2 тапсырма Географиялық зерттеу әдістері Географиялық зерттеулердің негізгі әдістеріне далалық, картографиялық
және теориялық әдістер жатады.
Белгілі бір бағыттар бойынша өту және сипаттама жасау нәтижесінде,
өлшеулер мен бақылаулар жүргізіп, зерттеу объектісі туралы деректерді
жинау және өңдеу далалық зерттеу әдістеріне жатады. Ұйымдастыру тәсіліне
сәйкес далалық зерттеу әдістері экспедициялық және стационарлық болып
бөлінеді.
Зерттеудің картографиялық әдісі карталарды ақпарат көзі ретінде
пайдалануға, яғни оларда бейнеленген объектілерді, құбылыстар мен
процестерді зерттеуге негізделген.
Теориялық әдістер - ойлау қызметіне негізделген зерттеу объектісін
ғылыми тану әдістерінің жиынтығы. Оларға жүйелеу әдісі, салыстырмалы
географиялық әдіс, модельдеу жатады. Шартты түрде географиядағы
модельдерді заттық (макеттер), ақпараттық, вербалды, графикалық, кестелік,
математикалық деп бөлуге болады.
1.
Зерттеу аймағында бастапқы деректерді жинау - бұл әдістердің мәні:
A) Картографиялық
B) Салыстырмалы
C) Теориялық
D) Далалық
2.
Экспедициялық және стационарлық зерттеу әдістерінің басты
айырмашылығы - экспедициялық әдістер маусымдық сипатқа ие, ал
стационарлық зерттеулер тұрақты негізде жүргізіледі. Экспедициялық
зерттеулердің негізгі әдістері мен тәсілдерін анықтаңыз:
A) Өлшемдер, өсімдіктер мен жануарлар коллекцияларын құрастыру, далалық
эксперимент.
B) Зерттеу объектісінің жағдайы туралы деректерді үздіксіз жинау.
C) Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар арқылы жиналған деректерді
279
өңдеу негізінде сенімді болжамдар жасау.
D) Географиялық объектілер мен құбылыстардың жағдайын тұрақты негізде
бақылау.
3.
Дұрыс қатынасты анықтаңыз: «карта- картографиялық әдіс»: