3. Қаланың бас жоспарын түзету
Ақсу қаласының бас жоспары Павлодар облысы мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 215/16 шешімімен бекітілді. Қаланың бас жоспарын түзету қажет етілмейді.
2. ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСІН ДАМЫТУ
Қаланы индустриялық-инновациялық дамытудың перспективалары бірінші кезекте, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жобаларды іске асырумен байланысты.
ҮИИДМБ және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру қаланың экономикасын әртараптандыру үшін әлеует болып табылады.
Өңірлік Индустрияландыру картасы шеңберінде қала және оның ауылдық аймағында 2015 жылғы 1 қаңтарға 1058 жұмыс орнын құрумен жалпы 115,6 млрд. теңге сомаға 13 инвестициялық жоба енгізілді және іске асырылуда.
Ақсу қаласының ауылдық аймағында Евгеньевка селолық округінің «Тимур» ЖК германиялық жабдығымен 4,0 мың тонна болатын сыйымдылығы картоп және сәбіз сақтайтын 4 көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарланады. 2015-2016 жылдары тамшылатып суарумен жаңа суармалы учаскелер мен алаңдарды енгізу жоспарланады.
2017 жылға Ақсу қаласында жылыжай салу және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өндіріс ұйымдастыру жоспарлануда.
Пайдаланатын суармалы алаң 2014 жылы 9452 га құрайды. 2015 жылы 450 га алаңға 2016 жылы 500 га алаңға қосымша енгізу жоспарланады.
2014 жылы тамшылатып суару алаңы 87 га-ны құрайды. 2015 жылы 20 га алаңға 2016 жылы 30 га алаңға қосымша енгізу жоспарланады. 3 га алаңға жылыжай кешені құрылысы аяқталды.
1. Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру
Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін мына «зәкірлік» жобаларды іске асыру жоспарлануда:
№ 1-жоба.
«Қызылжар-Құс» ЖШС бройлер құс етін өндіру бойынша құс фабрикасын қайта жаңарту
1. Жобаның атауы: «Құс фабрикасын қайта жаңарту».
2. Жобаға өтініш беруші: «Қызылжар - Құс» ЖШС
3. Сала: ауыл шаруашылығы
4. Іске асыру кезеңі: 2013-2015 жылдар.
5. Инвестиция көлемі: 3,2 млрд. теңге.
6. Жұмыс орындарының құрылуы: 150 тұрақты жұмыс орындары құрылды: басшылар, қызметшілер және жұмысшы персоналы.
7. Жобалық қуаттылығы: жылына 8,0 мың тонна ет құрайды.
8. Жобаны индустрияландыру картасына енгізу мәртебесі: енгізілді.
9. Жоба бойынша ағымдағы мәртебе: Өндірістің бірінші кезеңі 2014 жылғы 12 желтоқсанда пайдалануға берілді, 112 мың инкубаторлық жұмыртқа салынып, 99740 балапан алынды. 2015 жылдың басынан 1666 тауық еті өндірілді.
10. Мемлекеттік қолдау: талап етілмейді.
11. Жобаны іске асырудан әлеуметтік-экономикалық әсері:
- Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
№ 2-жоба.
1. Жобаның атауы: «Болаттан тік жікті құбырлар өндіруді ұйымдастыру»
2. Жобаға өтініш беруші: «ДАНиЕР» өндірістік сауда-құрылыс фирмасы» ЖШС
3. Сала: өндіруші кәсіпорын
4. Іске асыру кезеңі: 2013-2016 жылдар
5. Инвестиция көлемі: 220,0 млн. теңге.
6. Жұмыс орындарының құрылуы: 70 жұмыс орны құрылатын болады.
7. Жобалық қуаттылығы: жылына 20 мың тонна тік жікті құбырлар.
8. Жобаны индустрияландыру картасына енгізу мәртебесі: пысықталуда.
9. Жоба бойынша ағымдағы мәртебе: «ДАНиЕР» өндірістік сауда-құрылыс фирмасы» ЖШС 2010 жылы диаметрі 16 мм-ден 600 мм-ге дейінгі полиэтиленді құбырларды шығару бойынша зауыттың бірінші сызығын пайдалануға жіберді және 2012 жылы диаметрі 1000 мм-ге дейінгі полиэтиленді құбырларды шығару жөніндегі екінші желі пайдалануға енгізілді.
Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі «ДАНиЕР ӨТҚФ» ЖШС жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» № 280/3 қаулысына сәйкес өндірістік базаны орналастыру және қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 1,1811 га жеке меншік құқығына жер телімі бөлінді.
Жаңа өндірістік цехтың жобасы дайындалып, бекітілді, ішінара материалдары сатып алынды, қазіргі уақытта қосалқы жабдықтарды монтаждау жүргізілді, 2015 жылғы 3 тоқсанда негізгі жабдықтарды қою және монтаждау жоспарлануда. Жобаны іске қосу – 2016 жылға жоспарланған.
10. Мемлекеттік қолдау: талап етілмейді.
11. Жобаны іске асырудан әлеуметтік-экономикалық әсері:
Тұрақты жұмыс орындарын құру арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
Зауыттың қажеттілігі үшін оқу орындарында кадрларды дайындау, қайта даярлау.
Шағын бизнесті қолдауға әлеуметтік серіктестікті ұйымдастыру үшін зауыттың абаттандыру объектілерін және санитарлық-қорғау аймақтарын ұстау және қызмет көрсету, арнайы киіммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс көлемін бөлу.
12. Өнімді қолдану саласы: өндірістік-азаматтық құрылыс, ауыл шаруашылығында суарылатын телімдерді суару үшін, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қолданылады.
2. Ұлттық холдингтердің Ақсу қаласында, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыру
Жергілікті компаниялардың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында Павлодар облысының аумағында, соның ішінде Ақсу қаласында орналасқан ұлттық холдингтердің және компаниялардың филиалдарымен тиісті тауар, жұмыс және қызмет көрсетулерді өндіру бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтердің сатып алуына талдау жүргізіледі.
3. Қала құраушы кәсіпорындардың Ақсу қаласында, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыру
«Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ шағын және орта бизнестің субъектілерінен келіп түсетін тапсырыстарды орналастыру бойынша ұсыныстарды қарастырады.
«Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ үшін тамақпен, сондай-ақ арнайы киімдермен қамтамасыз етумен – «Арлан» ЖШС айналысады – сүт өнімдерін өндіру, 60 жұмыс орны құрылды, «Қайсар-Ақсу» ЖШС арнайы киімдер тігу және зауытта жөндеу жұмыстарын жүргізумен айналысады, 40 адам жұмыс істейді, «Янтарь» ЖШС-электр пісіргіш жұмыстарымен айналысады, 300-ден аса адам жұмыс істейді, «Биосем» ӨК көкөніс өнімдерін жеткізумен айналысады, онда 50-ден аса адам жұмыс істейді, «Аппарель» ЖШС сұйық оттегін жеткізуші, онда 12-ден аса адам жұмыс істейтін шағын бизнестің өкілдері шұғылдануда.
Сондай-ақ, осы екі қала құраушы кәсіпорындарда жүк тасымалдау бойынша «Қазхром» ТҰК АҚ «Ақсу ферроқорытпа зауыты» қосалқы қызмет көрсету үшін «AksuTransLogistiс» ЖШС жұмылдырылған.
4. Ақсу қаласында бұрынғы мамандандыруды қайта қалпына келтіру
Бұрынғы мамандандыруларды қайта қалпына келтіру мақсатында «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ-та мынадай іс-шаралар әзірленді:
- № 4 цехтың жартылай пештерін қайта жаңғырту, 40,0 мың метрлік тонна қуаттылығымен, араластыру әдісімен төмен көміртекті феррохромды шығару, іске асыру мерзімі - 2014 -2019 жылдар, құны – 130,9 млн. доллар;
- № 6 цехты жаңарту, жобаны іске асыру – 2014-2019 жылдар, құны – 132,0 млн. доллар;
- № 45-46 жаңа газ тазартқыш пештерінің құрылысы, іске асыру мерзімі 2014 жыл, құны 11275,0 мың доллар.
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-да (Электрстансасы) мынадай іс-шаралар әзірленді:
- № 3 күл үйіндісін салу, іске асыру мерзімі – 2014-2019 жылдар, құны – 11,3 млн. доллар;
- № 5 блокты қайта жаңарту, іске асыру мерзімі – 2014-2017 жылдар, құны – 49,7 млн. доллар.
5. Шағын және орта бизнесті дамыту
Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруда шағын және орта бизнесті дамыту маңызды роль атқарады.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнес серпінді дамуда, шағын және орта кәсіпорындарының жалпы саны ұлғаюда, жеке кәсіпкерлердің саны артуда, өндірістік өнімдердің (жұмыс және қызмет) көлемі ұлғайды, сәйкесінше бюджетке түсетін төлемдер өсті.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын кәсіпорындар субъектілерінің саны 3075 бірлікті құрады, соның ішінде жұмыс істеп тұрғандар – 1950 бірлік, оның ішінде:
- заңды тұлғалар – 187;
- жеке кәсіпкерлер – 1558;
- шаруа қожалықтары – 205.
Өндірілген өнімдердің (жұмыстар мен қызметтердің) көлемі 2014 жыл ішінде 1306,0 млн. теңгені құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін төлем көлемі 1037,2 млн. теңгені құрады.
Қалада экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін ШОБ-ты серпінді дамыту үшін жеткілікті әлеует бар.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған іс-шаралар қарастырылды.
2013-2014 жылдар ішінде бағдарламаның 8 қатысушысына жаңа өндіріс ашу үшін 20,0 млн. теңге жалпы сомасына мемлекеттік грант берілді.
2013 жылы микрокредиттеу бағыты бойынша 192,3 млн. теңге бөлінді, ол «Павлодар» МКҰ-ға аударылды. Осы сомаға 86 микрокредит берілді.
2014 жылы 107,3 млн. теңге кредит беруге бөлінді. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 44 микрокредит берілді.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақсу қаласында 3 базар, 3 әлеуметтік дүкен, 4 тұрмыстық техника сауда үйі, 227 дүкен, 13 дәріхана, 11 автоқұю станциясы, 25 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны, 37 қызмет көрсету объектісі жұмыс істейді.
2015 жылы шағын және орта бизнесті дамыту «Бизнестің 2020 жол картасы» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қарастырылған.
Салалық шектеусіз кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау және моноқалалар үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау мөлшерлерін ұлғайту бойынша жұмыс
Осыған байланысты, екінші деңгейдегі банктармен, өзге де қаржы ұйымдарымен, «Даму РҚҚ» АҚ-пен қаражаттандыру бойынша бірнеше келісімдер жасау жоспарлануда.
Өңірлік Үйлестіру кеңесінде кәсіпкерлердің жобалары қарастырылуда.
Облыстық деңгейде «Даму РҚҚ» АҚ келісімі бойынша мынадай функцияларды ұсынумен Кәсіпкерлерді қолдау орталығы құрылды:
мемлекеттің қолдау бағдарламалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
қолдау құралдарын алу үшін өтінімдер жинау;
екінші деңгейдегі банктерде несие алу үшін құжаттарды жинау бойынша кеңес беру;
кәсіпкерлердің төлеу қабілеттілігіне алдын-ала талдау жүргізу.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік пайыздық ставкаларын субсидиялауға 2014 жылы 62,7 млн. теңге бөлінді, олар «Даму РҚҚ» АҚ-ға аударылды. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 26 жоба мақұлданды.
2015 жылы республикалық бюджеттен кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 36,6 млн.теңге бөлінді.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша серіктестік бағдарламаларды іске асыру (мемлекет қала құраушы кәсіпорындармен). Қазіргі уақытта Ақсу қаласында қала құраушы кәсіпорындарының маңындағы Шағын және орта бизнесті дамытудың серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні серіктестік бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.
Павлодар облысында Шағын және орта бизнесті дамытудың серіктестік бағдарламасын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
Тұрақты сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің жобадағы, сондай-ақ базалық өндірістегі, соның ішінде бас мердігерліктегі сандық және ақшалай тұлғалаудағы тізімі анықталды.
Сонымен бірге, 2015-2017 жылдары сатып алуға жоспарланатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі анықталды.
Қазіргі уақытта қаланың ірі кәсіпорындары үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді өндіру бойынша қалада орналасқан компаниялардың мүмкіндіктеріне бағалау жүргізілуде.
Ақсу қаласының әкімі қала құраушы кәсіпорындарының, шағын және орта бизнестің өкілдерімен бірлесіп әлеуметтік-серіктестік бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді. Осы кеңесте төменде көрсетілген коммерциялық ұсыныстар қарастырылды:
1. «ДАНиЕР ӨСҚФ» ЖШС қала кәсіпорындарына технологиялық қажеттіліктер үшін полиэтиленді құбырларды іске асыру;
2. «Электросервис» ЖК - аттестатталған электрзертханасының қызметтерін көрсету;
3. «Қалиев» ЖК - құрылыс-монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарының қызметі;
4. «Грэсстрой» ЖШС - құрылыс-жөндеу жұмыстары;
5. «Палий» ЖК - автокөлік қызметтері;
6. «Азия пласт» ЖШС - пластикалық есіктер мен терезелерді жасау;
7. «АksuTransLogistiс» ЖШС - «Қазхром» ТҰК «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ жүк тасымалдау бойынша қосалқы қызметтер көрсету.
Осы кеңестің қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген шағын және орта бизнестің кәсіпорындарымен қала құраушы кәсіпорындары («Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ) тарапынан ұзақ мерзімді тапсырыстарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
3. АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
1. Жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау
Инженерлік инфрақұрылым. Өңірдегі автомобиль жолдары желісінің ұзындығы 384,4 шақырымды құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар 139 шақырым, облыстық маңызы бар 111 шақырым, аудандық маңызы бар 134,4 шақырым. Жолдың жалпы ұзындығынан 40%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Қатты жабындысы бар қалалық жолдардың жалпы ұзындығы – 34,4 шақырым.
Жылумен жабдықтау. Ақсу қаласының және Ақсу кентінің орталықтандырылғын жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу желісінің жалпы ұзындығы 79 шақырымды, тозу–70 %-ды құрайды.
Қаланың барлық объектілерін жылумен жабдықтауды қамтамасыз ететін, бір жылу көзі «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі жылу қазандығы болып табылады. Қолданыстағы қазандық өз ресурсын өндірді, моральді және табиғи жағынан ескірді, жоғары шығынды болып табылады. Қазандықтағы жабдықтың тозуы 60%-ды құрайды, ол қала үшін қиын жағдай болады. Осы қазандықтың қуаттылығы 310 сағатына Гкал-ды құрайды. Соның ішінде қаланың қажеттілігі 120 Гкал/ сағатына Гкал-ды құрайды. Жылу желілерінің табиғи тозу өсімін алдын алу үшін жыл сайын шамамен 3 млрд. теңге сомасына 13,6 шақырым желілерді күрделі жөндеу қажет.
Сол уақытта кәсіпкерлер ретінде жыл сайын тарифтік құрылу есебінен 6-дан 8 шақырымға дейінгі желілерді немесе олардың жалпы ұзындығынан 2 % жөндеу жүзеге асырылады.
Жөндеу жұмыстарының қаржыландыру көздері уәкілетті органдармен бекітілген тарифтік құрастырушы болып табылады.
Сумен жабдықтау және су бұру. Қаланы сумен жабдықтау ашық көзден, нақты айтқанда Қ. Сәтпаев атындағы канал арқылы қамтамасыз етіледі. Су қабылдау құрылысының қуаттылығы тәулігіне/63,0 мың текше метрді құрайды. Нақты қажеттілік – тәулігіне/9,0 мың текше метр.
Ақсу қаласында су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 103 шақырым, кәріздік желілері - 183 шақырым. Инженерлік желілер 1966-1975 жылдары төселгендіктен тозу 85-100%-ды құрайды. Су құбырларының желілеріне және кәріз желілеріне «Ақсу су арнасы» МКК қызмет көрсетеді. Қаланың магистральды және орамішілік желілері күрделі жағдайда, олардың жартысынан көбі 100%-ға тозған. Желілердің апаттық жағдайының негізгі себебі – құбыр материалдарының ескіруі және көп жыл пайдалану нәтижесінде тотығу әрекетінен оның бұзылуы. Магистральды және орамішілік сумен жабдықтау желілеріндегі тиектерді ауыстыру қажет етіледі. Жұмыс тиек арматураларының жоқтығы апаттарды жою кезінде желілердің кейбір учаскелерін уақытылы өшіруге мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде ғимараттардың жер төлелерін судың басуына әкеледі, тұтынушыларға су беруді ұзақ уақыт тоқтатуға мәжбүрлейді және нормативтен тыс су жоғалтуға әкеледі. Су құбырлары желілерінің учаскелерінде жоғары апаттар ауыз судың сапасын төмендетеді. Осы объектілерде жылына 100-ден аса апат болады.
Өңірлерді дамыту бағдарламасымен көзделген іс-шараларды іске асыру Ақсу қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
2. Электрмен жабдықтау
Ақсу қаласының электр желілерінің ұзындығы 811,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде 741,1 шақырым – «ПРЭК» АҚ балансында, қаланың коммуналдық меншігінде Үштерек ауылының желілері бар ұзындығы ВЛ-10 кВ-15 шақырым, ВЛ-04 кВ-25 шақырым және Достық ауылының желілері ВЛ-0,4 кВ-30 шақырым. Қалада ұзындығы 10 шақырымды иесіз электр желілері бар, олардың тозуы 80%-ды құрайды.
Электр энергия өндірісін «ЕЭК» АҚ (Ақсу қалалық ГРЭС) жүзеге асырады – белгіленген қуаттылығы 2100 МВт. Электр энергиясымен Солтүстік Қазақстанды, Оралды және Батыс Сібірді қамтамасыз етеді. 2013 жылы электр энергиясын өндіру 44,1 млрд. кВт. сағатты құрады, ол 2012 жылдан 4,2 %-ға артық.
Ақсу қаласын электр энергиясымен қамтамасыз етудің тәуліктік қажеттілігі 250 мың квт/тәулікті құрайды.
2013 жылы «Еуроазиаттық энергетикалық кешені» АҚ № 6 энергоблогы қайта жаңартылды. Жобаның бюджеті 37,0 млрд.-тан аса теңгені құрады.
3. Тұрғын үй қорының жағдайы
Ақсу қаласының аумағында 249 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде 40 үй - 40 жылдан аса, 60 үй - 30 жылдан аса, 138 үй - 20 жылдан аса, 5 үй 5 жылға дейін пайдалануда.
6-кесте
Ақсу қаласы тұрғын үй қоры жағдайының негізгі көрсеткіштері