Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынуға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
Лекция-концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға олардың дайындық деңгейіне білім беретін мектептерді алатын болсақ онда ол тікелей балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы тиіс. Әдетте бірнеше сыныптың оқушыларын біріктіріп өткізуге болады. Әрине тақырыпқа орай тыңдаушылар жас ерекшеліктеріне қарап шақырылады: Мысалы: 1-2 сыныптар, 5-6 сыныптар, 10-11 сыныптар т.б.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы: үйірмелер (хор, оркестр, ансамбльдер), жаппай көпшілік (массовой) формалары, мерекелер, мәдени тынығу.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға творчестволық тұрғыдан келіп оның идеялық эстетикалық мәнін көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн.
Музыка сабағының үстінде, одан тыс мезгілде үйренген әндерді, музыкаларды сабақтан тыс уақытта тақырыптық кеш, мейрам өткізу балаларды өте қызықтырып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Жылдың әрбір маусымында байланысты көктем, жаз, күз, қыс, жан – жануарлар, құстар туралы, «Бақытты балалық шақ», «Оқушылар әнін жырлаймыз», «Халқымыздың тілін», атты тақырыпта музыкалық кештер, мейрамдар өткізіп, ол кеште басқа сыныптың, мектептің оқушыларын шақыратын болса, ол жұмыстың тәрбиелі мәні зор болмақ. Мұндай музыкалық мейремдарды әр тоқсан сайын, бірнеше сыныптың оқушысы немесе оқушыларын біріктіріп өткізіп тұруға болады.
Музыкалы мейрамдар мен кештерге қатысушы оқушының музыкалық қабілетін одан әрі дамытуға, әлем туралы білімін тереңдетіп, биік мәдениетке тәрбиелейді. Баланы ұйымдасқан түрде концертке, театрға, түрлі мәдени мекемелерге, музейлерге апару олардың өмірге деген көзқарастарын кеңейтіп, өнерге деген құмарлығын арттырады. Одан басқа оқушымен еңбек, әншілерді кездестіруге немесе олар туралы әңгіме, баяндамаларды әрдайым ұйымдастырып тұрудың мәні зор.
Жас ұрпақтың музыкалық көтерудің бір тиімді жолы – факультативті курстардың қызметін жандандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |