Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Факультативтік жұмыстың негізгі мақсаты



бет41/101
Дата07.02.2023
өлшемі290.91 Kb.
#469245
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101
Педагогика ылымында т жірибе жасау ерекше орын алады. Бас а ыл

Факультативтік жұмыстың негізгі мақсаты–мектеп оқушылысының бойында қайсібір оқу пәніне қалыптасқан қызығушылығын тереңдете түсу. Осыған байланысты ғылымның немесе өнердің белгілі бір саласындағы танымға саналы қажеттілік пайда болатын оқушылардың белгілі бір бөлігінде сапалы қажеттілік туады. өзінің мазмұны жағынан, факультативтік жұмыс оқушылардың балалар мен жеткіншектерге тән мүдделері бойынша үйірмелер, студиялар және тағы басқа секілді қызмет түрлерін дамытады. Көптеген жоғары сынып оқушылары факультативтердегі өзінің сабақтарын одан әрі білім алу, кәсіпке ие болу, өз қабілеттерін жетілдіру үмітімен және жоспарларымен байланыстырып жатады. Мұндай факультативтік курстарды әсіресе, қазақ ұлттық өнер саласынан, мысалы, айтыс, әншілік, шешендік, жыр – терме және тағы басқа өнерлерге ұйцымдастырған жөн.


9.Музыкалық шығармаларды қабылдауды қалыптастырудың негізгі кезеңдері мен әдістері қандай?
Музыкалық шығарманы қабылдау кезеңінде шығарманы игеру процесін мынадай төрт кезеңге бөлуге болады:1)мұғалімнің кіріспе сөзі; 2) алғашқы тыңдау; 3)шығарманы талдау; 4) шығарманы қайталап тыңдау.
1) Кіріспе әңгіме. Бастауыш сыныпта кіріспе әңгіме өте қысқа, ең маңыздысы, баланың сезімталдығына, күйзелісіне бағытталсын. Балаларды музыка қабылдауға қызығушылығын арттырып, алдын-ала ұйымдастыра білуін талап етеді. Бұл деген композитор, ақын туралы қысқаша мағлұмат беру, шығарманың аты, кім орындайды (қандай аспап, дауыс т.с.с.), шығарманың шығу тархы, оқиға т.б. Тыңдар алдында қойылатын сұрақтарға назар аудару (Жауапты шығарманы тыңдағансын жауап береді).
2Шығарманы тыңдау (қабылдау).
Кіріспе әңгіме арқылы музыкалық шығарманы қабылдауға балалардың қызығушылығын арттыру үшін сол тыңдалатын шығарманың орындалу сапасы өте әсер етеді. Орындалатын шығарманың мәнін мұғалім балаларға жеткізе алмаса, мұғалімнің шығарма туралы айтқан әңгімесі оның мазмұнына ашық болса, бала ол шығарманы қабылдайды. Сөйтіп, музыкалық тәрбие беру жұмысындағы үлкен саласының бірі - музыка тыңдау, өз деңгейіне көтеріле алмайды.
Оның себебі әртүрлі: а) музыкалық шығарманы орындауға мұғалім дайын емес; ә) күйтабақ, күйтаспада жазылған шығарма сапасыз болады; б) балалардың ықыласы кіріспе әңгімені қабылдады, ал тыңдауға (қабылдауға) шамасы жетпеді; в) тыңдалатын шығарма өтілетін тақырыпқа сай келмесе, көрнекілік құралдармен жабдықталса (суреттер, табиғаттың көрінісі, композитордың портреті, арнайы кабинет емес т.б.) Музыканы тыңдап отырған кезде сөйлеуге, мұғалімге сұрақ беруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет