Деректі фильмнен үлкен киноға дейін



Дата08.06.2016
өлшемі38.63 Kb.
Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры,

филология ғылымдарының докторы

Астана қаласы

Деректі фильмнен үлкен киноға дейін


М.Садық

Республикамызға белгілі журналист, 100-ден астам деректі фильмдердің продюсері, көптеген телевизиялық жобалардың және де онға тарта телефильмнің авторы «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің Бас директоры Мақат Садықтың 2004 жылы «Фолиант» баспасынан «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» атты көпшілік қауымға арналған кітабы жарыққа шықты.

Бірді-екілі ғана ұлтттық теледидар мәселелеріне арналған оқулықтар болмаса, зерттеу еңбектердің күні бүгінге дейін жоқтығы теледидар саласына мамандануға ниеттенуші жастарға көмекші құралдардың аз болуы көп қиындық туғызып отырғандығын мойындау абзал. Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы журналистика мамандығына даярланушы студенттер қауымы мен оқытушылар осы оқулықтар мен оқу құралдарының аздығынан қиналысқа кезігіп жүргендігенен де хабардармыз. Мақаттың «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» атты кітабы осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жазылған және қазақ телевизия саласында істеген көп жылдық тәжірбиесі мен көрген-білгендерін, ой-толғамдарын жинақтаған білікті журналист құпиясы көп көгілдір экранның көп сырын ортаға салған.

Кітап үлкен-үлкен екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде деректі фильм жасау жолдары, қазіргі заманғы ғаламдық қарым-қатынастардың, идеология иірімдерінің санқилылығы, ұлтттық дүниетанымның деректі фильм жасаудағы рөліне кеңінен тоқталады. Жаппай жұртшылықты жарылқаған деректі сериалдар фабрикасын жасақтаудағы Еуропадаға мықты мемлекеттер тәжірбиесіне кеңінен тоқталған кітап авторы шетелдік сериалдарға мойнымызды бұра берсек, ұлттық өнеріміздің өрісі байланып, өсуіміз кенжелейді деген қорытындысына қосылмасқа шара жоқ. Деректі фильмнің ізгілік идеологиясы екенін еске түсірген автор егер фильм ұлылық нышандарға толы боса ғана халықтың ниетімен сабақтас болып жататынын дөп басқан. Қазіргі кездегі деректі фильмге деген қарапайым халықтың, шағын және орта бизнес өкілдерінің, саясаткерлердің сұранысы туралы саралаған автор деректі фильм жасаушы мамандарын дайындауға ден қоятын уақыттың жеткендігін ашық айтады.

Қазіргі кездегі телевизияның міндеті адамдардың өмірлік ұстанымдары мен тұрмыстағы іс-тәжірбиесін насихаттап қана қоймай, керісінше ұлттық идеяларға баулу, мәңгілік мұраттарға бастайтын арнайы хабарлар, деректі фильмдер арқылы алғашқы қадамдар жасау абзал екені мәлім. Мұнда кейінгі он-он бес жыл ішінде жасалған деректі фильмдерге шолу жасалып, журналистердің қалам қарымы, ізденімпаздық пен жетістіктері де орынды бағасын алған. Бұл бөлімде оқырман телевизия әдебиетті алмастыра ала ма?, оның тақырып зерттеу, жасау жолдары, идеяны игеру, фильм түсіруге дайындық, түсіру тобының міндеттері, монтаж, режиссер міндеті, т.б. толып жатқан деректі фильм түсіру кезіндегі шығармашылық ізденістерге тоқталып, көптеген мәліметтер береді. Бұл еңбекте «Ақиқат бәйтерегі» фильмі сценарийінің соңғы нұсқасы беріліп, теорияны практикаға ұстастыруы тележурналистерге бұл кітапты көмекші құрал ретінде пайдалануға болатынын дәлелдесе керек. Осы фильм портретте М.Садық кейіпкерінің өмірлік тәжірбиесін, оның естеліктерін, өмірде болған өзгерістерді, ол туралы ойларын, адамдар тіршілігіне белгілі оқиғалардың ықпалын әдемі әңгімелеген. Осындай нақты мысалдардың кейін кітап оқырманының деректі фильмдердің пәрменділігін, маңыздылығын дұрыс түсінуіне жол ашады. Осы тұстан деректі фильмнің салмағы сценарийге түсетіндігі, бұл фильмдердің мәтініне қана құлақ түріп қоймай, бейнекөріністердің қыры мен сырына да үңілу қажет екенін ұғамыз.

Республика телевизиясында соңғы кездері көрсетіліп жүрген деректі фильмдердің ішінде көрерменін ойлантып, толғандыратын, болашаққа сенімділікпен қарататын, әсіресе рухани құндылықтарды насихаттайтын дүниелер көптеп көрсетіле бастағанын жақсы үрдіске балаған журналист Сергей Азимовтың «Аралмен қоштасу», Владимир Рерихтың «Полигон», Қайнар Олжайдың «Бірінші» секілді жобаларындағы мұрат-мақсат бірлігі мен көзқарас ортақтастығын қызғылықты баяндайды. Ал Бақыт Қайырбековтің «Қазақтың ұлттық дәстүрлері» атты нақтылы тақырып аясын қазық еткен деректі сериалының мән-маңызын, жастар үшін сабақ боларлық еңбек деп бағалағаны орынды.



Кітаптың екінші бөлімі фильм түсірудегі «Шарт жасасу жолдары» деп аталып, сценарийдің авторымен жасалатын шарт, оның үлгілік мәтіні, басқа мемлекеттердегі осы жөніндегі тәжірибиелер, режиссермен жасалатын шарт, сазгермен жасалатын шарт туралы тоқталып, сипаттама берілген. Мұның да осы журналист мамандығын игеруге ниетті жастарға көмегі мол екендігі сөзсіз.

Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы тарих керуеніне ілесіп келе жатқан деректі фильмдеріміз баршылық болса да бүгінгі түсіріліп, жазылып жатқан деректі фильмдер де бай мұрамыз, асыл қасиеттеріміз, ортақ құндылықтарымызды жаңғыртуда барлық телеарналар өз жұмыстарын түрлі бағытта жүргізіп келе жатқаны қуантады. Мақат Садықтың «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» атты кітабы да осы телеарналар жұмысына, журналистің өзіндік іс-тәжірбиесіне, көзқарас біліктілігіне сын көзбен қарап, ғылыми айналымға түсіріп отырған алғашқы еңбектердің бірі. Әсіресе қазақ тіліндегі деректі фильмдердің табиғатына, ондағы жаңа ізденістер мен өзгерістерге, жетістіктер мен алда тұрған міндеттерге алғаш талдау жасалғандығымен құнды. Бұл кітап әсіресе журналист мамандығына даярланып жүрген жастар, тележурналистер, қалың көпшілікке пайдасы мол, деректі фильмдерге жаңаша мән беріліп, теориялық және практикалық талаптар тұрғысынан тың тұжырым жасауға көмектесетін еңбек деп бағалағымыз келеді.
Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> А Б. Кенжебаевтың өмірі мен шығармашылығы
data -> Омбы өңірі қазақтарының әдеби мұрасын жинап, зерттеудің өзекті мәселелері
data -> Қазақ очеркі
data -> Шетел журналистикасы
data -> Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы махаббат, адамгершілік мәселесі
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық КӨтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Толысқан талант иесі қалихан Ысқақов 70 жаста
data -> О бөкейдің «Жас Алаш» газетіндегі шығармашылық кезеңі М. Б. Шындалиева, Қазақстан, Астана
data -> Сақ Қайрат Өмірбайұлы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет