Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет58/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

9 нұсқа
 
Оқу сауаттылығы
1-мәтін 
Нұсқаулық: «Мәтінді мұқият оқып шығып, берілген тапсырмаларды дұрыс 
орындаңыз». 
 
Қала тұрғындары әр жексенбіні асыға күтеді. Бұл күн - демалыс. Апта 
бойы қызметшілер компьютер алдында отырады. Қарапайым жұмысшы қиын 
жұмыстан шаршайды. 
Ата-аналардың балаларымен еркін араласатын күні де - жексенбі. Сансыз 
сұрақ қойып, олардың несі бар, несі жоқ екенін біледі. Сабағы қалай, ол бірінші 
кезекте сұралады.
Отбасы болып таза ауада демалу - жақсы нәрсе. Жаз айында суға шомылып
күнге күю де керек. 
Ендеше, жексенбі күн - әрбір адам үшін асыға күтетін күн. 
1. Мәтінге сай тақырып таңдаңыз.
A) Жаз
B) Ауыл
C) Демалыс күні
D) Қала
2. Аптаның қай күнін адамдар асыға күтеді? 
A) дүйсенбі
B) сейсенбі
C) сәрсенбі
D) жексенбі
3. Мәтіндегі басты тірек сөздерді белгілеңіз. 
A) жұмыс, адам, саябақ, дос
B) адам, саябақ, дос, сабақ
C) қала, жексенбі, демалыс, отбасы
D) жиналыс, отбасы, таза ауа, жаз
4. Мәтінге сәйкес сөйлемді аяқтаңыз: 
Ендеше, жексенбі күн - ... .
A) сабақ басталатын күн. 
B) жиналыс болады. 
C) жұмысшы қиын жұмыстан шаршайды. 
D) әрбір адам үшін асыға күтетін күн 


121 
 
2-мәтін 
Нұсқаулық: «Мәтінді мұқият оқып шығып, берілген тапсырмаларды дұрыс 
орындаңыз». 
Токио қаласында 13 миллионнан астам халық тұрады. Қалада үйлер тығыз 
орналасқан. Зауыттар мен фабрикалар өте көп. Автомобильдер мен автобустар 
күндіз-түні тоқтаусыз жүреді. Осының бәрі ауаны ластаған. Тіпті тұрғындардың 
біразы еркін дем ала алмай, таза ауа толы маска киюге мәжбүр болған. Еңбекқор 
жапондар бұл азаптан қалай құтылған дейсіз ғой? 
Ең алдымен, астана әкімінің орнына конкурс жариялаған. Негізгі шарты: “Кім 
ауаны жедел тазалайтын озық жоба ұсынса, сол қала әкімі болсын”, - деген.
Сонымен, сан мыңдаған талапкер өз жобаларын ұсынады. Жеңіп шыққан 
азамат билік басына келеді. Ол өзінің жобасы бойынша берген уәдесіне сәйкес 
Токионы алты ай ішінде әлемдегі ең таза қалалардың қатарына қосқан. 
1. Мәтінге лайық тақырыпты таңдаңыз. 
A) Токио жағдайы
B) Астана әкімі 
C) Токио қаласы
D) Жапондық шешім 
2. Токио әкімінің орнына конкурстың жариялану себебі неде? 
A) билікті өзгерту
B) жаңа жоба жасау
C) қала ауасын тазарту
D) қала әкімін аустыру
3. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз. 
A) Токио әкімінің ісі 
B) Токио әкімінің білімі
C) Токио халқының саны 
D) Токио қаласының жайы 
4. Мәтін мазмұнына сай негізгі сұрақты көрсетіңіз. 
A) Әкімі кім? 
B) Токиода не көп? 
C) Қанша халық тұрады? 
D) Токио қалай таза қала болды? 
5. Берілген сұраққа дұрыс жауапты белгілеңіз: 
Токио қаласында қанша адам тұрады? 
A) Токио қаласында үш миллионнан астам халық тұрады.
B) Токио қаласында миллионнан астам халық тұрады. 
C) Токио қаласында он екі миллионнан астам халық тұрады. 
D) Токио қаласында он үш миллионнан астам халық тұрады. 
6. Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемді толықтырыңыз: 
Токионы ....... ішінде әлемдегі ең таза қалалардың қатарына қосқан. 
A) алты ай
B) бір жыл


122 
C) сегіз ай 
D) бір жыл алты ай


123 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет