Пауло Коэльо Алхимик алғы сөз оқырмандарға ескерте кетер міндетті жайт – «Алхимиктің»



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата19.04.2024
өлшемі0.86 Mb.
#499261
1   2   3
Алхимик Паоло Коэльо

СӨЗ
БАСЫ
Алхимик
жолаушылардың бірі əкелген кітапты қолына алды. Кітаптың
мұқабасы
жоқ еді, бірақ, ол автордың – Оскар Уайльдтің – аты-жөнін
тапты
, сөйтті де шығарманы парақтай отырып, Нарцисс жайлы
əңгімеге
килікті.
Ұзақты
күнге бұлақтағы өз бейнесіне сүйсінумен отырған сұлу бозбала
жайлы
миф Алхимикке белгілі болатын: Нарцисс тыным алмай
қарағандығы
соншалықты, ең аяғында ол суға құлап, батып өледі, ал
жағалауда
оның есімі сақталуы үшін өзі аттас гүл өсіп шығады.
Бірақ
, Оскар Уайльд бұл əңгімені өзінше баяндайтын: «Нарцисс қаза
тапқанда
, орман нимфалары – дриадтар – жылғадағы тұщы су көздің
жасынан
тұзды болып кеткенін байқайды.
– Сен неге жылайсың? – деп сұрайды дриадтар.
– Мен Нарцисті жоқтап отырмын, – дейді жылға.
– Оған таң қалуға болмайды, – деседі дриадтар. – Ол орманды кесіп
өткенде
біз ылғи да оның соңынан жүгіретінбіз, ал сен болсаң – оның
сұлулығын
ең жақыннан көрген өзің ғана.
– Ал ол сұлу ма еді? – деп сұрады сонда жылға.
– Бұл туралы сенен артық кім баға бере алады? – деп таң қалысты
ормандағы
нимфалар. – Сенің жағалауыңда, сенің суыңа таң атып, күн
батқанша
қарап отыратын сол емес пе еді?
Бұлақ
ұзақ уақыт үндемей отырды да, ақыры былайша жауап қайтарды:
– Мен Нарцистің сұлу екендігін ешқашан байқамасам да, оны жоқтап
жылаймын
. Өйтетін себебім, ол менің жағалауыма келіп, суларыма
еңкейген
сайын оның жанарларының түбінен өз əсемдігім
бейнеленетін
.
«Қандай ғажап əңгіме», – деп ойлады Алхимик.


БІРІНШІ
БӨЛІМ
Бозбаланы
Сантьяго деп атайтын. Ол өз қойларын жартылай бұзылған
иесіз
шіркеуге қарай шығарғанда ымырт жабыла бастаған еді. Оның
күмбезі
отырып құлағалы қашан, ал бір кезде шіркеу жабдықтары –
ризница
болған жерде інжір тұқымдас ағаш – сикомор қанатын кеңге
жайған
.
Сантьяго
осы жерде қонып шығуға бел байлады да, кетеуі кеткен
есіктен
қойларын енгізіп, сыртынан тақтай сынықтарымен жапты,
онысы
– отары шығып кетпесін деген амалы. Бұл аймақта қасқырлар
жоқ
болатын, бірақ, кейде қойлар шашырап кеткенде, адасқан
қайсыбір
марқаны күні бойы іздеуге тура келетін.
Сантьяго
еденге күртешесін жайды да, басының астына жақында оқып
бітірген
кітапты қойды. Ал, ұйқыға кетер алдында өзімен бірге
қалыңдау
кітапты алып жүрген жөн болар еді деп ойлады – əрі ұзақ
оқисың
, жастық ретінде пайдалануға да оңтайлы. Ол қараңғылық
сейілмеген
кезде оянды, содан ғой, төбенің əр тұстағы тесіктерінен
жұлдыздар
жымыңдап тұрды.
«Тағы да ұйықтар ма еді», – деп ойлады Сантьяго.
Оған
тағы да өткен аптада көрген, бірақ, көріп аяқтай алмаған түс кірді.
Ол
орнынан тұрып шараптың бір жұтымын ішті. Таяғын алды да,
ұйықтап
жатқан қойларды түртпектей бастады. Бірақ, олардың
көпшілігі
Сантьяго көзін ашқан сəтте тап бір өзімен жəне екі жыл
бойына
жерден жерге отын мен су іздеген қойлар арасында бір құпия
байланыс
бардай-ақ оянған еді. «Олардың маған үйренгендіктері
соншалық
, менің барлық əдеттерімді бойларына сіңіріп алған, – деп
күбірледі
ол. – Тіпті менің күнделікті жұмыс тəртібімді де біледі».
Осы
жағдаят турасында тағы да шамалы ойланған ол, бəлкім мəселе
керісінше
шығар – өзім қойлардың тəртібіне ыңғайлануды үйренген
болармын
деп пайымдады.
Бірақ
, кейбір қойлар Сантьяго солардың аттарын атап таяқпен
нұқығанымен
тұруға асығатын сыңай көрсетпеді. Ол қойлар өздеріне
не
айтқанын тамаша түсінетіндіктеріне сенімді болатын, сондықтан


кітапшалардың
өзіне ұнаған тұстарын кейде дауыстап оқып беретін,
қойшы
тіршілігінің қиыншылықтары жайлы, немесе ондағы қуанышты
сəттердің
шамалы екендігі туралы баян ететін, əйтпесе өзі болып
қайтқан
қалалар мен селолық жерлерден естіген жаңалықтармен
бөлісетін
.
Айтқандайын
, бозбала кейінгі кезде тек қана өзі төрт күннен кейін
бармақшы
қалада тұратын бойжеткен, саудагердің қызы жайлы ғана
айтып
келеді. Ол оны бір-ақ рет өткен жылы көрген еді. Сантьяго
жолдастарының
бірі осы дүкеншікті көрсетіп, ол соған қойларын айдап
əкелді
. Дүкеншіктің иесі мауыты мен жүн маталарды саудалайды екен,
сондықтан
болар, қойлардың өзінің көз алдында қырқылуына талап
қоятын
көрінеді.
«Жүн сатайын деп едім», – деген-ді ол сонда дүкеншіге. Сауда
жасайтын
жерге біраз халық жинақталып қалған екен, қожайын
қойшыға
түске дейін тоса тұр деген уəж айтты. Сантьяго келісті де,
тротуарға
отырып арқасындағы қапшығынан кітапшасын алды.
Кенет
жанынан:
– Малшылардың оқи білетіндігін білмеуші едім, – деген əйел дауысы
естілді
.
Басын
көтерген ол бейнесіне қарағанда нағыз Андалузия тумасы дерлік
қызды
көрді: шаштары ұзын, əрі қара да майда, ал жанарлары кезінде
Испанияны
тізе бүктірген маврлардікінен еш аумайды.
– Малшыларға оқымаса да болады: қойлар кез келген кітаптан артық
үйретеді
, – деп жауап қайтарған-ды оған Сантьяго.
Ақыры
, сөзден сөз туындап, олар екі сағатты тұтастай əңгімемен
өткізді
. Қыз лəпкешінің баласы екенін, тіршілігі өте іш пыстыратынын
жəне
өтіп жатқан күндердің бір-бірінен судың қос тамшысындай
аумайтындығын
айтты. Ал, Сантьяго Андалузия далалары жайлы, өз
жолы
үстерінен өткен үлкен қалалар турасында естігендерінен сыр
шертті
. Ол сұхбаттасушысына өте разы болды – бұл сайып келгенде
қойлармен
əңгімелесуден бөлек қой...
– Сен оқуды қайдан үйрендің? – деп сұрады қыз.


– Елдің бəрі оқыған мектепен үйрендім, – деді бозбала.
– Көзің ашық екен, ендеше неге қой бағып жүрсің?
Сантьяго
жауап орнына өзге жайттардың басын шалды: қыз бəрібір оны
түсінбейді
деген сенімде болды. Ол қызға өзінің сапарлары, жүрген-
тұрғаны
жайлы кеңінен толғады, ал қыздың мавритандық көздері таң
қалғандықтан
біресе бадырайып, біресе сығыраюмен болды. Уақыт
байқаусыз
жылжып өтіп жатты, сондықтан Сантьяго осынау күннің
ешқашан
аяқталмауын, ал саудагерді сатып алушылар қоршап,
қойларды
қырқуды кемінде үш күн тосуларын тіледі. Ол бұрын мұндай
ахуалды
ешқашан бастан өткермеген еді, енді оның осында біржола
қалғысы
келді. Осынау қолаң шашты қызбен өткізетін күндер бір-
біріне
соншалықты ұқсас болмас еді.
Бірақ
, осы мезетте дүкеннен қыздың əкесі шықты да, қырқуға деп төрт
қойды
бөліп алды. Сонсоң тиісті төлемін төледі де:
– Енді келесі жылы кел, – деді.
Міне
, сол белгіленген уақытқа небəрі төрт-ақ күн қалған еді. Бозбала
алдағы
кездесуге қуанып тұрса да, бір жағынан егер қыз оны ұмытып
қалса
, қалай болмақ деген ой да дегбірін кетіріп бітті. Олардың
қалашықтарын
басып өз отарларын айдап өтетін қойшылар жетіп
артылатын
шығар.
– Жарайды, солай-ақ болсын, – деді ол өз қойларына. – Не қыла қояр
дейсің
, өзге қалалардан да қыздар табылар.
Бірақ
, ол ой түпкірінде бұл жағдаяттың қатты мазалайтынын білетін
еді
. Малшыларда да, теңізшілерде де, жер-жерді аралап жүретін
саудакештерде
де қашанда əлемді кеңінен шарлауға деген қуанышты
құрбандыққа
шалуға мүмкін болатын жалғыз ғана аңсаған қаласы
болады
.
Таң
əбден атты да, Сантьяго отарын күн көтерілген жаққа айдады.
«Қойларға жақсы ғой, – деп ойлады ол, – ештеңе шешудің қажеті жоқ.
Бəлкім
олар сондықтан маған үйірсектенетін шығар».


Оларға
жалпы ештеңенің қажеті жоқ – тек жайылар жайылым, ішетін
су
болса жарап жатыр. Ол əзірге Андалузиядағы ең жақсы
жайылымдарды
білетіндіктен, қойлар да оның ең жақын достары
болып
қала бермек. Күндер бірлерінен бірі айырғысыз болсын, күн
таңның
атуы мен батуына дейін тым ұзаққа созылсын, қысқа
ғұмырларында
бір де бір кітап оқымасын мейлі, қалалар мен ауылдық
жерлердегі
адамдар бір-бірлеріне жаңалықтар айтатын тілді түсінбесе
де
– олар су мен шөп жеткілікті болғанда бақытқа кенелмек. Олар осы
үшін
адамдарға өз жүнін, өз қоғамын жəне уақыт аралатып өз еттерін
де
жомарттықпен беріп жатады.
«Мен бүгін тағы аңға айналып кетіп, оларды бірінен соң бірін отай
бастасам
, қойлар не болғанын мен отардың басым бөлігін қырып
салғаннан
кейін ғана ұғынар еді, – деп ойлады Сантьяго. – Қойлар
өздерінің
түйсікті сезімдерінен гөрі маған көбірек сенім білдіреді,
өйтетіндері
оларды тек қана менің қорек табатын жерлерге
апаратындығымнан
туындайды».
Ол
бүгін басына қилы ойлардың ұмтылыс жасағанына өзі де таң қалды.
Бұл
бəлкім өзі қонып шыққан шіркеудің ризницасында өсіп тұрған
інжірден
қарғыстың бой көрсеткенінен шығар? Əуелі ол бұрын көрген
түсін
қайта көрді, ал енді міне – сенімді жолсеріктеріне ашу-ыза
көтерілді
. Ол кешкі дəмнен қалған шарапты ұрттады да, күртешесін
тығызырақ
қымтанды. Ал енді небəрі бірер сағаттан соң күн шырқау
биігіне
барғанда алапат ыстықтың көтерілетіндігі сондай, тіпті
қойларды
тақыршық арқылы айдауға мүмкіндік болмай қалатынын
біледі
. Бұл кезде барша Испания ұйқтап жатады. Аптаптың беті тек
кешқұрым
ғана қайтады, ал оған дейін күні бойы иығыңдағы ауыр
күртешені
сүйретіп жүруге тура келеді. Бірақ, ештеңе істей алмайсың:
таң
алдында билік құратын, суықтан құтқаратын да сол күртеше.
«Негізі ауа райының күтпеген «сыйлықтарына» əзір болған абзал», –
деп
ойлады Сантьяго күртешенің осынша ауыр да жылы екендігіне
ырзашылық
сезіммен. Жалпы оның өз пешенесіне жазылған міндеті
барлығы
сияқты, Сантьягоның да өз «тапсырмасы» бар. Оның өмірінің
өз
пешенесіне жазылған міндеті – саяхат шегу, сөйтіп Андалузия
қыраттары
мен жазықтарында екі жыл бойына сапарда жүргенде оның


барлық
қалалары мен ауылдарында болды. Сантьяго бұл жолы мауыты
кездемешінің
қызына қарапайым қойшының қалай сауатты болғанын
түсіндіруге
оқталып еді.
Ал
, мəселе былай болатын – ол он алтыға толмай тұрғанға дейін
семинарияда
дəріс алған-ды. Оның ата-анасы ауылдық отбасылардың
мақтанышы
– дін қызметшісі болуын армандап еді. Олар да қойлар
тəрізді
қорек табу жолында ауыр еңбектенуден өткен болатын.
Семинарияда
Сантьяго латын, испан жəне дін хадистері туралы ілімді
оқыды
. Балалық шағынан бастап əлемді тануға деген ұмтылысы, оның
Құдайды
тану мен пенделердің күнəлəрін егжей-тегжейлі зерттеуге
деген
ынтасын жеңіп кеткен болатын. Сонымен, бірде ол əке-шешесіне
барып
қайтқанында, бар батылдығын жинап, өзінің дін қызметшісі
болуды
қаламайтындығы туралы жайып салған. Ол саяхаттауды
қалайтынын
айтқан.
– Ұлым менің, – деді əкесі оның мұнысына, – біздің деревняда кім
болмады
дейсің? Мұнда əлемнің бар қиырларынан əлдебір жаңа үрдіс
іздеген
адамдар келеді, бірақ, бұрын қандай болса, сол қалпында
қалған
күйі қайта кетіп жатады. Олар тауға шығып, ондағы қорғанды
көреді
, сөйтіп өткеннің бүгінгіден артық екенін бажайлайды. Олардың
ақшыл
шашы немесе қара қоңыр терісі болуы ықтимал, бірақ, біздің
ауылдастардан
еш өзгешелігі жоқ.
– Бірақ, мен олардың өлкелерде қандай қорғандар барын, ол
адамдардың
түпкі тегі қайдан екенін білмеймін ғой, – деп қарсы уəж
айтты
Сантьяго.
– Олар біздің жер мен біздің əйелдерді көргенде, ол адамдар осында
біржола
қалғылары келетіндіктерін айтады, – деп жалғастырды əкесі.
– Ал, мен де өзге жерлерді көріп, өзге əйелдерге қарағым келеді.
Өйткені
келімсектер бізде ешқашан қалмайды ғой.
– Саяхаттар үшін көп ақша керек. Ал, біздің ағайындар арасында бір
орында
отырмайтындар тек қана малшылар.
– Несі бар, онда бақташы боламын, – деді Сантьяго.


Əкесі
ештеңе деп жауап қайырған жоқ, ал ертесіне таңертең үш алтын
ақша
салған əмиян табыс етті:
– Бірде егіс даласынан тауып алған едім. Аспаннан түскен сый деп
есептегейсің
. Өзіңе бір отар қой сатып ал да, біздің қорған – ең басты
қорған
, ал біздің əйелдерден артық сұлулар еш жерде жоқ екендігіне
көз
жеткізгенше əлемді шарлауға аттана бер.
Ол
баласына бата бергенде, ұлы оның көздерінен жасы мосқал
тартқанына
қарамастан саяхат шеккісі келіп тұрғанын байқап қалды,
тек
отырықшы тіршіліктің бастағы баспана мен алдындағы дəм-тұзына
мойынсынғандығы
жібермейді ғой.
Көкжиектегі
аспан қоңыр қызыл бояуға малына бастағаннан кейін күн
де
шықты. Əкесінің айтқанын зердесіне түсірген Сантьяго кенет
көңілденіп
кетті: ол бұған дейін талай қорғандарды көрді жəне толып
жатқан
сұлуларға көз суарды, бірақ, солардың бір де бірі өзі екі күннен
кейін
жүздескелі отырған қызбен үзеңгі қағыстыра алмайды. Оның бір
отар
қойы, күртешесі, өзгесіне қашанда айырбастап алуға болатын
кітабы
бар. Ал, ең бастысы – оның асқақ арманы орындалуда: ол саяхат
шегуде
. Оған Андалузияның жазықтары мен далалары зерігу сезімін
туындатса
, қойларды сатып, теңізші болып жалданып кетуге де болады.
Ал
, егер айдындарда жүзу де жалықтырса, өзге шаһарларды, өзге
əйелдерді
білетін болады, сондай-ақ бақытты болудың басқа да
жолдарын
түйсінеді.
«Семинарияда маған Жасағанды табудың сəті қалай түскенін
білмеймін
», – деп ойлады Сантьяго көтеріліп келе жатқан Күнге көз
салып
.
Ол
өзінің саяхаттау кездерінде əрдайым бұрын ешкім жүрмеген
жолдармен
жүруді оңтайлы көретін. Осынау аймақтарда қаншалықты
болса
дағы, мына шіркеуге қонудың орайы келмей қойған-ды. Əлем
дегеніңіз
түпсіз де таусылмайтын дүние ғой, сондықтан Сантьяго баз-
базда
қойларға өздері жөн тапсын деп еркіне сəл жіберсе де, алдынан
қайткен
күнде қызықты жағдаят кездесетін. Тек қойлар ғана өздері əр
күнгі
жолдарды, өзгеретін жайылымдар мен жыл мезгілдерін
түсінбейді
: олардың уайымы – тек қана қоректену.


«Мүмкін біздер де сондай шығармыз, – деп ойлады қойшы. – Мысалы
менің
өзім де өзге əйелдер турасында мауытышының қызымен
танысқаннан
бері бір рет те ойланған емеспін ғой».
Ол
аспанға қарады, жобалауынша түскі тамаққа дейін Тарифаға
баратын
сыңайлы. Онда кітапты өзге қалыңдау басылымға айырбастап,
дүңгіршегін
шарапқа толтырып, қырынып, шашын алдырып
мауытышының
қызымен кездесуге кəдімгідей əзірленгені абзал. Өзін
өзге
малшы орап өтіп, алға шығып кетеді-ау деген ойды ойламауға
тырысты
.
«Тіршіліктің қызық жері – онда көрген түстер өңіңде көргендеріңмен
жалғасуы
ғажап емес», – деп ойлады Сантьяго. Аспанға қарап қойып,
адымын
ширата түсті.
Ол
Тарифада түстерді жори білетін кемпір барын есіне түсірді. Енді
өзіне
екі рет көрінген түстің мағынасын сол айтсын.
Кемпір
мейманын асханадан əртүсті пластмасса моншақтардан
жасалған
шымылдықпен бөлінген түпкі жақтағы бөлмеге өткізді. Онда
үстел
мен екі орындық бар екен, ал қабырғада Христ Жүрегінің бейнесі
ілулі
тұрды.
Кемпір
Сантьягоны жайғастырды, өзі қарсы алдына отырды да, оның
екі
қолынан бірдей ұстап, бастама үшін күбірлеп дұғасын оқыды.
Дұға
сығандардікіне ұқсас көрінді. Малшыға сығандар жиі кездесетін
– олар қой бақпаса да, əлемді шарлап көп жүретін. Ал адамдар олар
алдаумен
ғұмыр сүреді, жандарын шайтанға сатқан, балаларды
ұрлайды
, олар болса кейін табордағы құлдарға айналады деп есептейді.
Сантьяго
бала шағында өзін сығандар ұрлап кете ме деп өлгенше
қорқатын
, енді міне, кемпір оның қолдарын ұстағанда, сол қорқыныш
тағы
да оянды.
«Бірақ, бұл жерде қасиетті Исаның Жүрегі бар ғой, – деп ойлады ол
көңілін
жайландырып жəне еріктен тыс дірілді басуға тырмысып. Бұл
кемпірдің
əлденені байқап қалғанын хош көрмеді. Сенімділік үшін
ішінен
«Біздің Тəңір бабамызды» оқып шықты.


– Өте қызық екен, – деп күбірледі кемпір оның қолдарындағы
сызықтардан
көз алмастан, сөйтті де тағы да үнсіздікке берілді.
Бозбала
бұрынғыдан əрмен мазасызданды. Діріл оның қолдарына қарай
өтіп
, оларды асығыс тартып алды.
– Мен мұнда сен қолымнан бал ашып берсін деп келгенім жоқ, – деді
ол
, бір жағы осынау үйдің табалдырығын аттағанына өкіне бастап: не
сұраса
, сонысын төлеп, осы жерден тезірек кеткені дұрыс еді. Бар
болғаны
екі рет көрген түсі жайында ғана емес пе?
– Білемін. Сен маған көрген түсіңді жорытуға келдің, – деп жауап
қайтарды
сыған кемпір. – Түстер – Тəңірінің бізбен сұхбаттасатын тілі.
Бұл
əлемдегі тілдердің бірі болып тұрғанда, мен əлі де болса ол тілден
аудара
аламын. Бірақ, егер Тəңірі саған өз жаныңның тілімен үндессе,
оның
айтқаны тек қана сенің жалғыз өзіңе түсінікті болады. Дегенмен
сен
менен ақыл сұрауға келгендіктен, сенен бəрібір ақша аламын.
«Тəрізі уысына түсіп қалған сияқтымын», – деп ойлады Сантьяго, –
бірақ
, енді шегінетін жер жоқ еді. Тəуекел дегеніңіз малшы үшін
үйреншікті
шаруа: біресе отарға қасқырлар шабады, немесе
қуаңшылық
алдан шығады. Тəуекел оның тіршілігінің тұздығын
келтіреді
.
– Маған бір түс екі рет айнымай кірді, – деді ол. – Мен қойларымды
шабындықта
бағып жүр екенмін деймін, тап осы тұста бөбек пайда
болып
, ол менімен ойнағысы келеді. Мен өзімнің қойларыма
əлдекімнің
жақындап келгенін жақтырмаймын: олар бөгделерден
қорқады
. Тек неге екенін білмеймін – балаларды ғана үрікпей өздеріне
тақалтады
. Қойлардың адам жасын қалай анықтайтынын жəне
түсінбеймін
.
– Түсіңді айта бер, – деп киіп кетті кемпір. – Əне, менің бақырашым
отта
тұр. Сенің ақшаң шамалы, ал менің уақытым қымбат тұрады.
– Бөбек қойлармен ойнай берді, ойнай берді, – деп жалғастырды сəл
қысылған
сыңайда Сантьяго, – сонсоң кенет мені қолымнан ұстап алды
да
, Мысыр пирамидаларына апарды.


Ол
бұлардың не екенін сыған кемпір біле ме екен деген күдікпен
кідірді
, бірақ, анау үндеген жоқ.
– Мысыр пирамидаларына, – деп баппен қайталады ол, – сонсоң маған:
«Егер мұнда тағы келсең, онда жасырылған қазынаны тауып аласың», –
деді
. Тек ол қазынаның қайда жатқанын көрсетуге оқтала бергенде,
мен
оянып кеттім. Екінші рет көрген түсім де тап осындай.
Кемпір
көпке дейін үндемей отырды, сонсоң тағы да Сантьягоның екі
қолын
алып, алақандарына ыждаһатпен қарады.
– Мен қазір сенен ештеңе де алмаймын, – деді ол ақырында. – Бірақ
қазынаны
тауып алсаң, онда оның оннан бір бөлігі – менікі.
Бозбала
қуанғаннан күліп жіберді – түсіне кірген қазына оның бақыр
тиындарын
сақтайтын болды. Кемпір шынында сыған болып шықты: ал
сығандардың
ақыл-есі түгел емес десіп жатады ғой...
– Сонымен менің түсімді жорысаңшы енді, – деп өтінді ол.
– Алдымен ант бер. Қазынаның оннан бірін маған беремін деп ант-су
іш
, сонда ғана жоримын.
Ант
беруге тура келді. Бірақ кемпір ол антын Исаның Қасиетті
Жүрегінің
бейнесі алдында қайталауды талап етті.
– Бұл түс Жалпы Тілде көрінген, – деді ол. – Бірақ, қаншалықты қиын
болса
да, оны жоруға талаптанып көрейін. Мен осы еңбегім үшін сенен
қазынаның
оннан бір бөлігін сұрап отырмын. Ендеше тыңда: сен
Мысырға
барып жəне өз пирамидаларыңды табуға тиіссің. Мен өзім
бұл
турасында естіген емеспін, бірақ, оны саған бөбек көрсетсе, ол
шынында
да бар деген сөз. Міне, солай қарай сапар шек – сен онда өз
қазынаңды
табасың да, байисың.
Сантьяго
əуелі таң қалып еді, ал кейін өкінішті сезінді. Осындай түкке
тұрғысыз
нəрсе үшін кемпірді іздеп несі бар еді? Қайта өзінен ақша
алмағанына
тəубе.
– Саған уақытымды босқа жіберген екенмін, – деді ол.
– Мен алдын–ала ескерттім: сенің түсіңді жору қиын. Бір нəрсе
қаншалықты
əдеттен тыс ғажап боп көрінсе, соншалықты қарапайым


болады
, ал оның мағынасын түсінуге тек данагөйдің ғана күші жетеді.
Ал
мен данагөйлікпен ерекшеленбегендіктен өнердің басқа түрлерін
үйренуге
– мəселен қолға қарап жоруды игеруге тура келді.
– Мен сонда Мысырға қалай жетпекшімін?
– Ол енді менің уайымым емес. Мен тек түстерді жоруды ғана білемін,
ал
оларды тіршілікте жүзеге асыра алмаймын. Əйтпесе өз
қыздарымның
садақаларын талғажу көріп, қайыршы тəрізді тіршілік
кешер
ме едім?
– Ал мен Мысырға жете алмасам ше?
– Жете алмасаң – менің жорығаным үшін беретін төлеміңсіз қаламын.
Ондайдың
талайын көргенмін. Ал, енді жөнел, бізге тілге тиек етер
ештеңе
де қалған жоқ.
Сантьяго
сыған кемпірден қатты түңіліп шықты да, енді ілгеріде
көрген
түстерге ешқашан сенбейтін болып шешті. Осы жерде ол небір
шаруамен
айналысатын кез келгенін есіне түсірді: дүңгіршекке барып
шамалы
тағам алды, өзінікін қалыңдау өзге кітапқа айырбастады,
сөйтті
де, алаңқайдағы орындыққа жайғасып жаңа шараптың дəмін
татты
. Күн ыстық болатын, содан болар, шарап бозбаланы сиқырлы
түрде
салқындатты.
Ол
өз қойларын қалашықтың шет жағындағы жаңа досының қотанында
қалдырған
еді. Негізі Сантьягоның бүкіл аймақта жора-жолдастары
көп
болатын, ол сондықтан да саяхаттауға құмар-тын. Жаңа дос тапсаң,
онымен
күнде кездесіп жату міндет емес. Ал, айналаңда үйреншікті
адамдар
болғанда – айталық, семинариядағадай – олар сенің
болмысыңа
қалай болғанда да ене бастайды. Ал, өміріңе кіріп алған
соң
, олар біраздан кейін оны өзгертуге талап жасайды. Егер олар сені
қай
бейнеде көргісі келгеніне сай келмесең – өкпелейді. Əркім мына
жалғанда
қалай ғұмыр кешу керек екендігін шүбəсіз айқын біледі ғой.
Тек
ешкім де неге екені белгісіз, өз өмірін баптай алмайды. Бұл
жағдаят
сыған кемпірдің түстерді жорып, бірақ қалай жүзеге асыруды
білмейтініне
ұқсайды.


Сантьяго
күн еңкейіңкірегенінше тоса тұруға шешім жасады, əрі сонда
қойларды
жайылымға айдауға болар еді. Мауытышының қызымен
кездесуге
дейін əлі үш күн бар. Ал, ол əзірше жергілікті дін қызметшісі
– священниктен айырбастап алған жаңа кітабына кірісті. Кітап қалың
екен
, əрі алғашқы бетінен бастап-ақ əлдекімді жерлеу рəсімі
баяндалыпты
, оның үстіне кітап қаһармандарының аты-жөндеріне тіл
оңайшылықпен
бұрала қоймайтын қиын болды. «Егер мен бір кезде
кітап
жазсам, – деп ойлады бозбала, –оқырмандар кімді қалай
атайтынын
ойға түсірмес үшін оның əр парағында жаңа қаһарман бой
көрсететін
болады».
Оның
өлікті қарға қалай көмгендіктері жайлы оқығанда (осы тұста күн
қайнап
тұрса да, Сантьягоның денесі қалтырап кетті) баяндауға елігіп,
оқуға
үңілгені сол ғана еді, орындыққа бір шал келіп отырды да,
онымен
əңгіме бастады.
– Мыналардың бəрі не істеп жатыр? – деп сұрады ол, алаңдағы
адамдарды
нұсқап.
– Жұмыс істеп жатыр да, – деп бозбала оқудан бас ала алмай жатқандай
сыңай
білдіріп, келте қайырды.
Ал
, шындығында ол мауытышы қызының көз алдында төрт қойды
қырқатыны
жəне қыздың мұның неге ыңғайы барын көретіндігі жайлы
ойлап
отыр еді. Сантьяго осынау көріністі өзіне жиі суреттейтін, əрі
əрдайым
таңғалған қызға қойды құйрығынан басына қарай қырқу керек
екендігін
ойша түсіндіретін. Ол оның үстіне қой қырқу кезінде қыздың
көңілін
көтеру үшін əрқилы қызықты оқиғаларды зердесінен
сұрыптауға
кірісті. Бұл оқиғаларды ол қилы кітаптардан оқыған
болатын
, бірақ, олардың бəрін тап өзімен болғандай етіп баяндауды
ойластырды
. Қыз бір кезде болжай қояды деймісің: өйткені ол оқу
білмейді
ғой.
Бірақ
, шал алған бетінен қайтпайтын болып шықты. Шаршадым əрі
шөлдедім
деп бір жұртым шарап сұрады. Сантьяго осымен құтылсам
жарады
дегендей құтысын ұсынды.
Ол
-ол ма, шал енді əңгіме бастағысы келді. Шал құтысын қайтарып, ол
бозбаланың
қандай кітап оқып жатқаны жайлы сауал қойды. Сантьяго


тіпті
өзге орындыққа ауысып отыруға қозғалмақшы болды, бірақ, əкесі
оны
үлкендерді қашанда инабатпен сыйлауға тəрбиелеген-ді,
сондықтан
ол үн қатпастан кітапты көршісіне ұсынды: бəлкім ол
кітаптың
дұрыс қалай аталатынын білетін шығар. Ал егер шал сауатсыз
болса
ыңғайсыздықтан құтылу үшін табанын жалтыратар.
– Гм... – деді шал тап бір мұндай ғажайып затты алғаш көріп
отырғандай
кітапты жан-жағынан айналдыра қарап. – Жақсы кітап,
маңызды
жайттар жайлы баяндайды, тек тым іш пыстырады демесең...
Сантьяго
ғажап қалды – шалыңыз сауатты ғана емес, оның үстіне тап
осы
кітапты оқыпты ғой! Несі бар, ол шынында зеріктірер болса, оны
өзге
кітапқа айырбастап алуға уақыт бар.
– Бұл да өзге кітаптардың барлығы дерлік не айтса, соны жазады, – деп
жалғастырды
шал. – Адамның өз тағдырын өзі таңдап ала
алмайтындығы
турасында. Бұл кітап бастан-аяқ барша жұрт əлемдегі
ең
ғаламат өтірікке сенуі үшін жазылған.
– Əлемдегі ең ғаламат өтірік не сонда? – деп қайран қалды Сантьяго.
– Оның астары мынада: кей сəтте біздің өміріміз өзімізге бағынбай
кетеді
, сөйтеді де, оны тағдыр билей бастайтын көрінеді. Барып тұрған
өтірік
.
– Маған мұны түсіну қиын тəрізді, – деді Сантьяго. – Мəселен, мені
поп
жасағылары келіп еді, ал мен болсам малшылыққа кеттім.
– Міне, тамаша, – деп басын изеді шал. – Өйткені сен саяхаттағанды
ұнатасың
ғой.
«Тап бір менің ойларымды оқып отырған сияқты», – деген тұжырым
жасады
бозбала.
Шал
бұл екі арада кітапты тап бір қайтарғысы келмеген сыңайда оны
парақтап
отырып алды. Сантьяго енді байқады – шал араби бурнус
(күлəпарасы бар плащ. – Ауд.) киіп алыпты. Бірақ, мұнда пəлендей
ерекшелік
жоқ еді: Тарифаны африкалық жағалаудан бірнеше сағатта
жетуге
болатын бұғаз ғана бөліп жататын. Арабтар қалашықта жиі бой
көрсететін
– олар оны-мұны сатып алып, өздерінің таң қаларлық
дұғаларын
əлденеше қайталайтын.


– Сіз қай жақтан боласыз? – деп сұрады ол шалдан.
– Қайдан десең, соданмын.
– Олай болмайды, – деп қарсылық білдірді бозбала. – Ешкім қайдан
болса
, содан бола алмайды. Мəселен, мен малшымын, жер-көкті кезіп
жүремін
, бірақ, бір жерден шыққанмын, тауында ескі қорғаны бар
қалашықта
туғанмын.
– Жарайды, олай болса, мен Салимде туғанмын.
Сантьяго
бұл Салимі бар болғырдың қайда екенін білмейтін, бірақ,
ұятқа
қалмас үшін індетіп сұрамады. Ол қам жеген кейіптегі əрі-бері
өтіп
жатқан жүргіншілер кернеген алаңға көз тікті.
– Ал, Салимдегі хал-ахуал қалай?
– Бəз баяғыдай.
Ілік
табарлық ештеңе болмады. Бір анығы – бұл қала Андалузияда емес,
əйтпесе
ол білер еді ғой.
– Ал, сіздің ондағы кəсібіңіз не?
– Кəсібім не дейсің бе? – Шал шегі қатқанша қарқылдай күлді. – Мен
оған
билік жүргіземін. Мен – Салимнің патшасымын.
«Кейде пенделеріңіз жоқтан өзгені айтады-ау осы, – деп ойлады
бозбала
. – Қызығы су ішіп, қарын толтыратын қойлармен сұхбаттасқан
жақсы
ғой. Немесе кітаптар оқыған жөн – олар ғаламат оқиғаларды
естігің
келген кезде баяндап береді. Ал, адамдармен қиюласу қиын:
əдетте
əлденені əңгірлеп айтып қалады, сен болсаң не деп жауап
қайырарыңды
білмей сілейіп отырасың».
– Мені Мельхиседек деп атайды, – деді шал баяу ғана. – Сенің қанша
қойың
бар?
– Жетіп жатыр, – деп Сантьяго жылжытпа жауап қайтарды.
– Шынында солай ма? Егер сен қойларың жеткілікті деп есептесең,
менің
саған көмегім қажет болмағаны ғой.


Бозбала
кəдуескідей ашуланды. Ол ешқандай қолғабыс сұраған жоқ.
Есесіне
шал əуелі шарап сұрады, одан кітабына үңілді, енді ол аздай
онмен
əңгіме-дүкен құруы қажет.
– Кітапты қайтарыңыз, –деді ол. – Менің жолға шығар уақытым болды.
Бозбала
кенет бəрін түсіне қойды. Сыған кемпір одан ештеңе алған
жоқ
, ал мына шал – бұл да сыған, оның күйеуі болуға керек, тек өтірікті
соғып
-соғып, бұдан барынша көп ақша алуға арнайы жіберілген екен.
Бірақ
, Сантьяго аузын ашып «лə» дегенше шал шыбық таңдап алды да,
құмға
əрнеңелерді сызғыштай бастады. Ол еңкейген кезде оның
кеудесінде
əлдененің ғаламат жарқ еткендігі сонша, бозбала тіпті бір
сəтке
көзі көрмей қалғандай болды. Бірақ, шал жасына қарамастан
ширақ
қимылмен киімін қаусырынып алды, ал, Сантьягоға жанары
қайта
оралғанда, ол шалдың оның аяғының астына салғандарын көрді.
Кішкентай
қалашықтың басты алаңын алып жатқан құмдақтан ол өз
ата
-анасының аты-жөнін жəне өз өмірінің тарихын мына соңғы сəтіне
дейін
– өзінің балалық ойындары мен семинариялық суық түндер
жайлы
оқыды. Ол алғаш рет танысқан мауытышы қызының есімін де
оқыды
. Ол ешқашан ешкімге айтпай жүрген жайт жайында да оқыды:
бірге
бұғы аулау үшін əкесіне айтпай мылтығын алғаны жəне
ғұмырында
əйелмен алғаш əрі бір-ақ рет ұйқтап тұрғаны турасында да
жазылыпты
.
«Мен – Салимнің патшасымын», – деген сөз ойына оралды.
– Патша неге малшымен сөйлеседі? – деп қысыла, əрі жасқана сұрады
Сантьяго
.
– Оған бірнеше себеп бар, бірақ, ең бастысы – сенің өз Тағдырыңның
соңынан
жүре алатындығың.
– Ол не қылған Тағдыр? – деп сұрады бозбала.
– Адамдардың барлығы жас шағында өз Тағдырын біледі. Əрі өмірдің
осынау
кезеңінде бəрі түсінікті де, əрі бəріне əлі келеді. Олар армандау
жəне
жүзеге асырғылары келетіннің баршасына ұмтылудан
тайсалмайды
. Бірақ, уақыт жылжыған сайын қайдағы бір құпия күш


оларды
өз Тағдырын жүзеге асыру мүмкін емес деген сенімге де
жетелей
бастайды.
Сантьягоны
шалдың айтқандары пəлендей толғандыра қойған жоқ,
бірақ
, «құпия күшке» ол назар аударды – ондайды алғаш естіген
мауытышының
қызы аң-таң болуы ғажап емес.
– Бұл күш бір көрмекке мейірімсіздеу болып көрінеді, бірақ,
шындығында
ол адамға өз Тағдырын қалай жүзеге асырудың жолын
нұсқайды
. Ол осынау үрдіске адамның рухы мен жігерін дайындайды.
Осы
планетада бір ғана ұлы ақиқат бар: мейлі сенің кім болып, не
істегеніңе
қарамастан, сен егер бір нəрсені шынымен мақсат етсең, сен
оған
қол жеткізесің, өйткені ондай тілек-ықылас Ғаламның жан
дүниесінде
туындады ғой. Сенің Жердегі міндетің де осы болып
табылады
.
– Тіпті мен бар болғаны жер-көкті аралап немесе лəпкешінің қызына
үйленгім
келсе де ме?
– Немесе қазынаны тауып алу. Əлемнің Жаны адам бақытынан қорек
алады
. Бұл қатарда бақытпен бірге қайғы да, қызғаныш та, күндеушілік
те
бар. Адамның бірден-бір міндеті – өз Тағдырының аяғына дейін
табан
аудармай бару. Онда бəрі де бар. Жəне қаперіңде болсын, сен
əлденені
жүзеге асырғың келсе, бүкіл Ғалам сенің арманыңның
орындалуына
қолғабыс жасайды.
Олар
шамалы уақыт алаң мен өткіншілерге үнсіз қарап жай отырды.
Бұл
тыныштықты алғаш болып ақсақал бұзды:
– Иə, сонымен сен неге қой бағуға бел будың?
– Өйткені жер-көкті аралап жүргенді ұнатамын.
Шал
желбегей жүгері сататын саудагерді нұсқады – ол алаңның
бұрышына
қызыл арбашасымен жайғасыпты.
– Бала шағында ол да саяхаттауды армандаған. Бірақ, кейін жүгері
сатып
, ақша жинақтауды артық көрген. Сонсоң қартайған кезінде
Африкада
бір ай болады. Оған адамның аңсағанын жүзеге асырардың
барлығы
бар екенін түсіну маңдайына жазбаған.


– Өйткенше мал бағып кеткені жақсы еді, – деді Сантьяго.
– Ол бұл турасында да ойланған. Бірақ, кейін саудамен айналысқаным
жөн
болар деп шешкен. Саудагердің басында баспана бар, ал малшылар
таза
алаңқайда ұйықтайды. Жəне қалыңдықтардың ата-аналары да
күйеу
баласының малшы емес, саудагер болғанын қалайды.
Сантьягоның
есіне мауытышының қызы түсті де, жүрегі солқ ете
қалғанын
сезді. Бəлкім ол тұратын қалашықта да қызыл арбашықты
əлдекім
қыдырыстап жүрген шығар?
– Міне, осыдан адамдардың малшылар мен саудакештер жайлы пікірі
өз
жолынан маңыздылау болып көрінеді.
Шал
кітапты тағы да парақтады, шамасы, оқып отырса керек. Сантьяго
ұзақ
тосты, сонсоң шалды енді өзі алаңдатуға бел буды, – алдында ол да
кітаптан
мұның назарын аударды емес пе?
– Ал, бұл жайында сіз маған неге айтып отырсыз?
– Өйткені сен Тағдырыңның соңынан жүруге тырыстың. Бірақ, қазір ол
жолдан
шегінуге дайынсың.
– Сонда сіз əрдайым осындай сəтте пайда боласыз ба?
– Əрдайым. Əрі өзге бейнеде де көріне аламын. Бірде дұрыс шешім,
бірде
сəтті ой санатында. Кейде, қиын сəтте, мен бөгетті жағдайдан
шығудың
жолын да көрсетемін. Бəрін зердеңде сақтай бермейсің. Бірақ,
əдетте
адамдар менің пайда болғанымды байқамайды.
Сөйтіп
шал өткен аптада бір кен іздеушінің алдында тас бейнесінде
пайда
болуға тура келгендігі жайлы айтты. Ертеректе бұл адам бəрін
тастап
, зүбəржат іздеуге кіріскен екен. Ол өзеннің жағасында талмай
еңбек
етіп, бес жылдың ішінде бір ғана асыл тас табу үшін 999 999
тасты
жарыпты, бірақ, еш нəтиже болмаған. Əбден қажыған ол өз
арманынан
бас тартуға бел буады. Ал, сонда қалғаны бір ғана тас қой,
соны
жарса, зүбаржат жарқ ете қалайын деп тұр. Сонда шал осыған
дейін
өз жолымен таймай келе жатқан кен іздеушіге көмектескісі
келіп
, оқиғаға араласады. Ол тасқа айналып, əлгінің аяқ жағына қарай
домалап
барады. Бірақ, бес жылғы еңбегінің еш кеткеніне əбден ыза
болып
, əрі толайым күдер үзген кен іздеуші бұл тасты аяғымен


айдалаға
теуіп жібереді. Бірақ, тепкенінің қаттылығы соншалық, ол тас
ұшып
кеткенде екіншісіне соғылып, жарылады да, күн көзінде əлемдегі
ең
əсем зүбаржат жарқ-жұрқ ете қалады.
– Адамдар тіршіліктің мəні неде екендігін тым ерте білетін сияқты
болып
көрінеді өздеріне, – деді шал, ал Сантьяго оның жанарына
ұялаған
мұңды байқап қалды. – Армандарынан да ерте бас
тартатындықтары
содан шығар. Əлем солай құрылған, не шара...
Бозбала
осы кезде олардың əңгімесінің қазынадан басталғанын ойына
түсірді
.
– Қазыналарды жердің бетіне бұлақтар мен өзендер алып шығады,
сондай
-ақ оларды жер қойнауына көметіндер де солар, – деді шал. –
Ал
, егер сен өз қазынаң жайлы егжей-тегжейлі білгің келсе – өз
отарыңдағы
əр оныншы қойды маған бер.
– Бəлкім, тапқанымның оныншы бөлігін бергенім жөн шығар?
– Қолыңда жоқтан уағда ету – табамын-ау деген құқықтың өзін
тəуекелдеген
болып табылады, – деді шал кінəлай сөйлеп.
Осы
кезде Сантьяго қазынаның оннан бір бөлігін сыған əйелге беретін
болып
уəде бергенін айтты.
– Сығандар өз дегендеріне қалай қол жеткізуді жақсы біледі, – деп
күрсінді
шал. – Қалай болғанда да саған əлемдегі күллі нəрсенің
өзіндік
бағасы бар екендігін білген пайдалы. Жарықтың Жауынгерлері
тап
осыған үйретуге тырысады. – Ол Сантьягоға кітапты ұсынды. –
Ертең
осы уақытта маған өз отарыңның оныншы бөлігін айдап
əкелесің
. Мен сонда қазынаны қалай табу керек екендігін айтамын.
Сөйтті
де, ол бұрышты айналып жоқ болды.
Сантьяго
тағы да кітапқа үңілмек болып еді, бірақ, оқу ілгерілемей
қойды
– ол ойын бір жерге тоғыстыра алмады. Ол шалмен
əңгімелескеннен
əңкі-тəңкісі шықты, өйткені, оның шындықты
айтқанын
сезіп тұрды. Бозбала лəпкеге келіп, бір қорап жүгері сатып
алды
, əрі саудашыға ол туралы шалдың не дегенін айтсам ба екен деп
тұрды
да, өйтпей-ақ қояйын деп шешті.


«Кейде бəрін орын-орнында қалдырған да абзал», деп ойлады ол.
Айтсаң
– өзінің қызыл арбашыға əбден бауыр басып қалған саудашы
бəрін
тастауым керек пе деп, үш тəулік бойына ойланумен болады.
«Қой, оны бұл азаптан құтқарайын».
Сөйтіп
Сантьяго көшелермен басы ауған жаққа қарай кете барды да,
ақыры
, порттағы терезесі бар кішкентай лəпкенің алдынан бір-ақ
шықты
. Оның лəпкесінде Африкаға баратын пароходтардың бəріне де
билеттер
сатылатын. Ал, Мысырыңыз да Африкада ғой.
– Сізге не қажет? – деп сұрады кассир.
– Бəлкім, ертең сізден билет сатып алармын, – деп жауап қайтарды да,
Сантьяго
кейін кетті.
Бір
марқа сатсаң болғаны – сен Африкадан бір-ақ шығасың. Осы ой
оны
күмілжітті. Ал, кассир өзінің көмекшісіне:
– Тағы да бір арманшыл келді. Саяхаттағысы келеді-ақ, тек қалтасында
көк
тиын жоқ, – деді.
Сантьяго
касса терезесінің алдында тұрған кезде қойлары есіне түсті
де
, кенет оларға оралғысы келіп кетті. Ол тұтас екі жыл бойына малшы
мамандығын
игеріп, бұл үрдісте үздік шеберлікке қол жеткізді – қой
қырқуды
үйренді, оның қоздауына көмектесетін болды, қасқырлардан
да
қорғай білді. Андалузияның барлық жайылымдарын бес
саусағындай
таныды жəне өзіндегі əр қойдың нақты бағасынан да
жаңылмады
.
Өзін
тосқан отар орныққан мал қораға ең ұзақ жолмен жылжыды. Бұл
қалада
да өзінің қорғаны болатын, бозбала соның қабырғасына беткей
жақпен
өрлеп барып, отыра тұрғысы келді. Осы жерден Африка да
көрініп
тұратын. Əлдекім бір кездегі ықылым заманда Африкадан
маврлар
жүзіп келіп, барлық Испанияны дерліктей тізе бүктірген деп
түсіндірген
-ді. Сантьяго маврларды жек көретін, бəлкім мұнда
сығандарды
да алып келгендер солар шығар?
Қабырғадан
бүкіл қала шалмен əңгіме-дүкен құрған базар алаңымен
қоса
алақандағыдай менмұндалап тұрды.


«Шалдың маған жолыққан мезетін қарғыс атсын», – деп ойлады
бозбала
. Оған бар қажеті сыған кемпірдің түсін жорып бергені ғана еді
ғой
. Ол да, шал да оның малшы екендігіне ешқандай мəн-мағына
бермеген
тəрізді. Əрине, бұл адамдар – жеке бастылар, əрі бəріне сеніп
біткендер
– өз қойларына жан-тəнімен берілген қойшы
болмайтындығын
түсінбейді. Ал Сантьяго болса, əр қойды бастан-аяқ
ажырататын
: ана саулық қысыр, ал екіншісі екі айдан кейін төлдейді,
ал
ана біреулері – ең жалқаулары. Ол оларды қырқуды да, союды да
білетін
. Егер ол кетуге бел буса, олар мұнсыз зарығады да, таза
жоғалған
сыңайлы болады.
Жел
көтерілді. Ол бұл желді білетін – тұрғындар оны «левантиялық
жел
» деп атайтын, өйткені Леванттан, Жерорта теңізінің шығыс
жағынан
келетін маврлардың желкендерін кернейтін жел осы еді.
Бозбала
Тарифада болғанынша африкалық жағалаудың соншалық
жақын
екендігін қаперіне алмаған-ды. Сөйтсе, қауіпті көршілік екен –
маврлар
тағы да лап қоюы мүмкін. Жел күшейе түсті. «Қойлар мен
қазынаның
арасында жұлынып өлейін бе енді», – деп ойлады Сантьяго.
Үйренген
жағдаят пен өзіне тартып тұрған нəрсенің арасын ашып,
таңдай
білу керек. Оның үстіне лəпкешінің қызы да бар ғой, бірақ,
қойлар
маңыздылау, өйткені, олар Сантьягоға тəуелді де, ал қыз олай
емес
. Əрі ол оның есінде қалды дейсің бе? Бозбала мынаған сенімді еді:
егер
ол қыздың алдында екі күннен кейін пайда болмаса, анау мұны
байқамайды
да, өйткені, оған барлық күндер бірыңғай сияқты əсер
береді
, ал, өткен күн өзгесіне ұқсас болғанда, адамдар Күн шапағын
шашып
шыққаннан кейінгі əрбір күнде орын алған жақсылықты
байқауды
тоқтатады.
«Мен əкемді де, анамды да, туған мекенімнің қасындағы қорғанды да
тастадым
, – деп ойлады ол. – Олар бөлек тұрып өмір сүруге үйренген,
мен
де үйрендім. Олай болса, қойлар да менің жоқ екендігіме
үйренетін
шығар?»
Ол
тағы да алаңды биіктен шарлап өтті. Желбегей жүгеріні сату алас-
күлес
жүріп жатты; ал ол шалмен əңгімелескен орындықта енді қыз бен
жігіт
сүйісіп отырды.


«Саудагер...» деп Сантьяго бастай беріп еді, бірақ, ойын аяғына
жеткізуге
үлгермеді «левантиялықтың» жаңа лебі тура бетіне соқты.
Жел
тек қана жаугер маврлардың желкендерін толтырып қана қойған
жоқ
, сондай-ақ ол өзімен бірге шөлдің жан үрейлендіретін иістерін,
жамылғы
астындағы əйелдердің иістерін, көз көрмегенді, алтын мен
оқыс
оқиғаларды бір кезде іздеуге бел буғандардың иістерін əкелді. Ол
тіпті
пирамидалардың да иісін жеткізді. Бозбала еркін желге
қызғанышпен
қарады, бірақ, қажет етсе соған ұқсай алатындығын
сезінді
. Оның жолында өзінен басқа ешкім де тұрған жоқ. Қойлар,
мауытышының
қызы, Андалузияның жазық далалары – бұлардың бəрі
де
өз Жолына апарар сатылар ғана.
Ертеңіне
түске қарай ол алаңға алты қойды айдай келді.
– Қызық шаруа, – деді ол шалға. – Менің досым бүкіл отарды лə
деместен
сатып алды да, өмір бойы қойшы болуды армандағанын
айтты
. Бұл – жақсы ырым.
– Бұлай əрдайым болады, – деп жауап қайтарды шал. – Бұл Қолайлы
Бастау
деп аталады. Егер сен, мəселен, өміріңде алғаш рет карта
ойнауға
отырсаң, сөз жоқ, ұтып шығар едің. Əдетте жаңа
ойыншылардың
жолы болғыш келеді.
– Ал, неге олай болады?
– Өйткені өмір сенің өз Тағдырыңның желеуімен жүргеніңді қалайды,
сондықтан
табыстың дəмімен тəбетіңді қоздырады.
Сонсоң
шал қойларды қарауға кірісті де, біреуінің ақсайтындығын
аңғарып
қалды. Бозбала онда тұрған ештеңе жоқ, есесіне бұл саулық
отардағы
ең ақылды қой, əрі оның үстіне жүнді көп береді деп
түсіндірді
.
– Ал, енді қазынаны қайдан іздемекпін? – деп сұрады ол.
– Мысырдан, пирамидалардың маңайынан.
Сантьяго
сасып қалды. Сыған кемпір де тап осыны айтты, тек онысына
ештеңе
алған жоқ.


– Сен оған апаратын жолды Жасағанның бұл тіршіліктегі əркімнің
жолын
бағдарлайтын белгілері бойынша табасың. Тек өзіңе
арналғанды
, өзіңе деген жазуды оқи білу қажет.
Сантьяго
жауап қайырып үлгергенше, шал екеуінің арасында көбелек
көлбең
-көлбең етті. Ол бала шағында атасынан көбелектер сəттілік
əкелетін
көрінеді дегенді естігені ойына оралды. Шырылдауық
шегіртке
, жорғалаған кесіртке, төрт желекті беде шөп те солай.
– Мінекей, – деп шал оның ойын оқығандай сөз тастады. – Бəрі де сенің
атаң
айтқандай. Сені тура жолдан адастырмайтын белгілер де осылар.
Ол
осы сөздерден кейін кеудесіне киген киімін айқара ашып тастады,
ал
, ғажап қалған Сантьяго болса, кеше оның жарқылы жанарын қалай
тұндырғанын
есіне алды. Таң қаларлығы жоқ – шал асыл тастармен
көмкерілген
, құйылған алтын көкірекшемен жүреді екен. Ол – шын
мəнінде
патша, тек қарақшылар тиіспесін деп жұпыны киінген ғой.
– Мə, ала ғой, – деді шал көкірекшесінен ақ жəне қара түсті екі тасты
ағытып
беріп. – Олар Урим жəне Туммим деп аталады. Ақ тас «иə»
дегенді
, қара тас «жоқ» дегенді білдіреді. Белгілерді айыра алмай
жатқаныңда
олар сенің кəдеңе жарайды. Сұрасаң – жауап қайтарады.
Бірақ
, жалпы, – деп жалғастырды ол, – шешімді өзің қабылдауға
тырысатын
бол. Сен ендігі қазынаның пирамиданың етегінде екенін
білесің
, ал, мен алты қойды саған шешім қабылдауға көмек
көрсеткенім
үшін алып отырмын.
Бозбала
тастарды дорбасына салып қойды. Осы мезеттен жəне ілгеріде
шешімдерді
өз қауіп-қатері, тəуекеліне орай қабылдауына тура келеді.
– Əлемдегі бар болмыс бірегей тұтастықты құрайтынын ұмытпа. Жəне
ең
бастысы – сен өз Тағдырыңа ең соңына дейін ілесуің қажет екенін
зердеңде
ұста. Ал, енді мен саған бір қысқаша ғана оқиғаны айтып
берейін
.
Əлдебір
көпес өз ұлын ең басты данагөйге бақыттың құпиясын білуге
аттандырады
. Бозбала шөлді көктей өрлеп қырық күн жүргеннен кейін,
ақыры
таудың ұшар басындағы əдемі де еңселі қорғанды көреді. Ол
іздеп
келе жатқан Данагөй сонда тұратын еді.


Қорған
əдеттегі сопының оңаша баспанасына мүлде ұқсамайды екен.
Халық
мол: саудакештер өз тауарларын ұсынып, əрі-бері жүгіріп жүр,
бұрыш
-бұрышта шүңкілдескен адамдар, кішкентай ғана оркестр сазды
əуенді
төгілдіріп тұрды, ал, кең бөлменің ортасында осы аймақтан ғана
табуға
болатын ең дəмді тағамдар иін тірескен бай дастархан
жайылыпты
.
Данагөй
меймандарды асықпай жағалап жүрді, сондықтан бозбала өз
кезегі
келуін екі сағат тосты.
Ақыры
, Данагөй бозбаланың оған неге келгенін тыңдап алды да, бірақ,
қазір
оның бақыт құпиясын түсіндіруге уақытының жоқ екенін айтты.
Əзірше
бозбала қорғанды аралай тұрсын да, мына залға екі сағаттан
кейін
оралсын.
«Жəне менің саған мынадай өтінішім бар, – деді ол бозбалаға екі
тамшы
майы бар шай қасық беріп жатып. – Мына қасықты өзіңмен
бірге
ал жəне байқа, майды төгіп алма».
Бозбала
қасықтан көзін алмастан кең сарайдың саты басқыштарымен
түсіп
-көтерілумен болды, сөйтіп екі сағаттан кейін тағы да Данагөйдің
алдына
келді.
«Ал, қалай екен, – деді ақсақал, – саған асханадағы парсы кілемдері
ұнады
ма? Ғажап шеберлер он жыл бойы өсірген бақтағы ағаштар мен
гүлдер
ше? Менің кітапханамдағы көне кітаптар мен жарғақтар
қандай
?
Ұялып
қалған бозбала бұлардың ешқайсысын көрмегенін мойындады,
өйткені
, оның бар назары оған Данагөй сеніп тапсырған май
тамшыларында
болды.
«Қайтадан бар да, менің үйімдегі барлық ғажайыптарды көріп шық, –
деді
сонда Данагөй. – Адамның қайда жəне қалай тұратынын
білмейінше
оған сенуге болмайды».
Қолына
қасық ұстаған бозбала бөлмелер мен дəліздерді аралауға тағы
кетті
. Бұл жолы өзін еркіндеу ұстап, қорғандағы сирек кездесетін
ғажайыптарды
, бөлмелерді безендіріп тұрған көркемөнер
туындыларының
бəрін де зейін қойып қарады. Ол бақшалар мен


бекіністі
қоршап тұрған тауларды тамашалады, гүлдердің
ғажайыптығы
мен суреттердің жəне мүсіндердің орайлы орналасуын
бағалады
. Данагөйге оралған соң, ол көргенінің бəрін ыждаһатпен тізіп
шықты
.
«Ал, алып жүр де, төкпе деп сұраған екі тамшы май қайда?» – деп
сұрады
Данагөй.
Бозбала
осы сəтте тамшылардың төгіліп қалғандығын аңғарды.
«Міне, менің саған бермекші болған жалғыз кеңесім де осы, – деді
даналардың
данасы. – Бақыттың құпиясы əлемнің немен ғажап жəне
даңқты
екенінің бəрін көруде, əрі сөйте тұра шай қасықтағы екі тамшы
майды
ұмытпауда жатыр».
Сантьяго
əңгімені тыңдады да, əндем уақыт үнсіз қалды. Ол шалдың
өзіне
не айтқысы келгенін түсінді. Малшы жер-көкті шарлағанды
ұнатады
, бірақ, өз қойларын да ешқашан ұмытпайды.
Мельхиседек
патша Сантьягоға тесіле қараған күйі қолдарын қосты да,
əлдебір
оғаш қимылмен басының үстінен ауада қозғалыс жасады.
Сонсоң
өзіне тиісті қойларды алдына салған күйі өз жолымен жүріп
кетті
.
Кішкентай
ғана Тарифа қаласының биігінде бағзы заманда маврлар
салған
бекініс-қорған еңсесін жоғары ұстап тұр. Егер мұнараға
шықсаңыз
, жүгері сататын лəпкешінің тəшкесі тұрған алаң
алдыңыздан
шығады, бұл жерден арғы африкалық жағалаудың жиегі де
көрінеді
. Жəне бұл күні қорған қабырғасында бетін шығыстан ескен
желге
тосып, Сəлімнің патшасы Мельхиседек отырды. Қойлар өз
тағдырларындағы
соншалықты оқыс өзгерістерден дегбірсізденген
қалыпта
, жаңа қожайыннан шамалы аулақтау жерде бір үйме болып
ұйлығып
қалыпты. Оларды бұрынғыша алдымен алаңдататын жайт –
қорек
табу. Рейдте тұрған шағын баркасқа қараған Мельхиседек ондық
бөлікті
бергеннен кейін Авраамды бір де бір рет көрмегені сияқты,
мына
бозбаланы да енді ешқашан көрмейтін шығармын деп ойлады.
Өмірі
өлмейтіндердің тілек-ықыласы болмауы керек, өйткені, мұнда
олардың
өз жолы жоқ. Сөйтсе дағы Мельхиседек өз жанының


түпкірінде
Сантьяго атты бозбаланың жолы болғай деп жасырын тілек
тіледі
.
«Ол қазір-ақ нені қалай атайтынын ұмытып қалады, – деп ойлады ол. –
Өз
есімімді тағы да қайталағаным дұрыс болатын еді. Сонда ол мені
есіне
алған сайын бейтаныс шалды «Сəлімнің патшасы Мельхиседек»
деп
атап отырар еді».
Ол
жанарын аспанға көтерді, сөйтті де, сəл қысылып былай деді:
– Уа, Тəңірі, Сенің пайымдауың бойынша осының бəрі «тек
əбігершілік
» екендігін білемін. Бірақ, баз-базда кəрі патша да өзін
мақтан
тұта алады ғой.
«Осы Африка дегеніңіз əдеттен тыс əлем ғой», – деп ойлады Сантьяго.
Ол
осынау қаланың тар көшелерінде жиі кездесетін шағын
асханалардың
бірінде отырды. Бірнеше адам бір-біріне жағалатып,
кезекпен
ұзын түтікті тартып отыр екен. Осы уақыт ішінде ол қолдасып
жүрген
еркектерді, беттерін жапқан əйелдерді, биік мұнараға шығып,
қилы
мақаммен əндеткен дін қызметшілерін де көрді – олар тізелерін
бүгіп
жерге маңдайларын соғып жатты.
«Сарациндер аймағы. Мұнда олардың өзіндік рəсімдері жүреді», – деді
ол
өзіне-өзі.
Бала
шағында ол өз деревняларының шіркеуінде Қасиетті Иаковтың
бейнесін
көргені бар-ды: маврларды жеңуші ақ арғымақтың үстінде
қолына
қылыш ұстаған күйде бейнеленген еді, ал, оның алдында –
қазір
осы асханада өзімен бірге отырған адамдарға өте ұқсас пенделер
тізе
бүгіп жатқаны есінде. Бозбала дегбірсізденіп кетті – ол өзін
айдалада
жалғыз қалғандай сезінді.
Оның
үстіне ол жол жүрер алдындағы қарбаласта қазынаға бастайтын
жолды
ұзаққа жауып тастауы мүмкін бір жағдаятты əбден қаперінен
жіберіп
алыпты. Бұл елдегі бүкіл халық арабша сөйлейтін.
Оған
асхананың қожайыны жақындап келді, ол ыммен көрші үстелдің
басындағылар
ішіп отырғандай тағамды əкелуін сұрады. Ол дəмі
ашқылтымдау
шай екен, ал бозбаланың тəбеті шарапқа қарай ойысып
отыр
еді.


Айтқандайын
, мұның бəрінде пəлендей мағына жатқан жоқ-ты, тек
қазына
туралы ғана ойлап, оған қалай жетудің амалын қарастыру
керек
-ті. Қойларды сатудан ол едəуір қаржы тапты, онысы өзінің
сиқырлы
қасиетін көрсетіп те үлгерді – ақша қалтаңда жатқанда өзіңді
тап
жалғыз қалғандай сезінбейсің ғой. Тез арада, ілгеріде бірнеше күн
өткеннен
кейін ол пирамидалардың етегінде болады. Таза алтын
көкірекшесі
бар ақсақал жарты дюжина қой алу үшін оны алдауға тиіс
емес
шығар.
Ол
оған белгілер жайлы бекіте айтты, ал, Сантьяго бұғазды кешіп
өткенше
тек солар жайлы ойлаумен болды. Ол əңгіменің не жайында
екенін
түсініп отырды: Андалузияны əрі-бері кезгіштеп жүргенде
жерден
жəне аспаннан алдан не тосып тұрғанының ырым-
жорамалдарын
айыра білуді үйренген еді. Құс бір жерде жыланның
жасырынғандығынан
хабардар ете алатын; түп-түп бұта болса, жақын
жерде
жылға не өзеннің барлығын меңзейтін. Осының бəріне оны
қойлары
үйретіп еді.
«Егер оларды Құдай бастап жүретін болса, Ол мені жолымнан
жаңылдыра
ма?», – деп ойлады да, Сантьяго шамалы көңілі
жайланғандай
болды. Тіпті, шай да сонша ащылау боп көрінбеді.
Кенет
:
– Сен кім боласың? – деген испан сөзі естілді.
Сантьяго
жеңілденген сезіммен күрсінді: ол белгілер жайлы ойға
батып
еді, енді міне, белгі де берілді. Оған дауыстаған мұнымен
үзеңгілес
жас жігіт екен, өзі еуропаша киініпті, тек терісінің түсі ғана
оның
жергілікті тұрғын екендігін хабардар етіп тұрды.
– Сен испанша қайдан білесің? – деп сұрады Сантьяго.
– Оны мұндағылардың бəрі дерлік біледі. Испания екі сағаттық жерде
емес
пе?
– Қасыма отыр, мен саған дəм татқызғым келеді. Сен маған да, өзіңе де
шарапқа
заказ бер. Шайдың дəмі маған онша жақпай тұр.
– Бұл елде шарап ішпейді, – деп жауап қайтарды анау. – Наным-сенім
тыйым
салған.


Енді
Сантьяго оған пирамидаларға бару қажет екендігінен хабардар
етті
. Ол қазына жайлы айтып қала жаздады да, дер кезде тілін тістей
қойды
: кім біледі, бұл араб оған жетуге көмектескені үшін ақы ретінде
қазынаның
бір бөлігін талап етуі ғажап емес қой. Ол ақсақалдың
айтқанын
ұмытқан жоқ еді: өзіңнің қолыңа түспегенді уағда етуге
болмайды
.
– Сен мені пирамидаларға жеткізіп сала алмайсың ба? Мен саған ол
үшін
ақша төлер едім.
– Ал, сен олардың қайда екенін жобалап болса да білесің бе?
Сантьяго
қожайынның тым жақындап келіп бұлардың əңгімесіне құлақ
түргенін
байқап қалды. Ол тұрғанда сөйлегісі келмеді, бірақ, мынадай
оңтайлы
табылған жолбастаушыдан айырылудан да қорықты.
– Саған бүткіл Сахараны кесіп өтуге тура келеді, – деді анау. – Ал, ол
үшін
ақша қажет болады. Ол сенде бар ма?
Сантьягоны
мына сауал таңдандырды. Бірақ, ол шалдың сөзін
ұмытпаған
еді: егер сен əлденеге ынта білдірсең, бар Ғалам сенің
тілегіңнің
жүзеге асуына қолғабыс жасайды. Осындай ой жеңген ол
қалтасынан
ақшасын алып арабқа көрсетті. Қожайын болса одан сайын
жақындап
келіп, ақшаға үңілді, сонсоң ана бозбаламен арабша бірер
ауыз
сөз алмасты. Сантьягоға қожайын əлденеге ашуланған сыңайлы
көрінді
.
– Бұл жерден кетейін, – деді ана бозбала. – Қожайын біздің мұнда
отырғанымызды
жақтырмай тұр.
Сантьяго
қуанышпен орнынан тұрды да, жеген дəмі үшін есеп
айырысқысы
келіп еді, бірақ, қожайын оны қолынан шап беріп, сөйлей
бастады
. Сантьягоның жұлқынып, босанып кетуге əлі жетіп бағатын
еді
, бірақ, ол өзге елде болғандықтан өзін мұндай жағдайда қалай ұстау
керек
екендігінің ретін білмеді. Абзал болғанда жаңа танысы
қожайынды
итеріп жіберді де, Сантьягоны асханадан көшеге алып
шықты
.
– Ол сенің ақшаңды тартып алғысы келді. Танжер өзге африкалық
қалаларға
ұқсамайды. Бұл порт қой, ал, портта қашан да жүліктер


жосып
жүреді.
Оған
сенуге болады. Ол қысталаң кезде көмек берді. Сантьяго тағы да
қалтасынан
ақшаларын алып санап шықты.
– Ертең-ақ пирамидаларға жол шеге аламыз, – деді араб. – Бірақ,
алдымен
екі түйе сатып алуымыз керек.
Сөзімен
сендірген əлгі Сантьягоның қолынан əмиянды алды.
Олар
Танжердің тар көшелерімен жөнеп берді – аттаған сайын əрқилы
тауарға
лық толған шатыршалар мен лəпкелер кездесті, одан мыңдаған
адам
кернеген базар алаңынан бір-ақ шықты – кісілер сатып жатты,
сатып
алып жатты, даурығып дауласып та жатты. Көкөніс пен жеміс
қанжарлармен
, кілемдер – əрқилы құбырлармен қатар жатты. Сантьяго
өзінің
жолбасшысын қалт жіберген жоқ – ол оның бар ақшасын алып
алды
. Бұл жиған-тергенін қайтып алайын деп еді, бірақ, мұным əбес
болар
деп есептеді. Оған қазір келген елдің əдет-ғұрыптары да
беймəлім
еді. «Ештеңе етпес, – деп ойлады ол, – мен оны ықтиятты
түрде
байқастап келемін ғой, сол да жетер, оның үстіне мен одан
əлдірекпін
».
Кенет
ол сан қилы тауар үйінділерінің ішінен бұдан бұрын көрмеген
ғаламат
əсем қылышты байқап қалды: қыны күмістен соғылыпты, сабы
асыл
тастармен безендіріліпті. Сантьяго Мысырдан оралған бетте тап
осындай
қылыш сатып аламын деп шешті.
– Оның қанша тұратынын сұрашы, – деді ол бұрылмастан жолсерігіне.
Осы
сəтте ол қылышты тамашалаймын деп небəрі екі секөнтке ғана
алаңдағанын
түсінді. Оның жүрегі зырқ ете қалды. Ол жан-жағына
қарауға
қаймықты, өйткені, көз алдына қандай көрініс келерін біліп те
қойған
еді. Ол тағы да бірер сəт қылыштан көзін алмай тұрды, бірақ,
сонсоң
батылы барып басын бұрды.
Айналада
базар гүрілдеп, асып-тасып жатты, əрі-бері жүгіріп кеңірдек
керіп
жатқан халық болса мынау, кілемдер мен жаңғақтар, мыс
табақтар
мен көкөніс қатар жатыр, қолтықтасқан еркектер мен
бетперде
ұстанған əйелдер анау, бұрын-соңды жемеген тамақтың дəмі


де
жетіп тұр – тек қана əлгінде бірге келген жолбасшысы қас пен
көздің
арасында буға араласып кеткендей ғайып болды.
Сантьяго
əуелде өзін олар бір-бірін кездейсоқ жоғалтып алған шығар
деп
сендірді, сөйтті де, егер ол оралса табатын болсын деп, орнынан
қозғалмауға
бекінді. Шамалы уақыт өтті, биік мұнараға бір адам
шықты
да, дауысын мақамдап əлденені айтты – сол-ақ екен, жұрттың
бəрі
етпеттерінен құлап, маңдайларын жерге тигізіп бұлар да əндетті.
Сонсоң
тап бір ынталы құмырсқалар іспеттес тауарларын реттеп,
шатыршалары
мен лəпкелерін ілезде жапты. Базар босады да қалды.
Күн
де аспаннан еңкейе бастады, Сантьяго ол алаңды қоршаған ақ
үйлердің
шатырларының ар жағына жасырынғанынша соңынан ұзақ
қарап
тұрды. Ол бүгін күн шыққанда өзге құрылықта болып, алпыс
қойға
ие болғанын жəне мауытышының қызымен кездесуді күткенін
есіне
түсірді. Бүгін таңертең ғана ол өз отарын жайылымға айдағанда
не
болатыны алдын ала белгілі болатын.
Ал
, енді сол күн батарға айналғанда ол өзге елден бір-ақ шықты, ол
онда
мүлде бөтен, тіпті жергілікті тұрғындар сөйлейтін тілді де
білмейді
. Ол енді малшы емес, ол бəрінен, ең алдымен ақшадан
айырылды
, бұл – енді ол еліне оралып, бəрін қайтадан бастай алмайды
деген
сөз.
«Жəне де мұның бəрі күннің шығуы мен батуының аралығында болды»,
– деп ойлады бозбала. Ол өзін аяп кетті, өз тіршілігінің осынша
тұтқиылдан
түбегейлі түрде төңкеріліп түскеніне жаны қатты ауырды.
Жылауға
ұят сияқты. Ол тіпті өз қойларының алдында да жылауға
ұялатын
. Бірақ, қазір базар алаңы босап қалды, əрі ол өз елінен алыста
еді
.
Сантьяго
жылап жіберді. Құдай өз түстеріне сенетіндерге соншалықты
қатыгез
болғаны несі?
«Мен өз қойларымды бағып жүргенімде бақытты едім, əрі бақытты
жан
-жағыма таратып жүрдім. Адамдар мен келгенде қуанып, өзімді
қымбатты
мейман сияқты қарсы алатын.


Ал
, енді мен қасіреттімін де, бақытсызбын. Əрі не істерімді білмей
далмын
. Мен кекті де күдікшілмін жəне бір ғана адамның алдағаны
үшін
бар жұртқа күдікпен қараймын. Мен өз қолымнан келмеген соң,
қазыналарды
тауып ала алғандарды жек көретін боламын. Мен
болмысымдағы
шамалыға ілгесемін, өйткені, бар ғаламды қамту үшін
мен
кішкентай да түкке тұрғысыз пендемін».
Ол
тым болмаса май жаққан бір кесек нан қалған жоқ па екен деп
дорбасын
ашты, бірақ, одан тек қалың кітаптар, күртеше мен шал
берген
екі тасты ғана тапты.
Осы
кезде оларды көрген соң, Сантьяго өзін ғаламат жеңілдеп
қалғандай
сезінді. Ол алты қойды мына екі асыл тасқа айырбастап алып
еді
ғой. Енді оларды сатса болды – билет алады да еліне қайтады.
«Бірақ, бұл жолы мен ақылдырақ болармын», – деп ойлады ол тастарды
дорбадан
алып қалтасына салып жатып. Бұл портты қала ғой, ал, онда
өзін
тонап кеткен жігіт айтпақшы, алаяқтар қашанда өріп жүреді.
Сантьяго
асхана қожайынының неге сонша қыжылдағанын енді ғана
түйсінді
– ол өзінің жолсерігіне сенбеуді түсіндіруге жанталасқан
болды
ғой.
«Мен де тұп-тура өзгелер сияқтымын: тілегенді ақиқатында болған
жағдаят
ретінде қабылдаймын жəне ғаламды іс жүзіндегідей емес, өзім
қай
күйде көргім келетін сыңайда ғана түсінемін».
Ол
тағы да тастарды қарастыра бастады, оларды баппен сипады – жылы
екен
. Міне, ондағы əзірше бар қазына осы. Оларға қол тигізсең, жаның
жай
тапқандай сезінесің. Тастар Сантьягоның есіне ақсақалды түсірді.
Зердесінде
оның сөздері тағы қайталанды: «Егер сен бірдеңе тілесең,
бүкіл
Ғалам сенің тілегіңнің орындалуына мүмкіндік жасайтын
болады
».
Осының
шындық екендігін оның түсінгісі келді. Ол базардың босаған
алаңының
ортасында көк тиынсыз тұрды, тек бұл жолы қойлардың
жатын
орны жайлы ойланбауға болатын еді. Бірақ, асыл тастар ол
жуырда
оның бүкіл өмірін айна-қатесіз білетін патшамен жолыққанын


дəйекті
түрде дəлелдеп берді: ол рұқсатсыз алған əкесінің мылтығы,
алғаш
төсек бөліскен əйел жайлы да біледі екен.
«Тастар саған жұмбақты шешуге көмек көрсетеді. Олар Урим жəне
Туммим
деп аталады» – дегені ойына оралды.
Сантьяго
оларды тағы да қалтасынан шығарып, дорбаға салып байқап
көргісі
келді. Шал сауалдарды нақпа-нақ қою керек деген, өйткені,
нені
қажет ететіндіктерін анық білетіндерге ғана жəрдемдеседі. Ол
ақсақалдың
алғыс батасы өзімен бірге ме деп сұрады да, қолын
дорбадан
суырып алды.
– Иə, – деп жауап берді тас.
– Мен қазыналарды табамын ба? – деп сұрады Сантьяго.
Ол
қолын дорбаға салып, жауап алардың алдында тастарды
араластырып
еді, кенет екеуінің де тесікке түсіп кетпесі бар емес пе?!
Ал
ол бұрын дорбасының тесілгенін, неге екені белгісіз, байқамапты.
Сантьяго
тастарды қайта жасыру үшін оларды жинап алуға жерге
еңкейе
беріп еді, осы тұста оның басына жаңа ой келді: «Белгілерге көз
салып
жəне олардың айтқанымен жүруді үйрен», – деген еді ғой шал.
Белгі
! Сантьяго күліп жіберді. Сонсоң тастарды жерден алды да,
дорбасына
салды. Ол ондағы тесікті жамау жайлы қаперіне де алмайды
– тастар егер қажет етсе, өздері кез келген минөтте сыртқа шығады. Ол
өз
тағдырыңнан қашуға əрекеттенбеу үшін қызыға сұрауға болмайтын
жағдаяттар
бар екендігін түсінді. «Мен ақсақалға өзім шешетін
боламын
деп уағда бердім ғой», – деді ол өзіне-өзі.
Бірақ
, тастар шал бұрынғыша онымен бірге екендігін білдірді жəне
мұның
өзі оған сенімділік бергендей болды. Ол ашық алаңды тағы да
шолып
өтті, бірақ, бұрынғыдай үмітсіздік кейіпте болған жоқ. Оның
алдында
бөтен емес – тек қана жаңа əлем көсіліп жатты.
Ал
ол қашанда тек қана жаңа əлемдерді танып білгісі ғана келетін. Егер
оның
маңдайына пирамидаларға жетуді жазбаса да, ол онсыз да кез-
келген
малшының көргенінен көп көрді.
«Егер олар, – деп ойлады ол, – осы жерден екі-ақ сағаттық жолдан
кейін
бəрі де түбегейлі түрде өзгеретіндігін білсе ғой».


Жаңа
əлем оның алдында тіршілік белгісінсіз – босаған базар алаңы
суретінде
көсіліп жатты, бірақ, ол оның буырқанған бейнесін де көріп
үлгерді
жəне бұл суретті енді ұмытпайды. Ол қылышты да есіне
түсірді
: əрине, оған көз суарған екі-ақ секөнт үшін тым қымбаттау
төлеуге
тура келді, бірақ, ол мұндай əсем дүниені бұрын ешқашан
көрген
жоқ қой. Сантьяго кенет əлемге кəззап пен сұмырайдың
құрбаны
көздерімен, сондай-ақ қазыналар мен оқиғалардың ержүрек
іздеушісі
көздерімен де қарай алатындығын түсінді.
– Мен – қазыналар мен оқиғалардың ержүрек іздеушісімін, – деп
күбірледі
ол ұйқы құшағына бөлене бере.
Ол
əлдекімнің бүйірінен түрткенінен оянды. Тура ортасына Сантьяго
түнейтін
жерге орныққан базар енді тағы да «тіріле» бастапты.
Əдеті
бойынша өз қойларын іздеп, жан-жағына қараған Сантьяго əбден
оянды
да, ол жаңа əлемде екенін есіне алды, бірақ, бұл сезім мұңайтқан
жоқ
– ол бақытты еді. Ол енді күнделікті қорек іздеп сандалмайды –
қазыналар
іздеуге жөнеледі! Оның қалтасында көк тиын да жоқ, бірақ,
есесіне
өмірге деген сенімі бар. Ол кеше түнде өзіне оқиғалар іздеу
үшін
тағдырын таңдап алды: ол енді кітаптардан оқыған
қаһармандардың
бірі болады.
Бозбала
асықпаған адыммен алаңның сыртына қарай бет алды.
Саудагерлер
өз шатыршалары мен лəпкелерін ашып жатты, ол жолай
тəтті
тағамдар сатушыға үстелін қойысып, тауарын жаюға көмек
көрсетті
.
Тəтті
тағамдар сатушы жымиып тұрды: ол не үшін өмір сүретінін
білетін
еді, əрі сонысына разы-ды, сөйтіп жаңа еңбек күнін қуанышпен
қарсы
алуға əзірленіп жатты. Оның жымиғаны ақсақалдың –
Мельхиседектің
құпия патшасының күлгенін еске түсірді.
«Оның тəтті тағамдарды пісіретіні – əлемді кезгісі немесе
мауытышының
қызына үйленгісі келетіндіктен емес. Оған өз кəсібі
ұнайды
», – деп ойлады да, бозбала ана ақсақал сияқты бір көргеннен
адамның
өз жолының қаншалықты алыс не жақын екендігін аңғара
алатындығын
байқады.


«Бұл өзі өте оңай – тек мен оны бұрын қалайша түсінбегенмін?!»
Олар
қалқаны кергеннен кейін кондитер оған алғаш қуырылған
самсаны
ұсынды. Сантьяго оны рахаттана жеді де рахметін айтып əрі
қарай
кетті. Тек осы кезде ғана олар шатыршаны реттегенше
кондитердің
арабша, ал өзінің испанша сөйлегені ойына оралды, десе
дағы
, екеуі бірін-бірі түсінген сыңайлы болды.
«Олай болса, сөздерге қарайламайтын тіл болғаны ғой, – деп ойлады
ол
. – Мен ол тілде өз қойларыммен сөйлесуші едім, енді міне адаммен
де
түсінісіп көрдім».
«Бəрі де – тұтас бір əлем» – деп еді-ау ақсақал.
Сантьяго
белгілерді жіберіп алмас үшін Танжер көшелерінің бойымен
асықпай
өтуге бел байлады. Бұл шыдамдылықты талап етеді, бірақ,
шыдамдылық
– қай малшы болмасын алдымен үйренетін мінез.
Бозбала
тағы да жаңа болмыста оған қойлардың үйреткенінің кəдеге
асқанын
ойына алды.
«Бəрі де – тұтас бір əлем» – Мельхиседектің айтқаны оның зердесіне
тағы
да оралды.
Хрусталь
сатушы жаңа күннің қалай бел алып келе жатқандығына
қарап
, əр таң сайын еңсесін басатын қамығу сезіміне берілді. Оның осы
өр
жердегі тар көшеде, сатып алушылар өте сирек бас сұғатын
лəпкесінде
отырғанына отыз бес жыл болды. Енді тіршілікте əлденені
өзгертуге
кеш қалды; бар білетіні – хрусталь сату ғана. Оның лəпкесіне
араб
саудагерлері, ағылшын геологтары мен француздар, неміс
солдаттары
топ-тобымен келетін, бəрі де ақшалы болушы еді. Бір кезде
хрусталь
сату пайдалы кəсіп болатын, ал, өзі осыдан байып,
қартайғанда
əдемі əйелдердің жылуына бөленемін деп армандайтын.
Бірақ
, уақыт өзгерді, онымен бірге қала да өзгерді. Танжерге жақын
орналасқан
Сеута қаласы тезірек қанат жайды да сауданың орталығы
солай
қарай ауысты. Көрші саудагерлер жан-жаққа кетті де, етекке
түсер
тұста бірнеше ғана дүңгершек қалды, ал, оларға бас сұғу үшін
ешкімнің
де тауға шыққылары келмейтін.


Əйткенмен
, хрусталь сатушының өзге таңдар жолы жоқ-ты. Ол отыз
жыл
бойына тек хрусталь сатумен жəне сатып алумен ғана айналысты,
ал
, ендігі жерде қалыптасқан өмірді өзгертуге кеш қалды.
Ол
əр таң атқан сайын сирек өтетін жүргіншілерді байқастап
отыратын
. Осымен ұзақ жылдар бойына айналысқандықтан болар, ол
көшеде
көрінгендердің əрқайсысының күн тəртібін əбден біліп алған-
ды
. Бірақ, түскі тамаққа бірнеше минөт қана қалғанда, оның тауар
қойғышының
алдында жат елдік жігіт пайда болды. Ол тəп-тəуір
киініпті
, сөйтсе де, хрусталь сатушы өткір көзімен тез шолып өтіп,
оның
ақшасы жоқ екенін анықтады. Сөйтсе де ол келермен кеткенше,
түскі
тағамды ысыра тұруға шешті.
Есіктегі
хабарландыру мұнда шетел тілдерінде сөйлейтіндіктерін
хабардар
етіп тұратын. Сантьяго зат əйнектің ар жағынан қожайын
көрінгенін
аңғарып қалды.
– Мен сізге барлық стақандарыңызды жуып берсем қайтеді? – деп
сұрады
бозбала. – Оларды мына күйінде сізден ешкім сатып алмайды.
Қожайын
ештеңе деп жауап қайырмады.
– Ал, сіз оным үшін маған тамақ берсеңіз...
Қожайын
сол күйінде оған үндемей қарады да отырды. Сантьяго дереу
шешім
қабылдау қажеттігін түсінді. Оның жол дорбасында күртешесі
жатқан
-ды – ол мына шөлде қажет бола қоймас. Ол күртешесін алды да
стақандарды
ысқылап сүрте бастады. Жарты сағаттан кейін зат
əйнектегі
заттардың бəрі жарқырап тұрды, оның үстіне екі адам келді
де
, хрусталь бұйымдардан керектерін сатып алды.
Сантьяго
жұмысын аяқтағаннан кейін қожайыннан тамақ сұрады.
– Менімен бірге жүре ғой, – деді анау.
Есікке
«Түскі тамаққа жабық» деген жазуы бар кішкентай тақтайшаны
ілді
де, ол тар көшенің жоғарғы жағындығы дəмханаға Сантьягоны
бастап
апарды. Олар ондағы жалғыз үстелдің жиегінен орын тепті.
Хрусталь
сатушы күліп жіберді:


– Саған ештемені тазартпасаң да болар еді. Құран аш адамды
тамақтандыруға
əмір етеді.
– Олай болса, сіз мені неге тоқтатпадыңыз?
– Өйткені, стақандар кір болды. Біздің екеуімізге де миымызды қоқыр-
соқырдан
тазарту қажет еді.
Ал
, екеуі тамақ ішкеннен кейін, ол былай деді:
– Мен сенің менің лəпкемде еңбек еткеніңді қалаймын. Бүгін, сен
хрусталь
тазалап болғанша екі сатып алушы келді – бұл дегенің жақсы
ырым
, ізгі белгі.
«Адамдардан белгілер жайлы есту жиі бола бермейді, – деп ойлады
малшы
, – бірақ, олар өздері не жайында айтып отырғанын ұқпайды. Ал
мен
де өзім түсінбей, қойларыммен сөздері жоқ тілде сөйлестім ғой».
– Ал, қалай? – деп саудашы нығарлай берді. – Маған жұмыс істеуге
келемісің
?
– Таң атқанша бар тауарыңызды жуып беремін, – деп жауап қайтарды
бозбала
. – Ал, сіз оным үшін Мысырға жететіндей ақша бересіз.
Шал
тағы да күлді:
– Егер сен тіпті менің лəпкемдегі хрустальді жыл бойына жуып, оның
үстіне
əр сатылған тауардан тəуір өсім алып отырсаң да, саған бəрібір
жолыңа
қарыз алуыңа тура келеді. Танжер мен Мысырдың арасы –
мыңдаған
шақырым шөл.
Бір
сəтке сонша тыныштық орнағаны сондай, бүкіл қала тап бір ұйқыға
шомғандай
болды. Базарлар да, өз тауарларын мақтаған саудагерлер де,
мұнараға
көтеріліп, əндетіп азан шақырған адамдар да, сабы оюланған
қылыштар
да жоғалып кетті. Үміт пен қызық оқиға да, кəрі патша мен
өз
Жолы, қазыналар мен пирамидалар да ғайып болды. Сантьягоның
жан
дүниесі жансызданып қалғаннан кейін, бүкіл ғаламда тыныштық
орын
тепті. Ол ауруды да, азапты да, көңілі таза қалғандығын да
сезбестен
– тоқтап қалған жанарымен дəмхананың ашық есігіне
қарады
да, тек өлгенді, бəрінің осы сəтте бітіп мəңгілікке тоқтағанын
ғана
ынтыға тіледі.


Сатушы
оған қарап қабағын қозғады – əлгінде ғана, таңертең ол
сондайлық
көңілді еді ғой, ал, қазір қабағы үйірілген бұлттан да
қатыңқы
, көңілділік күйінің ізі де қалмапты.
– Мен саған еліңе оралу үшін ақша бере аламын, ұлым менің, – деді
сатушы
.
Бозбала
жауап қайтарған жоқ. Сонсоң орнынан тұрды да, үстіндегі
киімін
реттеп, жол дорбасын қолына алды.
– Мен сізде жұмыс істеуге қаламын, – деді ол.
Сөйтті
де, үндемей тұра тұрып, былай деп қосты:
– Маған бірнеше қой сатып алу үшін ақша керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет