Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес



бет19/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады.
Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды.

Гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, биология-химиялық, техника-технологиялық және басқа бағыттарды оқушылар өздерінің танымдық қызығушылықтары мен қабілетіне қарай таңдап алады. Ал білім беру ұйымы өзінің мүмкіндігіне және әлеуметтік мәдени орта ерекшеліктеріне қарай оқушылардың таңдауына түрлі бағыттарды ұсынады.


3 сатыға арналған базистік оқу жоспарына барлық бағыттар үшін білім мазмұнының міндетті минимумы енгізілген. Мектептің өзі анықтайтын пәндерді көбейтуі оларға іштей, сырттай, дистанциялық оқыту түрлерін қолдануға, ал оқушылардың жеке білімдік багдарлама бойынша білім алуына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің негізгі оқу жоспары 1-4 сыныптарга арналған оқу жоспары (1998)


Осы жоспар мектептегі оқу-тәрбие процесін реттеп отырады.
Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары - негізгі мемлекеттік құжат, мемлекеттік стандарттың қүрамдас бөлігі.
Негізгі оқу жоспарына 7 білімдік сала, атап айтсақ, тіл мен әдебиет, жаратылыстану, қогам тану, адамтану, математика, өнер, технология курстары енгізілген. Осыған байланысты оқу жоспарында инварианттық (мемлекеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктер белгіленген.
Мемлекеттік бөліктегі оқу пәндерін білім беретін ұйымдардық барлығы оқытуға міндетті.
Мектептік бөлік баланың жеке ерекшеліктерін, икемділіктерін ескере отырып, білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының аймақтың әлеуметтік, мәдени ерекшеліктеріне қарап жекелеген курстарды енгізуіне болады. Мектептік бөліктің пәндерін жергілікті жерлер анықтайды.

Оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады.


Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат. Бағдарламанық түрлері: типтік, жұмыс, авторлық оқу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет