Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет124/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

 
тапсырма 
Халықтың ұдайы өсу түрлері 
 
Халықтың ұдайы өсуі – бұл адамзаттың үздіксіз жаңаруын және 
ұрпақтардың өзгеруін қамтамасыз ететін туу, өлім мен табиғи өсімнің 
жиынтық көрсеткіштері. Халықтың ұдайы өсуін сипаттау үшін абсолютті 
және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер қолданылады.
Абсолютті демографиялық көрсеткіштер белгілі бір уақыт кезеңіндегі 
«демографиялық оқиғалардың» көлемін сипаттайды және халық саны мен 
оның 
динамикасын 
анықтау 
үшін 
қолданылады. 
Салыстырмалы 
демографиялық көрсеткіштер - бұл 100 немесе 1000 адамға шаққандағы 
халықтың ұдайы өсуінің коэффициенті. 
Қазіргі уақытта халықтың ұдайы өсуінің үш түрі бар: дәстүрлі, өтпелі 
және заманауи. 
Дәстүрлі - аграрлық қоғам мен индустриалды дамудың алғашқы 
кезеңдерінде тұрған аймақтарға тән. 
Өтпелі - соңғы бірнеше онжылдықта дамушы елдердегі халықтың 
ұдайы өсуінің дәстүрлі түрінің өзгеруіне байланысты қалыптасты. 
Заманауи түрге мыналар тән: туудың төмен деңгейі, өлімнің орташа 
деңгейінің сақталуы, табиғи өсімнің төмендеуі, өмір сүру ұзақтығының 
жоғары деңгейі. 
1. 
Абсолютті демографиялық көрсеткіштерді анықтаңыз: 
A) туу коэффициенті, табиғи өсім. 
B) туылғандардың саны, иммигранттар мен эмигранттардың қатынасы. 
C) туу, өлім және табиғи өсім коэффициенттері. 
D) екі жыл ішіндегі халық санының арасындағы айырмашылық. 
2. 
Туу мен өлімнің жоғары деңгейі, өмір сүру ұзақтығының төмен деңгейі - 
халықтың ұдайы өсу типін анықтаңыз 
А) халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі түрі 
В) халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрі 
С) халықтың ұдайы өсуінің заманауи түрі 
D) Демографиялық дағдарыс 
3. 
Халықтың ұдайы өсуінің заманауи түрі тән елдер дұрыс көрсетілген 
жауапты таңдаңыз:
A) Египет, Алжир, Сенегал. 


278 
B) Ангола, Чад, Франция. 
C) Германия, Болгария, Чехия. 
D) Панама, Сингапур, Польша 
4. 
Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтарын талдау, елдер мен 
аймақтардың демографиялық көрсеткіштерін салыстыру үшін қолданылады: 
A) Салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер. 
B) Абсолютті демографиялық көрсеткіштер. 
C) Туу және өлім көрсеткіштерінің жиынтығы. 
D) Халықтың ұдайы өсуінің түрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет