Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет31/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

5 нұсқа 
 
Оқу сауаттылығы 
 
1 мәтін 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз 
Печенье 
Бір қыз бала орталық вокзалда пойыздың келуін күтіп отырды. Уақытты 
қысқарту үшін ол кітап сатып алуды ұйғарды. Содан соң ол күту залынан тыныш 
қана отырып, кітап оқитын орын тауып алды. Қораптағы печенье газет оқып 
отырған ер адам мен екеуінің ортасында тұрды. Ол бір печенье алған кезде ер 
адам да біреуін алды. Ер адамның бұл әрекетіне ол қатты таңырқады, бірақ 
ештеңе айтпастан кітап оқуын жалғастыра берді. Өзі іштей: «Сене алар емеспін! 
Мен батылдау адам болсам, міндетті түрде қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп 
ойлады. Ол әлсін-әлсін қораптан бір печенье алған сайын ер адам да соны 
қайталады. Осы іс-әрекет бір ғана печенье қалғанша жалғасты. Қыз бала ер адам 
қандай әрекет жасар екен деп қарап отырды. Ер адам болса соңғы печеньені алды 
да, ортасынан тең бөліп, бір жартысын қызға берді. Қатты ашуланған қыз 
кітабын сөмкесіне тоғытты да, бұл жерден кеткенше асықты. Ашуын басу үшін 
ол залдың басқа бір жеріне барып отырды. Ашуы тарқағаннан кейін ол кітап алу 
мақсатымен сөмкесіне қолын салды. Сонда ғана ол сөмкесінде қорабы 
ашылмаған өз печеньесін көрді. 
1. Әңгіменің басында қыз бала не істеді? 
А) Ол вокзалда пойыз күтіп отырды
В) Ол вокзалды тастап шығып кеткісі келді 
С) Ол вокзалда ер адаммен сөйлесті 
Д) Вокзалдан газет сатып алды 
2. Қыз не сатып алды? 
A)печенье 
B)кітап
C)журнал
D)сөмке 
3. Сөйлемегі көп нүктенің орындағы сөзді табының 
Ер адамның бұл әрекетіне ол қатты ................., бірақ ештеңе айтпастан кітап 
оқуын жалғастыра берді. 
A)қуанды 
B)таңырқады 
C)жылады 
D)күлді 
4. Мәтіндегі қарамен жазылған сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады? 
A)шығарды 
B)басты 


64 
C)салды 
D)тастады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет