Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық өнермен таныстырудың әдіс-тәсілдері



бет49/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық өнермен таныстырудың әдіс-тәсілдері

«Көркем еңбек» пәнінің мазмұнында халықтың қолөнері, ою-өрнектер түрлерін салу тәсілдері, сонымен жаңа заман талабына сай дизайн, витраж, мозайка өнерлері енгізілген. «Көркем еңбек» оқулығы «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізгі қағидаларын сақтап, шынайы өмірмен тікелей байланысқа бағыттап, екеуінің де мазмұнын тереңдете отырып құрылған. Оқулықта бағдарламадағы ортақ тақырыптар бойынша жалпы материалдар, түстану, сурет, композиция, сәндік-қолданбалы өнер, сонымен қатар көркем бұйымдар жасау тәсілдері мен жолдары қарастырылатын білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған материалдар бар. О. К. Жеделов «Балалардың шығармашылық ерекшелігінің композиция, симметрия, ритм, тепе-теңдік, түсті шешімде ою-өрнекті сала отырып, сәндік-қолданбалы өнерде нақты байқалатынын айтып кеткен. Бұдан өнердің басқа түрлерін шешуде осындағы ою-өрнек сюжетінің басқа түрлі болатынын айта отырып, шығармашылықты балалармен осы ою-өрнек шығармашылығымен бастау керек» деген ұсыныс жасаған [2]. Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты болып келеді. Сол себептен қазақ халқының ою-өрнектерінің түпкі төркіні қошқар мүйіз болса, оқушыларға бұл оюдың өрбуі, үйлесімділігі, орналасуы, мән мағынасы туралы мағлұматтар берілуі тиіс. Ою-өрнек жөнінде тарихи деректерге жүгінсек, ертеректе адамдар өз ойын, тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Ою деген сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені оя кесіп алу немесе екі затты оя кесіп алып қиюластыра білу, және бір нерсенің бетіне бедер түсіру деген мағына береді. Әрбір оюдың мағынасы, мазмұны және өзіндік сипаты болады. Ою-өрнекті зерттеушілердің еңбектерінен түсініктеме беретін болсақ ою-өрнек, басты белгілеріне қарай ою-өрнекті таспа (лента) гүлдік өрнек, торлы өрнек болып бөлінеді. Бейнелеу белгілеріне қарай ою-өрнектер көгерістік өрнек, геометриялық пішіндік өрнек, зооморфтық өрнек, қиял-ғажайып өрнек деп те жіктеледі. Кейбір өнер танушылар басқаша топтарын ұсынады. Ою-өрнексіз орындалған қолөнер бұйымдарының онша әсем, көрнекті болмайтыны белгілі. «Көркем еңбек» оқулығы терең білім алуға негізделген. Оқушылар әрбір тақырып бойынша тек білім алып қана қоймай, жаңа материалды талдауды үйренеді. Ол үшін материалды мұқият түсінуі керек. Мысалы, оқушыларға халқымыздың киізден жасалған төсеніштері, кілемдері үйімізге жылылық беретіні, сонымен бірге үйдің сәнін келтіретіні айтылады. «Қолөнер бұйымдарындағы ұлттық ою-өрнектер» тақырыбында қазақтың тұрмыстық заттарының ою-өрнектермен әшекейленуін, ою-өрнектердің ерекшеліктерін талдайды. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар оқушыларды ойланып, сұрақтарға өз беттерінше жауап іздеуге ынталандырады. Мұғалім жаңа матералды түсіндіргенде, оқушылардың жұмыстарын таныстыру барысында, тақырып бойынша қорытынды жасағанда да бұған ерекше мән беруі тиіс. Сонымен қатар оқулықта практикалық білік пен дағдыларға көп көңіл бөлініп, әрбір тақырып қорытынды жұмыс жасауды түсіндірумен аяқталады. Жұмыс дәптерлерiндеберілген тапсырмалар оқулықтың теориялық материалдарына сәйкес практикалық жұмыстарды орындауға бағытталған. Жұмыс дәптерлерi оқулықтың практикалық және логикалық жалғасы болып табылады. Ол оқушылармен бейнелеу өнерi бөлiмi бойынша практикалық сабақтарды жүргiзуге арналған. Сәндік-қолданбалы өнер бойынша көркемдік (сәндік) жалсырмалау жұмыстары қарастырылған, оларға: геометриялық фигуралардан орындалған өрнектік жұмыстар, жапырақ, гүлдерді орналастыру арқылы орындалған өрнектік жұмыстар, қазақтың т.б. ұлттардың ою-өрнектік жұмыстары жатады. Мысалы: текемет, сырмақ, кілем, алаша, қоржын, аяққап үлгілерінің ою-өрнектері жатады. Ою-өрнектік жапсырмалау жұмыстарын орындауда қазақ ою-өрнектерінің атаулары, мағынасы туралы әрбір ою-өрнектердің бір-бірімен үйлесімділігін айыра білуге үйренеді. Оқушылар геометриялық фигураларды, гүлдерді, жапырақтарды қолданып, өрнектік жұмыстарды орындауды үйренеді. Жапсырмалау жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес беріліп бірте-бірте күрделене түседі. Жапсырмалау жұмысы кезінде ең бірінші фондық түсті сәйкес ала отырып, орындайтын жұмыстың түр-түсін сәйкестендіріп, орындай білуге қалыптасу керек. Сабақ барысында оқушылар композиция, колорит, ырғак, симметрия деген сөз мағынасын айыра білу үшін түсініктемелер беріледі. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау түрлі материалдармен орындалатын болғандықтан, олар туралы тапсырмалар жұмыс дәптерiнде берiлмеген. Бұйым жасау үшiн тапсырмалар оқулықта берiлген, оларды сабақта нақты материалдармен орындайды. К.І. Құдабаева «сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, ою-өрнегін оқушылардың дұрыс қабылдауын тәрбиелеп, дамытып отыру болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін өте қажет. Оқушылардың салатын ою-өрнектерін кіріспе әңгімеде қол өнер туындыларынан көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіріп, композициялық шешімін тауып, оның келешекте қолданудағы маңызды жақтарына зейін аударып отыру қажет», — деп көрсетеді [3, 28 б.]. Сонымен, қолөнер бастауышта табиғи заңдылықтарды: симметрия, ырғақ, тепе-теңдікті танып білуге, өзін қоршаған орта туралы түсінігінің қалыптасуына ықпал етеді. Сол сияқты, геометриялық фигураларды, түс, өң т.б. тануда, бастауыш мектеп оқушысына өнер, ғылым, білім негіздерінің бәрінен бағдар беруге мүмкіндігі мол. Балалардың қолөнер туындыларынан қабылдауы толық болуы үшін оған тиісті даярлық жүргізіп, толық қабылдауға жеткілікті уақыт беріліп, олардың жаңа қабылдауы бұрынғы қабылдауымен байланыстырылып отырылғаны жөн.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет