Педагогикалық білімнің әдіснамасы – педагогикалық теорияның негіздемесі, құрылымы, бастапқы қағидалары, білімді ашулар мен принциптері жайындағы білім жүйесі. Олар педагогикалық ақиқаттың, өзгерістерінің шынайы көрсеткіші. Педагогикалық әдіснамаға төмендегілер енеді:
1. Педагогикалық білімнің құрылымы мен қызметі жайындағы ілім;
2. Бастапқы, іргелі жалпығылыми және педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар);
3. Педагогикалық зерттеудің әдістері жайындағы ілім. Педагогика әдіснамасы оқыту, тәрбиелеу және даму заңдылықтарын тану мен қолданудың жалпы тұрғыларын анықтайды. Педагогика әдіснамасының объектісі - жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын тану, ал пәні – жаңа адамды қалыптастыру үрдісінің заңдылықтары. Педагогикадағы әдіснамалық тұрғы оқыту-тәрбие әрекеті практикасын өзгертудің тиімді жолдарын іздеу және қалыптастыру үшін қажет. Педагогика әдіснамасының қызметі – оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жаңа жолдарын жасау. Педагогиканың әдіснамасына мына қағидалар енеді.
1. Педагогикалық білімнің құрылымы және қызметі жайындағы ілім.
2. Жалпығылымилық мәнге ие бастапқы, негізгі, фундаментальды педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар).
3. Педагогикалық зерттеудің логикасы және әдістері жайындағы ілім.
4. Алынған білімді практиканы жетілдіру мақсатында қолдану тәсілдері жайындағы ілім. Жоғарғы оқу орындағы оқу пәнінде студенттерді ғылыми ізденіске баулу мақсатында ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен әдістері беріледі. Педагог бірде-бір күрделі сұраққа нақты әдіснамалық негізсіз шешім таппайтынын үнемі есінде сақтағаны дұрыс. Педагогтың кәсіби дайындығының ең жоғарғы деңгейі – оның әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы. Оның негізгі белгілері мыналар:
- педагогика және философия ғылымдарының негізгі ұғымдарының мәнін түсінуі;
- білім берудің түрлі ұғымдарын нақты ойлаудан абстрактілі ойлауға көшу деңгейі ретінде ұғынуы;
- педагогикалық теорияны таным әрекетінің әдісіне өзгерте білуі және т.б. Әдіснаманы меңгере отырып зерттеуші оның принциптерін саралай бастайды. Жеке ғылыми әдіснама деңгейінде білім беру мен әлеуметтік саясаттың бірлігінің принциптерін меңгеру маңызды болып табылады. Педагогтың кәсіби дайындығының негізгі көрсеткіші
– бұл әдіснамалық мәдениетінің болуы. Оның негізгі белгілері:
- педагогика ғылымындағы негізгі түсініктер мен философияның негізгі категорияларына қатысты мәселелерді түсіну;
- абстрактылыдан нақтылыққа өту деңгейлері ретіндегі білім берудің түсініктерін меңгеру. - таным әрекетіне педагогикалық теорияның құрылу ұстанымы - педагог ойының педагогикалық формалар мен олардың тұтастық құрушы сапаларының генезисіне бағытталуы. - педагогиканың түсініктеме – терминологиялық жүйесінде білім беру тәжірибесін қайта құру қажеттілігі. - педагогикалық білімнің өз тарихи дамуында бірлігін көрсетуге деген ұмтылыс.
- педагогикалық сананың шындығы мен жағдайдарына сыни қатынас.
- педагогикалық процестің басқа да қатысушыларының ойпікірлері мен педагогикалық жеке танымдық әрекетінің жүрісі, алғышарты, қорытындыларына байланысты рефлексия.
- адамзаттың білімі саласында ғылымға қарсы көзқарастардың жалған екеніне дәлелдер.
- педагогиканың гуманистік, дүниетанымдық қасиетін түсіну. Педагогикалық процестің ережелері мен принциптері, мақсаттары, заңдылықтарының өзара байланысын болашақ педагогтың түсінуі дегеніміз әдіснамалық мәдениетті меңгеруі деген сөз. Болашақ педагогтың әдіснамалық мәдениетті меңгеруі педагогикалық процестердің құрылымы мен таным әдіснамасының мәнін түсінуге сүйенеді. Әдіснамалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған диалектикалық тұрғыдан көзқарас төмендегі кезеңдерден тұрады: қарсылық көрсету жағдайларын саралауға бағытталу; шешімнің өнімсіздігін ашу; педагогикалық практика аймағындағы логиканы тасымалдау мүмкіндіктері мен берілген тапсырмаға орай жұмыс тәжірибесін қорытындылау. Әдіснамалық мәдениет ғылыми-педагогикалық ойлауды қазіргі заманға сай етеді, жаңартады. Сондықтан баланың жоспарланған педагогикалық әсерге қатынасын алдын-ала көре алуға мүмкіндік беретін тірек бейнеге мұғалімнің ойлау қабілетін талдауды жүзеге асыру маңызды. Мұнда мұғалімнің эмпатиялық ұстанымдары адамды түсіну қабілетіне назар аударылады. Педагогикалық бағытталған ойлаудың басты сипаттамаларының бірі – білім алушыларда психологиялық жаңа құрылымдардың қалыптасуын қамтамасыз ететін әрекетті модельдеу ұстанымы. Мұндай модельдеу мәнді өзгерістерді әрекеттің қарапайым логикасына сәйкес келтіруді және педагогикалық процестің оның талаптарына бағынуын қарастырады. Ойлаудың бұл өлшемін меңгеру – педагогтың ерекше педагогикалық логиканы меңгеруге ұмтылдыратын арнайы тапсырмалар мен жаттығуларды өңдеуге жетелейді. Кез-келген педагогикалық зерттеудегі мұндай әдіснамалық негізгі белгілері:
- ғылымның даму деңгейін, практиканың сұранысын, әлеуметтік өзектілік пен нақты мүмкіндіктерді есепке ала отырып зерттеудің мақсатын анықтау
. - зерттеліп отырған барлық процестер мен құбылыстарды сыртқы және ішкі тәуелділікте дамуы мен өздігінен дамуында алып қарау. Мұндай тұрғыдан қарастырғанда тәрбие - өздігінен дамитын құбылыс, ол қоғамның, мектептің, отбасыны, баланың психикалық жас ерекшелік қалыптасуымен байланысты; бала - дамымалы жүйе
- өздігінен тануға және өздігінен дамуға қабілетті, сыртқы әсерлер мен ішкі қажеттіліктер және қабілеттеріне сәйкес өзін өзгертіп; педагог – үнемі өзін жетілдіруші маман, әрі қойған мақсаттарына сәйкес өз әрекеті мен өзіндік көзқарасы өзгеріп отырады және т.б. - тәрбиелік және білімдік проблемаларды адам туралы барлық ғылымдар тұрғысынан: әлеуметтану, психология, антропология, физиология, генетика және т.б. қарастыру. Педагогика – қазіргі барлық адамзат білімін және оңтайлы педагогикалық жүйені құру үшін адам туралы барлық ғылыми ақпаратты біріктіретін ғылымға айналып отыр. Зерттеудегі жүйелік тұрғыдан бағдарлау құрылымдық элементтер мен құбылыстардың өзара байланысы, олардың өзара бағыттылығы, сатылық қызмет етуі, жүйе дамуының тұтастығы, даму динамикасы, мәні мен ерекшелігі, факторлары мен шарттары деген сөз. Оқыту мен тәрбие процесіндегі ұжым мен тұлға дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, ескі мен жаңаның, бала мен ересектің, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, мақсат қою мен оны жүзеге асырудың, басқару мен өзін-өзі басқарудың т.б. күресі туралы философиялық ілімнің педагогикалық интеграциясы болып табылады. - теория мен практиканың байланысы, идеялар мен оны жүзеге асыру, педагогтарды жаңа ғылыми тұжырымдамаларға, жаңа педагогикалық ойларға бағдарлай отырып, әрі ескірген, өзінің күшін жойған педагогикалық теріс көзқарастардан алшақтау. Зерттеудің әдіснамасы жоғарыдағы көрсетілген белгілерге жауап беретін және зерттеу стратегиясын айқындайтын, зерттеуді жүргізуге мүмкіндік беретін шарттар жиынтығын анықтайды:
1. Педагогикадағы негізгі әдіснамалық басқа ғылымдармен пәндераралық байланысты пайдалану. Қазіргі кезде ең көп таралған қолданыста жүрген ұғымдарды білу олардың мағынасын түсіну үшін соңғы психологиялық және педагогикалық журналдарды қарап шығу пайдалы. Мысалы: соңғы кезде әдебеттерде кездесетін «креативтік» (шығармашыл), толеранттық т.б.
2. Педагогикадағы ғылыми зерттеу процесі мен құрылымын философия, әлеуметтану, психология және т.б. ақрылы жетілдіру. Педагогикалық проблематиканың көзі үнемі педагогикалық практика аймағы арқылы кеңейіп отырады. Ғылым дамуының логикасынан көптеген зерттеулердің тақырыбы шығады. Бірақ көптеген тақырыптар мен проблемалар әлеуметтанудан, психологиядан, физиологиядан алынған. Мысалы: қабілеттілік, танымдық қызығушылық, белсенділіктің көптеген түрлері, мектепті басқару теориясы және т.б. зерттеуде өзі шығармашылық ізденіс сипатын алады, мысалы педагогикалық зерттеудегі болжамның көптүрлілігі, болжамды әртүрлі зерттеулерде сыннан өткізу оларды тексерудегі бірнеше нұсқадағы эксперимент. Мектептегі жұмыстың мүмкін болатын нұсқаларын сыннан өткізу негізінде оқу-тәрбие үрдісін ыңғайлы ұйымдастыру және т.б. Зерттеудің нысанасы, мәні, мақсаты мен міндеттеріне қойылатын нормативтік талаптар анық берілуі керек. Қазіргі кезде нақты материалды математикалық өңдеу әдісі кеңінен қолданылады.
3. Педагогикалық ғылым мен практиканың өзара әсері қазіргі педагогикада ерекше мәнге ие болуда, өткені төмендегі келеңсіздіктер орын алуда: - ғылым логикасы мен мұғалімдердің практикалық әрекетінің логикасы көбіне сәйкес келе бермейді, сондықтан педагогика теориясымен айналысушылар және практиктер арасында түсініспеушілік пайда болады. Сонымен, ғылымның әдіснамасы және оның сәйкес қызмет ететін практикасы өзіндік салыстырмалы түрде өз бетіндік көзқарастар немесе принциптер арқылы анықталады. Педагогикада олар – жүйелілік, біртұтастық, тұлғалық, әрекеттік, мәдениеттанымдық, этнопедагогикалық, антрапологиялық көзқарастар, әрі оның әдіснамалық принциптері болып саналады. Жалпы-ғылымилық әдіснама қоршаған шындықтың құбылыстары мен процестерінің жалпыға ортақ өзара байланысы мен өзара тәуелділігін көрсететін жүйелік тұрғыдан келу сипатында берілуі мүмкін. Ол зерттеушіні өмірдің құбылыстарына белгілі бір құрылымы мен өзіндік қызмет ету заңдары бар жҥйе ретінде қарауға бағыттайды. Жҥйелік тҧрғыдан келу қазіргі кезде қызметтік, аналитикалық көзқарастардың орнын басты. Жүйелік тұрғыдан қарастырудың мәні мынада, яғни салыстырмалы жеке компоненттер бөлек-бөлек емес, олардың өзара байланысында, дамуы мен қозғалысында қарастырылады. Жүйелік тұрғыдан келу жүйені құраушы элементтерде болмайтын интегративті жүйелік қасиеттер мен сапаларды анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік тұрғыдан келудің пәндік, қызметтік және теориялық қырлары зерттеудің тарихилық, нақтылық, жан-жақты байланыстар мен дамуды есепке алу сияқты 21 принциптерін бірлікте жүзеге асыруды талап етеді. Жүйелік тұрғыдан келу зерттелетін процестерді жүйе ретінде қарастыра отырып құрылымдық және функциональдық модельдерді құруды ойластырады, олардың қызметі мен заңдылықтары, тиімді ұйымдастыру принциптері туралы білімдерді алуға мүмкіндік береді. Жүйелік тұрғыдан келуде эвристикалық және практикалық түрлендіру мүмкіндіктері білім беруді зерттеуде педагогикалық процесті «педагогикалық жүйе», «тұтастық» және «өзара әсер» категорияларына жүгінуге тура келеді. Педагогикалық жүйе құрылымдық, қызметтік талдау деңгейінде өзара байланысты компоненттер жиынтығы ретінде: педагогикалық процесс субъектілері, білім мазмұны (жалпы, базалық және кәсіби мәдениет) және материалдық база (құрал-жабдық) қарастырылуы мүмкін. Олардың мақсатқа бағытталған органикалық өзара байланысты қозғалысы педагогикалық процесті динамикалық жүйе ретінде көрсете алады. Мақсат-педагогикалық жүйе пайда болуының жетекші факторы. Жүйелік тұрғыдан келу педагогикалық, теория, эксперимент және практиканың бірлігі принципін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл принциптің дұрыс берілуі мен дамуы практика мен ғылым арасында белгілі бір қайталанбалы байланыстың болатындығын түсінуге мүмкіндік жасайды. Педагогикалық практика ғылыми білімдер, теориядан шығатын ережелердің дұрыстығының көрсеткіші болып табылады және шінара экспериментте тексеріледі. Практика білім берудің жаңа іргелік мәселелерінің көзіне айналады. Теория өз кезегінде дұрыс практикалық шешімдерге негіз болады, бірақ ауқымды проблемалар, міндеттер, білімдік процесте пайда болатын іргелі зерттеулерді талап ететін жаңа мәселелерді тудырады. Педагогикадағы тұтастық тұрғыдан көзқарас, қызметтікке қарама-қарсы пайда болды. Тҧтастық тҧрғыдан келу жүйелікті дамыту сияқты педагогикалық процесті ұйымдастыруда тұлғаның интегративтік (тұтастық) сипаттарына бағдар жасауды талап етеді. Осымен байланысты тұлғаны өзіндік құрылымы, қызметі және ішкі құрылымы бар күрделі психикалық жүйе ретінде түсіну қажет. Тұлғаның интегративті, тұтастық қасиетін бөліп көрсету проблемасы психологияда өзінің бір жақты шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен зерттеушілер тұлғаның барлық қырлары өзара тығыз 22 байланысты, бір-бірімен өзара әсерлеседі, бірақ оның басым әсері бәрі бір де оның әлеуметтік жағы-дүниетанымы мен қажеттілігі, қызығуы, идеясы, ұмтылысы, тұлғалық моральдық және эстетикалық сапаларын көрсететін бағыттары болып табылады. Тұлғаның маңызды өлшемдік сапалық қасиеті болып оның бағыттылығы, яғни тұлғаның рухани өзегі ретінде саналады. Сонымен, тҧтастық тҧрғыдан келу педагоикалық жүйеде және дамитын тұлғаны, алдымен интегративтік тұрақты жүйе құраушы байланыстары мен қатынастарын анықтауға бағдарлайды; жүйеде не берік (тұрақты), ал не өзгермелі, не басты, не қосалқы екендігін зерттеуге және қалыптастыруға бағдарлау. Ол тұлғаны жүйелік тұтастық ретінде дамытудағы жекеленген компоненттерпроцестердің қосатын үлесін айқындауды қарастырады. Бұл жағдайда ол тұлғалық тұрғыда келумен өте тығыз байланысты. Тҧлғалық тҧрғыдан келу педагогикада тұтастықтан шығады. Ол тұлғаның әлеуметтік әрекеті және шығармашылық мәні туралы көзқарасты бекітеді. Тұлғаны қоғамдық тарихи дамудың жемісі және мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде мойындауды көздейді. Бірлескен әрекет пен қарым-қатынас процесінде, адамдар әлемі мен мәдениет жемістерімен ынтымақтастық процесінде өзіндік менін тапқан тұлғаның әлеуметтік-әрекеттік мәні туралы көзқарас қалыптасады. Ол тұлғаның қоғамда өмір сүруі барысында туындайтын адамгершілік таңдау дың әртүлі проблемалық, даужанжалдық жағдайында әрекет пен іс-қимылды реттейтін тұлғалық мағынасы мен мағыналық негізіне көңіл аударады. (А.Н.Леонтьев). Тұлғалық тұрғыдан келу тұлғалық мағыналардың қалыптасуына бағдарлауды жоққа шығармайды. Дегенмен, бұл жағдайда дүние адам алдында тұрған, оған жету үшін ол әрекет ететін, күресетін және өмір сүретін мотивтер түрінде көрініс табады. Адамның тұлғалық мағынасында дүниенің мәні ашылады, өмірлік өзін-өзі анықтаудың бағдары туындайды, олар тұлғаның бағыттылығын анықтайды және тұлғаның құрылымдық маңызды бөлігі ретінде барлық жағынан көңіл бөлінеді. Тұлғалық тұрғыдан келу педагогикалық процесті құрылымдау мен жүзеге асыруда тұлғаға мақсат, субъект, нәтиже және оның тиімділігінің басты көрсеткіші ретінде көңіл аударады. Ол адамның бірегейлігін, оның интеллектуалдық және адамгершілік еркіндігін, сыйлауға құқығын мойындауды қатаң талап етеді. Ол тәрбиеде тұлғаның нышандарын өзіндік дамуы мен шығармашылық потенциялының табиғи процесіне сүйенуді көздейді, оған сәйкес жағдай туғызуды айтады. Әдіснаманың материалистік диалектикасы тұрғысындағы жоғары, философиялық деңгейінде іс-әрекет тҧлғаның дамуының негізі, құралы және шешуші шарты екендігі айқындалған. Бұл - педагогикалық зерттеуде және практикада тұлғалықпен тығыз байланыста әрекеттік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың қажеттілігін көрсетеді.. Әрекет - қоршаған шындықты адамдардың өзгеріске келтіруі. Мұндай өзгертудің бастапқы формасы еңбек болып саналады. Адамның материалдық және рухани әрекетінің барлық түрі еңбектен өндіріледі. Оның басты ерекшелігі - қоршаған әлемді шығармашылықпен түрлендіруі. Табиғатты өзгерте отырып адам өзін де өзгертеді, ол өз дамуының субъектісі ретінде көрінеді. Адамзат болмысының маңызды жағы- деп көрсетті, Б.Ф.Ломов, оның заттық әрекеті мен қарым-қатынасы (субъект-объектілік және субъекті-субъектілік қатынас). Заттық әрекет әр уақытта белгілі бір материалдық және рухани өнімді шығармашылықпен жасауға бағытталан. Әрекеттік тҧрғыдан келудің мәнін А.Н.Леонтьев өз еңбектерінде дәлелді түрде көрсеткен. «Адамзаттық мәдениет жетістіктерін иелену үшін –деп жазды ол-әрбір жаңа ұрпақ, осы жетістіктердің артындағы тұрған бара-бар әрекетті жүзеге асыруы керек. Сондықтан тәрбиеленушілерді өзбетіндік өмірге және әржақты әрекетке даярлау үшін, оларды мүмкіндігінше осы әрекеттерге тарту керек, яғни әлеуметтік және адамгершілік жағынан толыққанды өмірлік әрекеттерді ұйымдастыру қажет».
Достарыңызбен бөлісу: |