233
ешкімге ұқсамаса, оның лирикалық кейіпкері де өзгеше болмыс-бітімімен
дараланған. Нәжімеденов алпысыншы-сексенінші жылдардағы қазақ
лирикасының шындықты терең философиялық толғаныстармен бейнелеу
тәжірибесін молықтыра, байыта түсті.
Жұмекен
Нәжімеденовтің
поэмалары
-
қазақ
әдебиетіндегі
дастаншылдық дәстүрді
ілгері дамытқан, жаңалығы мол, мазмұны терең,
пішіні сұлу сырлы мұра - қымбат қазына.
Сонымен, Жұмекен Нәжімеденов қазақ әдебиетінде поэзиясымен де,
прозасымен де қомақты орынға ие болды. Ол - қазақ әдебиетіне ұшан-теңіз
жаңалығымен келіп, оны шалқар байлыққа кенелткен ойшыл суреткер.
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А) Ж. Нәжімеденов қай жерде туылған?
В) Автордың қандай поэмаларын білесіз?
С) Жұмекен Нәжімеденов лирик ақын ба?
D) Ж. Нәжімеденовтың қандай прозалық шығармаларын білесің?
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Оның өлеңдері орыс тіліне аударылды.
В) Ж. Нәжімеденов аударма саласында да еңбек сіңірді.
С) Заман сауалдарына жауап беру – әр қаламгердің азаматтық міндеті.
D) Ж. Нәжімеденов – еліміздің Әнұранының сөзін жазған авторларының бірі.
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) поэма, өлең, топтама, поэзия, уақыт
В) поэзия, ақын, азамат, заман, жаңалық
С) поэма, поэзия, мүдде, лирика,
замана
D) поэзия, талант, белес, талант, сирена
4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
А) Ол артына өшпес мұра қалдырды.
В) Ақын азаматтық борышын терең сезінді.
С) Қазақ поэзиясында ақынның өзіндік орны бар.
D) Ол алпысыншы жылдардың өзінде ақындық ерекшелігімен көрінді.
5. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.
Жұмекен қандай тақырыптарда өлең шығарды?
А) әлеуметтік, махаббат
В) әлеуметтік, табиғат, көңіл күй
С) әлеуметтік, көңіл күй, махаббат
D) әлеуметтік, махаббат, табиғат, көңіл күй
6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) ХХ ғасырдағы ірі оқиғалар суреттеледі.
В) Ж. Нәжімеденов өмірі туралы мәлімет беріледі.
С) Ж. Нәжімеденовтың шығармашылығы туралы ақпарат беріледі.
D) Ж. Нәжімеденовтың прозалық туындылары туралы ақпарат беріледі.
7. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
А)
Қазақ әдебиетінің жанрлары
234
В) Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы
С) Қазақ әдебиетінің жанашыры
D) Қазақ әдебиетінің даму жолдары
8. Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз.
А) Ақын лирик дәрежесіне көтерілді.
В) Жұмекен поэзиясының ерекшеліктері өте көп.
С) Ақын кейіпкері адамзат алдында жауапкершілік сезінеді.
D) Ақын заман үнімен үндесе, заман ағымымен үйлесе білді.
9. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты табыңыз.
А) Ж. Нәжімеденов жаңашыл ақын болатын.
В) Ж. Нәжімеденов өнерді жоғары бағалады.
С) ХХ ғасыр жаңалықтарға толы ғасыр болды.
D) Ақынның "Соқ, сағат" атты жыр топтамасы бар.
10. Мәтіннің бірінші азатжолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз.
А) Суреткер ақын
В) Ж. Нәжімеденов – талант иесі
С) Ақын поэмалары – қымбат қазына
D) Ақынның лирикалық
өлеңдерінің сыры