» отырды. Егер мал айдаушы ауырса, не өлсе, оның серіктері
əлгінің
түйелерін кім алып жүретініне жеребе тастайды.
Мұның
бəрінің жалғыз-ақ себебі бар-ды: керуен қанша айналсоқтап,
бағытын
өзгерткенмен, ол мақсатты жерге жетуге табан аумай
қозғалудан
тайған емес. Кедергілерден өткен соң, жасыл алқап - оазис
жатқан
жерге жөн сілтеп тұрған жұлдызға қарай тағы да жүріп отырды.
Ол
таңғы аспанда талай жарқырап тұрған, ал, адамдар мынаған сенімді
еді
: жұлдыз оларды су, пальмалар көлеңкесі, салқындық, жанға жайлы
тынысы
бар өңірге бастайды, апарады. Тек жалғыз Ағылшын ғана
кезекті
кітапқа зейін қоюмен ештеңені байқамайтын сияқты көрінеді.
Сантьяго
да сапардың алғашқы күндері кітап оқығысы келген болатын.
Бірақ
, сонсоң одан да жан-жаққа қарап, желдің шуылын тыңдағаны
əлдеқайда
қызықты екенін түсінді. Ол өзінің түйесін ұғынуды үйренді,
оған
бауыр басып алды, ал, сонсоң, кітапты артық жүк ретінде
лақтырып
жіберді. Əйткенмен ол бұрынғыша кітапты ашса болды, одан
əрдайым
қызықты бірдеңе табыларына сенімді еді.
Ол
бірте-бірте өзімен қатар келе жатқан мал айдаушымен достасып
алды
. Əр кеш сайын, керуен аялдауға тоқтап, алаулар жағылғанда,
Сантьяго
оған өзінің малшылық тіршілігінен əрқилы оқиғалар айтып
беріп
отырды.
Ал
, енді бірде мал айдаушы өзі жайлы айта бастады.
– Мен Əл-Кайрумға жақын тұстағы ауылда тұрдым. Менің үйім, бау-
бақшам
, бала-шағам да болды, сөйтіп өле-өлгенше уайым-қайғысыз
тұра
берер ме едім, қайтер едім? Бірде, астық мол шыққан жылы біз
одан
түскен қаражатқа бар отбасымызбен бірге Меккеге барып
қайттық
– сөйтіп мен діндарлық міндетімді де өткердім, енді, таза
армен
өлуіме де болушы еді. Əйтеуір өзім бəріне разы болатынмын.
Бірақ
, бірде жер қозғалды да, Ніл жағасынан асып кетті. Енді, өзгенің
бақытсыздығы
мені де шарпып өткендей болды. Көршілер жайылма су
олардың
зəйтүн ағаштарын шайып кетпес пе екен деп қорықты, əйелім
болса
балаларға алаңдады. Мен еңбекпен табылған бар дүниенің қалай
құрып
жатқанына зəрем ұшып қараумен болдым.
Осыдан
кейін жер де өнім беруді тоқтатты – маған басқа амалмен нан
тауып
жеуге тура келді. Сөйтіп мен түйе айдаушылыққа ауыстым.
Сонда
маған Алланың мына сөздерінің мəн-мағынасы ашылды:
беймəлім
жағдаяттан қорықпау керек, өйткені, əркім қажет еткенін
тауып
, мұқтаж болғанын алуға қабілеті жетеді.
Біз
бəріміз қолда барды – мейлі ол егін, немесе өмірдің өзі болсын –
жоғалтып
алуға қорқамыз. Бірақ, бұл қорқыныш біздің тағдырымыз да
жəне
əлемнің тарихы да бірақ қолмен жазылатынын түсінген сəтте-ақ
өте
шығады.
...Кей-кейде екі керуен кездесіп те қалатын. Бірақ, бір жолаушылардың
қажет
еткендері екіншілерінен табылған жағдай болған емес. Мал
айдаушылар
алаудың айналасына алқа-қотан отырып алып, бір-біріне
шаңдақ
құйындар жайлы айтатын, шөлдің қилы қылықтарынан
байқағандарын
бөлісетін.
Оттың
басына кейде керуен жүретін жолды ұңғыл-шұңғылына дейін
білетін
беймəлім бəдəуилер де кететін. Олар қарақшылар мен тағы
тайпалардың
шабуылынан қай жерде байқастау керектігін ескертетін,
ал
, сонсоң, үндеместен қалай пайда болғандарындай қараңғылық
құшағына
сіңіп жоқ болатын.
Осындай
кештердің бірінде мал айдаушы жанында Сантьяго мен
Ағылшын
отырған алаудың қасына келді.
- Тайпалар арасында соғыс болып жатыр деген сыбыс естілуде, - деген
хабар
айтты ол.
Сантьяго
орын алған үзілісте іс жүзінде үрейлену əуелден ілініп
қалғандай
сезінді. Ол жалпыға ортақ дыбыссыз тілді түсінетіндігіне
тағы
да көзі жетті.
Үнсіздікті
бұл керуен үшін қаншалықты қауіпті екенін білгісі келген
Ағылшын
бұзды.
— Шөлге кіргеніңде, енді, артқа қарай жол жоқ, – деп қайырды мал
айдаушы
. – Яғни тек қана алға қарай жылжи беруіміз қажет. Қалғанын
біз
үшін Алла шешеді. Бізге үйірілген қырсықты да аластайтын сол.
Мактуб
, – деп құпия сөзді қосты да, жайына кетті.
– Сен керуенмен не болып жатқанына бекерге назар аударғың
келмейді
, – деді Сантьяго Ағылшынға. – Байқап қарашы: ол қалай
орағытса
да, мақсатына бұлжымай жүріп келеді.
– Ал, сен əлем деген не жəне əлемде не болып жатқаны жайлы бекер
оқымайсың
, – деп жауап қайырды анау. — Кітаптар бұл тұрғыда
керуендер
іспеттес.
Адамдар
жануарлар сияқты, енді олар да жылдам жүруге кірісті. Егер
олар
бұрын күндізгі уақытты үндемей өткізсе, ал, алаулар маңайына
тыныстағанда
əңгіме-дүкен құрып келген болса, енді, кешкісін де тіс
жармайтын
болды. Оның үстіне Жолбасшы алаулар жағуға да тыйым
салды
: олар қарақшылардың назарын аударуы мүмкін.
Жолаушылар
суықтан құтылу үшін түйелер мен жылқыларды
дөңгелете
иіріп, өздері осы шеңбердің ішіне ұйлыға жатысты.
Жолбасшы
жұрт дамылдаған жерді қолындағы қаруымен күзететін
қарауылшыларды
тағайындап отырды.
Түндердің
бірінде Ағылшынның ұйқысы келмей қойды. Ол Сантьягоны
шақырып
алды, сөйтіп екеуі керуен тұрағының айналасында
қыдырыстап
жүрді. Толық ай сəулесін төгіп тұрды, ал, Сантьяго оған
өзінің
бар тарихын айтуға бел буды.
Ағылшынға
əсіресе, оның əңгімесінің бозбала жұмыс істей
бастағаннан
кейін хрусталь ыдыстар дүкенінің қол жеткен табыстарын
айтқан
тұсы қатты ұнады.
– Ғаламды қозғайтын күш, міне, осы, – деді ол. – Алхимияда ол
Ғаламның
Жаны деп аталады. Сен бар жан-тəніңмен əлденені тілеген
кезіңде
Ғалам Жанына араласасың. Ал, онда ғаламат күш бар. Жəне бұл
қасиет
тек адамдардікі ғана емес, жан дегеніміз əлемдегі барлық
болмыстарда
– тастарда да, өсімдіктерде де, жануарларда да немесе
тіпті
ойдың өзінде де бар.
– Жердегі бардың бəрі қайсысы болмасын тұрақты түрде өзгеріп
отырады
, өйткені Жердің өзінің де тірі болғандықтан жаны бар. Біз
бəріміз
– осы жанның бөлігіміз, сондықтан ол біздің игілігіміз үшін
жасайтынының
бəріне өзімізге есеп бере бермейміз. Бірақ, сен
дүңгіршекте
істеген кезіңде тіпті хрустальдің өзі де сенің табысқа
жетуіңе
себепкер болғанын түсінуге тиісті едің.
Сантьяго
біресе Айға, біресе ақ құмға қарағыштап үнсіз тыңдап
отырды
.
– Мен керуеннің шөл арқылы қалай келе жатқанын көрдім, – деді ол
ақырында
. – Керуен шөлмен бір тілде сөйлеседі, сондықтан да ол оның
жолын
ашық қалдырады. Шөл оның əрбір қадамын тексереді əрі
сынайды
жəне ол онымен қалтқысыз үндес екендігіне көзі жеткенде
ғана
көгалды алқап - оазиске өткізеді. Ал, ол тілді игермеген адам
қаншалықты
қаһарман болса да жолға шыққанның алғашқы күні-ақ
қаза
табады.
Енді
екеуі де Айға қарады.
– Белгілердің дуагерлігі дегеніміз осы болады, - деп жалғастырды
Сантьяго
. — Мен жолбасшылардың шөлдің белгілерін қалай оқитынын
көріп
келемін, бұл – керуен жанының шөлдің жанымен сөйлесуі.
Ұзақ
үнсіздіктен соң Ағылшын да дауысын шығарды:
– Иə, бəлкім, менің де керуенге көз тіккенім дұрыс шығар.
– Ал мен сенің кітаптарыңды оқимын, - деп жауап қайтарды бозбала.
Бұлар
өздері оғаш кітаптар болатын. Оларда сынап пен тұз, патшалар
мен
аждаһалар баяндалыпты, Сантьяго қаншалықты тырысса да бірақ
ештеңе
ұқпай қойды. Десе дағы барлық кітаптардағы қайталанатын
басты
ой оған жетті: əлемдегінің барлығы да – тек бір ғана нəрсенің
əрқилы
түрлері.
Ол
бір кітаптан алхимия жайлы ең маңызды мəліметтер – бар болғаны
замартастың
бетіне жазылған бірнеше ғана жолдарда-ақ берілгенін
білді
.
Ол
«Замартастық Скрижаль» («скрижаль» - діни мазмұнды мəтін
жазылған
тақта. — Ауд.) деп аталады, – деді өз жолсерігін əлденеге
үйрете
алатындығына көтеріліп қалған Ағылшын.
- Онда осынша кітаптардың қажеті не?
– Осы бірнеше ғана жолдарды түсіну үшін, - деп жауап қайырды
Ағылшын
онша нығарлы емес үнмен.
Сантьягоны
бəрінен гөрі атақты алхимиктер жайлы баяндайтын кітап
баурап
əкетті. Олар өз өмірлерін металдарды зертханаларда тазалауға
бағыштаған
адамдар болатын: олар көптеген жəне көптеген жылдар
бойына
қандай болсын бір металды өңдей берсе, ол ең түбінде өзіне
ғана
тəн күллі қасиеттерінен айырылады да, есесіне Ғаламның Жанына
ие
болады. Сонда ғалымдар Жерде бар кез келген нəрсенің мағынасын
түбегейлей
алады, себебі, Ғалам Жаны олардың барлығы бір-бірімен
сөйлесетін
сол тілдің өзі болып табылады. Өйткені, олар бұл
жаңалықты
¥лы Шығарма деп атайды, ал, ол қатты жəне сұйық
элементтен
тұрады.
– Осынау тілді игеру үшін адамдар белгілерді жай ғана оқып-білсе де
болмай
ма? – деп қазбалады Сантьяго.
– Сен дүниенің бəрін де жадағайлағанды жақсы көретінің қалай? – деп
Ағылшын
кейігендігін білдірді. – Алхимия - маңызды ғылым. Ол əрбір
қадамның
данагөйлердің үйретуіне орай жасалуын талап етеді.
Бозбала
Ұлы Жаңалықтың сұйық элементі Мəңгіліктің Сиқырлы
сусыны
деп аталатынын білді, ол бəрінен бұрын алхимиктің өмірін
ұзартады
, барлық сырқаттарды жазады. Ал, қатты элемент, ол –
Пэлсапалық
Тас.
- Оны табу оңай емес, – деді Ағылшын. – Алхимиктер металдың қалай
тазаруын
байқастаумен өз зертханаларында жылдар бойы отырады.
Олар
отқа жиі де ұзақ қараумен болады, сөйтіп аз-аздап болса да,
күнделікті
күйбең тіршіліктен босана береді, сөйтіп күндердің күнінде
металл
тазартамын деп жүріп, өздерінің де тазарғанын аңғарады.
Осы
кезде Сантьяго стақандарды жуғанда, өзің де қоқыстан тазарасың
дейтін
хрусталь сатушыны есіне түсірді. Бозбаланың алхимияны
күнделікті
тіршілікте де үйренуге болатынына деген сенімі күшейе
түсті
.
- Ал, оның үстіне, – деп жалғастырды Ағылшын, – Пəлсапалық Тастың
ғажап
қасиеті бар: оның титтей ғана үгіндісінің өзі де қай металдың
болсын
кез келген ауқымын алтынға айналдыруға жетіп жатыр.
Мынаны
естігеннен кейін Сантьягоның алхимияға деген ынтызарлығы
айтарлықтай
артты. Ол шамалы ғана шыдасаң нені болса да алтынға
айналдыруға
болады деп ойлады. Ол осы өнер қолынан келгендердің –
Гельвецийдің
, Элиастың, Фулканеллидің, Гебердің ғұмыр
суреттемелерін
оқыды ғой – сот тарихтар оны кезінде таң қалдырған-
ды
. Бұл адамдардың барлығы да өз жолдарының аяғына дейін жүре
алды
. Олар əлемді аралап сапар шегіп бақты, данагөй ғалымдармен көп
кездесті
, шүбəшілдерді күлкі ету үшін не бір ғаламаттар жасады,
өйткені
, ең бастысы – Пəлсапалық Тас пен Мəңгіліктің Сиқырты
Сусыны
олардың иелігінде болатын.
Бірақ
, Сантьяго кітаптардан Ұлы Туындының не екенін білгісі келіп
талаптанғанда
тұйыққа тірелді: онда таң қаларлық суреттерден өзге
жаппай
дабдырақ ойтүйіндер ғана бар еді.
- Осы алхимиктерде неге бəрі соншалықты астарлы болып келеді? –
деп
сұрады ол бір кешқұрым өз кітаптарынсыз зерігіп отырған
Ағылшыннан
.
– Өйткені, оларды түсіну осы жағдаятпен байланысты
жауапкершіліктің
барлық елшемін сезінгендерге ғана берілген. Өзің
көз
алдыңа елестетші, егер кім көрінген қорғасынды алтынға
айналдыра
бастаса не болмақ? Онда алтының тез арада қайтадан
қорғасынға
айналады. ¥лы Туындының құпиясы тек қана табандылар
мен
білетіндерге ашылады. Мінеки, мен қазір неге осы жерде, шөлдің
ортасында
келе жатырмын? Менің құпия жазуларды шешіп оқуға
көмектесетін
нағыз алхимикті кездестіруім керек.
- Ал, мына кітаптар қашан жазылған еді?
- Осыдан көптеген ғасырлар бұрын.
- Міне кердің бе, ол кезде баспахана станогы жоқ еді ғой. Бірақ, ол
кезде
болсын, қазір болсын – бəрібір – алхимияны игеру кім
көрінгеннің
қолынан келмейді. Неге мына кітап сондайлық құпия
тілмен
жазылған, əрі суреттері де сонша түсініксіз...
Ағылшын
ештеңе деп жауап қайырған жоқ. Тек шамалы үнсіздіктен
кейін
ол керуенге ықтиятты түрде көз тігіп келе жатқанын, бірақ,
пəлендей
жаңалық байқамағанын айтты. Тек тайпалар арасындағы
соғыс
турасында жиірек айтылып келеді.
Бірнеше
күндерден кейін Сантьяго Ағылшынға кітаптарын қайтарды.
- Ал, сен олардан не ұқтың? – деп жартылай кекесін, жартылай үмітпен
сұрады
анау: оған мазасын алған ойлардан алшақ болу үшін өз жайы
жайлы
біреумен сөйлескісі келді.
– Менің бар түсінгенім, – Əлемнің жаны бар жəне де осы жанды, оның
мəнін
аңғарған адам бар тіршіліктің тілін де ұғынады. Сонсоң
түсінгенім
– көптеген алхимиктер өз жолын тапқан жəне ғаламның
ханын
, Пəлсапалық Тасты жəне Мəңгіліктің Сиқырлы Сусынын ашқан
- деді де, бозбала сəл үндемей, былай деп қосты:
- Ал, ең бастысы - осының бəрі замартастың бір қырына ғана
сиятындай
оп-оңай.
Ағылшын
көңілі түңілгендей сезімге берілді. Оның өзі сонша ұзақ
оқығандары
да, дуагерлік нысандар да, данагөйлік сөздер де,
реторталар
мен колбалар да – Сантьягоға ешқандай əсер етпейді.
«Ол мұны түсінуге тым қарабайыр», - деп ойлады Ағылшын, сонсоң
кітаптарын
түйелерге артқан шабадандарға қайтадан тықты.
– Онда сен өз керуеніңді зерттей бер, - деді ол. – Саған менің
кітаптарымнан
мəн болмаған сияқты, маған да керуен онша əсер еткен
жоқ
.
Сөйтіп
Сантьяго тағы да шөлге үнсіз көз тігіп, түйелердің аяқтарының
астындағы
құмның қалай шықырлап, шаңы көтеріліп жатқанын
байқауға
кірісті.
«Əркімнің өзінің оқу тəсілі бар, - деп ойлады ол. – Оның тəсілі – маған,
менікі
- оған келмейді. Бірақ, біз екеуміз де өз жолымызды іздеп
келеміз
, тек осынысы үшін ғана мен оны сыйламай тұра алмаймын».
Керуен
енді түндер бойы да жүріп отырды. Баз-базда бəдəуилер пайда
болып
жолбасшыға əлденені хабарлап жатты. Сантьягомен іш
тартысып
кеткен түйелерді айдаушы тайпалар арасындағы соғыстың
басталып
кеткенін түсіндірді. Егер керуен көгалды алқапқа жете алса,
толайым
табыс болар еді.
Түйелер
мен аттар əбден шаршады, адамдар да үнсіз бола түсті, бұрын
жай
ғана кісінеу немесе пысқыру болса, енді, аттың кісінегені мен
түйенің
пысқырғаны тап бір жаудың жақындағанын хабардар еткендей
елдің
бəріне қорқыныш ұялатты.
Айтқандайын
, мал айдаушыны жақындағы қауіп-қатер қорқытқан жоқ.
– Мен тірімін, – деп түсіндірді ол Сантьягоға ай жарық шашпаған жəне
алаулар
жақпаған түндердің бірінде. – Міне, мен қазір құрманың
жемісін
жеудемін, яғни басқа ештеңемен айналыспаймын. Жол
жүргенде
жол жүремін, өзге ештеңе істемеймін. Егер сайысуға тура
келсе
, бұл күн де өзгелер сияқты өлім үшін оңтайлы болады. Өйткені,
мен
еткенде, болашақта емес, тап осы сəтте өмір сүріп тұрмын,
сондықтан
мені тек осы минөт қана қызықтырады. Егер сен қашанда
осы
болмыста қала алатын болсаң, онда өлімді пенделердің ішіндегі ең
бақыттысы
болар едің. Сен сонда шөлдің өмірсіз емес екенін, аспанда
жұлдыздар
жайнайтынын жəне жауынгерлердің адамзат қатарына
жататындықтан
айқасуды талап ететіндігін түсінер едің. Өмір сонда
мəңгілік
жəне аяқталмайтын мереке болар еді, өйткені, онда осы
сəттен
өзге ештеңе де жоқ болар еді-ау.
Екі
тəулік өткен соң, жолаушылар түнейтін жерлеріне жайғасып
жатқанда
оларға көгалды алқапқа алып баратын жолды көрсететін
жұлдызға
қарады. Оған кекжиектің сызығы төменірек тартылғандай
көрінді
: шөлдің үстіндегі аспанда жүздеген жұлдыздар жарқырап
тұрды
.
- Көгалды алқап дегеніміз əне – осы, - деді мал айдаушы.
- Ендеше біз оған неге бармаймыз?
- Өйткені, біздің ұйықтап алғанымыз абзал.
Сантьяго
күн көкжиектен енді көтеріле бастағанда көзін ашты. Ал,
түнде
жұлдыздар жарқырап тұрған жақта енді бүкіл шөлді орап
алғандай
сансыз құрма пальмалары көрінді.
- Біз жеттік! – деп іле оянған Ағылшын да айғайлап жіберді.
Сантьяго
үндеген жоқ. Ол бұған шөлдің өзінен үйренді, енді, оған
ағаштарға
жай ғана қараса да жетіп жатыр. Пирамидаларға дейін əлі
алыс
болатын. Ілгеріде бір уақытта бұл таң да оған тек естелік болып
қалады
. Бірақ, қазір ол осы минөтпен ғана тіршілік етіп тұрды да, өзін
мал
айдаушы үйреткендей, оны өткен жайлы естеліктер жəне болашақ
турасындағы
армандармен байланыстыруға тырысты. Иə, бір кезде
мына
мыңдаған құрма ағаштары естелікке айналады, бірақ, мына сəтте
салқындықты
, суды жəне қауіпсіздікті бейнелеп тұрды. Түйенің түндегі
осқырғаны
, жаудың жақындағанын белгiлегені тəрізді, пальмалардың
тізбегі
де құтылу ғажабын сездіріп жатты.
«Əлем ете көп тілдерде сөйлейді», – деп ойлады Сантьяго.
«Уақыт жылдамдау өтіп жатқанда, керуендер де тезірек қозғалады
екен
» деп ойлады Алхимик жүздеген адамдар мен жануарлардың
көгалды
алқапқа қалай еніп жатқанына қарап тұрып.
Тұрғындар
мен жаңа келгендердің айғайы естілді, тік көтерілген шаң
күннің
көзін көлегейледі, балалар бөгделерді тінте қарап, секірумен
жəне
шырылдаумен болды. Алхимик тайпа көсемдерінің жолбасшыға
қалай
жақындап келіп, онымен ұзақ əңгімелескенін байқастап тұрды.
Бірақ
, мұның бəрі де оны онша қызықтырған жоқ. Қаншама адамдар
келіп
жатты жəне кетіп жатты, ал көгалды алқап пен шөл мəңгі де
өзгеріссіз
қалпында қала берді. Ол бұл құмды патшалардың да,
қайыршылардың
да аяқтары қалай басқанын көз алдына елестетті, құм
желдің
жетеуімен өзінің порымын өзгертіп отырса да, ол да оны
Алхимик
бала кезінен есінен шығармағандай қалыпта қала беріпті.
Сонда
да көк аспан мен сары құмның орнына көз алдында
пальмалардың
жасыл желектері пайда болғанда əрбір саяхатшының
жанында
туындайтын қуаныш оған да берілді.
«Бəлкім, Құдай шөлді адам ағаштарға күлімдеу үшін жаратқан шығар»,
– деп ойлады ол.
Ал
, сонсоң ол назарын дүнияуи жағдаяттарға жұмылдыруға бекiндi. Ол
белгілердің
өзіне жасырын айтқанынан білетін еді – осы керуенмен
өзінің
құпия білімдерінің бір бөлiгiн беруге тиісті адам қоса жүреді.
Алхимик
ол адаммен таныс болмаса да, тəжірибелі көз тастасымен оны
көпшіліктің
арасынан бөліп алатындығына сенімді болатын жəне ол
өзінің
алдындағыдан нашар болмас деп үміттенді.
«Мен неге өзім білетіннің бəрін оған құпия хабарлауым керектігін
түсінбеймін
, – деп ойлады ол. – Əрі оларды жасырын жағдаяттар деп
айту
да қиын, өйткені, Құдай өз құпияларын барлық тіршілік иелеріне
ықыласпен
ашып береді ғой».
Алхимик
бұған бір түсінік табатын: берерге тиісті нəрсе – мен немесе
суреттермен
бейнелеуге қиын Таза Тіршілік жемісі. Адамдар
сөздермен
немесе суреттермен айналысып кетіп, ең аяғында жалпыға
бірдей
Тілді ұмытуға бейім тұрады.
Жаңа
келгендерді ұзатпай жергілікті көсемдерге əкеліп жатты.
Сантьяго
өз көзіне өзі сенбеді: көгалды алқап дегеніңіз тарих жайлы
кітапшаларда
жазылғандай, екі-үш ағашы бар құдық емес, – ол
қайсыбір
Испания деревняларынан да əлдеқайда ауқымды болып
шықты
. Ондағы құдықтар үш жүзге жетеді, ал пальмалар – елу мыңның
үстінде
, оған олардың арасындағы сан жетпейтін түрлі-түсті
шатырларды
қосыңыз.
– «Мың да бір түн», – деді Алхимикпен тезірек жолығуға
шыдамсызданған
Ағылшын.
Оларды
табан астында аттарды, түйелерді жəне адамдарды
тамашалаған
балалар дем арасында қоршап алды. Еркектер
жолаушылар
жолай қарулы ұрыстарды көрді ме деп сұрады, ал, əйелдер
көпестер
өздерімен бірге қандай кездемелер мен жарқырауықтар
əкелгендерін
білгілері келді. Шөлдің үнсіздігі енді алыстағы түс
іспеттес
болып қабылданды - у-шу əңгіме, күлкі мен айғай естілді, ал,
жолаушылар
бұрын тəнсіз рухтар ғана болса, енді ет пен сүйектен
жаралған
адамдарға тағы да айналған сияқты көрінді. Олар ырза да
бақытты
еді.
Мал
айдаушы Сантьягоға көгалды алқаптарды негізінен əйелдер мен
балалар
мекендейтіндіктен қашанда ешкімнің жері емес болып
есептелетіндігін
түсіндірді. Олар ешкімді де жақтамайды, сондықтан
жауынгерлер
кегалды алқаптарды баспана ретінде қалдырып, бір-
бірлерімен
шөлдің құмдарында соғысатын.
Жолбасшы
елді онша күш жұмсамай жинап алды, керуен көгалды
алқапта
тайпааралық кикілжің басылғанша қалатындығын хабарлады.
Жолаушылар
Заң бұйрық еткендей, жергілікті тұрғындардың
шатырларынан
баспана табады, олар бұларға шама-шарқыларынша
қонақжайлылық
көрсетеді. Ол одан кейін қаруы барлардың
барлығының
қару-жарақтарын тапсыруларын сұрады. Тіпті, керуенді
түнде
күзететіндер де сөйтетін болды.
– Соғыстың ережелері осындай, - деп түсіндірді ол. – Көгалды алқап
солдаттарды
немесе жауынгерлерді қабылдай алмайды.
Сантьяго
Ағылшын қалтасынан құрымдалған револьвер суырып алып,
оны
жинаушыға ұсынғанда өте таң қалды.
- Саған револьвердің қажеті не? – деп сұрады бозбала.
– Адамдарға сене білуге үйрену үшін, - деп жауап қайырды Ағылшын:
ол
жақын арада жолға іздеп шыққанды табатындығына өте разы еді.
Ал
, Сантьяго өзінің қазынасы жайлы ойға батумен болды. Ол өз
арманының
жүзеге асуына неғұрлым жақындаған сайын, оның
жолындағы
қиындықтар соғұрлым көп кездесіп жатты. Кəрі патша
Мельхиседектің
«Жаңа ізденушілердің жолы болғыш келеді» дейтіні
əрекет
етуден қалды, ал, ол түсінгендей, өз жолын іздеген адамның
табандылығы
мен ержүректілігі жүзеге асумен болды. Сондықтан ол не
асыға
алмайтын, не шыдамдылығын жоғалта алмайтын, əйтпесе, Тəңірі
оның
жолында таратып қойған белгілері солайша байқалмаған болып
қалуы
кəдік.
«Тəңірі бəрін орын-орнына қойған» – деп қайталады ол, осы ойына таң
қалып
. Осыған дейін оған бұл белгілер - əлемнің аштық пен
шөлдегендік
, махаббат не кəсіп іздеген сияқты бөліктері болып
көрінетін
. Ол бұл – Құдайдың өзінен нені қажет ететіндігін көрсететін
тілі
екен деп ойламаған еді.
«Асықпа, - деді ол өзіне. – Түйелерді айдаушы айтқандай, тамақ ішетін
сағатыңда
дəміңді іш, ал жол жүрудің уақыты келді ме – сапарыңа
аттан
».
Алғашқы
күні жұрттың бəрі – оның ішінде Ағылшын да бар – жолда
ұйқыларын
қандыруға тырысты. Сантьягоны жастары өзімен
құралпылас
бес бозбаламен бірге бір шатырға жатқызды. Олардың бəрі
де
жергілікті еді, содан болар, үлкен қалалардағы тіршілік жайлы
білгілері
келіп, жандары қалмай жатыр.
Ол
оларға қойды қалай баққанын айтып үлгеріп, енді хрусталь
бұйымдар
лəпкесіндегі жұмысына ауыса бергені сол еді, шатырға
Ағылшын
кіріп келді.
- Сені таң атқалы іздеудемін, – деді ол Сантьягоны сыртқа шығарып
алып
. – Сен маған керексің. Маған алхимикті тауып алуға көмектес.
Олар
екі тəулік бойы əрқайсысы өз алдына оны іздеумен болды,
алхимик
өзгелерден басқаша тұратын болар, оның шатырында дəйім от
жанып
тұратын шығар деп пайымдады. Бұлар көгалды алқаптың бір
қиырынан
екінші шетіне шықты, сондағы ұққандары - оазис алғашқы
көрінгеннен
əлдеқайда үлкен екен – онда жүздеген шатырлар бар еді.
– Тұтас күнді текке жоғалттық, – деді Ағылшын, құдықтардың бірінің
қасына
жайғаса беріп.
- Ол жайлы сұрастыру керек еді, - деді Сантьяго.
Бірақ
, Ағылшын қобалжып отырды – ол өзінің барлығын білдіргісі
келмеген
-ді. Əйткенмен ақыры көнді де, арабша жақсы сөйлейтін,
құдыққа
келген əйеге жүгінді.
– Қайырлы күн, ханым. Сіз бізге алхимикті қайдан табуға болатынын
айта
алмайсыз ба? – сұрады ол.
Əйел
ол турасында ешқашан естімегенін айтып, жауап қайырды да,
кеткенше
асықты. Рас, оның алдында ол Сантьягоға жергілікті əдет-
ғұрыпты
сыйлауға міндетті екенін, соған орай қара киім киген күйеуге
шыққан
əйелден жөн сұрауға болмайтындығын ескертті.
Ағылшын
қатты түңілді. Осынша жол жүргенде бəрі босқа кеткені ме?!
Бозбала
да ол үшін қынжылған еді – оның жолсерігі де өз жолын іздеді
ғой
. Ал, ондайда Мельхиседектің сөзіне сенсек, Ғалам адамның
табысқа
жетуі үшін оған көмекке келеді. Қария патша неғып қателесті?
— Мен бұрын алхимиктер жөнінде ешқашан ештеңе естімеген
болатынын
, - деді oл. – Əйтпесе саған қозғалыс жасауға тырысар едім.
Ағылшынның
жанары жарқ ете түсті. Мұнда оның алхимик екенін
ешкім
білмейді. Кез-келген сырқатты жаза алатын адам жайлы сұрау
керек
!
Құдыққа
қара киім киген бірнеше əйел келді, бірақ Сантьяго Ағылшын
одан
қанша өтінсе де, оларға сауал қоймады. Міне, ақыры еркек те
пайда
болды.
– Сіз осы жерде барлық ауруларды емдейтін адамды білмейсіз бе? – деп
сұрады
бозбала.
– Барлық ауруларды тек Алла ғана емдейді, – деп жауап қайтарды анау
жат
елдіктерге үрке қарап. - Сіздер сиқыршы балгерлерді іздеп
жүрсіздер
ме?
Ол
Құраннан бірер сүрені күбірлеп айтты да, өз жөнімен кетті.
Арада
шамалы уақыт өткеннен кейін тағы біреу келді, оның жасы
мосқалдау
, қолында шелегі бар екен. Сантьяго əлгі сауалды оған да
қойды
.
- Сіздерге ондай адамдар неге қажет? – деп сұрады анау.
– Менің досым оны табу үшін ұзақ жол жүрді.
– Егер біздің көгалды алқапта ондай адам болса да, ол аса құдіретті
адам
болуы керек, - деді қария ойланып барып. – Тіпті тайпа
көсемдерінің
өздері де қажет еткенде көре алмайды. Олар онымен
мұны
ол қажетсінгенде ғана кездесе алады. Осы жерде соғыстың
біткенін
күтіңдер, ал, сонсоң қайтыңдар. Сендерге біздің көгалды
алқаптың
тіршілігіне араласуға болмайды, – деді де, ол да жайына
кетті
.
Бірақ
Ағылшын ізге түскенін сезініп қатты қуанды.
Ақыры
құдыққа қара киім киген келіншек емес, иығында құмырасы
бар
қыз келді. Оның басында жамылғысы болғанмен, беті ашық еді.
Сантьяго
одан алхимик жөнінде сұрауға бел шешіп, жақындап барды.
Тап
осы сəтте уақыт тоқтап қалып, Ғалам Жаны оның алдында бар
құдіреттілігімен
бой көрсеткендей болды. Осынау қыздың қара
көздеріне
не жабыларын, не жымиыспен дір еткісі келетінін білмей
тұрған
сыңайлы еріндеріне қараған Сантьяго қас қағымда əлем
сөйлейтін
жəне барлық адамдар жүрегімен түсінетін тілдің ең
байыпты
, ең данагөйлік бөлігін түйсінді. Ол тіл – Махаббат деп
аталады
, ол адамзат жаратылғаннан да, мына шөл пайда болғаннан да
көне
тіл. Ол еркек пен əйелдің жанарлары түйіскенде өз еркімен
керініс
береді – міне, жаңа ғана, осы құдықтың басында солай болды.
Қыздың
еріндері ақыры жымиюға қарай ойысты, ал, бұл – Сантьяго өзі
де
білмей көптен күткен, өз қойлары мен кітаптардан, замартас пен
шөлдің
тылсым тыныштығынан талмай іздеген белгінің тура өзі еді.
Бұл
аударма мен түсініктемелерді өз жолын шексіздікке салған Ғалам
тəрізді
қажетсінбейтін таза да ұғынықты тіл болатын. Сантьяго сол
минөтте
-ақ өзінің тағдыр қосқан жарының алдында тұрғанын
түсінген
-ді, əрі қыздың сөйткенін, тіс жармай-ақ ұққанын қалаған-ды.
Ол
бұған қалтқысыз - өз ата-анасының ұлы екендігінен де артық
сенімді
еді, дегенмен əке-шешесі алдымен ғашық болу керек, сонсоң
құда
түсіп, болашақ келінді түбегейлі түрде біліп, одан соң қаржы
жинап
барып үйлену керек дейтіндері күмəнсіз болатын-ды.
Бірақ
мұндай кеңес беретін адам Жалпыға бірдей Тілді білмейді,
өйткені
, оған берілгенде мына жағдаят айқындалады: шөлдің
ортасында
ма, жоқ əлде үлкен қалада ма – қашанда бір адам тосып
жəне
екіншісін іздеумен болады. Ал, осы екі пенденің жолдары
тоғысып
, жанарлары шарпысқанда, өткен де, болашақ та бар
мағынасын
жоғалтады, тек осы жалғыз минөт пен əлемдегінің барлығы
бір
ғана қолмен жазылып қойған деген ақылға сыймайтын сенімділік
болады
. Бұл қол жан қойнауындағы махаббатты оятады да, жұмыс
істейтін
, дем алатын немесе қазыналар іздейтін əркім үшін егіз жанды
табады
. Əйтпесе, адамзатты баурап алатын армандарда титтей де мəн-
мағына
болмаған болар еді.
«Мактуб», - деп ойлады бозбала. Ағылшын орнынан атып тұрды да,
Сантьягоны
иығынан жұлқып-жұлқып жіберді:
- Ал, мынадан сұрасаңшы енді!
Сантьяго
қызға қарай жақындады. Ол оған күлімсіреп мойын бұрды,
бұл
да жауап қайырған ретте жымиды:
- Сенің есімің кім? – деп сұрады ол.
- Фатима, - деп жауап қайырды қыз жанарын темен салып.
– Мен туған өлкелердегі көптеген əйелдердің де аты осындай.
– Пайғамбардың қызын солай атаған, - деді Фатима. – Біздің
жауынгерлер
бұл есімді алыс жерлерге жеткізген. – Мына нəзік те əсем
қыздың
сөздерінен мақтаныш мен мұндалап тұрды. Ағылшын
шыдамсызданып
, Сантьягоны түртпектей берді, сонсоң ол қыздан
барлық
науқастарды емдейтін адамды білмей ме екен деп сұрады.
- Ол – əлемнің барлық құпияларына ие болған адам, - деді қыз. - Ол
шөлдің
жындарымен сөйлеседі.
Жын
- əзəзіл, пері. Қыз оңтүстікті керсетті – бұлар іздеген адам сол
жақта
тұрады екен. Сонсоң құмырасына су толтырып алды да, кетіп
қалды
.
Ағылшын
алхимикті іздеп кетті. Ал, Сантьяго болса, тағы да құдық
басында
ұзақ отырып ойға батты: бір кезде оның елінде шығыстан
соққан
желдің осынау əйелдің жұпар иісін жеткізгенін, ол əйелдің бар-
жоғын
білмей тұрып оны сүйгенін жəне осы махаббаттың жердегі бар
қазыналардан
да артық екенін түйсінді.
Ертеңіне
ол тағы да құдық басына келіп қызды тосып отырды. Бірақ, ол
одан
алғаш рет шөлге тесіле қарап отырған Ағылшынды көріп, таң-
тамаша
қалды.
– Мен кеш бойына, қараңғылық үйірілгенше тостым, деді анау. -
Алғашқы
жұлдыздар жанғанда ол да келді. Мен оған не іздеп
жүргенімді
айттым. Ал, ол менен қорғасынды алтынға айналдыру
ендігі
мүмкін болды ма деп сұрады. Мен осыны үйренгім келеді деп
жауап
қайырдым. Ол маған тағы да талаптанып көруді бұйырды: «Бар
дағы
, байқап көр» деді.
Сантьяго
бəсеңсіп қалды. Сонда Ағылшын онсыз да білетіні жайлы
естуі
үшін əлемді соншалықты шарлаған болғаны ма? Осы кезде ол өзі
де
қойларының төлеміне дəнеңе алмай Мельхиседекке бергенін есіне
түсірді
.
– Онда байқап көр! – деді ол.
– Өзім де сөйтпекпін, тіпті, дəл қазір бастаймын, – деп Ағылшын
кеткен
арада, өз құмырасымен Фатима пайда болды.
— Мен саған бір ғана жайды айтуға келдім, – деді бозбала. – Сен менің
əйелім
болғаныңды қалаймын. Мен сені сүйемін.
Қыз
ыдысын түсіріп алды да, су төгіліп қалды.
- Мен сені осы жерде тосатын боламын. Өзім қазыналар іздеумен олар
пирамидалар
маңайында дегенге шөлді қиып өттім. Бірақ, бұл кезде
мына
соғыс басталды.
Мен
алдында оны қарғап едім. Ал, енді оған ырзашылығымды
білдіремін
, өйткені ол мені саған жолықтырды.
- Соғыс əйтеуір бір кезде аяқталады ғой, – деп жауап қайырды қыз.
Сантьяго
құрма ағаштарына көз салды. Ол бір кезде малшы болған, ал
бұл
көгалды алқапта қой көп. Фатима барлық қазыналардан қымбат.
Бірақ
, тура оның ойларын оқығандай, одан əрі жалғастырды:
— Жауынгерлер қазына іздейді. Ал, шөлдің əйелдері оларды мақтан
етеді
. Сонсоң өз құмырасын мөлтілдете толтырып алды да, кетіп қалды.
Сантьяго
құдық басына күн құрғатпай келіп тұрды. Ол Фатимаға қалай
қой
баққанын, Мельхиседекпен қалай кездескенін, хрустальмен қалай
сауда
жасағанын да айтып үлгерді. Олар бірте-бірте достасып кетті.
Бозбалаға
онымен бірге өткізген 15 минөттен езге уақыт ұзақты күнге
бітпей
қоятындай созылатын болды.
Ай
біткен күні Жолбасшы барлық саяхатшыларды өзіне жинап алды.
- Соғыстың қашан аяқталары белгісіз, – деді ол. – Біз енді жолымызды
жалғастыра
алмаймыз. Ал, ұрыстар əлі ұзаққа, тіпті, жылдар бойы да
созыла
береді. Əрбір жауласқан тайпалардың қайсысында болмасын,
батыр
да, күшті жауынгерлер баршылық, тайпалардың қайсысы
болмасын
, өз ар-намыстарын бағалай біледі жəне де қарулы
қақтығыстардан
бой тасаламайды. Мұнда жақсылар жамандармен
соғыспайды
, мұнда билік үшін соғысады, ал, ондай соғыстар бір
басталса
, ұзаққа дейін бітпейді, өйткені, Алла соғысушы екі жаққа да
демеу
керсетеді.
Жиналғандар
тарасты. Сантьяго Фатиманы көргеннен кейін оған
Жолбасшының
сөздерін жеткізді.
– Біз кездескеннің ертеңіне-ақ, - деді қыз, - сен маған сүйетіндігіңді
жеткіздің
. Ал сонсоң Жалпыға бірдей Тіл жəне Ғаламның жаны сияқты
ғажайып
нəрселер жайлы айттың – соның əсерінен бе, мен бірте-бірте
сенің
бір бөлігіңе айналып жатқандаймын.
Сантьяго
оның дауысына құлақ түрді жəне ол құрма ағаштарының
жапырақтарындағы
желдің сыбдырынан əсемірек болып естілді.
– Мен сені мына құдықтың басында баяғыдан күтудемін. Мен өз
өткенімді
, біздің тайпадағы еркектердің пікірінше қыз бала өзін қалай
ұстауы
керек жайлы əдет–ғұрыптарды ұмыттым. Мен балғын бала
шағымнан
бері шөл маған өмірімде болмаған сыйлық береді деп
армандайтынмын
. Енді, міне, мен ол сыйлықты алдым. Ол – сен.
Сантьяго
оны қолынан алғысы келіп еді, бірақ, Фатима құмыраны
мықтап
ұстаған қалпы тұра берді.
– Сен маған өзіңнің түстерің, қарт патша Мельхиседек жайлы,
қазыналар
, белгілер жайлы айттың. Мен енді ештеңеден де
қорықпаймын
, өйткені, сені маған тап солар берді. Ал, мен – сенің
арманыңның
, сенің тағдырыңның бір бөлігімін. Сондықтан мен сенің
тоқтамағаныңды
, іздегеніңді іздей бергенді жалғастыруыңды
қалаймын
. Егер саған соғыстың біткенін тосуға тура келсе, қорқатыны
жоқ
. Бірақ, егер ерте кетуіңе тура келсе, онда Өз Тағдырыңды іздеуге
жөнелгейсің
. Жел құм шағылдардың түрін өзгертеді, бірақ шөл
бұрынғысынша
қала береді. Сондай-ақ біздің махаббатымыз да
бұрынғыдай
болып қалады.
Мактуб
.
Егер
мен сенің тағдырыңның бір бөлігі болсам, сен маған əйтеуір бір
ораласың
.
Сантьягоны
мына əңгіме қынжылтты. Бозбала оның көптеген таныс
малшылары
əйелдерін алыстағы жайылымдарсыз еш болмайтындығын
иландыруға
қаншама күш жұмсағандықтарын есіне түсіріп келе жатты.
Ал
махаббат болса, сенің өз сүйгеніңнің жанында болғаныңды талап
етеді
.
Ертеңіне
ол осы турасында Фатимаға айтып берді.
— Шөл біздің еркектерімізді алып кетеді де, əмəнда қайтара бермейді,
- деп жауап қайырды қыз. – Біз оны білеміз, əрі оған үйренгенбіз. Олар
оралмаса
да, бірақ, қашанда жаңбыр болып жаумаған бұлттар,
тастардың
арасына жасырынған аңдар, жердің бізге шарапат ретінде
сыйлаған
суы кейпінде бізбен бірге қалады. Олар бар болмыстың бір
бөлігіне
айналады, Ғаламның жанына барып құйылады.
Кейбіреулерге
қайтып оралу мүмкіндігі туады. Сонда біздегі
əйелдердің
бəрінде бірдей мейрам болады дей беріңіз, өйткені, өздері
күтіп
отырған күйеулері де əйтеуір бір келеді ғой. Бұрын мен бұл
əйелдерге
қызғанышпен қарайтынмын. Енді, менің де тосатын адамым
бар
.
Мен
– шөлдегі əйелмін жəне мұны мақтан етемін. Мен өзімнің күйеуім
де
құмды айдайтын жел іспеттес еркін болғанын, оның да бұлттардан,
аңдардан
жəне судан айырғысыз болғанын тілеймін.
Сантьяго
Ағылшынды іздеуге шықты. Ол оған Фатима жайлы айтқысы
келді
жəне ез шатырының жанына ошақ, ал, оған шыны ыдыс қойғанын
көріп
таң қалды. Ағылшын пешке шөпшек тықпалап, отты сөндірмей,
əрі
шөлге қараумен отырды. Оның көздерінде от кітаптан бас алмаған
кезде
білінбеген жарқыл пайда болыпты.
– Бұл – жұмыстың бірінші кезеңі, – деп түсінік айтты ол Сантьягоға –
Таза
емес күкіртті бөліп алу керек. Ең бастысы – қолға алған істен
ештеңе
шықпады деп қорықпаған жөн. Міне, мен де қорқып, тап
бүгінгі
күнге дейін Ұлы Туындыға кірісе алмай келдім. Менің қазір
істеп
отырғанымды осыдан он жыл бұрын да жүзеге асыруға болатын
еді
. Қайта менің жиырма емес, он жыл күткенімнің өзі бақыт.
Ол
пешке шөпшек тықпалағанын, шөлге қарағыштағанын жалғастыра
берді
. Сантьяго оның қасында батып бара жатқан күннің сəулесі құмды
қызғылт
түске бояғанға дейін отырды. Осы сəтте ол шөлдің
үнсіздігінен
оның сауалдарына жауаптар табылар-табытмасын тексеру
үшін
табан астында шіркін сонда барсам деген ынта-жігерді басынан
өткерді
.
Ол
бірталай уақыт басы ауған жаққа қарай жүре берді, тек баз-базда
көгалды
алқаптан көз жазып қалмас үшін құрма ағаштарына бұрыла
қарап
отырды. Ол желдің дауысын естіді, аяғының астынан тастар да
сезілді
. Кейде қабыршақтар да көрінді - не ықылым заман бұрын осы
өңірде
теңіз болған ғой. Сонсоң тасқа отырды да, құмар болған кейіпте
көкжиекке
кезін тікті. Ол əлденеге ие болмайтын махаббатты елестете
алмайтын
, бірақ, Фатима шөлде туған жəне де оны бір нəрсеге
үйрететін
болса, ол тек шөл ғана емес пе?
Ол
жоғары жақтан əлдебір леп соққанын сезінгенше ештеңе ойламай
отырды
да қойды. Көздерін аспанға тіккенде, биіктегі екі тұйғын
қаршығаны
керді.
Сантьяго
оларды ұзақ байқастап, заңғарда қандай өрнектер
тастайтындығын
бақылады. Қаршығалар мағынасыз да мақсатсыз
қалықтап
жүргендей көрінді, бірақ, бозбала олардың ұшуында əлдебір
маңыз
барын сезінді, десе дағы нақ қандай екенін айта алмас еді. Ол
құстардың
əр қозғалысын жанарымен ұзатып отыруға бекінді – бəлкім,
олардың
тілі сонда түсінікті болар. Мүмкін, сонда шөлдің өзі де иелік
етпейтін
махаббаттың не екенін түсіндірер?
Кенет
оны ұйқы баурай бастады. Жүрегі: «Сен Жалпыға бірдей Тілді
игеруге
жақынсың, ал, бұл өлкеде бəрі де, тіпті аспандағы
қаршығалардың
ұшуы да мағынаға толы» деп қарсы уəж айтқандай
болды
. Сантьяго өз тағдырын махаббатқа толы болғандығы үшін ойша
марапаттады
.
«Ғашық болған кезіңде бəрі де биік мағынаға ие болады» – деп ойлады
ол
.
Осы
минөтте бір қаршыға екіншісіне қатты шүйлікті, сол сəтте-ақ
бозбаланың
көз алдына жалаң қылыштарымен көгалды алқапқа
жауынгерлердің
кіріп келе жатқаны елес берді. Бұл сурет үрейлену мен
толқу
қалдырды да, жоқ болды. Ол даладағы сағымдар жайлы көп
естіген
еді жəне өзі адамдар тілектерінің өздеріне шөлдің қиырсыз
құмдарында
қалай «тірілгендерін» бірнеше рет көрген де болатын.
Бірақ
, ол көгалды алқапқа əскерің жұтынып кіргенін əсте тілеген жоқ-
ты
.
Сантьяго
бұл ойларды зердесінен лақтырып тастап, қызғылт құмдар
мен
тастарды меңзей қарауды жалғастыруға талаптанғысы келді. Бірақ,
оған
ойын шоғырландыруға əлдене кедергі жасап жəне жүрегі де
мазасыздануын
жалғастыра берді.
«Қашанда белгілердің айтқанымен жүріп отыр» - деп ақыл беріп еді
ғой
Мельхиседек патша.
Бозбала
Фатима жайында ойға батты. Не көргенін есіне алды да,
бірдеңе
болуы қажеттігін сезінді.
От
мелшиіп қатып қалған қалпынан əрең босанды. Тұрды да, кейін
қарай
құрма ағаштарына бет алды. Ғалам оған тағы да көптеген
тілдерде
сөйлейтіндігін көрсетті: енді шөл ғана емес, көгалды алқап та
қорқыныш
жасырып тұрғандай болды.
Түйе
айдаушы пальманың діңіне арқасын сүйеп, ол да батысқа көз тігіп
отырды
. Осы минөтте құм шағылдың əр жағынан Сантьяго пайда
болды
.
– Мұнда əскер келе жатыр, - деді бозбала. – Маған елес көрінді.
— Шөл еркектердің жүректерін елестермен толтырады, - деп жауап
қайырды
түйе айдаушы.
Бірақ
бозбала оған қаршығалар туралы, өзінің олардың қалай ұшқанын
байқастағанында
кенет Ғаламның жанына терең бойлағанын айтты.
Түйе
айдаушы таң қалған жоқ – ол бозбаланың не жайында айтып
отырғанын
түсінді. Ол жер бетіндегі кез келген заттың бүкіл жердің
тарихын
айтып бере алатындығын білетін. Кітапты қай бетінен болсын
аш
, адамның қолдарына қара, колодадан кез келген картаны ал,
қаршығаның
аспанда қалықтауын бағдарла - тап осы минөттегі
тіршілігіңмен
байланысын бұлжытпай таба аласың. Жəне мəселе бұл
жерде
тек нəрселердің өздерінде ғана емес, сондай-ақ адамдардың
оларға
қарап Ғаламның жанына енетін тəсілді ашатындығында жатыр.
Шөлде
өздерінің Ғалам Жанына бойлай білуімен нан тауып жейтін
адамдар
көп. Əйелдер мен қариялар олардан тайсақтайды, ал өздерін
олар
сəуегейзер деп атайды. Жауынгерлер оларға сирек жүгінеді,
өйткені
өзіңді өлтіретінін біле тұра ұрысқа кіру қиын ғой.
Жауынгерлер
белгісіздікті жəне ұрыстың адамға сыйлайтын
сезіністерін
жөн көреді. Болашақ Алла Тағаланың қолымен жазылған
жəне
ол тақталарда не айтылса да ол жазған, ал Оның жазғаны қашанда
адамның
игілігіне жараған.
Жауынгерлер
тек осы уақытпен ғұмыр кешеді, өйткені, ол күтпеген
жағдаяттарға
толы, сондықтан мың түрлі дерлік қилы нəрселерге назар
аударуға
тура келеді: жаудың қылышы сенің басыңның қай жағынан
сілтенеді
, оның аты қалай шапқылайды, егер сен өміріңді сақтағың
келсе
, оның соққысын қалай жасқау керек деген сияқты...
Бірақ
, түйе айдаушы жауынгер емес-ті, сондықтан ол қазірдің өзінде
сəуегейлерге
сан рет жүгінді: біреулері айна-қатесіз болжап берді, ал,
кейбіреулерінің
қолынан бұл келмеді. Ал, бірде олардың ішіндегі ең
кəрісі
(жұрт одан өзгелерден гөрі қаттырақ қорқатын) ол болашақты
неге
білгісі келетінін сұрады.
– Мен не істеуім керектігін білгім келеді, - деп жауап қайырды анау. —
Менің
болдырғым келмейтін оқиғалардың жүрісін өзгертуіме
мүмкіндік
туар еді.
– Бірақ, онда сенің болашағың болмайды, - деді Сəуегей.
- Мүмкін мен өзім күтіп тұрған жағдаятқа əзірлене алатын шығармын.
- Егер əлдеқандай жақсы жағдаят болса, бұл күтпеген жағымды
жаңалық
болады. Ал, нашар жағдаятты сен көп күн бұрын сезінесің.
– Мен өзіме не болатынын білгім келеді, өйткені, мен адаммын ғой, -
деді
бұған түйе айдаушы. – Ал, адамдар өз болашағына кіріптар емес
пе
?
Сəуегей
едəуір уақыт үн қатпады. Ол тағдырды жерге шыбықшалар
тастап
, олардың қалай жатқанына қарап болжайды екен. Сол күні ол
бал
ашқысы келмеді де, шыбықшаларды орамалға орап, қалтасына
салып
қойды.
– Мен адамдарға оларды алда не күтіп тұрғанын айтумен нан тауып
жеймін
, - деп жауап қайырды ол ақырында. — Мен шыбықшаларды
қалай
тастау керектігін білемін, əрі олардың көмегімен бүкіл адамдар
жайлы
жазылған кеңістікке ене аламын. Ал, оған енгеннен кейін мен
өткенді
оқимын, ендігі ұмыт болған жайтты ашамын жəне қазіргі
уақыт
белгілерін айырамын.
Мен
болашақты оқымаймын, тек оны шешемін, өйткені, ол Алланың
құзыретіне
жазылған, ал, ол тек ерекше жағдайларда ғана оларды
бүркеп
тұрған пердені сəл көтереді. Менің бұған қолым қалай жеткен?
Қазіргі
уақыттың белгілері бойынша. Бар құпия дəл қазіргі уақыттан
орын
тепкен. Оған қажетті назар аударсаң - оны жақсарта аласың. Ал,
өзіңнің
қазіргі жағдайыңды көтерсең, ілгерідегі ахуалды да бапты
етесің
. Алдағыны уайымдамай, нақ осы шақта ғұмыр кеш жəне сенің əр
күнің
Заңда уағыз етілгендей өтетін болсын. Жасаған сенің
балаларыңның
қамын қаузайтындығына кəміл сенгейсің. Əр күн өзінде
мəңгіліктің
бір бөлшегін алып жүреді.
Сонда
түйе айдаушы Жасаған болашақты білуге жол ашатын ерекше
жағдаяттардың
не екендігін білгісі келді.
- Егер Ол өзі болашақты ашқысы келсе ғана. Ал, Алла Тағала
болашақты
өте сирек ашады. Ал, ол ейтетін болса, тек қана бір себеп
жетелейді
: ол үшін алда белгіленген жағдаят өзгертілуі қажет.
«Мына бозбалаға жасаған болашақтың жетегін ептеп көтеріп
көрсеткен
екен, - деп ойлады осы сəтте түйе айдаушы, – Ол оны өзінің
қаруы
ретінде таңдап алған».
– Көсемдерге жөнел, - деп бұйырды ол Сантьягоға. – Оларға бізге əскер
жақындап
келе жатқандығы жайлы айт.
- Олар мені күлкіге көтереді ғой.
– Жоқ. Олар шөлдің перзенттері, ал бұл олар белгілер мен ырымдарды
елеусіз
қалдырмауға дағдыланған деген сөз.
- Онда олар өздері де бəрін білулері керек.
- Олар бұл жайлы қинала қоймайды, өйткені, оларға Алланың
пəрменімен
бірдеңе білу қажет болса, біреу келіп, айтып беретіндігіне
сенеді
. Бұрын талай рет солай болған-ды. Ал, енді қазір сол біреу сен
боласың
.
Сантьяго
Фатима жайында ойлады да, көгалды алқапты мекен еткен
тайпалар
көсемдеріне барып сəлем беруге бел буды.
– Мені көсемдерге өткiз, - деді ол дaғaрaдай ақ шатырдың кіре
берісінде
тұрған сақшыға. - Мен шөлде белгілер көрдім.
Жауынгер
үндеместен шатырға кірді де, онда едəуір ұзақ отырды.
Сонсоң
алтындатқан бурнус киген жас арабпен бірге шықты. Араб күте
тұруды
сұрады да, шатырға қайта кіріп кетті.
Біраздан
соң түн жайғасты. Арабтар мен өзге елдерден келген көпестер
кіріп
-шығып жатты. Көп ұзамай алаулаған оттар да сөнді, сөйтіп
көгалды
алқап та бірте-бірте шөл сияқты үнсіз қалды. Тек үлкен
шатырда
ғана от жанып тұрды. Сантьяго осы уақыт бойына сондағы
əңгіменің
төркіні түсініксіз болса да ол Фатиманы ойлаумен болды.
Ақыры
сонша ұзақ тосқаннан кейін оны шатырға енгізді.
Сондағы
көргені ғажап қалдырды. Ол шөлдің нақ ортасында ондай
болуы
мүмкін деп ойлаған жоқ еді. Аяқ астында ғаламат кілемдерден
титтей
де бос жер жоқ, ал жоғарыдан шырағдандары таза алтыннан
жасалған
шамшырақтар ілулі тұрды. Шатырдың төрінде жібек, керемет
кестеленген
жастықтарға қисайған тайпа көсемдері айнала отыр екен.
Қызметшілер
күміс легеншiктермен шай жəне қилы тəтті тағамдар
тасып
жүрді. Өзгелері наргиле отының сөніп қалмауын қадағалап
отырды
, ал, ауада темекі түтінінің хош иісі айқын сезіліп тұрды.
Сантьягоның
алдында сегіз адам отырды, бірақ, ол солардың
ортасынан
алтынмен бедерленген бурнус киген арабтың көсем
екендігін
бірден ұғынды. Оның қасында шатырдан қарсы алуға шыққан
адам
тізерлесіп отырды.
– Белгілер жайлы түсінік айтып жүрген жат елдік кім? – деп сұрады
олардың
бірі.
– Ол – мен, - деп жауап қайырды да, Сантьяго көргенінің барлығын
хабарлап
берді.
- Егер шөл біздің арғы ата-бабаларымыздың осында мекендегенін
білетін
болса, ол жайында бөгде адамға айтуға неге бел буған? – деді
көсемдердің
екіншісі.
- Өйткені, менің көздерім əлі шөлге үйрене қойған жоқ, сондықтан
жергілікті
тұрғындардың жанарлары аңғармаған нəрселерді байқап
қалады
, – деп Сантьяго жауап қайырды да, ішінен:
«Жəне өйткені, маған ғаламның жаны айғақталған», - деп қосып қойды.
Ол
мұны дауыстап айтқан жоқ – арабтар ондай нəрсеге сенбейді.
- Көгалды алқап - ешкімнің де еншілес жері емес. Сондықтан мұнда
кім
болса да бас сұғуға бата алмайды, - деп үшінші көсем айғайлап та
жіберді
.
– Мен тек өз көргенім жайлы айтып отырмын. Сенбейсіздер ме – бəрін
сол
қалпында қалдырыңыздар.
Шатырдың
ішін тылсым тыныштық кернеп кеткендей болды да, сонсоң
көсемдер
өзара дау-дамайға кірісіп кетті. Олар тілдің Сантьяго
түсінбейтін
тармағында сөйлеп жатты, бірақ, ол шығуға
ыңғайланғанда
күзетші оны ұстап қалды. Бозбаланы қорқыныш билеп
алды
. Белгілер қауiптi меңзеп тұрған болатын, сондықтан ол түйе
айдаушыға
бəрін жайып салғанына өкiндi.
Бірақ
, тең ортада отырған ақсақал сəл ғана жымиып еді, Сантьяго
бірден
тыныс тапты. Ол кісі бұған дейін тіс жарған жоқ-ты, əрі дау-
дамайға
да араласпады. Бірақ, өзіне Ғалам Тілі ұғынықты болған
бозбала
соғыстың жақындағанынан шатырдың селкілдегенін сезініп
тұрды
да, мұнда келгенім дұрыс болған екен деп ой түйді.
Барлығы
үнсіз қалды да, ақсақалдың айтқанына ыждағатпен құлақ
түрді
. Ал ол бозбалаға бұрылды, Сантьяго бұл жолы оның дидарынан
салқын
леп ескендей сезінді.
– Осыдан екі мың жыл бұрын түске сенетін адамды осы жерден қиыр
шалғайдағы
құдыққа тастап, одан құлдыққа сатып жіберіпті, – деді
ақсақал
. – Біздің көпестер оны Мысырға апарыпты. Біз бəріміз түстерге
сенетін
адам оларды жори алатынын да білеміз.
«Түстерді əрдайым өңге айналдыра алмаса да», – деп ойлады Сантьяго,
кəрі
сыған кемпірін есіне түсіріп.
— Пірғауынға оның жеті арық жəне жеті семіз сиыр жайлы көрген
түсін
жорып берген адам Мысырды аштықтан құтқарды. Оның есімі
Жүсіп
болатын. Ол да жат елдік, жас мұғдары да сен құралпылас
болған
. – Ол үнсіз қалды, жанарынан бұрынғыша сатқын леп сезіліп
тұрды
.
- Біз қашанда əдет-ғұрыптың айтқанымен жүріп-тұрамыз. Əдет-ғұрып
Мысырды
аштықтан құтқарды, оның халқын ең бай ел жасады. Əдет-
ғұрып
шөлді қалай қиып өтуді жəне біздің қыздарымызды қайда
ұзатуды
үйретеді. Əдет-ғұрып көгалды алқапты ешкімнің де жері емес
деп
баяндайды, өйткені соғысушы екі жақ та оған мұқтаж болады,
əйтпесе
онсыз қырылып қалады.
Ешкім
де ештеңе деген жоқ.
– Бірақ əдет-ғұрып сондай-ақ бізге шөлдің жолдамаларына сенуді
бұйырады
. Біздің бар білетінімізге шөл үйреткен.
Оның
емеурінімен барлық арабтар орындарынан тұрды. Кеңес
аяқталды
. Наргиле сөндірілді, күзетшілер сап түзеді. Сантьяго шығуға
оңтайлана
беріп, ақсақал тағы да сөйлеп кетті:
- Ертең біз көгалды алқапта қару тағынуға ешкімнің құқығы жоқ
дейтін
заңды бұзғалы отырмыз. Біз ұзақты күнге жауды тоспалаймыз,
ал
, күн батқанда менің жауынгерлерім қаруларын тағы да өзіме
тапсырады
. Əр өлтірген он жау үшін сен алтын теңге аласың. Бірақ,
қолға
алған қаруды жай ғана орнына қоя салуға болмайды, ол жау
қанының
дəмін татуы тиіс. Ол шөл сияқты қыңыр болып кетеді, кейде
сілтенуден
бас тартуы кəдік. Ертең біздің қаруымызға өзге шаруа
табылмаса
, онда оны саған қарай бағыттаймыз.
Бозбала
шатырдан шыққанда көгалды алқаптың тек қана толық айдың
нұрына
малынып тұрғанын көрді. Өзі тұратын шатыр жиырма
минөттік
жерде болатын, енді ол сол жаққа бет түзеді.
Ол
бастан өткен жағдаятқа алаңдаушылық білдірді. Оған Ғалам
Жанына
кіруге мүмкіндік туды, ал бірақ бұл үшін өз өмірімен төлеуге
тура
келетін шығар? Тым қымбат емес пе? Бірақ, ол өз тағдырының
соңынан
жүрмек болғанда қойларын сатып, осындай тəуекелге бел
буды
ғой. Жəне түйе айдаушы айтқандайын, екі өлім болмайды... Өлім
ертең
немесе кез келген өзге күні келсе де, бəрібір емес пе? Қай күн
болсын
өткерілген, немесе соңғы болуға жарап жатыр. Барлығы да
«Мактуб» деген сөзге тəуелді.
Сантьяго
үн-түнсіз келе жатты. Ол ештеңеге өкінген де жок, опық
жеген
де жоқ. Егер ол ертең өлетін болса, Құдай оның болашағын
өзгерткісі
келмейді деген сөз. Бірақ, ол бұғаздан өтіп, дүңгіршекте
істеп
, шөлді қиып өтіп, оның үнсіздігі мен Фатиманың жанарын көріп
барып
өледі. Ол үйінен шыққалы бері бір де бір күн текке кеткен жоқ.
жəне
ертең оның жанары мəңгілікке жабылатын болса, ол қайткенмен
өзге
малшыларға қарағанда көп көріп үлгерді – Сантьяго бұл ахуалын
мақтан
ететін.
Кенет
ол тарсыл-гүрсілдің астында қалды, белгісіз желдің қуаты оны
жерге
ұшырып түсірді. Шаң көтеріліп, Айдың бетін басты. Бозбала өз
алдынан
үлкен ақ атты көрді - ол артқы аяқтан тік тұрып, қатты
кісінеумен
болды.
Шаң
шамалы басылғанда, Сантьягоны бұдан бұрын билемеген үрей
буып
тастады. Аттың үстінде бастан аяқ қара киім киген сəлделі адам
отырды
, өзінің сол иығында сұңқар құсы бар екен. Бетін тек көздері
ғана
көрінетіндей етіп жауып алыпты. Егер өзінің еңсегей бойы
болмаса
, ол керуенді қарсы алып, жолаушыларға шөлде не болып
жатқанын
баяндайтын бағзы бəдəуилердің бірі ме деп қаларлықтай
екен
.
Айдың
сəулесі салт аттының қолына алған қылышының жүзінде ойнап
сала
берді. Ол Əл-Фаюм көгалды алқабының бүкіл елу мың
пальмалары
жаңғырығып үн қосқандай күркіреуік дауыспен айғай
салды
:
– Қаршығалардың ұшуынан мəн-мағына барын байқауға батылы барған
кім
?
– Мен, - деп жауап қайырды Сантьяго.
Салт
атты осы минөтте алдамшы одақтастарды ақ арғымағының
тұяқтарымен
таптап жүрген Əулие Иаков, Маврлардың жеңімпазына
керемет
ұқсас болып көрінді. Тура осындай – бірақ онда бəрі
керісінше
.
– Мен, – деп қайталады да, ол шабатын соққыны күтуге əзірленіп
басын
темен түсірді. – Көп өмірлер құтқарылатын болады, өйткені сіз
Ғалам
Жанын есепке алған жоқсыз.
Бірақ
, қылыш бозбаланың басына тигенше неге екені белгісіз, ептеп
қана
төмендей берді. Титтей ғана қан білінді.
Салт
атты қатты да қалды. Сантьяго да қозғалған жоқ. Ол тіпті қашып
құтылуға
да талаптанбады. Оның бар болмысының ең терең
қойнауында
таңғаларлық қуаныш төгіліп жатты: ол өз тағдырының аты
үшін
жəне Фатиманың жолында өлмек. Олай болса белгілердің
алдамағаны
. Міне, оның алдында жау тұр, сондықтан өлім оны
қорқытпайды
, өйткені Ғаламның жаны бар, ал қас-қағым сəттен кейін
ол
оның бір бөлігіне айналады. Ал, ертең бұл гəпті жау да өткеретін
болады
.
Салт
атты соққысын əлі де жасамады.
– Сен неге өйттің?
— Мен тек қаршығалардың маған жеткізгенін ғана естідім де түсіндім.
Олар
көгалды алқапты құтқарғылары келді. Оның қорғаушылары
сендерді
жаусатып тастайды – олар тым көп.
Қылыштың
ұшы бұрынғыдай тек қана басына тиіп тұрды.
– Алланың пешенеге жазғандарына килігетіндей кім едің?
— Алла əскерлерді ғана емес, құстарды да жаратты. Алла маған
олардың
тілін үйретті. Əлемдегінің барлығы да бір-ақ қолмен
жазылған
, - деп жауап қайтарды бозбала түйе айдаушының сөздерін
есіне
түсіріп.
Салт
атты ақырын қылышын көтерді. Сантьяго есін жиғандай болды.
— Болжау айтуға келгенде байқастағаның абзал, – деді салт атты. –
Ешкім
де маңдайына жазғаннан құтыла алмайды.
– Мен тек əскерді ғана көрдім, – деді бозбала. – Ал, соғыстың нəтижесі
маған
мəлім емес.
Салт
аттыға мынадай жауап ұнады, бірақ, ол қылышын қынына
жасыруға
асыға қоймады.
– Ал жат елдік адам мұнда не істеп жүр?
– Мен өз жолымды іздеп жүрмін. Бірақ, оның не екенін сен түсіне
алмайсың
.
Салт
атты қылышын қынабына салды. Оның иығындағы сұңқар қатты
саңқылдап
жіберді. Сантьягоны билеп алған ауыр ахуал босаңси
бастады
.
– Мен сенің ержүректілігіңді сынағым келді. Ғалам Тілін іздеп
жүргендерге
одан маңызды ештеңе де жоқ.
Бозбала
қайран қалды. Салт атты көпшілік түсіне қоймайтын
мəселелер
турасында ой шертіп тұрды.
– Оның үстіне қаншама ұзақ жол жүрсең де, бір сəтке босаңсуға
болмайды
, – деп жалғастырды анау. — Шөлді де сүюге болады, əйтсе де
оған
толық сенуге болмайды. Өйткені, шөл – адам үшін сынақ: сəл ғана
алаңдасаң
болғаны – сенің қаза табуың кəдік.
Оның
сөздері Сантьягоның есіне Мельхиседек қарияны түсірді.
— Егер жауынгерлер келген уақытқа дейін сенің басың иығыңда
қалатын
болса, мені іздеп тапқайсың, – деді салт атты.
Оның
əлгінде ғана қылыштың сабын қысып тұрған қолында енді
қамшы
пайда болды. Аты тұяқтарының астынан тағы да шаңның
бұлтын
бұрқ-бұрқ еткізіп шаба женелді.
- Сен қайда тұрасың? – деп сұрады Сантьяго одан. Салт атты шауып
бара
жатып қамшысымен оңтүстік жақты нұсқады. Бозбала Алхимикті
осылай
жолықтырды.
Ертесіне
таңертең Əл-Фаюм көгалды алқабының құрма пальмалары
астында
қаруланған екі мың адам тұрды. Кекжиекте бес жүз жауынгер
көрінгенде
күн əлі еңкіш еді. Салт аттылар көгалды алқапқа солтүстік
жағынан
қаруларын ақ бурнустардан жасырып, бейбітшілікпен келген
сыңай
білдірді. Тек олар көсемдердің шатырына ентелей келгендерінде
қолдарында
мылтықтар мен қисық қылыштар пайда болды. Бірақ,
шатыр
бос болатын.
Көгалды
алқаптың тұрғындары шөлдің салт аттыларын қоршап алды,
содан
жарты сағат өткенде құмдақта төрт жүз тоқсан тоғыз өлік жатты.
Балалар
шағын пальмалы тоғайға апарылып тасталған болатын, олар да
шатырларында
отырып күйеулерінің тірлігіне бата тілеген əйелдер
сияқты
ештеңе көрген жоқ. Қаза тапқандардың бырдай шашылған
мүрделері
болмаса, көгалды алқаптың суреті бұрынғыдай болып
көрінер
еді.
Əл
-Фаюмға лап қойған атты əскерге билік жүргізген адам ғана тірі
қалды
. Оны тайпалардың көсемдеріне алып келді, ал, олар болса, одан
əдет
-ғұрыпты неге бұзуға батылданғанын сұрады. Ол оның
жауынгерлері
көп күндік шайқастар мен аштық пен шөлден
қалжыраған
соң көгалды алқапты басып алып, сонсоң соғысты əрі
қарай
жалғастырғылары келгендіктерін айтты.
Кесем
жауынгерлерге қаншалықты жаны ашығанымен əдет-ғұрыпты
бұзуға
ешкімнің құқығы жоқ екендігін жеткізді. Шөлде желдің
əсерімен
тек құмдақ төбелердің бейнелері ғана өзгереді, ал,
қалғандары
еш өзгеріссіз жата бермек.
Əскербасы
масқара өлімге бұйырылды: оған оқты да, қылыштың да
соққысын
«қимай», қатып қалған құрма пальмасына асып тастады,
сөйтіп
шөлден соққан жел оның мүрдесін ұзақ уақыт бойы
шайқақтатып
тұрды.
Көсем
жат елдікті өзіне шақырды да, оған елу алтын теңгені тапсырды.
Сонсоң
тағы да Жүсіптің тарихын айтып, бозбалаға өзінің Бас
Кеңесшісі
болуын сұрады.
Күн
батып, аспанда алғашқы жұлдыздар көмескі жарығын бере
бастағанда
(өйткені Ай толық болатын), Сантьяго оңтүстікке қарай
кетті
. Онда тек жалғыз ғана шатыр тұрды жəне қарсы кездескендер бұл
жер
жындардың сүйікті мекені десіп жатты. Бірақ, ол шатырдың
жанына
орнықты да, тосып отыра бастады.
Алхимик
біраздан кейін көрінді. Ай ендігі жоғары көтеріліп үлгерген-
ді
. Оның иығынан екі қаршыға салбырап тұрды.
— Мен осындамын, – деді Сантьяго.
- Бекер өйткенсің. Сенің тағдырың маған қарай бастаушы ма еді?
- Соғыс жүріп жатыр. Мен шөлді қиып өте алатын емеспін.
Алхимик
асығып тұрды да, Сантьягоға белгі беріп шатырға кіруге
шақырды
– егер көсемдердікіндей, ертегідегідей əсем жиналған
демесе
, көгалды алқап тұрғындарынікіндей екен. Сантьяго көзімен
қазандар
мен көрікті, алхимиялық шыны реторталарды іздестірді,
бірақ
, бірнеше жалба-жұлбасы шаққан кітаптардан өзге ештеңе де
таппады
. Еденді құпия ою-өрнектермен безендірілген кілемдер жауып
жатты
.
- Отыр, мен шай қамына кірісейін, – деді алхимик. - Кешкі асқа мына
қаршығаларды
əзірлеймін.
Бозбала
мыналар өзі алдында ғана аспанда көрген құстар ғой деп
ойлады
, бірақ, дауысын шығарып ештеңе деген жоқ. Алхимик ошақтың
отын
жақты – көп ұзамай шатырдың ішін қуырылған жабайы құстың
хош
иісі кернеп кетті. Ол тіпті наргиленің түтінінен де дəмді болып
шықты
.
- Сен мені неге көргің келді?
— Бар мəселе белгілерде жатыр. Жел маған сенің келетiнiңдi жəне
саған
менің көмегiм қажет болатындығын айтып берді.
– Жоқ, ол мен емес, өзге жолаушы – Ағылшын. Сені іздеген – сол.
– Ол мені тапқанша, оның алдында əлі көп кездесулер бар. Бірақ, ол
түзу
жолда келе жатыр. Ол енді тек қана кітаптарға қараумен
шектелмейді
.
- Ал, мен ше?
- Егер сен əлденені қажетсінсең, бүкіл ғалам сенің тілегіңнің
орындалуына
жəрдем ететін болады, - деп Алхимик Мельхиседек
қарттың
сөздерін қайталады жəне бозбала өз Тағдырына еруге
көмектесетін
тағы бір адаммен дидарласқанын түсінді.
– Сен мені оқытасың ба? – деп сұрады ол.
– Жоқ. Сен онсыз да не қажеттің бəрін білесің. Мен тек сенің қазынаң
жатқан
бағытты ғана керсетемін.
– Бірақ, шөлде соғыс жүріп жатыр, - деп қайталады Сантьяго.
– Мен шөлді білемін.
– Мен өз қазынамды əлден таптым. Менде түйе бар, хрусталь сатып
тапқан
ақшам жəне елу алтын теңгем бар. Мен енді өз елiмде бай бола
аламын
.
– Бірақ, осылардың барлығы сені пирамидаларға бір қадамға да
жақындатпайды
, - деп ескертті Алхимик.
- Менің Фатимам бар. Бұл қазынам басқаларының барлығының құнына
тұрады
.
- Одан пирамидаларға дейін бəрібір алыс.
Олар
үнсіз қатысты да, тағам ішуге кірісті. Алхимик бөтелкені ашып,
Сантьягоның
стақанына əлдебір қызыл сұйық құйды. Бұл бозбаланың
өз
өмірінде ішіп көрмеген шарап болып шықты, ал Заң шарап ішуге
тыйым
салады.
– Бар пəле адамның аузына кіретінде емес, одан шығатында жатады, —
деді
Алхимик.
Сантьяго
шараптан көңілденіп кетті. Олар шатырға кіреберісте қатар
тізе
қосып, толған айдың жарығында жұдыздардың қалай көмескі
тартып
жатқанын байқастап отырды.
– Тағы да іш – ол сенің көңіліңді алаңдатады, - деді шараптың
бозбалаға
қалай əсер еткенін байқап қалған Алхимик. — Ұрыс
алдындағы
жауынгер сияқты күш жинап ал, бірақ сенің жүрегің
қазыналар
жатқан жерде екенін ұмытпа. Ал, сен оларды табуың керек,
өйткені
, сенің түсінгенің мен оларға баратын жолды ұғынғаның тек
сонда
ғана мəн-мағынаға ие болады.
Ертең
өз түйеңді сат та, ат сатып ал. Түйелердің мінез-құлқы залым
болып
келеді: олар шаршамастан адымдай береді, адымдай береді де,
кенет
тізесіне сүрініп өліп кетеді. Ал, ат болса, күшінен біртіндеп
айырылады
. Сондықтан оның енді қанша шапқылай алатынын жəне
құлайтынын
əрдайым болжап айтуға болады.
Арада
бір күн өтті, Сантьяго болса, кешқұрым атын жетектеп
алхимиктің
шатырына келді. Көп ұзамай анау да көрінді, атқа отырып
еді
, сұңқары сол иығынан өз орнын тепті.
– Сен маған шөлдің тіршілігін көрсет, – деді ол. – Тек бұл жерден өмір
көрген
адам ғана қазыналарды іздеп таба алады.
Олар
ай сəулесімен жарық түсіп тұрған құмдақтармен жолға шықты.
«Маған мұның орайы келер ме екен, – деп ойлады Сантьяго. – Мен
шөлді
таза білмеймін, сондықтан ондағы тіршілікті таба алмайтын
шығармын
».
Ол
Алхимикке бұрылып осы жайлы айтқысы келіп еді, бірақ, батылы
бармады
. Олар бозбала қаршығалардың қалықтауын бақылаған
тастарға
жақындады.
– Менің талабымнан ештеңе шықпай ма деп қорқамын, - деді ақыры
Сантьяго
. - Мен шөлді мүлде білмеймін, тек онда тірлік барын білемін,
бірақ
, оны таба алмаймын.
- Тіршілік тіршілікті өзіне тартады, - деп жауап қайырды бұған
Алхимик
.
Бозбала
оның не дегенін ұқты, сонсоң тізгінді қоя беріп еді, ат құмдақ
пен
тастардың арасынан өзіне жол салуға кірісті. Алхимик соңынан
еріп
отырды. Осылайша жарты сағат өтті. Шағын құрма тоғайшалары
алыста
көзден таса болды, толған айдың жарығынан күмісше
жарқыраған
қойтастардан өзгелердің барлығы да жоғалды. Ақыры
Сантьягоның
аты тоқтады – бозбала бұрын бұл жерде ешқашан
болмаған
-ды.
– Осы жерде тіршілік бар, - деді ол Алхимикке. — Мен шөлдің тілін
білмесем
де, оның есесіне атым өмір тілін біледі.
Олар
асықты. Алхимик үнсіздік сақтаумен болды. Ол тастарға қарап
қойып
, жай ғана ілгері жылжып отырды. Сонсоң кенет тоқтады да,
абайлап
еңкейді. Тастардың арасындағы жерде қарайып қуыстық
көрінді
. Ол соған саусағын сұқты да, ал одан кейін қолын тұтастай
жіберді
. Оның ішінде əлдене қозғалақтаған сияқты көрінді, сөйтіп
Сантьяго
Алхимиктің көздерінен оның əлдекіммен күресіп жатқанын
байқағандай
болды. Сонсоң ол жылдам қолын ана іннен жұлып алды
да
, орнынан атып тұрды. Ол жыланды құйрығынан ұстап алды.
Сантьяго
да атып тұрып, кейін қарай серпілді. Жылан өзінің
ысылдауымен
Алхимиктің қолында жұлқынып жатып, шөлдің алаңсыз
үнсіздігін
бұзды. Бұл шаққаны шамалы минөттердің ішінде өлтіретін
əбжыланның
өзі еді.
«Ол қалай қорықпайды?» – деген ой бозбаланың басында елең ете
қалды
. Қолын жыланның ініне салған Алхимик өмірін тəуекелге бел
буған
болатын, бірақ, оның бет-бейнесі сабырлы қалпында қала берді.
Сантьяго
Ағылшынның «Оның жасы екі жүзде» дегені ойына оралды.
Демек
ол шөлдегі жыландармен қалай тіл табысуды білетін болғаны
ғой
.
Міне
, ол атына келді де, ер-тоқымға іліктірілген ұзын қисық қылышты
жалаңаштады
. Құмға дөңгелек сызды да, дем арасында тыныс тапқан
жыланды
оның ортасына қойды.
– Қорықпа, – деді ол Сантьягоға. – Ол енді бұл сызықтан шықпайды, ал,
сен
де шөлдің өзінде тіршілік бар екендігіне дəлел таптың. Маған да
керегі
осы болатын.
- Сонда бұл сонша маңызды ма?
- Əсте маңызды. Пирамидалар шөлмен қоршалған ғой.
Сантьягоның
тағы да пирамидалар жайлы əңгіме қозғағысы келмеді –
кешеден
бері оның жүрегінде тас жатқандай еді. Қазыналарды іздеу
Фатимадан
айырытуды білдіргендей-ді.
- Мен өзім сенің жолбасшың боламын, - деді Алхимик.
– Менің өзіме көгалды алқапта қалғаным абзал болар, - деп жауап
қайырды
Сантьяго. – Мен мұнда Фатиманы жолықтырдым, ал ол мен
үшін
əлемдегі бар қазыналардан да қымбат.
– Фатима – шөлдің қызы. Ол еркектердің кейін оралуы үшін
кететіндіктерін
біліп бағады. Ол да өз қазынасын – сені тапты. Ал енді
сен
іздегеніңді табар деп үміттенеді.
- Ал, егер мен осында қалуға бел байласам ше?
– Онда сен Көсемнің Кеңесшісі боласың. Сенің толып жатқан қойлар
жəне
түйелер сатып алуға əлің келетін көп алтының болады. Фатимаға
үйленесің
де, алғашқы жылы онымен бақытты тұрасың. Сен шөлді
сүюді
үйреніп елу мың құрма пальмасының əрқайсысын ажырата
алатын
дəрежеге жетесің. Олардың өз өсуімен əлемнің дəйім өзгеріп
отыратындығын
дəлелдейтінін түсінесің. Сен күн өткен сайын
белгілерді
терең ұғына түсесің, өйткені шөлден артық ұстаз жоқ.
Бірақ
, жыл өткеннен кейін сен қазынаны есіңе аласың. Белгілер ол
жайында
нығарлап айтып бағады, бірақ сен оларға назар аудармауға
тырысасың
. Сен өз біліктілігіңді көгалды алқап пен оның
тұрғындарының
игілігіне жұмсайсың. Тайпалардың көсемдері саған
разы
болады, ал, түйелер сенің қолыңды байлыққа жеткізіп, билігіңді
нығайта
түседі.
Тағы
да бір жыл етеді. Белгілер бұрынғыша саған қазыналар жəне сенің
жолың
жайлы дəйім есіңе сатып тұрады. Сен түндер бойына көгалды
алқапты
аралайтын боласың, ал, Фатима болса, сенің оған бола
ізденістеріңді
тоқтатқаныңды түсініп, мұңаюға беріледі. Бірақ, сен
Фатиманы
бұрынғыша сүйесің, ол да саған сондай сезіммен жауап
береді
. Оның бір рет те сенен қалуды өтінбегенін есіңе түсіресің –
шөлдің
əйелдері өз еркектерінің қайта оралуын тоса білуді əбден
үйренген
. Сен де оны еш кінəлай алмайсың, бірақ, сен талай түндер
қатарымен
шөлде жəне пальмaлардың арасында қыдырыстап
жүргеніңде
, егер сен Фатимаға деген махаббатыңа молырақ сенсең,
бəлкім
кетіп қалуға бел буар ма едім деген ойға қаласың. Өйткені сені
көгалды
алқапта қорқыныш ұстап тұрады – сен мұнда енді қайтып
оралмаймын
ба деп жасқанасың. Тап осы мезгілде белгілер саған
қазыналардан
біржола айырылғандығыңнан хабардар етеді.
Тертінші
жыл туғанда белгілер жоғалтады, өйткені, сен енді оларды
байқағың
келмейді. Мұны түсінген көсемдер сенің қызметіңнен бас
тартады
, бірақ, сен бұл кезде бай көпес боласың, сенің көптеген
дүңгіршектерің
жəне табын-табын түйелерің болады. Сөйтіп сен өз
ғұмырыңның
соңына дейін өз жолыңмен жүрмегеніңді, енді, бірақ кеш
қалғаныңды
біліп, пальмалардың арасында жəне шөлде қыдырыстап
жүретін
боласың.
Сонымен
сен махаббат адамға өз Тағдырының соңынан жүріп отыруға
кедергі
бола алмайтындығын ешқашан ұғынбайсың. Егер олай болатын
болса
, онда махаббат нағыз махаббат емес, жалпыға ортақ Тілде
сөйлейтін
сезім болмай шығады, - деп аяқтады Алхимик.
Ол
құмға сызылған шеңбердің сызығын ашып еді, əбжылан сол жерден
жылыстап
шығып, тастардың арасында жоғалып кетті. Сантьяго өмір
бойына
Меккеге баруды арман еткен хрусталь сатушыны, Алхимикті
іздеген
Ағылшынды есіне түсірі. Шөл өзіне өзі сүйгісі келетін адамды
бір
ретте беретіндігіне сенген əйелді де ойына алды.
Олар
атқа мінді. Бұл жолы Алхимик алда жүріп отырды. Жел оларға
көгалды
алқап тұрғындарының дауыстарын жеткізіп тұрды, бозбала
солардың
ішінен Фатиманың дауысын ажыратып алуға талаптанды. Ол
алдында
ұрыс-шайқастың кесірінен қызды құдық басынан жолықтыра
алмады
.
Бірақ
, ол бүгінгі түнде шеңбердің шегінен шығуға бата алмаған
əбжыланға
қарап отырды, өзіне махаббат жайында жəне қазыналар
турасында
, шөлдің əйелдері мен Өз Тағдыры жайлы айтқан, иығына
сұңқар
қондырған осынау салт аттыны тыңдады.
– Мен сенімен бірге барамын, - деді Сантьяго жəне сол мезетте өзінің
жаны
жай тапқанын сезінді.
— Біз жолға ертең қараңғылық үйірілгеннен кейін шығамыз, - деп
жауап
қайтарды бұған Алхимик.
Түнде
ол көзiн iлген жоқ. Күн шығуға екі сағат қалғанда ол осы
шатырда
ұйықтап жатқан жас жігіттердің біреуін оятып, Фатима
тұратын
жерді көрсетуді өтінді. Олар сыртқа бірге шықты, ырза болған
Сантьяго
оған қой сатып алуға ақша берді.
Сонсоң
ол қызды оятып, оны өзінің тосып тұрғанын айтуды сұрады.
Бозбала
араб оның бұл қолқа салуын да орындап, тағы бір қойға ақша
алды
.
— Ал, сен енді бізді оңаша қалдыр, - деді Сантьяго. Ана бозбала болса,
Кеңесшінің
өзіне көмектескеніне мағұрланып, əрі қой сатып алуға
ақшасы
барына қуанып, өз шатырына оралды да, ұйықтауға жатты.
– Мен кетемін, – деді ол. Бірақ, сенің мынаны білгеніңді қалаймын:
мен
қайтып ораламын. Өйткені, мен сені сүйемін...
– Ештеңе айтып керегі жоқ, – деп қыз оның сөзін үзіп жіберді. –
Сүйетін
болған соң сүйеді. Махаббат дəлелдемелерді мойындамайды.
Бірақ
, Сантьяго айтарын жалғастыра берді:
...Өйткені, мен түс көрдім. Мельхиседек патшаны кездестірдім,
хрусталь
саттым, шөлді қиып алып, соғыс басталғанда көгалды алқапқа
жеттім
, құдық басында сенен Алхимиктің қайда тұратынын сұрадым.
Мен
сені бүкіл ғалам біздің кездесуімізге себепкерлік жасағандығынан
сүйемін
.
Олар
құшақтасты, сөйтіп олардың денелері алғаш рет бір-біріне
осынша
жақын келді.
- Мен қайтып ораламын, - деп қайталады Сантьяго.
— Мен бұрын шөлге пейіл-тілекпен қараушы едім, енді үмітпен
қарайтын
боламын. Менің əкем де талай рет сонда кетсе де, бірақ,
əрдайым
анама қайта оралып отыратын.
Бұдан
кейін бір ауыз сөз де айта алмады. Олар пальмалардың аясында
адымдап
шамалы жүрді де, сонсоң Сантьяго Фатиманы шатырына
дейін
апарып салды.
- Мен сенің əкең оралғандай қайтып келемін.
Ол
оның жанарынан білінген жасты байқап қалды.
- Сен жылап тұрсың ба?
– Мен шөлдің əйелімін, - деп жауап қайырды ол жүзін жасырып. —
Бірақ
, бəрінен бұрын мен жай ғана əйелмін.
Ол
шатыр жетегінің астына кіріп кетті. Таң білініп келе жатқан сəт еді.
Күн
туғанда Фатима шығады да, жылдар бойына айналысып келе
жатқан
шаруасына кіріседі, бірақ, енді бəрі де өзгеше болады. Сантьяго
енді
көгалды алқапта жоқ, сондықтан көгалды алқап ол үшін бұрынғы
мағынасын
жоғалтады. Ол бұрын – тіпті, осы тақауда ғана - елу мың
құрма
пальмасы, үш жүз құдығы бар аймақ болатын, оған жол
қажытқан
жолаушылар қуанышпен асығатын. Қазірден бастап жəне
ілгеріде
бұл өлке таза бос қалғандай болады.
Бүгіннен
бастап шөлдің маңызы арта түседі. Фатима Сантьяго өз
қазыналарын
іздеуде қай жұлдызды бағытқа алғанын шешуге əрекет
жасап
, шөлге үңіле қарайтын болады. Ерінімен сүйгенін ол желмен
қоса
оның да бетінен ебер, оның тірі екендігінен, тосып
отырғандығынан
хабардар етер деген үмітпен жөнелтіп жатты.
Ертеңнен
бастап, шөл тек оған Сантьягоның оралатынын ғана
білдірмек
.
– Артта қалған жағдаяттар жайлы ойланба, - деді Алхимик,
құмдақтарды
төскейге алып жолға шыққанда. – Олардың барлығы да
Ғаламның
Жанынан көрініс тапқан жəне онда мəңгі бақи қалады.
– Адамдар жолға шыққаннан гөрі оралу жайлы көбірек армандайды, -
деп
жауап қайырды шөлдің тыныштығына тағы да үйрене бастаған
Сантьяго
.
- Егер сенің тапқаның төзімді материалдан жасалған болса, оны
ештеңе
де бүлдіре алмайды. Жəне сен батыл түрде бел байлап қайта
аласың
. Егер бұл жұлдыздың туғанындай тек қас-қағым сəттегідей
жарқ
ете қалса, онда қайтып оралғанда дəнеңе де таппайсың. Есесіне
сен
көз қарықтырар жарықты көрдің. Бұл ондайды бастан өткеруге
тұрады
деген сөз.
Ол
негізінде алхимия туралы айтып тұрғандай болса да, оның
Фатиманы
тілге тиек етіп тұрғанын Сантьяго түсінді.
Артта
қалғанды ойламау қиын еді. Шөлдің бір кейіптегі бейне-бедері
еріксіз
еске түсіруге жəне армандауға жетелейді екен. Сантьягоның көз
алдынан
құрма пальмалары, құдықтар жəне сүйген қызының бейнесі
кетпей
қойды. Ол колбалар мен реторталардың ортасындағы
Ағылшынды
, ез данагөйлігі жайында сезінбеген түйе айдаушыны да
көрді
. «Мүмкін Алхимик ешқашан ешкімді сүймеген шығар», - деп
ойлады
ол.
Анау
болса шамалы ғана алда атын желдіртіп отырды, ал, иығындағы
сұңқары
шөлдің тілін ғажап біледі – олар кідіріс жасап тоқтағанда,
олжа
іздеп, көкке самғайды. Алғашқы күні қоян əкелсе, ертеңіне екі
құсты
жеткізді.
Түнде
олар тесек салып жатып жүрді. Шөлдегі түндер суық жəне айдың
жарығы
азайған сайын қараңғылық қоюлана түссе де, алау жақпады.
Алғашқы
апта бойына олар тек соғысушы тайпаларға килігіп қалмауды
сөз
етісті. Соғыс тоқтаған жоқ – жел кейде қанның тəттілеу иісін
жеткізіп
тұрды. Онша алыс емес жерде шайқастар жүріп жатты, сөйтіп
жел
көз көрмейтін жайды баяндауға қашанда дайын тұратын Белгілер
Тілінің
бар екендігін бозбалаға жеткізумен болды.
Сапардың
сегізінші күні алхимик əдеттегіден ертерек дем алуға
байлам
жасады. Сұңқар көкке самғап кетті. Алхимик Сантьягоға су
құйған
құтыны ұсынды.
- Сенің жол кезуің аяқталып келеді, - деді ол. – Құттықтаймын. Сен өз
жолыңнан
тая басқан жоқсың.
- Ал, сен бүкіл жол бойына үндемедің. Мен өзің білетіннің бəрін
үйрететін
шығар деп ойлағанмын. Мен шөлді алхимия жайлы
кітаптары
бар адаммен бірге қиып өткен едім. Бірақ, мен сол
кітаптардан
ештеңе де түсінген жоқпын.
– Түсінудің тек бір-ақ жолы бар, - деп жауап қайырды Алхимик. – Ол –
іс
-əрекет жасау. Мына сапар сені не қажеттің бəріне үйретті. Тек бір
нəрсені
білу ғана қалды.
Сантьяго
нені білу қалғанын сұрады, бірақ, Алхимик көктен көзін
алған
жоқ – ол одан сұңқарын байқастап тұрды.
- Ал, сені неге Алхимик деп атайды?
- Өйткені, мен Алхимиктің тура өзімін.
- Ал, алтын іздеп, таба алмаған өзге алхимиктер неден қателескен?
- Олардың қателігі – тек қана алтын іздеулерінде жатыр. Олар Жолда
тығылған
қазыналарды іздеді, бірақ, өздері сол Жолды айналып кетіп
отырды
.
- Сонда маған жетіспейтіні не өзі? - деп бозбала сауалын қайталады.
Алхимик
бұрынғыша аспанға қарап отырды. Іле тұяғына олжа ілген
сұңқар
да оралды. Олар құмдақты ойып, сырт жақтан
байқалмайтындай
етіп алау жақты.
– Мен алхимик болғандықтан Алхимикпін, – деді ол. – Бұл ілімнің
құпиялары
маған атамнан жетті, ал оған оның атасынан жеткен,
осылайша
əлем жаратылғанға дейін жалғаса береді. Ал, ол уақытта
оның
бəрі замартастың бір қырына ғана сыйған. Бірақ, адамдар жай
нəрселерге
назар аудармайды, сондықтан алхимиктер пəлсапалық
трактаттар
жазуға кіріскен. Олар қай жаққа жүру керектігін білеміз, ал,
өзгелер
білмейді деп пайымдай бастаған.
Бірақ
, замартасқа мəтін жазылған Тақта қазір де бар.
- Ал, онда не жазылған? - деп білгісі келді бозбаланың.
Алхимик
бес минөттей құмда бірдеңелер сызғылап отырды да, ал
Сантьяго
осы мезгілде алаңда кəрі патшаны қалай кездестіргенін есіне
түсіріп
, оған содан бері талай-талай жылдар өткендей көрінді.
- Міне, онда не жазылған десең, ол – мынау, – деді алхимик сурет
салуын
аяқтап. Сантьяго жақындап келді де, оқып шықты.
– Бұл – шифр ғой! – деп ол көңілі қалғандай айғайлап жіберді. – Мынау
ағылшынның
кітаптары сияқты!
– Жоқ. Бұл – қаршығалардың аспанда қалықтағаны іспеттес: оны ақыл-
парасатпен
игере алмайсың. Замартаста мəтіні бар Тақта – Ғалам
Жанының
үндеу хаты. Данагөйлер біздің əлемнің жұмаққа ұқсас болып
жаратылғанын
баяғыда түсінген. Осынау ғаламның бар болуы – бұдан
да
өзге, жетілдірілген əлемнің болуына кепілдеме сияқты. Жасаған оны
адамдар
көрініп тұрған бейнелер арасынан рухани болмысты көріп, өз
данагөйлігіне
өздері таң қалулары үшін жаратқан. Мен оны іс-əрекет
деп
атаймын.
- Сонымен мен Замартастағы Мəтінді оқуға тиістімін бе?
- Егер сен қазір алхимиктің зертханасында болсаң, оны игерудің ең
тəуір
тəсілін үйренер едің. Бірақ, сен шөлдесің – яғни сен шөлдің
қойнауына
сүңгуің керек. Ол да Жердегі бар тіршілік сияқты саған
əлемді
түсінуге көмектеседі. Барлық шөзді түгелдей түсінуге
ұмтылыстың
қажеті жоқ – тек қана құмның жалғыз қиыршығының өзі-
ақ
жаратылыстың барлық ғажайыптарын көруге жарап жатыр.
- Ал, мен шөл қойнауына қалай енбекін?
– Өз жүрегіңді тыңда. Оған əлемдегі бар болмыс түсінікті, өйткені ол
Ғалам
Жанымен туыстас, əрі ерте ме, кеш пе – ол оған қайтып оралады.
Олар
үнсіздікте тағы да екі тəулік жол жүрді. Алхимик өзін жып-
жинақы
ұстады: олар аяусыз кескілескен ұрыстар жүріп жатқан жерге
жақындап
қалып еді. Ал, бозбала болса, жүрек дауысын естуге
талаптанып
бақты.
Оның
жүрегі ерекше мінезді болатын: бұрын ылғи бір жаққа ұмтылып
тұрған
болса, ал енді қазір қайткен күнде оралғысы келетінді шығарды.
Кейде
жүрегі сағаттар бойына сəулелі мұңға бөленген оқиғаларды
айтса
, кейде, шығып келе жатқан күнге қуанатындығы сонша, тіпті,
Сантьяго
баяу ғана жанарына жас iркетін болды. Жүрегі қазыналар
жайлы
айтқанда дүрсілдей соғып, бозбала шетсіз-қиырсыз шөлді
жанарымен
шолғанда сілтідей тынуға көшті.
– Ал, біз неге жүректі тыңдауға тиіспіз? – деп сұрады ол дамылдауға бір
тоқтаған
кезде.
– Жүрегің қайда болса, қазыналар да сол жерде.
– Менің жүрегім өте əбігерсіз, – деді Сантьяго. – Ол армандайды,
тебіренеді
, шөлдегі əйелге ұмтылады. Ұдайы əлденені сұрайды да
тұрады
. Фатима жайлы сəт ойлансам болды, ұзақты түнге жəне көз
ілмеймін
.
- Міне, бұл жақсы ғой. Яғни, жүрегіңнің жаны бар. Оны тыңдауды
жалғастыра
бер.
Келесі
үш күнде олар жауынгерлерді кездестіріп отырды, ал, өзгелерін
көкжиектен
жəне көрді.
Сантьягоның
жүрегі қорқыныш жайлы сөйлеп кетті, оған қазыналар
іздеуге
шыққан, бірақ, сонда да таба алмаған адамдар туралы айта
бастады
. Кейде ол бозбаланы қазыналарды табуды оның да маңдайына
жазбаған
, бəлкім ол шөлде қаза табатын шығар деген оймен де үркітті.
Ал
, баз-базда жақсылықтан жақсылық іздемейді: оның онсыз да сүйген
қызы
мен көп алтын теңгелері бар деп нығарлады.
- Жүрегім маған опасыздық жасайды, – деді ол Алхимикке, аттарды бір
тыныстатуға
тоқтаған кезде. – Менің əрі қарай жүргенімді қаламайды.
– Бұл – жақсы, - деп қайталады анау. – Бұл сенің жүрегің өлген жоқ
деген
сөз. Оған қол жеткізгеннің бəрін арманға айырбастап жіберу –
табиғи
жағдаят.
- Ендеше, оны тыңдап керегі не?
– Сен бəрібір оны үндемеуге мəжбүр ете алмайсың. Тіпті, сен оған
құлақ
түргендей кейіп көрсетсең де, ол сенің кеудеңде қалады да, өмір
жайлы
жəне əлем туралы не ойлайтынын қайталай беретін болады.
- Əрі маған опасыздық жасайтын бола ма?
— Опасыздық – сен күтпеген соққы. Егер сен өз жүрегіңді білетін
болсаң
, ол саған опасыздық жасай алмайды. Өйткені, сен оның барлық
армандары
мен тілек-ықыластарын біліп аласың да, оларды жеңіп
шығасың
. Ал, өз жүрегінен қашып кету əзірге ешкімнің қолынан
келмеген
. Ендеше, қызығы – оны тыңдай білген абзал. Сонда тосыннан
соғатын
соққы болмайды.
Олар
шөлдегі сапарын жалғастыра берді, ад, Сантьяго жүрегінің
дауысын
тыңдаумен болды. Көп ұзамай ол оның барлық елестері мен
айла
-тəсілдерін жатқа біліп алды – сөйтті де, жүрегін сол қалпында
қабылдауды
үйренді. Бозбала қорқуды тоқтатты – өйткені, кеш еді,
оның
үстіне жүрегі де бəріне ырза екенін хабарлады.
«Егер мен кейде наразылық білдірсем де, несі бар, мен – адам
жүрегімін
ғой, бұл маған тəн қасиет. Біз бəріміз де аңсаған
армандарымызды
жүзеге асыруға жүрексінеміз, себебі біз оларға
лайықсызбыз
немесе бəрібір орындай алмаймыз деп пайымдаймыз.
Біз
, адамдардың жүректері, мəңгілікке айырылысқан ғашықтар,
бақытты
бола алмаған сəттер табылуы мүмкін, бірақ, мəңгілікке
құмдарға
кқміліп қалған қазыналар жайлы ойға алғанда қорыққаннан
тына
қаламыз. Өйткені, мұндай халді өткергенде, біз азап шегеміз».
– Менің жүрегім азап шегуден қорқады, – деді ол Алхимикке бір түні,
айсыз
, қараңғы аспанға қарап отырып.
- Ал, сен оған азап шегуден қорқу, азап шегудің өзінен де əрмен екенін
айт
. Бір де бір жүрек өз арманын іздеп шыққанда азап шекпейді,
өйткені
, бұл ізденістердің əрбір қас-қағым сəті – Құдаймен жəне
Мəңгілікпен
кездесу болып табылады.
«Əр қас-қағым сəт – кездесу, – деді Сантьяго өз жүрегіне. — Мен
қазыналарды
іздегелі бері малшыларға мүмкін емес шаруаларды
байқастауға
бекінбесем, жол бойында ешқашан армандамайтындай
жағдаяттарды
кездестіріп отырдым».
Сонда
оның жүрегі кеш бойына тыншу тапты. Сантьяго түнде де
тыныш
ұйықтады, ал, оянған кезде жүрегі оған Ғаламның Жаны
жайында
айта бастады. Ол бақытты адам - өзінде Жасағанды алып
жүретін
адам дегенді айтты. Ал, бақытты Алхимик айтқан кəдуескі құм
қиыршығынан
да табуға болады. Ал, осынау қиыршықты жарату үшін
ғаламға
миллиардтаған жылдар қажет болды.
«Жерде өмір сүретін əрбір пендені оның қазынасы күтеді, - деді жүрегі,
– бірақ, біз – жүректер, үндемеуге үйренгенбіз, өйткені, адамдар
қазыналарды
алғылары келмейді. Біз бұл жайында тек балаларға ғана
айтамыз
, сонсоң тіршілік əркімді өз тағдырына қалай бағыттайтынын
бағдарлап
отырамыз. Əттең бақытсыздыққа орай тек шамалы ғана жұрт
өзіне
, пешенесіне белгіленген жолмен жүре алады. Өзгелерге əлем
қауіптілік
туындатады, сөйтіп, ол шын мəнінде қауіпті болады.
Сонда
біз – жүректер барынша тыныш сөйлейміз. Біз ешқашан үнсіз
қалмаймыз
, бірақ, біздің сөздеріміздің естілмегенін қалаймыз:
өйткені
, жүрек дауысына назар аудармағандықтан адамдардың азап
шеккенін
қаламаймыз».
— Жүрек неге адамға ол өз арманын орындауға ұмтылуы керек деп
сездіріп
айтпайды?
- Онда саған азап шегуге тура келуші еді, ал, журек азап шеккенді
жақтырмайды
.
Сол
күннен бастап бозбала өз жүрегін түсіне бастады. Жəне ол ілгеріде
өз
арманынан аулақ қиыс қадам жасайтын болса, жүректің абыржу
белгісін
беріп қысылып, ауыра бастауын өтінді. Жəне ондай хабарды
естіген
сəтте өз жолына оралатындығына ант берді.
Сол
түні ол Алхимикке бəрін де баяндап берді. Ал ол Сантьягоның
жүрегі
Ғаламның Жанына тағзым еткенін түсінді.
- Ал енді мен не істеуім керек?
— Пирамидаларға апаратын жолыңды жалғастыр жəне де белгілерден
көз
жазып қалма. Сенің жүрегің қазыналардың қайда екенін көрсете
алатын
халге келді.
- Сонда маған бұрын жетіспейтіні осы ма еді?
– Жоқ. Саған жетіспегені міне, мынау, - деп жауап қайырды да,
Алхимик
баяндай бастады.
– Арманның жүзеге асарынан бұрын Ғалам Жаны барлық дəрістердің
игерілген
-игерілмегенін тексеруге шешім қабылдайды. Жəне де ол
мұны
біз армандарымызға қоса жол бойы өзімізге берілген білімді ала
алуымыз
үшін жасайды. Міне осы кезде, көптеген адамдар
ержүректілік
мінезден тайқып шығады. Бұл ахуал шөлдің тілінде
көкжиекте
көгалды алқап көрінгенде, «шөлдегендіктен өлу» деп
аталады
. Ізденістердің барлығы да əманда жайлы Бастаудан басталады
да
, əлгіндей сынақпен аяқталады.
Сантьяго
өз елінде тараған: «Ең қараңғы сағат – күн шығар алдындағы
сəт
» деген мəтелді есіне түсірді.
Ертеңіне
нағыз қауіп-қатердің белгілері алғаш рет бой көрсетті.
Жолаушыларға
үш жауынгер жақындап келді де, бұлардың мұнда не
істеп
жүргендіктерін сұрады.
- Сұңқармен аң аулап жүрмін, – деп жауап қайырды Ахимик. – Біз
сендерде
қару жоқ екендігіне көз жеткізуге міндеттіміз, - деді үшеудің
біреуі
. Алхимик асықпай атынан түсті. Сантьяго да сөйтті.
- Сен осынша ақшаны неге өзіңмен алып жүрсің? – деп сұрады
жауынгер
бозбаланың дорбасын тінтіп жатып.
— Ақша маған пирамидаларға жетуім үшін қажет.
Алхимикті
тінткен араб одан əлдене сұйық құйған кішкентай шыны
сауыт
пен тауықтың жұмыртқасынан сəл үлкен сарғыш тас тауып алды.
- Мыналар не? – деп сұрады ол.
– Пəлсапалық Тас пен Мəңгіліктің Сиқырлы сусыны – алхимиктердің
Ұлы
Туындылары. Мына Сусынды ішкен адам сырқат дегеннің не
екенін
білмейтін болады. Ал тастың титтей ғана сынығы кез келген
металды
алтынға айналдырады.
Салт
аттылар қарқылдаған күлкіге кенелді, ал, оларды мына жақтан
Алхимик
қоштады. Олар оның жауабын өте қызықты қалжыңға балады
да
, жолаушыларға еш кедергі келтірместен əрі қарай жүре берулеріне
рұқсат
берді.
– Сен есіңнен тандың ба? – деп сұрады Сантьяго жауынгерлер едəуір
алысқа
кеткеннен кейін. - Сен неге өйттің?
- Неге дейсің бе? Өйткені, саған əлемдегі іс-əрекет үстіндегі
қарапайым
заңды көрсету үшін, - деп жауап қайырды Алхимик. – Біз
аяғымыздың
астында, не алдымызда қандай қазыналар барын ешқашан
түсінбейміз
. Неге екенін білесің бе? Өйткені адамдар қазыналарға
мүлде
сенбейді.
Олар
жолдарын жалғастыра түсті. Күн өткен сайын Сантьягоның
жүрегі
үнсіздікке бой алдыра берді: ол өткенді де, болашақты да қажет
еткен
жоқ – тек шөлді қарағанына, бозбаламен бірге Ғалам Жанының
қайнар
бұлағынан сусындағанына қанағаттанды. Олар нағыз достарға
айналды
, енді, бір-бірін сата алмайтын жағдайға келді.
Ал
, жүрек сөйлесе, тек кейде үнсіздік еңсесін басқан Сантьягоға соны
сенім
мен тың күш беру үшін ғана талаптанды. Жүрегі оған алғаш рет
оның
қойларын тастауға бет буған батылдығы мен дүңгіршекте істеген
жігерлілігі
туралы сыр шертті.
Ол
сондай-ақ Сантьяго өзі ешқашан байқамаған жайттар жайлы –
аңысын
аңдап тұрған қауіп-қатерлер турасында да айтты. Жүрегі ол
əкесінен
ұрлап алған мылтықтың қайда қалғанын мегзеп жіберді -
əйтпесе
, ол өзін жарақаттап, тіпті, өлтiрiп алар ма еді, қайтер еді? Енді
бірде
бозбаланың қалай кенет басы айналып, құсып құлағанын жəне
ұйықтап
қалғанын есіне салды. Тап осы уақытта екі қаңғыбас оны
аңдып
тұрып өлтіріп, қойларын айдап кетпекші болған-ды. Бірақ,
ақыры
Сантьяго керінбеген соң, олар қойшы өз отарын өзге жолмен
айдап
кетті деп есептеп, жендерімен женелген-ді.
- Жүрек адамға əрдайым көмектесе ме? – деп сұрады ол.
– Елдің бəріне емес, тек өз тағдырының жетеуімен жүретіндерге ғана.
Сондай
-ақ балаларға, мас болғандарға жəне қарияларға қол ұшын
береді
.
– Бұл олар қауіп-қатерден аулақ жатыр деген сөз ғой?
– Ол тек ондайлардың жүректері бар күш-жігерлерін жинақтады
дегенді
білдіреді.
Бірде
олар жауласқан тайпалар бекініс еткен жерлердің жанынан өтіп
бара
жатты. Əр тұстан ақ бурнус киген қарулы адамдар бой көрсетті.
Олар
наргиле тартып, шайқастар туралы əңгіме-дүкен құрып отырды.
Сантьяго
мен Алхимикке ешкім де титтей назар аударған жоқ.
– Біз енді қауіпті аймақтан өттік, - деді бозбала олар бекініс артта
қалғанда
.
- Өз жүрегіңе сен, бірақ өзіңнің шөлде екеніңді ешқашан ұмытпа!
Адамдар
өзара соғысып жатқанда, шайқастың шуылы Ғаламның
Жанына
дейін жетеді. Аспан астында болған жағдаяттардың
зардаптарынан
ешкімнің құтылуы мүмкін емес! – Алхимиктің
дауысынан
ашу-ыза сезіліп тұрды.
«Бəрі – бір бүтін дүние», - деп ойлады Сантьяго.
Сол
сəтте, кəрі Алхимиктің дұрыстығын дəлелдегендей, шөлде
саяхатшылардың
соңына түскен екі салт атты пайда болды.
- Сендерге енді əрі кетуге болмайды, – деді жауынгерлердің бірі
бұлармен
қапталдаса беріп. – Бұл өңірде соғыс қимылдары жүріп
жатыр
.
– Біз баратын жер – жап-жақын, - деп жауап қайырды Алхимик ананың
көзіне
тесіле қарап.
Жауынгерлер
бір сəтке тына қалысты, сонсоң жолаушыларды қоя берді.
Сантьяго
таң-тамаша қалды.
- Сен оларды жанарыңмен жуасыттың ғой!
– Жанар жанның күшін көрсетеді, - деп жауап қайырды Атхимик.
«Иə, бұл - солай», - деп ойлады бозбала, олар бекіністің жанынан өтіп
бара
жатқанда, жауынгерлердің біреуінің өздеріне ұзақ қарағанын
есіне
түсіріп. Ол алыста қалды, оның бет-бейнесіне баппен қарау
мүмкін
емес еді, бірақ, Сантьяго сонда да оның өзіне бағытталған көз
қарасын
сезініп тұрды.
Енді
, міне, олар күллі көкжиекті көлегейлеп тұрған тауға ерлей
бастағанда
, Алхимик пирамидаларға дейін екі күндік жол қалғанын
айтты
.
- Егер біз тез арада ажырайтын болсақ, мені алхимияға үйретсеңші.
– Саған енді ештеңе үйренудің қажеті де жоқ. Сен бұл ілімнің төркіні
Ғалам
Жанына үңги бойлап əрі содан өзіне тиісті қазыналарды табуда
жатқандығын
білесің.
– Мен басқаны айтып тұрмын. Мен қорғасынды алтынға қалай
айналдыруға
болатынын білгім келеді.
Алхимик
шөлдің үнсіздігін бұзып жатпады да, олар тек тыныстауға
тоқтағанда
ғана жауап қатты.
-Ғаламда дүниелердің барлығы ылғи даму үстінде болады, олар бірінен
екіншісіне
ағындап жатады, - деп жауап қайырды ол. – Жəне де,
данагөйлердің
пайымдауынша, алтын даму деңгейінде өзгелерге
қарағанда
алысқа озып кеткен металл болып табылады. Неге олай деп
сұрама
– ол жағынан мен бейхабармын. Бар білетінім – тек əлемнің
осылай
орныққандығы ғана.
Бірақ
, адамдар данагөйлердің айтқандарын дұрыс түсінбеген. Содан
барып
алтын дамудың нысаны болудың орнына ұрыс-керістің белгісіне
айналып
кеткен.
– Біздің айналамыздағы əлем толып жатқан тілдерде сөйлейді, – деді
бозбала
. - Бұрын түйенің бақырғаны мен үшін тек жай ғана бақыру
болатын
. Сонсоң, ол қауіптілік белгісіне айналды. Ең ақырында –
қайтадан
жай ғана бақыру болды, – деді Сантьяго, ізiнше мұның бəрі
Алхимикке
онсыз да белгілі екенін ұғынып, табан астында үнсіз қалды.
– Мен нағыз алхимиктерді білетін едім, – деп жалғастырды анау. –
Біреулері
зертханаларын тарс жауып алып, алтын іспеттес дамуға
талпыныс
жасады – Пəлсапалық Тас осылай ашылған еді. Өйткені олар
бір
нəрсе дамыса, оның айналасындағының бəрі де өзгеретіндігін
түсінді
.
Өзгелер
Тасты кездейсоқ тапты. Оларға өте қабілетті болу бұйырған-
ды
жəне олардың жандары да басқа адамдарға қарағанда əлдеқайда
сезімтал
еді. Бірақ, мұндай оқиғалар өте сирек кездесетіндіктен есепке
алынбайды
.
Ал
, үшіншілері тек қана алтын іздеді. Бірақ, оларға құпияны ашудың
сəті
бəрібір түспеді. Олар қорғасынның да, мыстың да, темірдің де өз
жолы
бар екендігін ұмытты. Ал, бөтен Тағдырға араласқан адам өз
тағдырын
да аттап кете алмайды.
Алхимиктің
мына сөздері қарғыс тəрізді болып естілді. Сонсоң ол
еңкейді
де, жерден қабыршақты көтеріп алды.
– Ықылым заманда бұл жерде теңіз болған, - деді ол.
- Иə, оны мен де аңғардым, – деп жауап қайтарды бозбала.
Алхимик
одан қабыршақты құлағына басуын сұрады. Сантьяго өзі де
бала
кезінде жиі сөйтетін, сөйтіп бұл жолы да теңіздің шуылын естіді.
— Теңіз бұрынғыша осынау қабыршақтың ішінде, өйткені, ол өз
тағдырының
соңынан жүріп кетеді. Ол толқындар шөлде қайтадан
тулағанша
оны тастап кетпейді.
Олар
аттарына отырды да, мысырлық пирамидалар жағына қарай
жөнеп
берісті.
Сантьягоның
жүрегі оған қауіптілік белгісін сездірген кезде күн
батысқа
қарай еңкейе бастаған еді. Олар бұл минөтте таудай құмдақ
төбелердің
арасына енген болатын. Сантьяго Алхимикке қарады, бірақ,
ол
ештеңе байқамағандай кейіп білдірді. Бес минөттен кейін бозбала
алдан
екі салт аттының сүзбесін анық аңғарды. Ол бір ауыз сөз айтып
үлгергенше
екеудің орнына – он, онның орнына жүз адам пайда болды,
ең
ақырында барлық құмдақ төбелер есептеуге көнбейтін қаптаған
қалың
əскерден көрінбей кетті.
Салт
аттылар көкшіл киімдер киініпті. Олардың тек сəлделері ғана
қара
таспалармен оратылып, ал, бет-бейнелері көздеріне дейін көгілдір
матамен
жабылған екен.
Жанның
қуатын көрсететін осынау жанарлардың жолаушыларға өлім
төніп
тұрғандығын хабардар еткендіктері, тіпті алыстан да белгілі
болып
тұрды.
Сантьяго
мен Алхимикті лагерьге алып келіп, бозбала бұрын-соңды
оған
ұқсас көрмеген шатырға итеріп кіргізіп, көсемнің алдынан бір-ақ
шығарды
.
- Мыналар барлаушылар, - деді тұтқындарды айдап əкелгендердің
біреуі
.
– Жоқ. Біз бар болғаны – жолаушылар ғанамыз.
- Осыдан үш күн бұрын сендерді біздің жауларымыздың тұрағынан
көріпті
. Онда сендер жауынгерлердің бірімен сөйлесіпсіңдер.
– Мен шөлдің жолдарын білемін жəне жұлдыздарға қарап оқи аламын,
- деп жауап қайырды бұған Алхимик.
– Ал, сендердің жауларыңның қаншалықты көп екені жəне олардың
қайда
бет алып келе жатқандығы мен үшін беймəлім. Мен сендердің
лагерьлеріңе
дейін тек өз досымды жеткізіп салуға ұмтылдым.
- Ал, мынау кім? – деп сұрады көсем.
– Алхимикпін, - деп жауап қайтарды Алхимик. – Ол болмыстың
барлық
құпия күштерін біледі жəне саған өзінің ғажайып
дарындылықтарын
көрсеткісі келеді.
Сантьяго
қорқыныш шағында үндемей ғана тыңдап отырды.
— Мына жат елдік біздің өлкеде не істеп жүр? – деп сұрады екінші
көсем
.
– Ол сендердің тайпаларыңа қаражат əкелді, - деп жауап берді
Алхимик
, сонсоң бозбала бірдеңе деп бір ауыз сөз айтып үлгергенше,
оның
əмиянын көсемге ұсынды.
Анау
алтынды үнсіз ғана алды – оған талай қару-жарақ сатып алуға
болар
еді.
- Ал, «алхимик» деген не сез? – деп сұрады əскербасылардың бірі.
– Ол – табиғат пен əлемді білетін адам. Ол қажетсінсе болғаны –
сендердің
лагерьлеріңді тек желдің күшімен-ақ тас-талқан етеді.
Арабтар
күлкіге кенелді. Олар соғыстың күшіне əбден үйреніп, жел
ажал
əкелуі мүмкін дегенге мүлде сенбейтін. Бірақ, олардың жүректері
қорқыныштан
бүрісіп қалды. Олардың барлығы да шөлдің перзенттері
болатын
, əрі көз байлайтын сиқыршылардан əсте қорқатын.
- Ол мұны қалай жүзеге асыратынын менің көргім келеді, - деді ең
үлкені
.
– Бізге үш күн мұрсат беріңіздер. Сонда менің жолсерігім сендерге өз
күшін
көрсету үшін желге айналады. Егер бұл оның қолынан келмесе,
онда
біз көнген кейіпте сендерге жандарымызды тапсырамыз.
– Маған онсыз да тиесілі нəрсені беруге болмайды, – деді əскербасы
тəкаппар
кейіппен.
Бірақ
үш күн тосуға келісті.
Сантьягоның
қорқыныштан таза үні шықпай қалды. Алхимикке оны
шатырдан
қолынан ұстап шығаруға тура келді.
- Оларға қорыққаныңды көрсетпе. Бұлар – қаһарман адамдар жəне олар
жүрексіз
қорқақтарды жек көреді.
Бірақ
, Сантьягоға сөйлеу қабілеті бірден орала қоймады. Олар лагерьде
еркін
жүрді – арабтар олардың тек қана аттарын алып қойған болатын.
Əлем
тағы да қаншалықты көп тілді екендігін көрсетті: бұрын шетсіз
де
азат болып көрінген шөл енді ешқайда қашып құтыла алмайтын
түрмеге
айналды.
– Сен оларға менің өмір бойы тапқан ақшамның бəрін беріп қойдың, –
деді
ол.
– Егер өлуіңе тура келсе, олардың саған қажеті не? Сенің ақшаларың
саған
артық үш күн сыйлады. Ал əдетте ақшалар өлімді бір сəтке де
кейін
қалдыра алмайды.
Бірақ
, мұндай данагөй ақылды тыңдауға Сантьягоның жағдайы келмей
қалған
-ды. Ол əрі алхимик емес еді, сондықтан желге айналудың
амалын
жəне білген жоқ-ты.
Ал
, Алхимик жауынгерден шай алып келуін өтінді де, əлдеқандай
сөздерді
күбірлеп айтып, бірнеше тамшыны бозбаланың білезік
сүйегіне
тамызды. Сөйтіп ол дем арасында оның денесінен
мазасыздану
сезімі қалай кеткенін байқап қалды.
— Күдер үзіп торығуға берілме, – деді ол ерекше мейірімді дауыспен. –
Сен
бар болғаны өз жүрегіңмен сөйлесуге əлі үлгерген жоқсың.
— Бірақ, мен желге айнала алмаймын ғой!
— Кім де кім Өз Тағдырының соңынан жүретін болса, бəрін біледі де,
жасай
алады. Арманды орындауға мүмкіндік бермейтін бір-ақ нəрсе
бар
– ол сəтсіздіктен қорку ғана.
– Мен негізі сəтсіздіктен тайсалмаймын, өзім тек маған қалай желге
айналуға
болатындығын білмеймін.
- Үйренуіңе тура келеді. Бұл үрдіске сенің өмірің тəуелді.
- Ал, егер қолымнан келмесе ше?
– Онда сен өлесің. Бірақ, Өз Тағдырыңа еріп өлесің, ондай жолдың
барлығынан
тіпті қаперсіз мыңдаған адамдардың өлімді
қабылдағанынан
көп жақсы. Алайда, сен алаңдама. Əдетте өлім
тіршілік
күштерімен сезіністі күшейте түседі.
Алғашқы
күн артта қалуға айналды. Шөлде жойқын шайқас болып,
лагерьге
жараланғандар жеткізілді. «Ажалдан ештеңе өзгермейді», –
деп
ойлады Сантьяго. Саптан шығып қалғандардың орнына басқалар
тұрып
жатты, сөйтіп тіршілік жалғаса берді.
– Досым менің, сен бұдан кейінірек те өле алар едің, – деді
жауынгерлердің
бірі өзінің қаза тапқан жолдасына қарап. — Қазір емес,
соғыстан
кейін. Бірақ та, ажалдан қашып құтыла алмайсың.
Кешке
қарай бозбала Алхимикті іздеуге кетті.
– Мен желге айналуды білмеймін, - деді ол оған.
– Менің саған не айтқанымды есіңе түсір: əлем Құдайдың тек
көр
iнетiн бөлігі ғана ал, алхимия болса, рухани мүлтіксіздікті
материяға
ауыстырады.
— Ал, сен не істеп жатырсың? – деп сұрады Сантьяго. - Өз сұңқарымды
қоректендіріп
жүрмін.
- Неге? Егер мен желге айнала алмасам, ол бізді өлтіреді.
– Бізді емес, сені ғана. - Мен болсам желге айнала аламын ғой.
Ертеңіне
бозбала лагерьдің жанындағы жартастың биігіне шықты.
Сақшылар
оны кедергісіз өткізді: олар желге айнала алатын көз
байлаушы
пайда болғанын естіп үлгерген-ді, сондықтан өздерін одан
аулақ
ұстауға тырысты. Оның үстіне шөл кез келген зынданнан артық
қой
.
Сөйтіп
Сантьяго күні бойы кешке дейін шөлге үңіле қараумен болды.
Өз
жүрегіне құлақ қойды. Ал шөл оның қорқынышына барынша
бойлады
.
Олар
бір тілде сөйлеп түсіністі.
Үшінші
күн туғанда көсем өзінің əскербасыларын жинап алды.
– Біз мына бозбаланың қалай желге айналғанын көреміз, - деді ол.
— Көреміз, - деп жауап қатты Алхимик.
Сантьяго
оларды кеше ұзақты күнді өткізген жеріне апарды да,
отыруларын
өтінді.
– Тосуларыңызға тура келеді, - деді ол.
– Біз асықпаймыз, - деп жауап қайырды көсем. — Біз шөлдің
адамдарымыз
.
Сантьяго
көкжиекке қарады. Алда таулар, құмдақ шағылдар, жартастар
жатты
: құмдақтарда мұндай жерлерде өсуі мүмкін емес өсімдіктер мен
мұндалап
тұрды. Оның алдында ұшы-қиырсыз шөл көсіліп жатты – ол
оның
үстімен бірнеше ай бойы жол шексе дағы, бəрібір оның шамалы
ғана
бөлігін ұғына алды. Ол сапар барысында Ағылшынды,
керуендерді
, тайпалар арасындағы соғысты, елу мың пальма өскен
жəне
үш жүз құдық қазылған көгалды алқапты, Фатиманы
жолықтырды
.
- Ал, – деп сұрады одан шөл, – енді саған тағы не қажет? Біз кеше бір-
бірімізге
жанарымыз қанғанша қараған жоқ па едік?
– Сенің құмдарыңның бір қойнауында мен сүйетін жан тұрады, - деді
Сантьяго
. — Əрі мен саған көз салғанда, мен оны да керемін. Менің
оған
оралғым келеді, ал, бұл үшін маған сенің кемегiң керек. Мен
желге
айналуым қажет.
– Ал «махаббат» деген не? – деп сұрады шөл.
- Махаббат деген – ол сенің құмдарыңның үстінде сұңқардың
қалықтап
ұшуы. Сен оған тап бір жасыл желек іспеттісің. Ол ешқашан
олжасыз
оралмайды. Ол сенің жартастарыңды, сенің құм төбелеріңді,
сенің
тауларыңды жақсы біледі. Ал, сен оған жомартсың.
- Сұңқардың тұмсығы менің жанымды қинайды, - деп жауап берді шөл.
— Мен жылдар бойына оған азық боларлық құстарды өсiремiн, шамалы
суымды
ішкіземін, аштығын басатын жерді көрсетемін. Сонсоң
аспаннан
сұңқар шүйіледі – мен өзімнің құмдарымда тіршілік
үзілмегеніне
мағұрланып үлгергенімше, ол жасағанымды тырнағына
іліп
алады да кетеді.
– Бірақ, сен оны сұңқарды қоректендіру үшін жасадың ғой. Ал, сұңқар
адамды
қоректендіреді. Адам болса орайы келгенде сенің құмдарыңа
қорек
береді де, сөйтіп, онда тағы да тіршілік туындайды, сұңқарға
қорек
пайда болады. Əлем осылай құрылған.
- Махаббат дегеніміз осы ма?
- Махаббат дегеніміз осы. Бұл жемтікті – сұңқарға, сұңқарды – адамға,
ал
, адамды - шөлге айналдыратын күш. Қорғасынды алтынға
айналдырып
, ал, алтынды қайтадан жер қойнауына жасыратын да - осы
күш
.
- Мен сенің сөздеріңнің мағынасын түсінбеймін, - деп жауап қайырды
шөл
.
– Онда бір ғана жайды ұқ: сенің құмдарыңның бестесінде мені бір ару
күтуде
. Міне, сондықтан мен желге айналуға тиіспін.
Шөл
шамалы уақыт үнсіз жатты.
– Мен саған жел құйындата алуы үшін құмдақтар беремін. Бірақ, бұл –
аз
. Мен жеке өзім ештеңе істей алмаймын. Көмекті желден сұрағайсың.
Əлсіз
ғана жел көтерілді. Əскербасылар бозбаланың өздеріне белгісіз
тілде
əлдекіммен сөйлескенін бақылаумен болды.
Алхимик
болса күлімсіреп тұрды.
Жел
Сантьягоға жақындап келіп, бетінен өпті. Ол оның шөлмен
сөйлескенін
естіді, өйткені, жалпы желдер бəрін де біледі. Олар əлемді
шарлаумен
болады, бірақ, олардың туған жері де, біржола толас
табатын
жері де жоқ.
– Маған қол ұшын бер, - деді оған бозбала. – Мен бірде сенен өз
сүйіктімнің
дауысын естігенмін.
- Сені шөл мен желдің тілінде сөйлеуге кім үйретті?
– Менің жүрегім, - деп жауап қайтарды Сантьяго.
Желдің
атаулары көп болатын. Оны мұнда «сирокко» деп атайтын жəне
де
арабтар ол жел – оты-суы мол, əрі негрлер тұратын өлкелерден келіп
жетеді
деп ойлайтын. Сантьягоның елінде оны «левантиялық» деп
атайтын
, өйткені, ол шөлдердің құмдары мен маврлардың жауынгерлік
айқайларын
жеткізеді деп пайымдайтын. Бəлкім, қойларға жайылым
жоқ
шалғай елдерде адамдар бұл жел Андалузиядан бастау алады деп
есептейтін
шығар. Бірақ, жел еш жерде туындамайды да, еш жерде
өлмейді
, сондықтан да ол шөлден гөрі құдыреттілеу. Адамдар онда
əлденелердің
өсуіне жағдай жасай алады, тіпті қой да өсіреді, бірақ,
желді
өз ырықтарына көндіру олардың қолынан келмейді.
- Сен жел бола алмайсың, - деді желі. – Біз екеуміздің түп-төркін, мəн-
мəнісіміз
əрқилы.
– Бұл – өтірік, - деп жауап берді Сантьяго. – Мен сенімен əлемді
аралаған
кезде, маған алхимияның құпиялары жария болды. Ал, қазір
менде
енді желдер де, шелдер де, мұхиттар да, жұлдыздар да – сайып
келгенде
Ғалам жаратқанның бəрі де шоғырланған. Біз екеуімізді
жаратқан
қол – бірегей, біздің жанымыз да бірегей. Мен сен тəрізді кез
келген
қуысқа кіріп кетуді, теңіздердің үстінен ескенді, менің
қазыналарымды
жасырып жатқан тау-тау құмдарды көшіріп
тастағанды
, өз ғашығымның дауысын жеткізе білгенді үйренгім келеді.
- Мен əлдеқалай сенің Алхимикпен əңгімені жасырын тыңдадым, -
деді
жел. - Ол əркімнің өз Жолы бар екендігін айтты. Адамға желге
айналу
оның маңдайына жазбаған.
– Тек бірнеше қас-қағым сəттерге саған айналуды үйретші. Міне, сонда
біз
адам мен желдің ұшы-қиырсыз мүмкіндіктері жайлы талқылайтын
боламыз
.
Жел
əуесқұмар екен – ондайды ол бұған дейін кездестірмеген еді. Оған
бұл
турасында егжей-тегжейлі талқылағысы келіп еді, бірақ, ол шын
мəнінде
адамды желге қалай айналдыруға болатындығынан бейхабар-
ды
. Ал, ол көп нəрсеге оңтайлы емес пе?! Шөлдерді жаратуды,
кемелерді
теңіз түбіне батыруды, ғасырлық ағаштар мен толайым
ормандарды
сұлатып салуды, санқилы əуендер ойнап, түсініксіз
дыбыстар
шығып жатқан қалалардың үстінен заулап өтуді біліп-ақ
бақты
. Ол əлемдегі бар болмыстан оздым деп есептеуші еді, енді міне,
мен
де желмін, қолымнан талай шаруа келеді деп айтатын пенде пайда
болыпты
.
- Бұл – «махаббат» деп аталады, - деді Сантьяго жел ендігі өзінің
өтінішін
орындауға əзір екенін аңғарып қатып. – Ғашық болған
уақытыңда
сен кім боламын десең де қолыңнан келіп бағады. Ғашық
болған
кезіңде не болып жатқанын түсінудің еш қажеті жоқ, өйткені,
бəрі
де біздің ішкі дүниемізде өтіп жатады, олай болса адамның желге
айналуға
қабілеті əбден жетеді. Əрине, егер жел оған көмектессе ғана.
Жел
өзін тəкаппар ұстап тұрды, сондықтан Сантьягоның сөздері оны
өкіндіріп
тастады. Содан болар, ол шөлдің құмдарын бұрқыратып одан
да
қатты соға бастады. Бірақ, сайып келгенде, оған бүкіл əлемді кезуге
тура
келді. Əрі махаббатты да білмейді.
– Мен адамдардың махаббат жайлы сөйлеп жəне сөйтіп тұрғандарында
аспанға
қарап тұрғандарын талай көрдім, – деді жел, өзінің əлсіздігін
мойындауға
тура келгендігіне ыза болып. – Бəлкім, сен де заңғарларға
жүгінетін
шығарсың, ə?
– Бұл ойың жөн екен, – деп келісті Сантьяго. — Тек сен маған
көмектес
: мен күнге қараймын деп көз жанарымнан айырылып қалып
жүрмейін
, шаңды көтергейсің.
Жел
одан сайын қатты соқты, бүкіл аспанды құмдақ шаң бүркеп алды,
ал
, күн болса, алтындатқан доңғалаққа айналды.
Мұны
лагерьден байқастап тұрғандар ештеңені дерлік айыра алмады.
Шөлдің
адамдары бұл желдің ондай мінезін бұрыннан білетін жəне
оны
«самум» деп атайтын. Ол олар үшін теңіздегі дауылдан да
қорқынышты
болатын, – айтқандайын, олар тумысынан теңізде де
болмаған
-ды. Аттар кісінеп қоя берді. Қару-жарақтағы құм
шықырлады
.
Əскербасылардың
бірі көсемге қарай бұрылды:
- Осы да жетпей ме?
– Мұны тоқтатар кез келді, - деді екінші əскербасы.
– Алла өзінің барлық кұдыреттілігін көрсетсін, - деп жауап қайтарды
кесем
. - Мен адамның желге қалай айналатындығын кергім келеді.
Бірақ
, ол қорқынышқа бой алдырғандардың аты-жөндерін есінде
сақтап
қалды. Сонсоң жел тыныстағанда, екеуін де қызметтерінен
алуға
шешім қабылдады, өйткені, шөлдің перзенттері қорқыныш
дегеннің
не екенін білмейді.
– Жел маған сенің махаббатты білетініңді айтты, – деді Сантьяго Күнге
тағзым
етіп. – Ал, олай болса сен, Ғаламның Жанын да білуге тиіссің –
өйткені
, ол махаббаттан жасалған ғой.
– Осы тұстан маған Ғалам Жаны көрініп тұр, - деп жауап қайырды Күн.
– Ол менің жаныма жүгінеді, сөйтіп біз шөптерді өсуге, ал, қойларды
көлеңке
іздеп, бір орыннан екіншісіне ауысып отыруларына мəжбүр
етеміз
. Осыдан – ал, бұл сендердің əлемдеріңнен өте шалғайда – мен
сүюді
үйрендім. Мен білемін, егер, Жерге сəл жақындасам, ондағы бар
тіршілік
қаза табады жəне Ғалам Жаны да тірлігін тоқтатады.
Сондықтан
біз бір-бірімізге алыстан қараймыз, əрі бір-бірімізді
атыстан
сүйеміз. Мен Жерге тіршілік пен жылу беремін, ал, ол маған
менің
болуымның мағынасын білдіреді.
– Сен махаббатты білесің ғой, – деп қайталады Сантьяго.
– Жəне Ғаламның Жанын да білемін, өйткені мына ғаламда еш
аяқт
aлмaс сапар шегуде біз онымен көп сыр шертісеміз. Ол маған
өзінің
басты қиындығы неде екендігін баян етті: осыған дейін əлемде
бəрі
бірегей екендігін тек тастар мен өсімдіктер ғана түсінеді екен.
Міне
, сондықтан темірдің мысқа ұқсас болуы, ал, мыстың алтыннан еш
айырғысыз
болуы талап етілмейді. Мына бірегей əлемде олардың
əрқайсысының
өзіндік нақты орны бар, жəне де егер осының бəрін
жазған
қол Жаратудың бесінші күні тоқтағанда бəрі де бірегей Əлем
Симфониясына
құйылар еді. Бірақ, алтыншы күн де бар емес пе?
- Сен – данагөйсің, - деп жауап қайырды бозбала, - өйткені, бəрін де
алыстан
көріп тұрсың. Бірақ, сен махаббат дегеннің не екенін
білмейсің
. Жаратудың алтыншы күні болмаса, адам да пайда болмаған
болар
еді. Жəне мыс та мыс күйінде, ал қорғасын – қорғасын қалпында
қалар
еді ғой. Иə, əркімнің өз жолы бар, бірақ, ол ерте ме, кеш пе,
əйтеуір
бір өткеріледі. Сондықтан өзге бір нəрсеге айналып, жаңа
жолды
бастау керек. Ғаламның жаны шын мəнінде бірегей болмысқа
айналғанша
осылай бола бермек.
Күн
сəл ойланды да, бұрынғыдан əрмен жарқырай түсті. Осынау
сұхбаттан
рахат алған Жел де Сантьягоны көз қарықтырар сəулелерден
қорғаштап
қаттырақ соқты.
– Алхимия сол үшін қажет, - деп жалғастыра берді Сантьяго. – Əркім
өз
қазынасын іздеп тауып, осыдан кейін бұрынғыдан да гөрі жақсырақ
болуы
үшін керек. Қорғасын əлемге қажет болғанынша өз міндетін
атқара
береді де, ал, сонсоң алтынға айналуға тиісті болады.
Алхимиктер
осылай дейді. Олар біз болғанымыздан жақсырақ бола
түсуге
тырысқанымызда, біздің айналамыздағы бар болмыс та
жақсырақ
бола түсуге тырысады деп дəлелдейді.
- Ал, сен менің махаббаттың не екенін білмеймін дегенімді қайдан
алдың
? – деп сұрады Күн.
-Ғашық болған кезде шөл құсап бір жерде жатпайсың, жел құсап
əлемді
кезбейсің, сен құсап бəріне алыстан қарамайсың ғой. Махаббат
– бұл ғаламның жанын өзгертіп, құлпырта түсетін күн. Мен оған алғаш
рет
бойлаған кезде ол маған еш мүлтіксіз болып көрінді. Сонсоң мен
оның
бəріміздің сəулеміз екенін, онда да өзіндік ынтызарлықтар
жататындығын
, өз соғыстары жүріп жататындығын көрдім. Оны мына
біз
қоректендіреміз жəне де біз өмір сүріп жатқан орта біздің жақсы,
əйтпесе
нашар болғанымызға орай жақсы, əйтпесе нашар болады.
Міне
, осы кезде махаббаттың күш-қуаты араласады, өйткені, ғашық
болғаныңда
жақсырақ бола түсуге ұмтыласың.
- Ал, менен не қажет етесің?
– Маған желге айналуға көмектес.
– Табиғат əлемде менен дана ештеңе жоқ екенін біледі, - деп жауап
қайырды
Күн, — бірақ, саған желге қалай айналуға болатындығын мен
де
білмеймін.
- Онда мен кімге жүгінбекпін?
Күн
бір сəтке ойланып қалды: əңгімеге құлақ түріп тұрған жел
шырақтың
даналығында шек жоқ екенін лезде əлемге жаяды. Ал, оның
үстіне
жалпыға бірдей Тілде сейлейтін мына бозбаладан қашу жөн
болмас
еді.
– Ол турасында Бəрін жазған Қолдан сұра, - деді Күн.
Жел
қуана айғай салды да, ғаламат күшпен есіп берді. Бірнеше
шатырлар
жұлынып кетті, байлаулы аттар тізгіндерін үзіп алды,
жартастағы
адамдар ұшып кетпес үшін бір-біріне жармасты.
Сантьяго
Бəрін жазған қолға бұрылды да, сол сəтте Барша əлемнің
үнсіздікке
берілгендігін сезінді. Ол оны бұзуға бата алмады.
Сонсоң
Махаббат күші оның жүрегінен лоқсып төгілді де, бозбала дұға
оқи
бастады. Ол өз дұғасында ештеңе сұраған жоқ, қойлары жайылым
тапқанына
алғыс білдірмеді, дүңгіршекке замартас сатып
алушылардың
да көбірек келуін өтінбеді, шөлде жолықтырған əйелдің
оны
тосқанын да қаламады. Ол орныққан тыныштықтан осы Қол
жазған
белгілерді шөл, жел жəне Күн де іздеп жатқандарын түсінді,
олар
да өз Тағдырының соңынан еріп, замартастың бір қырында
жазылғанның
байыбына баруға талаптанатындықтарын пайымдады.
Бозбала
бұл белгілердің бүкіл жер мен ғарышта шашылғандарын
түсінді
жəне бір көрмеге оларда ешбір мағына мен себеп жоқ екенін де
біліп
алды. Шөл де, жел де, күн де, адамдар да өздерінің неге
жаратылғандықтарын
білмейді. Тек Бəрін Жаратқан Қолдың ғана бұған
себептері
бар болатын, тек қана Ол кереметтерді жасауға: мұхиттарды
– шөлге, ал адамдарды – желге айналдыруға шамасы келетін. Тек қана
жалғыз
Ол ғаламды Жаратудың алты күні Ұлы Жаратылысқа
айналатынын
түсінетін жəне оған Ғаламды қалай жетелейтінін
пайымдайтын
.
Сөйтіп
бозбала Ғаламның жанына үңілді, одан ол Жасағанның Жаны –
өзінің
жаны екенін, əрі оның кереметтер жасай алатындығын көрді.
Самум
сол күні бұрынғылардан да ерекше дауылдатты. Енді, ұрпақтан
ұрпаққа
желге айналған бозбаланың күллі лагерьді құрта жаздағаны,
шөлдегі
ең қуатты əскербасыға қарсы шыққандығы жайлы аңыз тарай
беретін
болады.
Жел
тыныстағанда, жұрттың бəрі бозбала тұрған жерге қарады, бірақ,
ол
онда жоқ еді. Ол лагерьдің екінші ұшпағында жартылай құмға
көміліп
қалған сақшының қасында отырды.
Сиқырлы
Күш жұрттың бəрін қорқытты. Тек екі адам ғана: өз шəкіртін
мақтаныш
еткен Алхимик жəне бұл шəкірт жасағанның құдіреттілігін
түйсінген
тайпа көсемі жымиып отырды.
Ертеңіне
ол Сантьяго мен Алхимикті қалаған жақтарына кетулеріне
қоя
берді де, оларға қосшылыққа өз жауынгерлерінің бірін қосып
бергені
əбден жарастықты болды.
Олар
күні бойы жүріп отырды да, ымырт үйіріле бастағанда Алхимик
жауынгерді
кейін қайтарып, өзі аттан түсті.
- Əрі қарай өзің барасың, - деді от Сантьягоға - Пирамидаларға дейін
үш
сағаттық жол қалды.
- Рахмет саған, - деп жауап қайырды бозбала. – Сен мені Жалпыға
бірдей
Тілге үйреттің.
– Мен жай ғана өзің менсіз де білетініңді зердеңе салдым. Ахимик
коптілер
монастырiнiң дарбазасын қақты. Оған қара киім киінген
монах
қарсы шықты. Олар коптіше қысқа ғана сөйлесті де, Алхимик
Сантьягоны
ішке кіруге шақырды.
- Мен сені маған көмектеседі деп айттым.
Алхимик
монастырьдің асүйінде ошаққа от жақты. Монах
қорғасынның
бір кесегін əкелді, ал, Алхимик қорғасынды темір
ыдысқа
салды да, плитаға қойды. Қорғасын балқыған кезде оң
қалтасынан
жасыл шыны жұмыртқа алып, одан түйреуіштің басындай
бөлігін
сындырып алды да, балауызбен майлап, қайнаған қорғасынға
тастап
жіберді.
Сұйық
қан сияқты қып-қызыл болып кетті. Алхимик қазанды оттан
түсіріп
, оның сууына мүмкіндік берді, ол екі арада монахпен шөлдегі
соғыс
жайлы əңгімелесті.
— Бұл ұзаққа созыла ма деп қорқамын, - деді анау.
Монах
ренжіп отырды: соғыстың салдарынан керуендер тапжылмастан
Гизада
тұрған керiнедi. «Бірақ, бəрі де Құдайдың еркінде», - деді ол
болғанға
көнген кейіпте.
— Жөн айтасың, – деді Алхимик.
Ақыры
қазан суығанда, Сантьяго мен монах бір-біріне масаттана
қарасты
: ыдыстың дөңгелек порымын қабылдаған қорғасын алтынға
айналыпты
.
– Мен де бір кезде шынымен осыған үйренемін бе? – деп сұрады
бозбала
.
– Бұл менің Жолым ғана болатын, – менікі, сенікі емес. Мен тек саған
мұның
мүмкін екендігін көрсеткім келді.
Олар
əлгі тұрақтың дарбазасына қайта оралды да, сол жерде Алхимик
алтын
дискіні төрт бөлікке бөлді.
– Мынау саған, – деді ол біреуін монахқа ұсынып жатып, – тəуеп
етушілерді
қашанда қуанышпен қарсы алуың үшін.
– Өзімнің ілтипатым үшін мен онсыз да тым көп алып жатырмын, –
деп
монах қарсылық білдірді.
– Ешқашан олай деме. Өмір оныңды қапелімде естіп қалып, келесі
жолы
азырақ беруі мүмкін, - деп жауап қайтарды да, Алхимик
Сантьягоға
бұрылды. – Ал, мынау саған - көсем алған ақшалардың
орнына
.
Бозбала
мына алтын одан əлдеқайда көп турады деп айтқысы келіп еді,
бірақ
, үндемеді.
— Мынау – маған, – деді одан əрі Алхимик. — Мен үйіме қайтуым
керек
, ал, шөлде соғыс жүріп жатыр.
Төртінші
кезекті ол тағы да монахқа ұсынды: - Мынау – тағы да
Сантьягоға
беріледі. Бəлкім, қажет болып қалар.
– Мен қазыналарға бара жатырмын ғой! - деп айғайлап жіберді анау. -
Мен
тіпті, міне, өте жақын қалдым!
- Мен сенің қазыналарды табатыныңа кəміл сенімдімін, - деді Ахимик.
- Онда маған алтынның қажеті қанша?
- Өйткені сен барыңның бəрінен бұған дейін екі рет айырыдың. Бірінші
рет
сені алаяқ алдап соқты, екінші жолы жаңбырдың кесірі тиді. Мен
ырымшыл
кəрі арабпын жəне де біздің мақалдың ақиқат екендігіне
сенемін
, ал, ол былай дейді:
«Бір рет болған жағдаят енді қайтып болмауы кəдік. Ал екі рет болған
жағдаят
үшінші рет қайтсе де болады».
Олар
аттарына отырды.
– Мен саған түстер жайлы тарихты айтқым келеді, – деді Алхимик. –
Қапталдаса
жақындап кел.
Бозбала
айтқанына көнді.
- Сонымен Ежелгі Римде, Тиберий императордың билік еткен кезінде
бір
мейірімді адам өмір сүріпті. Өзінің екі ұлы болыпты. Бірі жауынгер
болып
, империяның ең шалғай қиырына міндетін өтеуге кетеді.
Екіншісі
бүкіл Римді масаттандырған өлеңдер жазған.
Бірде
ақсақал түс көреді, онда аспаннан хабаршы көрініп, оған
ұлдарының
бірі дегені əлемге əйгілі болып, көп жүздеген жылдар
өткеннен
кейін адамдар қайталап жүретін болады деген болжам
айтады
. Қария қуанғаннан жылап жібереді: тағдыр оған жомарт та
шапағатты
болды, өйткені, əке бастан өткерерліктей ең жоғарғы
қуанышты
сыйлады.
Көп
ұзамай ол қаза тапты – ауыр арбаның астынан баланы аламын деп
жүргенде
, оны құтқарып, өзі дөңгелектердің астында қалды. Ол əділ де
дұрыс
ғұмыр кешкендіктен, бірден тікелей заңғарға жөнелді де, онда
түсіне
кірген хабаршыны жолықтырды.
- Сен жақсы да мейірбанды адам едің, - деді анау оған. - Сенің
тіршілігің
- махаббатқа, ал, өлімің – абыройға толы болды. Мен сенің
қандай
да болмасын өтінішіңді орындай аламын.
- Өмір де маған қайырымды болды, - деп жауап қайтарды қария. – Сен
менің
түсіме енгенде, өзімнің барлық талпыныстарымның текке
кетпегендігін
түйсіндім. Өйткені, менің ұлымның өлеңдері ұрпақтан
ұрпаққа
ауыса беретін болады ғой. Мен өзім үшін ештеңе де
өтінбеймін
, бірақ, қай əке болмасын, өзі оқытып, тəрбиелеп ақыл
айтқан
перзентінің даңқын мақтаныш етеді. Сондықтан мен алыстағы
болашақта
өз ұлымның айтқандарын естігім келеді.
Хабаршы
оның иығына жай ғана қолын тигізіп еді, екеуі де көзді
ашып
-жұмғанша алыстағы ілгергі уақыттан – бұлар түсінбейтін тілде
сөйлесіп
жатқан мыңдаған адамдары бар үлкен қаладан бір-ақ шықты.
Қария
қуанғаннан тағы да көзіне жас алды.
– Мен ұлымның өлеңдері ғасырлар бойы өлмейтінін білгенмін, – деді
ол
жасын іркіп. – Мына адамдар оның өлеңдерінің қайсысын қайталап
тұрғанын
айтып, маған жауап бер.
Хабаршы
қарияны мейірімділікпен орындыққа отырғызды да, өзі де
қасына
жайғасты.
– Өзің айтып отырған өлеңдердің даңқы бүкіл Римге жайылды, бəрі де
оларды
сүйіп айтып, рахаттанумен болған. Бірақ, Тиберийдің
патшалық
құруы аяқталғаннан кейін ел оларды ұмытты. Адамдар енді
сенің
жауынгер болған екінші ұлыңның өлеңдерін қайталап айтып жүр.
Қария
хабаршыға аң-таң болып қарады да қалды.
- Ол ұлың шалғайдағы провинциялардың бірінде қызмет етіпті, - деп
жалғастырды
анау, – Сөйтіп ол жүзбасы болады. Ол да əрі əділ, əрі
мейірімді
болған екен.
Бірде
оның құлдарының бірі қатты ауырып, ажалдың алдына
жақындайды
. Сенің ұлың əлдебір шипагердің пайда болғанын естіп,
сол
адамды іздеуге кіріседі. Ал, жол үстінде ол адамның Құдайдың Ұлы
екенін
біледі. Ол Оның емдеп жазған адамдарын кездестіреді, оның
іліміне
ден қояды, сөйтіп римдік жүзбасы болса дағы, оның наным–
сеніміне
өтеді. Сөйтіп ол бір күні таңертең оның алдынан шығады да,
малайының
қатты ауру екенін айтады. Сонда Ұстаз – ол адамды осылай
атайтын
– оның соңынан жүруге жиналады. Бірақ, жүзбасы сенімнің
адамы
болатын, сондықтан ұстаздың көздеріне қарап, ол Құдайдың
Ұлы
алдында тұрғандығын түсінеді. Міне, сонда сенің ұлың ғасырлар
бойы
ұмытылмайтын ғақлия айтады. Ол былай дейді: «О, Жасаған, мен
сенің
мекенжайыңа кіруге лайықсызбын. Бірақ, бір ауыз сөз айтсаң,
менің
малайым құлақтаза жазылып кетер еді...».
Алхимик
атын тебінді.
– Жердегі əрбір пенде немен айналысса да, əлем тарихында басты рөл
ойнайды
. Бірақ, əдетте ол жайында білмейді.
Бозбала
күлімсіреді. Бір кезде ол малшы үшін өмірдің мағынасы жайлы
мəселелер
осынша маңызды болады деп титтей де қаперіне алған емес
еді
.
– Қош бол, – деді Алхимик.
- Қош бол, - деп жауап қайырды бозбала.
Сантьяго
екі жарым сағат жүрегінің айтқанына ықтиятты түрде құлақ
түріп
жүріп отырды. Қазыналардың қайда жасырылғанын тек сол ғана
көрсетуге
тиісті болатын.
«Қызыналар қайда болса, сенің жүрегің де сонда болады», - деген-ді
оған
Алхимик.
Бірақ
, жүрегі өзге жайлы айтып отырды. Ол екі рет көрген түсін өңіне
айналдыру
үшін қойларын тастап кеткен малшы жайында
мақтанышпен
айтты. Өз жолы жəне оны өткерген көптеген адамдар
туралы
, жаңа жерлер немесе сұлуларды іздеп жолға шыққандар,
сондай
-ақ өз замандастарының ақыл-ойы мен сенім-нанымдарына
қарсы
тұрғандар жайында дəйім зердеге салып отырды. Жүрек ұлы
ізденіс
-ашулар, ұлы өзгерістер, кітаптар жайлы сыр шертті.
Сантьяго
құм төбенің еңісімен көтеріле бастағанда, жүрегі оған былай
деп
сыбырлады:
«Жинақы бол. Сен жылаған жерде мен де боламын, яғни, сенің
қазыналарың
да сонда деген сез».
Бозбала
баяу ғана өрлей берді. Жұлдыздары шашылған аспанда тағы да
толық
Ай пайда болды – оның шөлде келе жатқанына да бір ай тұтас
болғаны
ғой. Ай құм төбені жарықтандырып тұрды, көлеңкелердің
əдемі
ойнақ салғандығы сондай, тіпті шөл толқып жатқан теңізге ұқсап
кетті
, ал, Сантьяго Алхимикпен қоштасып, атының шылбырын бос қоя
беріп
, оған ерік берген күнді есіне түсірді. Ай шөлдің үнсіздігін жəне
қазына
іздеушілер келе жатқан артта қалған жолды жарықтандырып
тұрды
.
Ол
бірнеше минөттен кейін ең биікке шыққанда, оның жүрегі кенет
қатты
дүрсілдеп кетті. Оның алдында ай мен ақ құмдар сəулелендірген
пирамидалар
айбынды да сəулетті кейіпте тізбектеліп жатты.
Сантьяго
тізерлеп отыра кетті де, жылап жіберді. Ол Құдайға өз
тағдырына
сенуте мүмкіндік бергені, оны хрусталь сатушымен,
Мельхиседекпен
, Ағылшынмен, Алхимикпен, ең бастысы –
махаббаттың
Адамды өз Жолынан айырмайтындығына сенуге мəжбүр
еткен
əйелді кездестіргені үшін шексіз разы екендігін білдірді.
Пирамидалар
бозбалаға мыңжылдықтар биігінен қарап тұрды. Енді ол,
егер
қажет етсе, көгалды алқапқа қайтып барады, Фатимаға үйленіп,
қойларын
баға алады. Шөлде Жалпыға бірдей Тілді білетін жəне
қорғасынды
алтынға айналдыра алатын Алхимик тұрады ғой. Сантьяго
өз
өнерін ешкімге көрсете алмайды, ешкімді өз данагөйлігінің
жемістерімен
таңдандырмайды: ол өз тағдырының соңынан жүріп
отырып
, өзіне керектінің бəрін үйренді, арман еткенінің бəрін бастан
өткерді
.
Бірақ
, ол өзінің қазыналарын іздеп келеді, ал, іс бітті деп, тек мақсатқа
қол
жеткенде ғана айтуға болады. Бозбала биікте жылап тұрды, ал,
төмен
қарағанында мынаны көрді: оның көз жасы тамған жерде қоңыз
жылжып
барады екен. Сантьяго шөлде жиһан кезгенінде Мысырда бұл
киелі
скарабей қоңыз Құдайдың символы екенін білген-ді.
Оған
тағы бір белгі берілді де, бозбала жерді қазуға кірісіп еді, бірақ, ол
əуелі
хрусталь сатушыны есіне түсіріп, оның жөн айтпағанын түсінді:
ешкім
де ғасыр бойына тастың үстіне тас қойғанымен өз ауласында
ешқашан
пирамида тұрғыза алмайды.
Ол
түні бойы көрсетілген жерде құм қазумен болды, бірақ, ештеңе таба
алмады
. Алайда, ол берілген жоқ – қазған шұңқырын жауып қалып
отырған
желмен күресе отырып, қаза берді, қаза берді. Сантьяго əбден
титықтады
, қолдарын жарақаттады, бірақ, ол жасы тамған жерден ізде
деген
ез жүрегіне сенуден тайған жоқ.
Кенет
ол шұңқырдан тастарды шығарып жатқанда, аяқтардың дыбысын
естіді
. Сантьяго бұрылды да, адамдарды көрді – олар бірнешеу еді, тек
жарыққа
арқаларын беріп тұрғандықтан, түрлерін ажырата алмады.
– Сен мұнда не істеп жатырсың? – деп сұрады біреуі.
Бозбала
ештеңе деп жауап қайырмады. Енді, жоғалтары болғаннан
кейін
оның бойын қорқыныш билеп алды.
– Біз соғыстан қашып кеттік, - деді екіншісі – Бізге ақша керек. Сен
мұнда
не жасырдың?
- Мен ештеңе де жасырғаным жоқ, - деп жауап қатты Сантьяго.
Бірақ
қашқындардың біреуі оны шұңқырдан суырып алды, екіншісі
қалталарын
тінтіп, алтынның құймасына килікті.
- Алтын! – деп айғай салды анау.
Енді
, Ай оның бетіне сəуле шашып еді, Сантьяго тонаушының
жанарынан
өз өлімін көргендей болды.
Олар
Сантьягоны қаза беруге мəжбүр етті, ал, оған бағынуға тура келді.
Бірақ
, қазыналар жоқ болды, тонаушылар болса, оны сабай бастады.
Олар
оны аспанда алғашқы таң шапағы пайда болғанша үздіксіз
сабаумен
болды. Оның киімдерінің жалба-жұлбасы шықты, енді ол
ажалдың
жақын қалғанын сезінді.
Оның
есіне Алхимиктің айтқан сөздері түсті: «Егер өлуге тура келсе,
саған
ақшаның қажеті не? Ақшалар өлімді бір сəтке де кейін жытжыта
алмайды
», - деп еді-ау.
Ол
далба-дұлбасы шыққан, əрі қанға бөккен еріндерін əрең қозғалтып,
тонаушыларға
мысырлық пирамидалардың етегінде жасырылған
қазыналарды
түсінде екі рет көргенін айтып берді.
Тонаушылардың
басшысы болып көрінген біреуі ұзақ үндемей отырды
да
, қол астындағылардың біріне:
- Мынаны қоя бер. Онда енді ештеңе де жоқ, ал, мына құйманы бір
жерден
ұрлап алған шығар, – деді.
Сантьяго
кұлап түсті. Басшы оның көздеріне үңілгісі келіп еді, бірақ,
бозбаланың
жанары пирамидаларға бағытталған болатын.
– Мына жерден кетейік, - деді басшы қалғандарына сонсоң Сантьягоға
қарады
:
– Мен сені осынша ақымақ болуға болмайтындығын түсінуің үшін тірі
қалдырамын
. Сен қазір тұрған жерде, менің өзім де осыдан екі жыл
бұрын
, бір түсті айна–қатесіз тағы да əлденеше рет керген
болатынмын
. Мен түсімде Испанияға барып, онда қираған шіркеуді
тауып
алуым керек болды. Онда малшылар қойларымен түнейтін
көрінеді
, ал, дұға жасайтын жерге шөп өсіпті, соның тамырлары
қойнауына
қазыналар тығыпты-мыс. Бірақ, мен түс көрдім екен деп,
бүкіл
шөлді қиялай өтетін сен тəрізді ақымақ емеспін.
Осыны
айтқаннан кейін тонаушылар жайларына кетті.
Сантьяго
орнынан əрең тұрды да, пирамидаларға соңғы рет көз салды.
Олар
оған жымиды, жүрегі бақытқа толы болғанын сезініп, бұл да
жауап
ретінде жымиды.
Ол
өз қазынасын тапты.
Эпилог
Бозбаланың
есімі Сантьяго болатын. Ол жартылай қираған шіркеуге
жеткенде
қараңғылық қоюланып кеткен-ді. Ризницада – шіркеу
жабдықтарын
сақтайтын орында – бұрынғыша шөп өсіп тұрды, ал,
күмбез
тесігінен жұлдыздар нұры секілді. Ол бірде осында өз отарымен
түнеп
шыққанын есіне түсірді, егер көрген түсін есептемесе, түн
бабымен
өтті.
Қазір
ол тағы да осы жерге келді. Бірақ, бұл жолы ол мұнда қойларын
айдап
əкелген жоқ. Оның қолында күрек болатын.
Ол
аспанға ұзақ қарап жатты, сонсоң дорбашасынан бір бөтелке шарап
алды
да, бір жұтым жасады. Оның есіне бірде шөлдегі түнде аспанға
қарағаны
жəне Алхимикпен шарап ішкені түсті. Ол қаншама жол артта
қалғаны
жəне Құдайдың оған ерекше тəсілмен қазыналарға бағыт
сілтегені
жайлы ойлады.
Егер
ол түстерге сенбесе, кəрі сыған кемпірін, Мельхиседекті,
тонаушыларды
кездестірмесе...
«Тізім тым ұзын болып кетті. Бірақ, жол белгілермен айшықталған
болатын
, сондықтан мен одан бұрыс кете алмадым», - деп ойлады ол.
Ол
өзі байқамай ұйықтап кетті. Ал, оянғанда күн биік көтеріліпті.
Сантьяго
сикомордың (інжір тұқымдас ағаш. – Ауд.) түбін қаза бастады.
«Кəрі сиқыршы, – деп ойлады ол Алхимик жайлы, — сен бəрін алдын–
ала
біліп отырдың. Сен тіпті, менің мына шіркеуге жетуім үшін
алтынның
екінші құймасын да қалдырдың. Монах дат-далы шыққан əрі
таяқ
жеген мені кергенде күліп жіберді. Ал, сен мені бұдан, мұндай
нəубеттен
құтқара алмайтын ба едің?».
«Жоқ, - дегенді естіді от желдің сыбдырынан. – Егер мен сені алдын–
ала
ескертіп қойсам, сен онда пирамидаларды көре алмаған болар едің.
Ал
, олардың соншалықты əдемі екендігі рас қой?».
Бұл
алхимиктің дауысы еді. Бозбала күлімдеді де, əрі қарай қаза берді.
Жарты
сағаттан кейін күрек əлдебір қатты затқа тиді, ал, бір сағат
өткен
соң, Сантьягоның алдында бағзы заманғы алтын теңгестер
толған
қобди тұрды. Тап сол жерде асыл тастар, ақ жəне қызыл
қауырсындармен
əшекейленген алтын бас киімдер, бриллианттармен
безендірілген
тас идолдар (паттар) – жолаушылардың олжалары жатты.
Олар
жайлы ел баяғыда ұмытқан, ал, мұндай олжаның иесі балаларына
айтқысы
келмеген.
Сантьяго
сөмкеден Урим мен Туммимді алып шықты. Олар тек бір-ақ
рет
, базардағы таң атқанда қажетке жараған еді: өмiр оған оларсыз да
жөн
белгілерін беріп келді.
Ол
оларды қобдиға салды – бұлар да оның қазыналарының бір бөлегі:
тастар
оған енді ешқашан жолықтырмайтын кəрі патшаны есіне салып
тұратын
болады.
«Өмір шын мəнінде Өз Тағдырының соңынан жүріп отыратындарға
жомарт
-ақ, — деп ойлады ол, сонсоң Тарифаға барып кəрі сыған
кемпіріне
қазынаның оннан бір бөлігін беру керектігін ойына түсірді.
– Шынында сығандар данагөй ғой! Бəлкім, əлемде тынымсыз жаһан
кезетіндіктерінен
солай шығар».
Ол
тағы да желдің лебін сезінді. Бұл – Африкадан келіп жеткен
левантиялық
жел еді, бірақ ол бұл жолы маврлардың басып кіруі жайлы
алдын
-ала ескерткен жоқ. Сантьяго енді одан жай ғана жақындап,
ақырында
оның еріндерінде қалып қойған сүйістің осынша танымал
хош
иісін, дыбысы мен дəмін айырды.
Бозбала
күлімсіреді: ол Фатиманың алғашқы сүйіп алғаны еді.
- Мен барамын, - деді ол, - мен саған келе жатырмын. Фатима!
Тəржімелеген
Марал
ХАСЕН
,
Қарағанды
, 2005-6
жж
.
Оглавление
АЛҒЫ
СӨЗ
СӨЗ
БАСЫ
БІРІНШІ
БӨЛІМ
ЕКІНШІ
БӨЛІМ
Эпилог
Document Outline - АЛҒЫ СӨЗ
- СӨЗ БАСЫ
- БІРІНШІ БӨЛІМ
- ЕКІНШІ БӨЛІМ
- Эпилог
Достарыңызбен бөлісу: |