Гельминтоздардың диагностикасы



бет1/5
Дата01.12.2023
өлшемі27.52 Kb.
#485107
  1   2   3   4   5
паразит


Гельминтоздардың диагностикасы
Жануарладың мүшелерінде және ұлпаларында гельминттер табылған кезде ауруға нақты балау қою негізі болып саналмайды. Өйтrені паразиттердің әртүрлерімен зақымдалмаған «абсолютты таза» тірі организмдер табиғатта болмайды. Басқа жағынан, жануарлардың ауру және өлім болған жағдайларында гельминттер табылмайды, неге десеніз олар өз – өзімен организмнен шығады де немесе иенің мүшелерінде және ұлпаларында өліп қалады. Сондықтан, гельминттерді анықтау үшін клиникалық, паразитологиялық, патоморфологиялық және Эпизоотологиялық – критерийдің толық кешенің назарға алу керек.
Гельминттердің көбісінде, ереже түрінде, клиникалық белгілері мінессіз өтеді. Өте жиі тыныс алу және асқорыту жолының қызметі бұзылуы, өсіп–өну тоқталуы, жүдеу, өнімділігі төмендеу байқалады.
Бірақта, кейбір гельминтоздар, осындай: тауық сингамозы мен простогонимозы, қоян пассалурозы, шошқа аскаридозы сияқтылар кезінде, клиникалық белгілері жақсы білінеді. Сондықтан гельминтоздарға соңғы балау лабораторлық зерттеулеріне негізделінеді және ашып сою нәтиже арқылы қойылады.
Паразитологиялық деректер малдың организмінде гельминттерін, немесе олардын бөліктерін, жұмыртқаларын және бөліндіде (нәжісте, қанда, кілегейде) дернәсілдерін табуына негізделінеді. Паразитологиялық деректерін алу үшін әртүрлі әдістерді қолданады: тірі және өлген, ларвоскопиялық және овоскопиялық (сандық және сапалық). Гельминтозға балау қою кезінде паразитологиялық деректерінің маңызы өте зор.


Гельминтоздардың диагностика әдістері
Ауыл шаруашылық және жабайы жануарлардың көптеген гельминтоздарында емдік – профилактикалық шараларын өткізу алдында ауруға балауын уақытында қою керек. Гельминтоздардың диагностика әдістерін екі топқа бөледі: тірі кезінде және өлгеннен кейінгі кездегі, одан басқа гельминтоздарды және инвазиондық жұқпалы ауруларды ажырату балауын білу керек.
Диагностиканың негізгі әдістері – зертханалық зерттеулер.
Жиі нәжісте, несепте, бөліндіде (өтте), ұлпаларда (қанда, бұлшық етте), мүшелерде (тері кесігінде), пунктаттың және абсцесстің сұйығында гельминтоздардың қоздырушыларын, жұмыртқаларын және дернәсілдерін табуға болады. Маңызына байланысты зертханалық зерттеулерді гельминтоовоскопиялық, гельминтоларвоскопиялық және гельминтоскопиялық зерттеу әдістеріне бөледі.
Гельминтоовоскопиялық зерттеу әдістері арқылы экскретте, секретте және қарында көп паразиттік құрттар жұмыртқаларын табуға болады.
Гельминттердің дернәсілдерін (диктиокаул, мюллерий және т.б.) табу үшін гельминтоларвоскопиялық зерттеу әдістерін қолданады. Осы зерттеулерді өткізу үшін Берман-Орлов және Вайда әдістерін пайдаланады.
Нәжісте гельминттерді немесе олардың мүшелерін табу үшін гельминтологиялық зерттеулерді қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет