Павлодар облысы еліміздегі индустриялық дамыған өңір.Облыстың әр т
ERG компаниясының Қазақстандағы активінің портфелінде ондаған компания бар. Еуразиялық Топ республика бойынша ферроқорытпа, темір рудасы, бастапқы алюминий тотығы мен алюминий, энергия және көмір өндіретін кәсіпорындарды біріктіреді. Яғни аталған кәсіпорындардың барлығы Павлодар облысында орналасқан және осы аймақта өндіріледі.Холдингке Қазақстанның тау-кен металлургиясы саласындағы экспорттың 53,7%-ы және экспорттан түсетін түсімнің 6,7%-ы тиесілі. Өнім Ресейге, Қытайға, Жапонияға және Еуропалық одаққа жеткізіледі. Ү
Зерттелуі.
Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады
Павлодар облысы өзінің қолайлы географиялық орналасуына байланысты транзиттік рөл атқара алады, өйткені мұнда қомақты табиғи ресурстар мен жер телімдері, дамыған көлік инфрақұрылымы, арзан электр энергиясы, салықтық жеңілдіктері бар арнайы экономикалық аймақ бар. Павлодар облысы теңгерімді экономикалық құрылымы бар үш түрлі миллионнер қалалармен қоршалған (Астана, Омбы, Новосибирск) (өндіруші өнеркәсіптері де, бастапқы өңдеу өнеркәсібі де), энергиямен өзін-өзі қамтамасыз етуде де көшбасшы.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізгі бөлігі әрине, – мұнай өндіру саласы (77.5%). Қазақстан экономикасы әлі де сол мұнай секторындағы жағдаяттарға өте тәуелді. Мұнай секторы Жалпы ішкі өнімнің шамамен 19%-ын құрайды. Қазір бағалардың өршіп тұрған кезі. Осы жағдайда Қазақстан экономикасын мұнай ғана емес, металл кенін өндіру саласы да демеп келеді.
Павлодар облысы республика бойынша барлық көлемнің 51%-ын алады. Осылайша өңір инновациялық өнім өндіруде көшбасшылық танытып келеді. Барлық өнімдер қайта енгізілген немесе айтарлықтай өзгеріске ұшыраған технология негізінде жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |