Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес



бет91/101
Дата07.02.2023
өлшемі290.91 Kb.
#469245
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   101
Педагогика ылымында т жірибе жасау ерекше орын алады. Бас а ыл

Қатынас ұғымына берілген есептер

  1. Сандарды еселік салыстыру немесе екі санның қатынасын табу (1-түрі);

Мектеп ауласында 10 терек және 5 шырша өсіп тұр. Теректердің саны шыршалардың санынан неше есе артық?

  1. Сандарды еселік салыстыру немесе екі санның қатынасын табу(2-түрі);

Спорт алаңында 8 ұл және 4 қыз бала ойнап жүр. Қыз балалар ұл балдарға қарағанда неше есе кем?

  1. Санды бірнеше есе арттыру(тура формасы);

Бүркіт 30 жыл жасайды, ал тасбақа одан 10 есе артық жасайды. Тасбақа неше жыл жасайды?

  1. Санды бірнеше есе арттыру(жанама формасы);

Бүркіт 30 жыл жасайды. Бұл тасбақаның жасынан 10 есе кем. Тасбақа неше жыл жасайды?

  1. Санды бірнеше есе кеміту(тура формасы);

Ботаның салмағы 35 кг, ал қаздың салмағы одан 7 есе кем. Қаздың салмағы неше килограмм?

  1. Санды бірнеше есе кеміту(жанама формасы);

Ботаның салмағы 35 кг. Бұл қаздың салмағынан 7 есе артық. Қаздың салмағы неше килограмм?



  1. Құрама есептерді оқыту әдістемесі

Құрама есеп дегеніміз екі не одан да көп амал арқылы шығарылатын есеп. Құрама есепті шығару үшін оны жай есептерге жіктеу керек.
Құрама есеп, бір есептердің ізделінді шамалары екінші есептердің берілген шамалары болатындай байланыстағы бірқатар жай есептерден тұрады. Құрама есепті шығару, оны бірнеше жай есептерге жіктеу және ретімен оларды шығару болып табылады. Сонымен, құрама есепті шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы бірқатар байланыстарды анықтау керек, соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алуға, содан кейін шығаруға болады.
Құрама есептермен таныстыруға арналған дайындық жұмысы оқушылардың құрама есептің жай есептен негізгі айырмашылығын түсінуіне көмектесуі тиіс, оның айырмашылығы мынада: құрама есепті бірден, яғни бір амалмен шығаруға болмайды, оны шығару үшін берілген шамалар мен белгісіз шамалар арасындағы сәйкес байланыстарды тағайындап,жай есептерге жіктеу керек. Осы мақсатпен төмендегідей арнайы жаттығулар қарастырылған:
1. Мәліметтері жеткіліксіз жай есептерді шығару
2. Бірінші есептің сұрағына жауап бергенде шыққан сан екінші есептің берілген мәліметтерінің бірі болатын жай есептер парын шығару
3. Берілген шартқа қойылатын сұрақ.
Мен есептің шартын оқимын, ал сендер ойланып, есепке қандай сұрақ қоюға болатынын айтыңдар-дейді мұғалім: «Мектепті безендіру үшін оқушылар 10 қызыл жалау және 8 көк жалау қиып алды» (Оқушылар барлығы қанша жалау қиып алған?).
4. Құрама есепке енетін жай есептерді шығара білуге үйрету.
Құрама есептерді шығаруға қажетті шарт- балалардың құрама есепке енетін жай есептерді жақсы шығара білуі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет