Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде


Әдіснама» ұғымының ғылымдағы



бет2/3
Дата09.01.2023
өлшемі32.01 Kb.
#468237
1   2   3
педагогика

Әдіснама» ұғымының ғылымдағы қызметін анықтайтын бұл белгілері келесі қорытындыны жасауға мүмкіндік береді: педагогиканың әдіснамасы – зерттеудің мақсатын, мазмұнын, әдістерін тұжырымдамалық мазмұндауды, педагогикалық процестер мен құбылыстар жөнінде барынша объективті, дәл, жүйеленген ақпараттар алуды қамтамасыз етеді. Әдіснаманың бұл анықтамалары бір-біріне қарама-қайшы келмейді. Олар әдіснамалық рефлексия аймағының бірқалыпты даму процесін көрсетеді. Бұдан шығатын қорытынды, педагогика ғылымының әдіснамасын педагогикалық таным мен шындықты түрлендіру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Әдіснама негізінен, реттеушілік, нормативтік қызмет атқарады. Оның міндеті де осында. Бірақ әдіснамалық білімдер дескриптивтік (сипаттамалық), немесе прескрептивтік (нормативтік) формада, яғни, алдын ала жазу, әрекетке тікелей нұсқау түрінде де берілуі мүмкін. Дескриптивтік әдіснама ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары туралы ілім ретінде зерттеу процесінде бағдар ретінде қызмет атқарады, ал прескрептивтік әрекетті реттеуге бағытталады. Нормативтік әдіснамалық талдауда ғылыми 15 әрекетті жүзеге асырудағы жағымды ұсыныстар мен ережелерді жасаумен байланысты құрылымдық міндеттер басымырақ болады. Дескриптивтік талдау ғылыми танымның бұған дейін жүзеге асырылған процестерді сипаттаумен байланысты болады. Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымында: философиялық, жалпығылыми, нақты-ғылыми және технологиялық деп төрт деңгейді бөліп көрсетеді. Әдіснаманың жоғары, философиялық деңгейінің мазмұнын танымның жалпы принциптері мен ғылымның тұтастай категориялдық құрылымы құрайды. Философиялық білімдердің бүкіл жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады. Екінші деңгей – жалпы ғылыми деңгей – ғылыми пәндерге қолданылатын теориялық тұжырымдамалардан тұрады. Үшінші деңгейі – нақты ғылыми әдіснама, ғылыми білімге кіретін эмпирикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін ісшаралар, зерттеудің әдістемесі мен техникасын құрайды. Әдіснама ең алдымен ғылыми танымның әдіснамасы, яғни ғылыми танымдық іс-әрекеттің формалары мен тәсілдері, құрылымы жайындағы ілім. Ғылымның әдіснамасы ғылыми зерттеудің компоненттеріне (объектісі, талдау пәні, міндеті, құралдар жиынтығы) сипаттама береді. Осылайша, ғылымның әдіснамасы – таным және ондағы өзгерістердің теориялық жиынтығы. Әдіснамалық білімнің 4 құрылымдық деңгейі бар. Олар: - философиялық деңгейде танымның жалпы ұстанымдары мен ғылымның категориялары қарастырылады; - жалпығылыми деңгейде теориялық тұжырымдамалар жинақталады; - нақтығылыми деңгейде арнайы ғылыми зерттеуде қолданылатын зерттеудің әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы белгіленген; - технологиялық деңгейде зерттеудің әдістемесі мен техникасы сипатталады. Ол басқа деңгейлер арқылы анықталады: педагогикалық зерттеу және оның ұйымдастырылуы сол деңгейлерге бағынышты. Осылайша, әдіснама – теориялық және пратикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың ұстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар, ғылымның әдіснамалық негізі – табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші 16 философиялық идеялардың жиынтығы. Бұл идеялар белгілі бір құбылыстың теориясын құруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет