Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет130/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

Қазақ тілі (Т2) 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, 
мазмұны 
бойынша 
берілген 
тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу орыс тілінде жүретін 
мектеп үшін (Т2) 
Ас – адамның арқауы. 
Ас – адамның арқауы. Адам ағзасы түрлі аспен қоректеніп, күш 
жинайды. Жалпы тағамдар ет, сүт, дәнді-дақылдардан жасалады. Олардың 
әрқайсысы адам ағзасы үшін пайдалы. Ет өнімдері дәмділігімен және өзінің 
құрамындағыадам ағзасына пайдалы ақуыз заттарымен құнды. Қазақтың 
дәстүрлі дастарқанында күріш, бидай, жүгері, тары сияқты дән 
азықтарынандайындалатын тағамдар да өте мол. Бұл тағамдардәрумендерге 
бай, ағзаға сіңімді келеді. Майға қуырған қып-қызыл бидай, аппақ баданалы 
жүгері дастарқанның сәні емес?
Адамның күнделiктi тиімді тамақтануға қажеттi тағам түрлерiн 
төмендегідей топтарға жiктеуге болады. Оның алғашқысына құрамында ағзаға 
қажеттi ақуыз, май, көмiртегi, дәрумендер мен минералды тұздары бар сүзбе, 
сүт, қаймақ, айран, iрiмшiк, құрт, құрғақ сүт, қаймақты балмұздақ, қымыз, 
шұбатты енгізуге болады. 
Сүт тағамдары денсаулыққа аса пайдалы. Кезінде академик И.П. Павлов: 
«Сүт – табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағам» деп бағалаған болатын. 
Шындығында қоректік жағынан алғанда, сүт –тағамдық құндылығымен ағза 
үшін аса маңызды өнім. Сүт – сүт қоректі жануарлардың сүт бездерінен 
бөлінетін секрециялық сұйық. Адам баласының саналы тіршілігінің 
барысында өз қажетіне қарай лайықтап алған бұл табиғи өнімнің қоректік 
жағынан алғанда тағамдық құндылығы өте жоғары. Сүт және одан өндірілетін 
өнімдер – өте сіңімді және адам ағзасы үшін пайдалы тағам. Сүттен қаймақ, 
кілегейалынып, сары май шайқалады. Сиыр, қой ,ешкі сүтінен айран 
ұйытылып, май шайқалса, бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат ашытылады.
Сүтті жас баладан еңкейген кәріге дейін ішеді. Ол – адам ағзасына өте 
пайдалы ас.Өйткені ол дәрумендерге, қышқылдар мен майларға, ақуыз бен 
минералды заттарға, микроэлементтер мен ферменттерге өте бай. Бір сөзбен 
айтқанда,сүт-химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Себебі оның 
құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін қажетті барлық заттар бар. 
Соған орайфизиологиялық құндылығы жағынан бір де бір азық тең келе 
алмайды. Сүттің тағы бір ерекше қасиеті – ас қорыту бездерінің жұмыс істеу 
қабілетін үнемі жақсартып отырады.
273 сөз 
1. Мәтіннің бірінші азат жолына дәлірек тақырыпша таңдаңыз
A. Еттен жасалатын тағамдар
B. Диеталық тағам түрлері
C. Адам ағзасына қуат беруші 
D. Қуырылған жүгері түрлері 
E. Дәннен жасалатын тағамдар


293 
2. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз 
A. Ет өнімдері ферметтерге бай болды. 
B. Қаймақты ботқа пісіргенде пайдалануға болады. 
C. Уыз – жаңа төлдеген малдың қою сүті. 
D. Дәнді-дақылдар құрамындағы ақ уызымен құнды болып келеді. 
E.Дәрумені көп тағам ағзаға түскенде тез қорытылады. 
3. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз. 
A. Бие сүтінен ұлттық сусын – қымыз ашытылады. 
B. Сүт дәрумендерге, қышқылдар мен майларға өте бай. 
C. Сүт құрамында микроэлеметтер мен ферменттер көп. 
D. Сүттің ерекше қасиеті – ас қорыту бездерінің жұмысын жақсарту. 
E. Аппақ баданалы жүгері дастарқанның сәні. 
4. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. 
A. Сүт – тамаша тағам. 
B. Сүт және оның өнімдері адамға өте пайдалы. 
C. Сүт ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады. 
D. Сүтті жас баладан бастап, қарт адамдар да пайдаланады. 
E.Сүттен қаймақ, кілегейалынып, сары май шайқалады. 
5. Мәтін стилін белгілеңіз. 
A. ғылыми стиль 
B. ресми іс- қағаздар стилі 
C. публицистикалық стиль 
D.көркем әдебиет стилі 
E. ауыз екі сөйлеу стилі 
6. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. 
A. Сүттен тағам жасау жолдары туралы айтылады. 
B. Сүт және сүт өнімдерінің пайдасы туралы баяндалады. 
C. Еттен жасалатын тағам түрлері туралы ақпарат беріледі. 
D. Дәннен жасалатын ұлттық тағамдар туралы ақпарат беріледі. 
E.Қазақтың дәстүрлі дастарқанында күріш, бидай, жүгері, тары 
азықтарынандайындалатын тағамдар да өте мол. 
7. Мәтіннің түрін анықтаңыз. 
A. әңгімелеу 
B. пайымдау 
C. сипаттау 
D. ресми 
E. дұрыс жауабы жоқ 
8. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. 


294 
A. сүт, өнім, денсаулық, дәрумен, тағам 
B. ағза, ірімшік, жүгері, сүт, өнім, минерал 
C. дәрумен, сүт, май, өнім, құндылық 
D. сүт, күріш, ботқа, фермент, микроэлемент 
E. Уыз, академик, жүгері, күріш, химиялық зат 
9. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
A. Адам ағзасына пайдалы өнімдер 
B. Сүттің химиялық құрамы 
C. Дәнді - дақылдарды пайдалану 
D. Еттен жасалатын тағамдар 
E. Дәнді - дақылдардың түрлері 
10.Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны таңдаңыз. 
A. Сүттен қаймақ алынады. 
B. Ешкі сүтінен айран ұйытады. 
C. Сүттің адам денсаулығына пайдасы зор. 
D. Сүттің химиялық құрамын И.П. Павлов зерттеді. 
E. Жалпы тағамдар ет, сүт, дәнді-дақылдардан жасалады. 


295 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет