Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Педагогикалық психология және жас ерекшеліктері психологиясы пәні оның даму ерекшеліктері, кезеңдері, зерттеу әдістері



бет118/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Педагогикалық психология және жас ерекшеліктері психологиясы пәні оның даму ерекшеліктері, кезеңдері, зерттеу әдістері.

Жас ерекшелігі психологиясы- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялыққасиеттерінің онтогенезі.Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.Педагогикалық-психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.Педагогикалық-психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерініңқалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін ойлап тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқзушылар арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардыңөзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлар мен қоса педагогикалық психология оқушыларға жеке дара қатынас жасауға байланысты мәселелерді зерттейді. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі-бала, жекіншек, жасөспірім ,- ортақтылығымен түсіндіріледі; олар жас ерекшелігіне сай даму динамикасын тұтастығында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының объектілірі, ал педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы- жас ерекшелік психологиясының бөлімдері.

Жас ерекшелігі және даму  психологияда арнайы әдістер кездеседі. Олар: психолого – педагогикалық  эксперимент, арнайы  психолого – педагогикалық тест, бұлар баланың қандай дәрежеде оқытылғанын және тәрбиеленгенін  көмектеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет