Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Қиянат жасамау – жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесінің нәтижесі



бет79/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Қиянат жасамау – жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесінің нәтижесі.

Қиянат жасамауға тән ерекшеліктер. Жеке тұлғаның даму ерекшеліктері.

Қиянат жасамау, яғни, басқаларға зиян келтірмей өмір сүру – бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу, қоршаған орта мен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық, өзгелердің мәдениеті мен түрлі діни дәстүрлеріне деген құрмет.

Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде барлық төрт құндылықтың жиынтығынан тұрады. Қиянат жасамау Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және Жан тыныштығы құндылықтары бар жерде ғана болады.

Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктері:



  • Барлық болмыстың бірлігін жете түсіну;

  • Қиянат жасамау барлық затқа сүйіспеншілік ретінде көрініс береді;

  • Қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды;

  • Табиғатқа қатысты – бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау, табиғат

заңдарын құрметтеу;

  • Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді. Ол басқа

адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін  әрекет жасау.

Өзіңе қатысты қиянат жасамау – бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау дегенді білдіреді, яғни:

өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат;

– жаман сөз есту – құлаққа қиянат;

– барлығынан жамандық көру – көзге қиянат;

– жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;

– жағымсыз ойлар – бүкіл әлемге қиянат.

Қиянат жасаудың себептері (мысалдар арқылы):

– сүйіспеншіліктің жетіспеуі;

– рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі;

– өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат;

– әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет